Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
LIST_-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166 Кб
Скачать
☆

21. Құқықтық мәдениет

Қоғам мәдениетінің негізгі салаларының бірі – құқықтық мәдениет. Бұл қоғамдағы мәдени құндылықтарды сақтау, жаңғырту, дамыту, оларға азаматтарды баурау жөніндегі қатынастарды құқықтық нормалар арқылы реттеп-басқару. Құқықтық мәдениет қоғамдағы мәдениеттің деңгейінен жоғары бола алмайды. Бұл объективтік процесс.

Құқықтық мәдениет қоғамның құқықтық санасының, айнасы деуге болады. Өйткені бұл мәдениет адам қоғамының өткен формацияларының құқықтық мәдениетінің жетістіктерін жинақтап, біріктіріп отырады.

Құқықтық мәдениет екі бөлімнен тұрады: жеке тұлғалардың мәдениеті және қоғамдық мәдениет. Жеке тұлғалардың мәдениеті қоғамдық мәдениетті дамытуға шешуші үлес қосады. Құқықтық мәдениет жалпыхалықтық байлық, ол адам қоғамының тарихи цивилизациялық жетістігі.

Құқықтық мәдениет жеке тұлғалардың білімінің деңгейіне қарай үшке бөлінеді: күнделікті, профессионалдық, теоретикалық. Күнделікті мәдениет жалпы қоғамдық мәдениеттің көлеміндегі дәреже. Бұл дәреже еңбектенсе өсуі мүмкін. Профессионалдық мәдениеттің бір немесе бірнеше саласын игеру. Теоретикалық мәдениеттің теориясын жақсы білу.

Құқықтық мәдениеттің функциялары: танымдық, реттеушілік, прогностикалық, нормативтік. Танымдық құқықтық мәдениет теориясын дамыту; реттеушілік – мәдениетті реттеп-басқару; нормативтік – мәдениет бағытындағы нормативтік актілердің сапасын жақсарту, сол арқылы құқықтың рөлін көтеру, күшейту; прогностикалық (болжау) – құқықтық мәдениеттің болашағын дұрыс болжау.

Құқықтық мәдениет субъектісіне қарай үш жүйеге бөлінеді: қоғамдық, топтық және жеке тұлға. Бұл жүйелерге азаматтардың белсенділігі өте қажет, онсыз нормативтік актілердің іске асуы, орындалуы нашарлайды. Белсенділіктің екі түрі болады: біріншісі – құқық шығармашылықтағы, құқықты дамытудағы, орындаудағы белсенділік; екіншісі – заңдылықты, тәртіпті нығайтудағы белсенділік.

Қоғамдық жүйедегі нормативтік актілер барлық халықты қамтып, қоғамдық көлемде мәдениетті дамыту; топтық жүйе – бірлестіктер, одақтар, ұжымдар көлемінде мәдениет мәселесімен шұғылдану; жеке тұлға жүйесі – жеке адамдардың рухани сана-сезімін, білімін, мәдени тәжірибесін дамыту.

Құқықтық мәдениеттің қызметі үш топқа бөлінеді: танымдылық, бағалаушылық, реттеушілік. Танымдылық – халықтың заң білімін білуінің деңгейі, рухани сана-сезімнің жақсаруы. Бағалаушылық тобы төрт жүйеден құралады: құқықтың салалары, қағидалары, құрылымы, функциялары; құқықтық тәртіпті; заңдылықты қорғайтын органдардың жұмысы; азаматтардың өздерінің баға беруі (заңдылыққа, тәртіпке, мәдениетке).

22. Құқықты түсіндіру, түсінігі, түрлері

Құқық таптық құбылыс ретінде тарихи қалыптасты және ең бастысы экономикалық үстемдік ететін таптардың ерік – жігері мен мүдделерін білдірді. Егер әдет – ғұрыптар адамдардың сана – сезімінде сақталса, онда құқық жалпыға мәлім жазбаша түрде ресімделе бастады. Құқықтың пайда болуы - әлеуметтік байланыстардың күрделенуінің салдары, қоғамдағы қайшылықтардың шиеленісуін реттеу.

Құқық – бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған құқық нормаларының жүйесі.

Құқықтың белгілері

1. ерікті сипаты;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]