- •Пәнді зерттеу барысында көзделетін мақсаттар мен міндеттер:
- •1. Шарт азаматтық құқықтық категория ретінде (1 сағат)
- •2. Аралас, ақылы және ақысыз, жария, қосылу, алдын ала жасалатын, үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарттар
- •2. Шарттың орындалуы, өзгертілуі және тоқтатылуы. (1 сағат)
- •3. Мүлікті меншікке беру жөніндегі шарттар (1 сағат)
- •7.Заемдық міндеттемелер. Факторинг (1 сағат)
- •Азаматтық айналымдағы басқа шарттар. (1 сағат)
2. Аралас, ақылы және ақысыз, жария, қосылу, алдын ала жасалатын, үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарттар
- Аралас шарт дегеніміз – әртүрлі шарттардың элементтерінен тұратын шарт.
- Өз міндеттемелерін орындағаны үшін тараптың ақы алуы немесе бір-біріне бір нәрсе керек болса – ақылы шарт болып табылады.
- Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған шарт – ақысыз шарт болып табылады.
- Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін белгілейтін шарт жария шарт деп танылады. (бөлшек сауда, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметін көрсету және т.б.).
- ережелерін тараптардың біреуі формулярларда немесе өзге стандартты нысандарда белгіленген және басқа тарап оны ұсыныылған шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдай алатын шарт қосылу шарты деп танылады. Егер қосылу шарты заңдарға қайшы келмегенімен, бұл тарапты осындай шарттар бойынша берілетін құқықтардан айыратын болса не қосылған тарап үшін онда анық қиындық келтіретін, шарттың талаптарын белгілеуге қатысатын мүмкіндігі болып тұрғанда өзінің ақылға қонымды түсінілетін мүдделерін негізге ала отырып қабылдамай-ақ қоятын талаптары болса, шартқа қосылған тарап шартты бұзуды талап етуге құқылы. Осы көзделген мән-жайлар болғанкезде, өзінің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруына байланысты шартқа қосылған тараптың шартты бұзу туралы қойған талабы, егер қосылған тарап шарттың қандай жағдайларда жасалғанын білсе немесе білуге тиіс болса, қанағаттандырылуға жатпайды.
- Алдын ала жасалатын шарт бойынша тараптар алдын ала жасаалатын шартта көзделген жағдайларда мүлік беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету туралы болашақта шарт жасауға міндеттенеді. Алдын ала жасалатын шарт негізгі шарт үшін заңдарда белгіленген нысанда, ал негізгі шарт нысаны белгіленбесе, жазбаша түрде жасалады. Алдын ала жасалатын шарт нысаны туралы ережелердің сақталмауы оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады. Алдын ала жасалатын шартта негізгі шарттың мәнін, сондай-ақ басқа да елеулі жағдайларын белгілеуге мүмкіндік беретін ережелер болуға тиіс. Алдын ала жасалатын шартта негізгі шартты жасасуға міндеттенетін мерзім көрсетіледі. Егер алдын ала жасалатын шартта мұндай мерзім белгіленбесе, олар көздеген шарт алдын ала жасалған кезден бастап 1(бір) жыл ішінде жасалуға тиіс. Егер ниеттер туралы хаттамада (ниеттер туралы шартта) тараптардың оған алдын ала жасалатын шарт күшін беру ниеттері тікелей көделмесе, ол азаматтық-құқықтық шарт болып табылмайды және оның орындалмауы заңдық зардаптарға әкеліп соқтырмайды.
- Тараптар несие берушіге емес, шартта көрсетілген немесе көрсетілмеген және борышқордан міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап етуге құқығы бар үшінші жаққа борышқор орындап беруге міндетті деп көрсеткен шарт үшінші жақтың пайдасына жасалған шарт болып танылады. Егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, үшінші жақ борышқорға шарт бойынша өз құқығын пайдалану ниетін білдірген кезден бастап тараптар өздері жасасқан шартты үшінші жақтың келісімінсіз бұза алмайды немесе өзгерте алмайды. Борышқор шартта өзінің несие берушіге қарсы қоя алатындай қарсылықтарын үшінші жақтың талаптарына қарсы қоюға құқылы. Үшінші жақ шарт бойынша өзіне берілген құқықтан бас тартқан ретте несие беруші, егер заңдарға және шартқа қайшы келмесе, бұл құқықты пайдалана алады.
