- •Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген «_22_» _04_ 2010 ж. № 13 хаттама
- •1. Жатыр мойны қатерлі ісігінің этиопатогенезі
- •2. Жатыр мойны обырының клиникалы-морфологиялық жіктеуі
- •Жатыр мойыны обырының tnm жүйесі бойынша (1985 ж.) халықаралық жіктелуі.
- •3. Жатыр мойны қатерлі ісігінің клиникасы
- •Жатыр мойыны рагының келесі клиникалы-анатомиялық түрлері анықталады.
- •4. Жатыр мойны қатерлі ісігінің диагностикасында қазіргі кезде қолданылатын әдістер
- •5. Жатыр мойны қатерлі ісігінің емдеу қағидалары
- •0 Сатысы (Ca in situ). Преинвазивті рак.
- •6. Жатыр мойны қатерлі ісігінің адын алу
- •2011 – 2012 Оқу жылында қолданылатын негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі
2. Жатыр мойны обырының клиникалы-морфологиялық жіктеуі
Бохман Я.В. 1976 жылы жатыр мойынындағы патологиялық процестердің мынадай клиникалы-морфологиялық жіктелуін ұсынды:
Фонды процестер: псевдоэрозия, лейкоплакия, полип, жалпақ кондиломалар.
Рак алды процесс – дисплазия: әлсіз, орташа, ауыр деңгейлі.
Преинвазивті рак (Ca in situ, эпителий ішіндегі рак).
Микроинвазивті рак.
Инвазивті рак: жалпақжасушалы мүйізделетін, жалпақжасушалы мүйізделмейтін, аденкарцинома (безді), диморфты безді-жалпақжасушалық, төмен дифференцияланған.
Жатыр мойыны обырының сатылар бойынша жіктелуі (ССРО ДСМ, 1985 ж.)
0 сатысы – преинвазивті рак (Ca in situ) – жатыр мойыны эпителийінің барлық қабаттарында рактың белгілері болады. Мұнда жатыр мойыны эпителийінің «қатпарлығы» және «полярлығы» бұзылған атипиясы, бірақ процеске строма қамтылмайды.
Iа сатысы – микроинвазивті рак – стромаға 3 мм артық өспеген жатыр мойынымен шектелген ісік (ісіктің диаметрі 1 см артық болмау керек).
Iб сатысы – стромаға 3 мм артық өскен, жатыр мойынымен шектелген ісік.
IIа сатысы – қатерлі ісік қынапты, төменгі 1/3 бөлігіне ауыспай, зақымдайды және/немесе жатырдың денесіне жайылады.
IIб сатысы – қатерлі ісік жамбас қабырғаларына ауыспай бір немесе екі жақтағы параметрийді зақымдайды.
IIIа сатысы – қатерлі ісік қынаптың төменгі 1/3 бөлігін зақымдайды және/немесе жатыр қосалқыларында метастаздар болады; аймақты метастаздар болмайды.
IIIб сатысы – қатерлі ісік бір немесе екі жақтағы параметрийді жамбастың қабырғасына дейін зақымдайды және/немесе жамбас қуысының лимфа түйіндерінде аймақты метастаздар болады, және/немесе несеп жолының қысылуына байланысты туындайтын гидронефроз және әрекетсіз бүйрек анықталады.
IVа сатысы – қатерлі ісік қуықты және/немесе тік ішекті зақымдайды.
IVб сатысы – алыс метастаздар анықталады.
Жатыр мойыны обырының tnm жүйесі бойынша (1985 ж.) халықаралық жіктелуі.
Т – бірінші ретті ісік.
Тis – преинвазивті рак (Ca in situ).
Т1 – жатыр мойынымен шектелген қатерлі ісік.
Т1а – микроинвазивті карцинома (3 мм дейін өсу).
Т1б – инвазивті карцинома.
Т2 – жатыр мойынының жамбас қабырғаларына ауыспай шектен тыс жайылған қатерлі ісік, және/немесе қынаптың төменгі 1/3 бөлігіне ауыспай және/немесе жатырдың денесіне жайылады.
Т2а – қатерлі ісік тек қынапты және жатырдың денесін зақымдайды (параметрийге жайылмайды).
Т2б – қатерлі ісік параметрийді зақымдайды.
Т3 – қатерлі ісік қынаптың төменгі 1/3 бөлігін және/немесе екі жақтағы параметрийді жамбастың қабырғасына дейін зақымдайды.
Т3а – қатерлі ісік қынаптың төменгі 1/3 бөлігін зақымдайды.
Т3б – қатерлі ісік бір немесе екі жақтағы параметрийді жамбастың қабырғасына дейін зақымдайды және/немесе жамбас қуысының лимфа түйіндерінде аймақты метастаздар болады, және/немесе несеп жолының қысылуына байланыств туындайтын гидронефроз және әрекетсіз бүйрек анықталады.
Т4 – қатерлі ісік қуықты және/немесе тік ішекті зақымдайды, алыс метастаздар анықталады.
N – жамбастың аймақты лимфа түйіндері.
N0 – аймақты лимфа түйіндерде метастаздар болмайды.
N1 – аймақты лимфа түйіндерде метастаздар анықталады.
N2 – жамбастың қабырғасында қозғалмайтын тығыздалған түйін пайда болады және ол түйінмен бастапқы ісіктің арасында еркін кеңістік болған жағдайда, қолға білінеді.
Nx – аймақты лимфа түйіндердің күйін бағалау мүмкін емес.
М – алыс метастаздар.
М0 – алыс метастаздардың белгілері болмайды.
М1 – алыс метастаздар болады және оларға қоса бел және шап лимфа түйіндері зақымданады.
Мх – алыс метастаздарды анықтау үшін деректер жеткіліксіз.
Сатылар бойынша клиникалық жіктелумен мынадай аналогияны (ұқсастықты) көрсетуге болады:
0 саты – Тis
Ia сатысы - Т1аN0М0
Ib сатысы - Т1bN0М0
IIa сатысы - Т2аN0М0
IIb сатысы - Т2bN0М0
III сатысы - Т3N0М0; Т1-3N1М0; Т1-3N0М0
IV сатысы - Т4 және/немесе М1 кеі келген Т және N мәнінде.
