Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
LIST_-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166 Кб
Скачать
☆

13. Зайырлы мемлекет

Зайырлы мемлекет дегеніміз – мемлекетті шіркеуден бөлу нәтижесінде пайда болған, қо­ғам­дық қатынастар діни нормалар негізінде емес, азаматтық негізде реттелетін, мемлекеттік ор­гандардың шешімдері діни тұрғыдан шыға­рыл­майтын мемлекеттің сипаты.  Зайырлы мемлекеттің заңнамасы толықтай немесе ішінара діни нормаларға сәйкес келуі мүм­кін, оның зайырлылығы діни түсініктерге қара­ма-қайшылықпен емес, одан азат болуымен анық­талады. Зайырлы елде әрбір адам ешқан­дай діни институттарға қатыссыз өмір сүруге құ­қылы. Мысалы, некені тіркеу және әділ сот жүйесі мемлекеттің айрықша құқығы болып та­былады. Сол сияқты зайырлы елде барлық кон­фес­сия өкілдері заң алдында бірдей. Діни ме­рекелер халықтың дінге сенуші бөлігіне қо­лай­лы жағдай жасау мақсатында демалыс күні ретінде бекі­тіл­ген. Көптеген мұсылман елдері зайыр­лы­лық қағи­даларына сай келмейді. Мы­са­лы, Сауд Ара­биясы мен Иран теократиялық ел болса, Ма­лай­зия зайырлылықтан біртіндеп бас тартуда (ді­ни по­лиция құрылды), ал Түркия мен ТМД-да­ғы мұ­сылман елдері зайырлы болып есептеледі.

14. Құқықтық прецедент

Прецедент - бұдан бұрын орын алған және осы кездегі ұқсас әрекеттерге үлгі немесе негіз боларлықтай оқиға, жағдай, әрекет.Ұқсас жағдайлар туындаған кезде, үлгі ретінде қарастырылатын белгілі бір жағдайдағы тәлім-жосық.

Coт прецеденті — соған ұқсас істерді шешу кезінде не міндетті күші болмайтын заңды түсіндіруде үлгі қызметін атқаратын сол немесе төменгі сатыдағы соттар үшін міндетті болып табылатын нақты іс бойынша шешім.

Соттың үлгі боларлық өнегесі оның міндеттілігін мойындайтын елдерде, құқық кезі болып табылады. Прецеденттік құқық Құқықтың негізгі көзі ретінде сот өнегесі мойындалатын құқық жүйесі, яғни әлдебір іс бойынша шығарылған шешім, соған ұксас істі қарастыру кезінде тең және төмен сатыдағы барлық соттар үшін міндетті болып саналады.

Бұл жүйе сотқа, тиісті заңның болмауы жағдайында ғана емес, сондай-ақ айқын нормалар жетіспеушілігі болған кезде, құқықтық шығармашылық міндеттерін орындауға мүмкіндік береді. Ұлыбритания(Шотландияда өздерінің ерекше құқығы әрекет ететіндіктен, дәлірек айтқанда Англия үшін), АКДІ және ағылшын құқығын қабылдаған басқа елдерге тән. Өнегелі құқық аясында: жалпы құқық және әділеттілік құқығы түріндегі екі тармақ қалыптасты.

15.Федеративтік мемлекет немесе федерация (латын сөзі federation – одақ, бірлестік) – бұл мемлекеттік құрылымда федерация субъектілері белгілі бір саяси және заңдық жекелікке ие болып табылады. Федерация – бұл салыстырмалы түрде жекеленген мемлекеттік құрылымдардан тұратын одақтық мемлекет. Құрама мемлекет – күрделі мемлекет, ол федерацияның мүшелерін біріктіреді. Мемлекеттік органдар екіге бөлінеді: жалпы федерацияның органдары және әрбір мүшесінің жеке органдары. Федерацияның субъектілері өз ішкі істерін өздері шешеді, ал федеративтік орталық органның қолында барлық ішкі-сыртқы билік болады. Федеративтік республика халықаралық құқықтың алдында тек бір мемлекет болуға тиіс. Федерацияда конституция, астана, азаматтық, заңдар, сот және қаржы жүйесі бәрі екіге бөлінеді. Федеративті мемлекет - заңдық тұрғыда белгілі дәрежеде саяси дербестігі бар жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған күрделі одақтық мемлекет. Ұлттық-тілдік фактордың рөліне қарай федеративті мемлекет құрылымын былай анықтау қалыптасқан:

территориялық негізде құрылған федеративті мемлекет (АҚШ, Австралия, Австрия, ГФР, Аргентина, Венессуэлла, Бразилия, Мексика);

ұлттық негізде құрылған федеративті мемлекет (Үндістан, Бельгия, Нигерия, Пәкістан);

аралас ұлттық-территориялық негізде құрылған федеративті мемлекет (Ресей, Канада, Швейцария). Федеративті мемлекетке тән, барлық федеративті мемлекеттер негізделген бес бастапқы принциптер: 1) федералды заңның жоғарылығы; 2) мемлекеттік құрылым негіздерінің бірыңғайлығы; 3) федерация аумағында адамдардың, тауар айналымының еркін қозғалысы; 4) федерация субъектісінің біржақты өз бетінше мәртебесін ауыстыруға тыйым салу; 5) мемлекеттік аумақтық тұтастыққа зиян тигізетін федерация субъектісінің бөлінуіне жол берме.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]