Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
LIST_-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166 Кб
Скачать
☆

90.Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде оған зиян келтірудің негіздері

Қылмыс істеген адамды ұстау – қылмыстылықпен күресудің негізгі элементтерінің бірі. Сондықтан да қылмыс жасаған адамға оны мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкіндігін тыю үшін, ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды.

Қылмыс істеген адамды ұстағанда зиян келтірудің дұрыстығын анықтаудағы мән-жайлар негізінен екі топқа бөлінеді. Біріншісі, қылмыс істеу фактісіне байланысты мән-жайлар, екіншісі, қылмыс істегеннен кейін оны ұстауға байланысты келтірілген зиян.

Қылмыскерді ұстаудың негізі болып оның біткен немесе аяқталмаған қылмысты істеуі немесе қылмыс істегеннен кейін одан жасырыну, құтылу әрекеттерін жасауы болып табылады.Бұл жерде ескеретін жайт, қылмыскер деп қасақана немесе абайсыздықпен қылмысты істеген адамға белгілі бір дәрежеде оны ұстағанда зиян келтіру туралы сөз болып отыр. Қылмыс істеп жатқан адамның өзін немесе қылмыс істегеннен кейін нақ сол қылмыскерді ұстау – институтты жүзеге асырудың негізгі шарты болып табылады.

91.Физикалық немесе психикалық күштеу қылмыстық жауаптылықты болдырмайтын негізі

36-бап. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу

      1. Егер күштеп мәжбүрлеудiң салдарынан адам өзiнiң iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудiң нәтижесiнде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру қылмыс болып табылмайды.        2. Психикалық мәжбүрлеудiң нәтижесiнде, сондай-ақ күштеп мәжбүрлеудiң нәтижесiнде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiргенi үшiн соның салдарынан адам өзiнiң iс-әрекетiне басшылық жасау мүмкiндiгiн сақтаған қылмыстық жауаптылық туралы мәселе осы Кодекстiң 34-бабының ережелерi ескерiле отырып шешiледi.

92.Бұйрықты немесе өкімді орындау қылмыстық жауаптылықтан босататын негізі ретінде

 37-бап. Бұйрықты немесе өкiмдi орындау

      1. Өзi үшiн мiндеттi бұйрықты немесе өкiмдi орындау жөнiнде iс-әрекет жасаған адамның осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiруi қылмыс болып табылмайды. Мұндай зиян келтiрiлгенi үшiн заңсыз бұйрық немесе өкiм берген адам қылмыстық жауапқа тартылады.        2. Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындағаны үшiн қасақана қылмыс жасаған адам жалпы негiздерде қылмыстық жауапқа тартылады. Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындамау қылмыстық жауаптылыққа ұшыратпайды.

93.Кәмелетке толмаған балаға тағайындалатын жаза түрлері

  79-бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза                 түрлерi

      1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi:        а) айыппұл;        б) белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;        в) қоғамдық жұмыстарға тарту;        г) түзеу жұмыстары;        г-1) бас бостандығын шектеу;         д) (алынып тасталды)        е) бас бостандығынан айыру болып табылады.        2. Айыппұл кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндiрiп алуға жарайтын мүлкi болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл оннан бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде тағайындалады.        3. Кәмелетке толмағандарға белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.        4. Қоғамдық жұмыстарға тарту қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге тағайындалады, ол кәмелетке толмаған адамның қолынан келетiн жұмысты орындауы болып табылады және ол оны оқудан немесе негiзгi жұмысынан бос уақытында атқарады. Он алты жасқа толмаған адамдардың бұл жаза түрiн орындауының ұзақтығы күнiне екi сағаттан, ал он алтыдан он сегiз жасқа дейiнгi адамдар үшiн күнiне үш сағаттан аспауы керек.        5. Түзеу жұмыстары сот үкiм шығарған кезде он алты жасқа жеткен кәмелетке толмаған адамдарға бiр жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.        5-1. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.         6. (алынып тасталды)        7. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру он жылдан аспайтын, ал ауырлататын мән-жайларда кiсi өлтiргенi үшiн немесе қылмыстардың жиынтығы бойынша қылмыстардың бiреуi ауырлататын мән-жайларда кiсi өлтiргенi үшiн - он екi жылдан аспайтын мерзiмге тағайындалуы мүмкiн. Кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған немесе орташа ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.       8. Кәмелетке толмай сотталған адамдар бас бостандығынан айыруды:        а) бас бостандығынан айыруға бiрiншi рет сотталған еркек жынысты кәмелетке толмағандар, сондай-ақ әйел жынысты кәмелетке толмағандар - жалпы режимдегi тәрбиелеу колонияларында;        б) бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген еркек жынысты кәмелетке толмағандар - күшейтiлген режимдегi тәрбиелеу колонияларында өтейдi.        9. Қоғамдық қауiптiлiк сипатына және дәрежесiне, кiнәлi адамның жеке басына және басқа да мән-жайларға қарай сот қабылданған шешiмнiң себебiн көрсете отырып, еркек жынысты кәмелетке толмай сотталған адамның бас бостандығынан айыруды жалпы режимдегi тәрбиелеу колониясында өтеуiн тағайындауы мүмкiн.        10. Сот жазаны орындаушы органға кәмелетке толмай сотталған адаммен қарым-қатынас кезiнде оның жеке басының белгiлi бiр ерекшелiктерiн ескеру туралы нұсқау беруi мүмкiн

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]