Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК +++МШ Документ Microsoft Word.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
461 Кб
Скачать
☆
  1. Шекаралық интеллектуалдық жетіспеушіліктің дизонтогенетикалық түрінің динамикасы мен клиникасы.

Психологиялық дамуы тежелген балаларда кездесетін ауытқулардың клиникалық түрлерінің жіктелу негізіне этиопатогенетикалық өзгерістер мен олардың әсерінен туындайтын клиникалық белгілер алынған. Бұл өзгерістерді білікті мамандар, немесе медициналық, педагогикалық және психологиялық комиссиялардың мүшелері ғана анықтай алады. Өзгерістердің дәрежесіне сай ,баланың жасын ескере отырып, оларды әлеуметтік бейімдеу, тәрбиелеу , оқыту және тузету жолдарын айқындайды. Нәтижелі арнайы әдістерді қолдану осы балаларға арналған арнайы балалар бақшаларымен мектеп - интернаттарда, немесе жалпы мектептердің арнайы түзету сыныптарында дұрыс жолға қойылған. Оқу жоспары бойынша балалардың танымдық әрекеттерін дамыту, қоршаған ортамен танысу және әртүрлі құбылыстардың себебін және оның өзгерістерін анықтау, тіл дамыту, еңбекке баулу, әртүрлі пәндерді арнайы дидактикалық әдістемелермен игеру қарастырылған.

Негізгі әдебиет:(3,4,7,10,11,12,15,16)

Қосымша әдебиет:(2,5,6,7)

№4 дәріс тақырыбы: Антенатальдық зиянды себептер.

    1. Жүктілік және босану патологиясы.

Ананың екіқабат кезңіндегі аурулары: токсикоздар, инфекциялар, интоксикациялар, зат алмасуының бұзылуы, иммуно - патологиялық жағдайлар және көптеген акушерлік патологиялар: тар жамбас, ұзаққа созылған немесе жеделдетілген босанулар, плацентаның уақытынан бұрын сыдырылып қалуы, шаранадағы сұйықтың уақытынан бұрын бөлінуі, кіндік тамырының баланың мойнына оралып қалуы, нәрестенің жатырда дұрыс жатпауы және т.б. бала өміріне аса қауыпты факторлар болып саналады. Сондықтан кейбір жағдайда аналар уақытына жетпей босанып, нәресте шала туады.(28-35 апта аралығында)

Сонымен қатар толғақ басталғаннан кейін де анаға көмек ретінде қолданылатын акушерлік іс - әрекеттер егер дұрыс қолданылмаса нәрестенің жүйке жүйесіне зақым келтіруі мүмкін. Жоғарыда аталған зиянды факторлардан басқа кейбір химиялық заттармен улану, радиоактивті сәулелер, генетикалық факторлар да әсер етуі мүмкін.

Жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы балалардың жүйке жүйесінің зақымдалуының клиникалық жіктелуі:

1. Пренатальдық кезең:

а/ эмбриональдық

в/ ерте феталдық/жүктіліктің 28 аптасына дейін/

2.Перинатальдық кезең:

а/ антенатальдық /жүктіліктің 28 аптасынан кейін/;

б/ интранатальдық / толғақ кезінде зақымдану/

в/ постнатальдық /туғаннан кейін/

Көрсетілген зақымданулардың негізгі себептері: гипоксия, интоксикация, инфекция, зақымдану, хромосомалардың аберрациясы және белгісіз факторлар.

    1. Толғақ кезіндегі зақымданулар түлерінің жалпы этиопатогенетикалық өзгерістері.

Толғақ кезіндегі зақымданулар - бұл этиопатогенезі бір тектес емес, босану кезінде орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен жүретін, көп жақты клиникалық белгілері бар жинақталған ұғым. Бұл зақымданудың пайда болуына әртүрлі акушерлік патологиялармен қатар , баланың тууын жеңілдететін арнайы көмектер: қысқаштарды енгізу, қолсұғулар, нәрестенің аяқ жағымен немесе жамбасымен шығуын жеңілдету әдістері, Кесар тілігі арқылы босану әдістері дер кезінде дұрыс қолданылмаса, олар да себепші болады.

Туу жолдары арқылы өту кезінде нәрестенің басы бір қалыпты емес қысымның әсеріне ұшырайды. Бұл жағдай қанның тері астына іркілу құбылыстарын дамытады және кефалогематоманың түзілуіне әкеліп соғады. Мидың қан тамырларының толуы мен қанның іркілуі олардың жарылып кетуіне себеп болады. Сонымен қатар ми қан айналысының бұзылуы мен миға қан құйылуы гипоксияның (мидың тұншығуы) дамуына себебші болуы мүмкін.

Әрі қарай ми қыртысының семуі, микрогирия, глия элементтерінің ұлғаюы, ісінуі, порэнцефалия, ішкі гидроцефалия, ми қабықшаларының қарауытуы мен қалыңдауы дамиды.

Клиникалық белгілері: Жоғарыдағы көрсетілген морфологиялық өзгерістерге байланысты клиникалық белгілер әртүрлі көрінуі мүмкін: жалпы ликворлық - гемодинамикалық бұзылулар мен мидың зақымдануына байланысты әлсіздік, адинамия, қозғыштық, құсу, дірілдеу, жалпы гиперестезия, шартсыз рефлекстердің тежелуі, жүдеу. Сонымен қатар ошақты ауру белгілері де білінеді: нистагм, қыли көзділік, птоз, жартылай птоз, анизокария, бет жүйкесінің зақымдалуы, псевдобульбарлық синдром, тырыспалар, бұлшық еттердің гипо - немесе гипертрофиясы, шартсыз рефлекстердің қалыптаспауы немесе тез жойылуы.

Мидың қан айналысының қан құйылулар арқылы бұзылуының бірнеше клиникалық түрі болады:

Субдуральды қан құйылулар:Жиналған гематомалар мидағы маңызды орталықтардың қыртыс асты құрылымдардың зақымдануы мен қысылуына әкеліп соғады. Сондықтан зақымданған нәрестенің тыныс алуы ретсіз, жиіленген, қантамыр соғысы бұзылған, дене қызуы төмендеген, бұлшық ет гипотониясы байқалады.

Егер гематома үлкен көлемді болып, уақытында дұрыс ем қолданылмаса, нәрестенің жағдайы қиындай түседі, тіптен өліп кетуі де мүмкін. Бұл зақымдануға тән өзгерістер: ұсақ қан тамырлар мен капиллярлар жарылып , мидың тор қабығы астына қан құйылып, бастапқы кезеңде асептикалық менингит дамиды, оның белгілері туа салып емес, 3 -4 күн өткеннен кейін білінуі мүмкін. Бала мазасызданып, емшек сора алмайды, дене қызуы жоғарылайды, жалпы жағдайы нашарлап, тырысу - құрысулар байқалады, бассүйек іші қысымы жоғарылауынан үлкен еңбегінің керілуі мен бас сүйек тігістерінің ажырауы байқалады. Жалпы сезімталдығы жоғарылап, дірілдеу байқалады. Ликворды тексергенде қан қоспасы анықталады. Егер тез арада тиісті шаралар қолданбаса, ми қарыншаларының ішіне қан құйылу үдей түсіп, тыныс алу мен жүрек қызыметі бұзылып, нәрестенің жағдайы өте ауыр болады.

Бас сүйек -ми зақымдануына ұшыраған балаларды емдеу кешенді түрде жүргізіледі, ал оның нәтижесі зақымданудың дер кезінде анықталуына және дәрежесіне, әсіресе жаңа туған нәрестенің ана құрсағында қалай дамуына байланысты. Сондықтан бас сүйек-ми зақымдануының , асфиксияның , гипоксияның, неврологиялық бұзылулардың алдын алу шараларын орындау өте маңызды

  1. Балалардың церебралдық параличі /БЦП/.

БЦП - перинатальды кезеңде бас миының зақымдануынан болатын синдромдар тобы. Бұл синдромдар тобы жаңа туған 1000 нәрестенің 1.8-2,0% кездеседі.

Этиологиясы: Анасының әртүрлі аурулары, екі қабат кезіндегі ауыр токсикоз, плацента мен кіндік бауының патологиясы, босану кезіндегі зақымданулар, баланың іште қалыптасу кезеңінде әсер еткен зиянды факторлар орын алады.

БЦП -ның негізгі қалыптасу механизмі - ол баланың ана құрсағында даму кезеңінде және босану уақытында асфиксия мен бас -сүйек ішіне қан құйылу салдарынан мидың зақымдануы.

Клиникасы: БЦП -ға тән белгілер: кимыл -тірек қозғалу әрекетінің , координацияның бұзылуы, баланың өзін - өзі бір қалыпты күйде ұстай алмауы . Осымен қатар вегетативті жүйке жүйесінің зақымдануы да кездеседі: дермографизм, гипергидроз, көп мөлшерде сілекейдің бөлінуі, көңіл - күйі тұрақсыз. Психикалық дамуындағы өзгерістер де өте күрделі: жас балалар өзін қоршаған ортаға нашар бейімделеді, шартты рефлекстер өте төмен дәрежеде дамиды, тілі кеш шығады , әртүрлі тіл мүкістіктері қалыптасады, кейде қояншық ұстамасы да кездеседі .Балалардың көпшілігінде ақыл - ой кемістігі әртүрлі дәрежеде кездеседі.

БЦП ның жиі кездесетін 3 клиникалық түрі бар :

1. Спастикалық диплегия - екі аяқ немесе екі қолдың бірдей салдануы ( Литтл синдромы)

Аурудың белгілері бала туысымен немесе алғашқы айларда - ақ білінеді. Қолдары немесе аяқтары жазылған күйде болып, икемге келмейді. Баланың психикалық қалыптасуы бұзыла

2. Спастикалық гемиплегия - баланың денесінің бір жақ жартысы жансызданып, салданады. Алғашқы кезде аяғы қолына қарағанда аз салданады. Колдың бұлшық еттерінің тонусы өте жоғары болып, жазылмайды, икемге келмейді. Миды пневмоэнцефалография әдісімен тексерген кезде порэнцефалиялар, кисталар анықталады. Егер олар тыртық болып бітсе, жүре келе қояншық ұстамасы , немесе Джексон қояншығы дерті қалыптасуы мүмкін. Балалардың психикалық - интеллектуалды дамуы төмендейді

3. Екі жақты гемиплегия - баланың денесінің екі жақ жартысының салдануы. Қол - аяқтарының қозғалыстары бұзылып, икемге келмейді. Көбінесе қозғалыстардың бұзылуы ассиметриялы болады. Бала шашалып, жұтыну, сөйлеу қабылеттері төмендейді, кейде псевдобульбарлық бұзылулар анықталады. Егер осы клиникалық белгілермен бірге жаңа туған балада микроцефалияның немесе іштен туа болған зақымданулардың белгілері болса, онда бала ана құрсағында қалыптасу кезінде зиянды себебтердің әсеріне ұшырағаны мәлім болады.