- •Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген «_22_» _04_ 2010 ж. № 13 хаттама
- •1. Жатыр мойны қатерлі ісігінің этиопатогенезі
- •2. Жатыр мойны обырының клиникалы-морфологиялық жіктеуі
- •Жатыр мойыны обырының tnm жүйесі бойынша (1985 ж.) халықаралық жіктелуі.
- •3. Жатыр мойны қатерлі ісігінің клиникасы
- •Жатыр мойыны рагының келесі клиникалы-анатомиялық түрлері анықталады.
- •4. Жатыр мойны қатерлі ісігінің диагностикасында қазіргі кезде қолданылатын әдістер
- •5. Жатыр мойны қатерлі ісігінің емдеу қағидалары
- •0 Сатысы (Ca in situ). Преинвазивті рак.
- •6. Жатыр мойны қатерлі ісігінің адын алу
- •2011 – 2012 Оқу жылында қолданылатын негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі
4. Жатыр мойны қатерлі ісігінің диагностикасында қазіргі кезде қолданылатын әдістер
Шағымдар.
Анамнез.
Жалпы қарау.
Гинекологиялық зерттеу: жатыр мойынын айнамен қарағанда, мөлшелері және деңгейлері әртүрлі, некрозды жаралы бөліктері бар қатерлі өсінділерді байқауға болады. Сынғыш қатерлі ісікті жаралардың көтерілген шеттері жақсы көрінетін сары түрі болады (Хробак белгісі – түтікті аспап батып кетеді, қанталайды).
Тік ішекті-қынапты зерттеу жатыр мойынының бейнесін, тығыздығын, қозғалғыштығын, сіңірлі аппаратының және жамбас үлпершесінің күйін анықтауға мүмкіндік береді.
Диагноз қоюдын қосымша әдістері.
Цитологиялық және гистологиялық әдістер.
Кольпоскопия. Әдістің негізін қалаушы – Hinselmann (1928). Жатыр мойынының кілегей қабатын 15-есе үлкейтіп тиянақты қарау, қатерсіз өзгерістерді қатерлі ісіктерден дұрыс ажыратуға мүмкіндік жасайды. Кольпоскопия анықталған цитологиялық өзгерістерде процестің топографиясын айқындауға мүмкіндік береді және көзделген биопсияны орындау үшін маңызды бағыттаушы болып есептеледі. Кольпоскоптың бақылау өрісі жатыр мойынының қынапты бөлігінің беткейімен ғана шектелетіндіктен әдістеменің әрі қарай жетілдірілген түрлері – жарықтық және люминисцентті кольпоцервикоскопия, кольпомикроскопия маңызды орын алады.
2. Жапсарлас басқа мүшелердің (цистоскопия, ректороманография), несеп шығару жолдарының (экскреторлы урография, радиоизотопты ренография) күйлері зерттеледі, алыс метастаздардың бар-жоқтығы анықталады (кеуде қуысының рентгенографиясы, іш қуысы мүшелерінің УДЗ, ауырсынған белгіде – жамбас сүйектерінің рентгенографиясы).
Зерттеу барысында аймақты лимфа коллекторларының күйі радиоизотопты әдіспен, ал қажет болған жағдайда лимфография әдісі қолдананылады.
5. Жатыр мойны қатерлі ісігінің емдеу қағидалары
Жатыр мойыны рагымен ауыратын науқастардың емі қазіргі жағдайда негізгі үш бағытта дамиды:
біріккен сәулелік терапия әдісі,
аралас терапия әдісі,
хирургиялық емдеу әдісі.
Емдеу әдісін таңдау жатыр мойыны рагының сатысымен анықталады, науқастың жалпы жағдайына және жасына, қосалқы ауруларына, ісіктің өсу түріне, репродуктивті және менструалді қызметтеріне байланысты болады.
0 Сатысы (Ca in situ). Преинвазивті рак.
Таңдау әдістері – электрліхирургиялық (ДЭЭ – диатермоэлектрлі эксцизия), пышақты әдістермен орындалатын жатыр мойынының конус тәрізді эксцизиясы (конизация) немесе жатыр мойынының ампутациясы. Емдеу әдісінің радикалдылығы үшін конустын биіктігі 1,5-2 см болуы қажет. Алып тасталған препараттың құрамында эктоцервикстің барлық зақымдалған ұлпасы +1 см сау ұлпа болу керек және ол эндоцервикстің ¾ бөлігін қамтуы керек.
0 сатыда 50-ден асқан жаста, жатыр миомасы, аналық бездің ісігі қосарласқанда, ДЭЭ кейін 0 сатының рецидиві болған жағдайларда жатырдың қосалқылармен экстирпациясы орындалады.
Жатыр мойыны рагының I сатысы.
Жас әйелдерге (50 жасқа дейін) хирургиялық ем жатырдың қосалқылармен кеңейтілген экстирпациясы көлемінде – Вертгейм оперециясы жүргізіледі. Сол сияқты Вертгейм операциясы аралас емнің компоненті ретінде жатыр мойынының рагы
жатырдың миомасымен,
жүктілікпен, қосалқылардың, сыртқы жыныстық мүшелердің қабынған дерттерімен,
қосалқылардың ісікті процестерімен,
сыртқы жыныстық мүшелердің даму ақауларымен (кемістіктерімен)
жапсарлас болған жағдайда да қолданылады.
Бұл дерттер ішкі қуыстық гамма-терапияны жүргізуге кедергі жасайды.
Вертгейм операциясында жатырдың қосалқылармен экстирпациясы орындалады, параметралді жасушалық, жалпы, сыртқы және ішкі мықын тамырларының және жапқыш жүйкенің бойында орналасқан лимфа түйіндері (лимфаденэктомия), сол сияқты қынаптың жоғарғы 1/3 бөлігі алынады. Емнің мұндай түрінде интра- және опреациядан кейінгі асқынулар жиі кездеседі:
Урологиялық асқынулар – несеп жолын байлап тастау, несеп жолын зақымдау, қуықты зақымдау, несеп жолды-қынаптық саңылаулар, қуықты-қынаптық саңылаулар, қуықтың ұзақ атониясы, уақытша несепті ұстай алмау;
Аяқтардың лимфастаздары;
Операциядан кейінгі шарбы артындағы лимфакисталар, олардың іріңдеуі.
Операциядан кейін дистанциялық гамма-терапия жүргізіледі.
Операция алдындағы сәулелендіру науқастың ағзасын әлсіретеді, ағзаның қорғану күшін төмендетеді.
Басқа I сатылы науқастарда, сол сияқты I I сатыда және I I I сатыда жатыр мойыы рагының жетекші емдеу әдісі - біріккен сәулелік терапия ғана жүргізіледі.
Біріккен сәулелік терапия ішкі куыстық сәулелендіруді және дистанциялық (сыртқы) гамма-терапияны қарастырады.
Жатыр мойыны рагымен ауыратын науқастарда сәулелік емдеуге қарсы көріністер: дорбаланған пиосальпинкс, эндометрит және параметрит түріндегі қабыну процестері; алыс метастаздар, жатыр мойынымен жапсарлас қуыстық мүшелерге және жамбас сүйектеріне қарай өсу; жедел нефрит, пиелит, жиі күшейетін және кілегей қабатша өзгеретін қуықтың және тік ішектің созылмалы қабыну дерттері; қынапішілік сәулелендіруді жүргізуге мүмкіндік бермейтін қынаптың стенозы немесе сыртқы жыныстық мүшелердің даму кемістіктері; жатыр мойыны рагымен қабаттас аналық бездердің ісіктері, жатырдың миомалары және жүктілік.
Жатыр мойыны рагының сәулелік терапиясы, көбінесе, радикалдық әдіс ретінде қолданылады. Ол паллиативтік терапия ретінде, сәулелендіру толық жүргізілмейтін жағдайда (ауыр қосалқы дерттер, ісіктің жергілікті көлемді таралуы), ісіктің өсуін тежеу мақсатында пайдаланылады. Симптоматикалық құрал ретінде ауырсыну синдромын азайтады және қан ағуды тоқтатады.
Жатыр мойыны рагының сәулелік терапиясының негізіне анатомиялық аймақтың концепциясы жатады, ол бойынша ісік әсерге аймақтық лимфа түйіндерімен және лимфа қайту жолдарымен бірге ұшырауы керек. Бірінші ретті ісікке жеткізілетін сәуле шығарудың терапиялық мөлшері қуысішілік гамма-терапиямен орындалады. Бірақ, жамбастын аймақтық лимфа түйіндер мен жатырдың дәнекерлеуші аппаратының латералді бөлімдері орналасатын қабырға маңайындағы бөлімдеріне терапиялық мөлшердің аздаған бөлігі ғана тиеді. Бірінші ретті ісіктегі және лимфогенді метастаздану аймағындағы терапиялық мөлшерлердің деңгейлерінің арасындағы диспропорцияны жою үшін қуысішілік сәулелендіру дистанциялық сәулелік терапиямен біріктіледі.
Сәулелік терапиядағы асқынулар:
Жергілікті реакциялар – сәулеленген бөліктің эритемасы, жаралы өзгерістер де болатын цистит, ректит, жынысты-несеп жолдарының тыртықты жіңішкеруі, жынысты-несептік саңылаулар.
Жалпы реакциялар – орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы, лейкопения, лимфоцитопения, анемия (қан өндіру қызметінің бұзылуы).
Жатыр мойыны рагының IV сатысы. Паллиативті сәулелік терапия, химиялытерапиялық препараттар және симптоматикалық терапия тағайындалады. Химиялытерапияның әсері төмен, жатыр мойыны рагының рецидивтерінде және метастаздарында жүргізіледі.
