Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шарттық құқық мазмұны.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
205 Кб
Скачать
☆

3. Мүлікті меншікке беру жөніндегі шарттар (1 сағат)

  1. Мүлікті меншікке беру жөніндегі шарттардың ерекшеліктері.

  2. Сатып алу сату шартының ұғымы мен мәні.

  3. Сатып алу сату шартын орындау және оны бұзғандығы үшін тараптардың жауаптылығы.

  4. Сатып алу сату шартының жекелеген түрлерінің құқықтық реттелуінің ерекшеліктері.

  5. Айырбас шарты.

  6. Сыйға тарту шартының ерекшеліктері.

  7. Рента шартының және оның жекелеген түрлерінің ұғымы мен мазмұны.

Мүлікті меншікке немесе шаруашылық жүргізүге, жедел басқаруға берүден тұындайтын міндеттемелер сатып алу-сату шартынан, оның түрлерінен және айырбастау, сыйға тарту мен рента шарттарынан туындайды. Қазіргі кезде сатып алу-сату шарты, оның: көптеп және бөлшектеп сатып алу сату, жеткізілім, энергиямен жабдықтау, келісім жасасу шарттары сияқты түрлеріне қатысты, тектік ұғым ретінде қаралады. Ал жекелеп сатып алу сату шартының келесі түрлері болады: үлгілер бойынша сату, несиеге сату, автоматтар арқылы сату, жеткізіп беру тәсілімен сату және т. б.

Азаматтық құқықтың ерекше бөлімінің барысында, шарттар мен міндеттемелердің жеке түрлерін сипаттауда бұл міндеттеме түрлерінің –анықтамасын, олардың затын, өзге шарттық міндеттемелерден айырмашылығын білү; және бұл міндеттемелер түрлерінің пайда болуына әкелдіретін барлық шарттарды атап, сипаттап өтү қажет болады. Бұл шарттардың әр түрін сипаттау кезінде жауап келесі үлгіде беріледі: шарттың ұғымы; тараптардың атаулары; әр шарттың субъектілеріне қойылатын талаптар; нақтылы немесе консенсуалды, ақылы немесе ақысыз, екі тарапты да міндеттейтін немесе бір тарапты міндеттейтін, мерзімді әлде мерзімсіз бе және қандай нормативтік құқықтық актілермен реттелетіні аталады. Осыдан кейін тараптардың құқықтары мен міндеттерінің, олардың жауапкерішілігінің сипаттамасы беріледі.

Сатып алу-сату шарты бойынша бір тарап (сатушы) екінші тарап (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізүіне, оралымды басқаруына белгілі бір мүлікті (тауарды) берүге міндеттенеді, ал сатып алушы оны қабылдап алып, оның ақысын (белгілі бір ақшалай соманы) төлеуге міндеттенеді. Шарт тараптары – сатушы мен сатып алушы болады. Олардың орнында әрекет қабілеттілігіне қарай, кез келген жеке немесе заңды тұлға және мемлекет де болуы мүмкін. Шарттың заты ретінде азаматтық өрістіктен (айналымнан) алынбаған кез келген мүлік (тауар) және мүліктік құқық болады (АК 406 б. 4 т.). Айналымы шектеүлі мүлік тек арнайы рұқсат (лицензия) бойынша сатылады. Шарт консенсуалды, екі тарапты міндеттейтін және ақылы болады. Шарттың елеулі жағдайларына тауардың атауы және саны жатады (АК 407 б. 3 т.). Сатып алу-сату шарттарының кейбір түрлері ҚР АК 25–ші тарауымен қоса арнайы заңдармен: ҚР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» Заңымен т.б. заңдармен реттеледі.

Шарт консенсуалды болғандықтан, тараптардың құқықтары мен міндеттері де олар заң қажет ететін нысанда келісімге келген уақытта пайда болады. Сатушының міндеттеріне: затты оның барлық құжаттарымен, саймандарымен тиісті сапасы мен саныңда, ассортиментінде, қапталған түрінде және үшінші тараптың талап етүінен босатылған түрде беру болып табылады (АК 408 б.). Сатушының тауарды беру міндетін орындау уақытты ерекше атап өту қажет (АК 410 б.). Шарт бар тауарды берү жөнінде де және болашақта жасалғаннан немесе сатып алғаннан кейін болатын тауарды беру жөнінде де жасалуы мүмкін (АК 407 б. 2 т.).

Сатушы шартта көзделген тауарды сатып алушыға беруге мiндеттi. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сатушы тауарды берумен бiрге сатып алушыға оның керек-жарақтарын, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiлерде немесе шартта көзделген, соған қатысты құжаттарды (тауардың жиынтықтылығын, қауіпсіздігін, сапасын, пайдалану тәртiбiн және т.б. куәландыратын құжаттарды) беруге мiндеттi.

 Сатушының сатып алушыға тауарды беру мiндетiн орындау мерзiмi шартта белгiленедi, ал егер шартта мерзiмдi белгiлеуге мүмкiндiк болмаса, Кодекстiң 277-бабында көзделген ережелерге сәйкес белгiленедi. Егер мерзiм бұзылған кезде сатып алушының шартты орындауға мүдделiлiгi жоғалатындығы шарттан айқын туындайтын болса, сатып алу-сату шарты оны қатаң белгіленген мерзімде орындау талабымен жасалды деп танылады. Сатушының мұндай шартты онда белгiленген мерзiм басталғанға дейiн немесе бiткеннен кейiн сатып алушының келiсуiнсiз орындауға құқығы жоқ. Заң актiлерiнде немесе шартта сатып алу-сату шартын бөлiп орындау жағдайлары (шартты орындаудың аралық мерзiмдерi) белгiленуi мүмкiн.

 Егер сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмесе, сатушының сатып алушыға тауар беру мiндетi келесі кезден орындалды деп есептеледі:

1) егер шартта тауарды жеткiзiп беру бойынша сатушының мiндетi көзделсе, сатып алушыға немесе ол атаған адамға тауарды берген;

2) егер тауар сол тауар орналасқан жерде сатып алушыға немесе ол атаған адамға берiлуге тиiс болса, сатып алушының билiгiне тауар берген кезiнде орындалған болып есептеледi.

Тауар шартта көзделген мерзiмде тиiстi жерде беруге дайын тұрған және сатып алушы шарт талаптарына сәйкес тауардың беруге дайын екендiгi туралы хабардар болған кезде тауар сатып алушының билiгiне берiлген болып есептеледi. Егер тауар таңбалау арқылы немесе өзгеше түрде шарт мақсаттары үшiн сәйкестендiрiлмесе тауар берiлуге дайын емес деп танылады.

Тауарды жеткiзiп беру немесе сатып алушыға оның орналасқан жерiнде тауар беру жөнiнде сатып алу сату шартынан сатушының мiндетi туындамаған жағдайларда, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарды тасымалдаушыға немесе сатып алушыға жеткiзу үшiн байланыс ұйымына берген кезде сатушының тауарды сатып алушыға беру мiндетi орындалған болып есептеледi.

Сатып алушының міндеттері: тауарды қабылдап алудан және қажет болған жағдайда, ол жөнінде қолхат берүден немесе тауарды қабылдап алу жөнінде акт жасаудан тұрады. Сатып алушының ең негізгі міндеті сатып алу ақысын төлеү болады (АК 439 б.). Кейбір жағдайларда сатып алушыға тауарды сақтандыру және сатушыны шарттың тиісті дәрежеде орындалғаны жөнінде ескертү міндеттері жүктеледі. Бір тараптың құқықтары қарсы тараптын міндеттеріне сәйкес келеді. Мысалы, сатушының тауарды берү міндеті, сатып алушының тауарды тиісті сапа мен санында, барлық саймандарымен және құжаттарымен берүді талап етү құқығына сәйкес келеді және т. б. Сатып алушының тауар ақысын төлеү міндеті сатушының тауардың ақысын толық және тиісті уақытта төлеүді талап етү құқығына сәйкес болады.

Егер сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмесе, тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi сатушы заң актiлерiне немесе шартқа сәйкес сатып алушыға тауар беру жөнiндегi өз мiндетiн атқарды деп есептелетiн кезден бастап сатып алушыға ауысады.

Жолда келе жатқан кезде сатылған тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi, егер шартта немесе iскерлiк айналым ғұрпында өзгеше көзделмесе, сатып алу-сату шарты жасалған кезден бастап сатып алушыға ауысады. Егер шарт жасасқан кезде сатушы тауардың жоғалтылғанын немесе бүлiнгенiн бiлсе немесе бiлуге тиiс болса және бұл туралы сатып алушыға хабарламаса, тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi сатып алушының талап етуi бойынша тауар бірінші тасымалдаушыға өткізілген кезден бастап сатып алушыға ауысатындығы туралы шарт талабын сот жарамсыз деп тануы мүмкiн.

Сатушы мен сатып алушының жауапкершілігі, жалпы ереже бойынша, әр тарап өз міндеттерін орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда туындайды. Олардың жауапкершілігінің негізгі түрі: шығындарды өтеү және айып төлеү. Қазірғі уақытта айып төлеу тек шарттық түрде болады. Сондықтан шарт жасасу кезінде тиісті жауапкершілік шараларын қарастыруды ұмытпау қажет. Заңды айып төлеү - ол тек біреүдің ақшаларын заңсыз пайдаланудан туындайтын ақшалай міндеттемелер бойынша қолданылады (ҚР АК 353 б.).

Шартты орындауға дейiн пайда болған негiздер бойынша үшiншi тұлғалар сатып алушыдан тауарды алып қойған кезде сатушы, егер сатып алушы осы негiздердiң болғаны туралы бiлгенiн немесе білуге тиіс екенін дәлелдей алмаса, сатып алушыға оның шеккен залалын өтеуге мiндеттi.

Егер сатушы өзi беруге тиiстi (408-б. 2-тармағы) тауарға қатысты керек-жарақтарды немесе құжаттарды сатып алушыға бермесе немесе беруден бас тартса, сатып алушы оларды беру үшiн оған қисынды мерзiм тағайындауға құқылы. Сатушы тауарға қатысты керек-жарақтарды немесе құжаттарды аталған мерзiмде бермеген жағдайда, егер шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушы тауарды қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Егер сатушы шарт талаптарын бұза отырып, сатып алушыға тауар санын шартта белгіленгенінен кемірек берсе, сатып алушы, егер шартта өзгеше көзделмесе, не тауардың жетiспейтiн санын берудi талап етуге, не берiлген тауардан және оған ақы төлеуден бас тартуға, ал егер ақысы төленiп қойған болса, оған төленген ақша сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.

Сатушы сатып алушыға тауарды шартта көрсетiлгенiнен артық мөлшерде берген жағдайда сатып алушы бұл туралы сатушыға Кодекстiң 436-б. 1-тармағында көзделген тәртiппен хабарлауға мiндеттi. Егер сатып алушыдан хабар алынғаннан кейiн қисынды мерзiмде сатушы тиiстi тауарға билiк етпесе, шартта өзгеше көзделмегендiктен, сатып алушы бүкіл тауарды қабылдауға құқылы. Сатып алушы тауарды шартта белгiленгенiнен артық мөлшерде қабылдаған жағдайда тиiстi тауарға ақы, егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше баға белгiленбесе, шартқа сәйкес қабылданған тауар үшiн белгiленген баға бойынша төленедi.

Егер сатушы тауардың кемшiлiктерi туралы айтпаған болса, тиiстi сапасы жоқ тауар берiлген сатып алушы өз қалауы бойынша сатушыдан:

1) сатып алу бағасын сол мөлшерде кемiтудi;

2) қисынды мерзiмде тауардың кемшiлiктерiн тегiн жоюды;

3) тауардың кемшiлiктерiн жоюға жұмсаған өз шығындарын өтеуді;

4) тиiстi сапасы жоқ тауарды шартқа сәйкес келетiн тауармен алмастыруды;

5) шартты орындаудан бас тартуға және тауар үшiн төленген ақша сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.

Шарттың сатып алушының осы тармақта көзделген құқықтардан бас тартуы туралы талаптары жарамсыз болып табылады. Жиынтыққа кiретiн тауарлардың (432-б.) бір бөлiгiнiң сапасы тиісті деңгейде болмаған жағдайда сатып алушы тауарлардың осы бөлiгiне қатысты, осы баптың 1-тармағында көзделген құқықты жүзеге асыруға құқылы.

Тиiстi сапасы жоқ тауарды сатушы оның дайындаушысы болмайтын жағдайда тауарды алмастыру немесе оның кемшiлiктерiн тегiн жою туралы талаптар сатып алушының таңдауы бойынша сатушыға не дайындаушыға қойылуы мүмкiн.

Егер сатып алушы тауардағы кемшiлiктердiң өзiне берiлгенге дейiн пайда болғанын немесе сол кезге дейiн пайда болған себептерден туындағанын дәлелдесе, тауардың кемшiлiктерi үшiн сатушы жауап бередi.

Сатушы сатылған тауардың кемшiлiктерi үшiн олар жөнiнде өзi бiлмеген кезде де жауап бередi. Сатып алу-сату шарттарының жалпы ережелерін сипаттап болғаннан кейін шарт ұғымынан бастап, шарттың әр түрінің ерекшеліктеріне тоқтап өту қажет. Сату-сатып алу шарттарының саралану негізі - олардың бір бірінен сату тәсіліне және объектісіне қарай ерекшеленүі байланысты болады. Сондықтан, сатып алу-сату шарттарының барлық түрлерінің азаматтық–құқықтық сипаттамаларының ерекшеліктеріне толық тоқтап өту қажет.

Бөлшектеп сату шартында сатушы - тек кәсіпкер болады және бұл шарт бойынша - тек жеке, үйде, отбасында тұтынатын тауарлар сатылатын болады. Жалпы сату-сатып алу шартына қарағанда бөлшектеп сату шарты - жария шарты болып танылады, ол жөнінде ҚР АК–нің 445 б. 2 тармағында айтылған. Тауарларды көруге қою, олардың үлгiлерiн көрсету немесе тауарлар сатылатын жерде сатылатын тауарлар туралы мәлiметтер (сипаттамалар, каталогтар, фотосуреттер және т.б.) беру, сатушы тиістi тауарлардың сатуға арналмағандығын айқын көрсеткен жағдайларды қоспағанда, бағаның және сатып алу-сату шартының басқа да елеулі талаптарының көрсетілгенiне қарамастан, көпшiлiкке арналған оферта болып танылады.  Тауардың оның жарнамасында, каталогтарында, сондай-ақ тауар сатылмайтын жерлерде тауардың беймәлім адамдар тобына арналған және тауардың сатып алу-сату шартының елеулi талаптары болмаған басқа да сипаттамаларында көрсетiлген ұсынымы көпшiлiкке арналған оферта деп танылмайды. 

Басқа дәлелдемелермен қоса, бұл шарт бойынша шарттың жасалу фактісін дәлелдеү үшін сатып алушы күәлардың жауабына сүйенүіне болады. Бөлшектеп сату шарты бойынша сатушының негізгі міндеттерінің бірі сатып алушыға тауар жөнінде барлық мәліметтерді берү болып танылады (АК 448 б.). Бөлшектеп сату шарты әр түрлі негіздер бойынша келесі түрлерге бөлінеді: сатып алушымен тауарды белгілі бір мерзімде қабылдап алу шартымен жасалатын шарт; үлгілер бойынша сату; тауарды автоматтар арқылы сату; сатып алушыға тауарды жеткізіп берү шартымен сату; несиеге сату және т. б.

Сатушы сапасы жарамсыз тауарды айырбастап беру немесе қайтару кезінде «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» ҚР Заңының баптары мен ҚР АК–ның 454 бабы нормалары қолданылады. Бірақта тәжірибеде «тауар айырбастауға және қайтаруға жатпайды» деген хабарландырулар ілу арқылы, бұл нормаларды сатушылар өрескел бұзуға дейін барады.

Аталған АҚ 454 бабы бойынша сатып алушы әуелі сапасы лайықты тауарды алмастыруға құқылы: Сатып алушы азық-түлікке жатпайтын тауар өзіне берілген кезден бастап он төрт күн ішінде, егер сатушы неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаған болса, сатып алынған тауарды сату орнында немесе сатушы хабарлаған өзге де орындарда бағасында айырма болған жағдайда сатушымен қажетті қайта есеп айырыса отырып, мөлшері, нысаны, ауқымы, пішіні, түсі, жинақтылығы және т.б. бойынша соған ұқсас тауармен алмастырып алуға құқылы.  Сатушыда алмастыруға қажетті тауар болмаған жағдайда сатып алушы сатып алынған тауарды сатушыға қайтарып беруге және оған төленген ақша сомасын алуға құқылы. Егер тауар пайдаланылмай, оның тұтыну қасиеттері сақталса және оның сол сатушыдан сатып алынғандығына дәлелдер болса, сатып алушының тауарды алмастыру немесе оны қайтару туралы талаптары қанағаттандырылуға тиіс. 

Осы бапта аталған негiздемелер бойынша алмастырылуға немесе қайтарылуға жатпайтын тауарлардың тiзбесi заңдарда белгiленген тәртiппен айқындалады. 

ҚР АК–ның 455 бабында оған сапасыз тауар сатылған жағдайда, сатып алушының құқығын қорғау шаралары көзделеді. Сапасы лайықсыз тауар сатылған сатып алушы, егер сатушы оның кемшiлiктерiн айтпаған болса, Кодекстiң 428-б. 1-тармағында көзделген әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы, бұл орайда сатып алушы сатушының талап етуi бойынша және оның есебiнен алынған сапасы лайықсыз тауарды қайтарып беруге тиiс. Тауар үшiн төленген ақша сомасын сатып алушыға қайтарған кезде сатушының одан тауарды толық немесе iшiнара пайдаланудан, оның тауар түрiн жоғалтудан және т.б. болған тауар құнының төмендеген сомасын ұстап қалуға құқығы жоқ. 

Тауар жеткізілімі шарты да жаңа азаматтық заңда сатып алу-сату шарттарының бір түрі ретінде қарастырылады. Ол тек кәсіпкерлік саласында жасалатын болғандықтан оның тараптары тек кәсіпкерлер болады (АК 458 б.). Тауардың заты мен санынан басқа жеткізілім шартының негізгі жағдайларына жеткізіп беру мерзімі жөніндегі жағдайлар да жатады. Бұл шарт бойынша жеткізілім кезеңдері бөлініп бекітіледі, ал мерзімнен бұрын жеткізіп берү сатып алушымен ол жөнінде арнаулы келісім болған жағдайда ғана жасалуы мүмкін. Шарт нысаны тек жазбаша болады. ҚР АК–ның 459 бабында жеткізілім шартын жасау кезінде туындаған келіспеүшіліктерді 30 күндік мерзім ішінде шешү қажеттілігі жөніндегі арнайы ережелер бекітілген. Бұл шартты орындамаған кінәлі тарап екінші тараптың шеккен шығындарын өтеүге міндетті болады. Бұл шартты сипаттау кезінде: тауардың қорабы жөніндегі, жеткізіп берүшіден тауарды қабылдап алу тәртібі жөніндегі шарттың жағдайларына тоқтау кажет болады. Сондықтан, Өнімді (тауарды) саны мен сапасы бойынша қабылдау тәртібі туралы 1994 жылы қабылданған Нұсқаулыққа сүйенуге болады (ол құжаттың заңдылық күші жойылғаныны қарамастан, оның мазмұны үлгі ретінде пайдалануға өте тиімді болып келеді). Қазірғі уақытта жеткізілім шарты орнына кәсіпкерлер жиі «сатып алу-сату шарты», «сатып алу-сату актісі» деген ұғымдарды қолданады. Оның себептерінің бірі - жеткізіп берүшінің тараптар жауапкершілігі жөніндегі жағдайдайларды шартқа еңгізүден жалтаруы.

Тараптардың бірі шартты өрескел бұзуы екінші тараппен шартты орындаудан бас тартуға әкелдірүі мүмкін. Шартты өрескел бұзу ұғымы туралы жалпы ережелер ҚР АК 401 бабының 2 тармағында бекітілген. Ал АК 476 бабына сәйкес, жеткізіп берүшімен шартты өрескел бұзу болып: сатып алушыға тиімді мерзім ішінде жойылмайтын кемшіліктері бар сапасыз тауарды жеткізу және жеткізіп беру мерзімдерін бірнеше рет бұзу жатады. Сатып алушы тарапынан шартты өрескел бұзу болып: төлемдер мерзімін бұзу және тауарды уақытында қабылдап алмау жатады.

ҚР АК-ның 477 бабында жеткізілім шарты бұзылған жағдайда шығындарды өтеү тәртібі бекітілген. Мысалы, сатушының кінәсімен шарт бұзылғаннан кейін, сатып алушы шартта көзделген тауарды өзге тұлғадан шартта көзделген бағадан неғұрлым жоғары бағаға сатып алған болса, ол сатушыдан бұрынғы шартта көзделген бағамен нақты сатып алған бағаның арасындағы айырмашылық мөлшерінде өзінің шеккен шығындарын өтеүді талап етүге құқылы болады. Шарт сатып алушының кінәсімен бұзылған болса және осыған байланысты сатушы өз тауарын бұрынғыдан төмен бағаға сатуға мәжбүр болса онда ол сатып алушыдан өзінің шеккен шығындарын өтеүді талап етүге құқылы болады, және т.б.

Мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілерінің арасында мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті олардың жүзеге асыруы процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды «Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР Заңы реттейді

Мемлекеттік сатып алу процесі:

1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын жоспарлауды;

2) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуді және бекітуді;

3) өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;

4) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтиды.

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоспарланатын номенклатурасын тапсырыс беруші жыл сайын әзірлеп, бекітеді және онда мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:

1) Қазақстан Республикасының тиісті стандарты болған кезде осындай стандартқа, сондай-ақ қажет болған жағдайда басқа да елдердің стандарттарына сілтеме жасай отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы;

2) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі, бірлік үшін бағасы, сондай-ақ жоспарланатын ақша сомасы.

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоспарланып бекітілген номенклатурасының және тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) негізінде тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (бизнес жоспар, кірістер мен шығыстар сметасы) бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді және онда мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:

1) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоспарланатын номенклатурасы;

2) осы Заңның 4-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімі;

3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің жоспарланған мерзімі мен орны.

Тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органға жібереді не табыс етеді. Тапсырыс берушілердің келесі құқығы бар:

1) мемлекеттік орган, мемлекеттік мекеме, оралымды басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын тапсырыс берушілердің тиісті бюджетін нақтылау немесе түзету және (немесе) тиісті бюджеттік бағдарламаның паспортына және (немесе) қаржыландыру жоспарына (кірістер мен шығыстар сметасына) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу нәтижесінде;

2) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын тапсырыс берушілердің, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың бюджетіне (бизнес-жоспарына, кірістер мен шығыстар сметасына) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды кейіннен енгізе отырып, жоспарланатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге.

Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға аталған шешімнің көшірмесін және өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген мемлекеттік сатып алу жоспарынан үзінді көшірме табыс етуге міндетті. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарын ақпараттық жүйелерді не электрондық құжат айналымын пайдалана отырып, уәкілетті органға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған тәртіппен жібереді.

Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді мемлекеттік сатып алудың бекітілген не нақтыланған жылдық жоспары негізінде қабылдайды. Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тиісті бюджет бекітілгенге дейін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде көзделген жағдайларда ғана қабылдауға құқылы. Мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.

Тапсырыс берушінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында ол ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында осы шарт бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша күнделікті немесе апта сайын тұтынылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданысын келесі жылдың бірінші тоқсанына ұзартуға құқылы.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындау үшін тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, сондай-ақ тапсырыс берушінің алда болатын мемлекеттік сатып алуда мүддесін білдіретін оның лауазымды адамын айқындайды. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындауға жауапты өз құрылымдық бөлімшесінің атынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бола алады. Тапсырыс беруші өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекемені не оның аффилиирленген тұлғасын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы етіп айқындауға құқылы.

Әлеуетті өнім берушіге жалпы және арнайы біліктілік талаптары қойылады. Әлеуетті өнім беруші мынадай жалпы біліктілік талаптарына сай келуі тиіс:

1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін), азаматтық іс-әрекетке қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін) болуы;

2) төлем қабілеттілігінің болуы, үш айдан асатын мерзімге салық берешегінің болмауы;

3) банкроттық не таратылу рәсімдеріне жатқызылмауы тиіс.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері: Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:

1) конкурс тәсілімен (ашық не жабық). Ашық не жабық конкурстар екі кезеңді рәсімдер пайдаланыла отырып өткізілуі мүмкін;

2) баға ұсыныстарын сұрату;

3) бір көзден алу;

4) ұйымдастырылған электронды сауда-саттық;

5) ашық тауар биржалары арқылы.

Тапсырыс беруші уәкілетті органмен келіспей-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін осы Заңға сәйкес таңдайды.

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың негізгі тәсілі болып табылады. Жабық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мәліметтері мемлекеттік құпия болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жүзеге асырылған жағдайда ғана жүргізіледі. Жабық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу рәсімі осы Заңда конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ашық не жабық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мұндай тауарларды конкурстық құжаттамада лоттарға міндетті түрде бөле отырып, аталған тәсілмен бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге құқылы. Біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ашық не жабық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті. Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін ашық не жабық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және (немесе) беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті. Осы көзделген жағдайларда, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ конкурс жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша айқындалған біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін және конкурстық комиссия конкурсқа қатысушы деп таныған әлеуетті өнім берушілер қатысады.

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу:

1) конкурстық комиссия екіден кем әлеуетті өнім берушіні конкурсқа қатысушы деп таныған;

2) Заңның 26-б. 4-тармағында көзделген жағдайларда конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екіден кем конкурстық баға ұсыныстары бағалануға және салыстыруға жатқызылған;

3) конкурс жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайлардың бірі болғанда өтпей қалды деп танылады.

Жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарты

Жылжымайтын мүліктерге АК-ң 117, 118 баптарына сәйкес жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлiк, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкiн болмайтын мүлiк жатады.

Мемлекеттiк тiркеуге жататын әуе және теңiз кемелерi, iшкi суда жүзу кемесi, "өзен-теңiз" жүзу кемесi, ғарыштық объектiлер де қозғалмайтын заттарға теңестiрiледi. Заң құжаттары бойынша қозғалмайтын заттарға өзге мүлiктер де жатқызылуы мүмкiн.

Қозғалмайтын заттарға меншiк құқығы мен басқа да құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттiк тiркелуге тиiс.

Меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы, оралымды басқару құқығы, бiр жылдан астам мерзiмге жер пайдалану құқығы, бiр жылдан астам мерзiмге пайдалану құқығы, жылжымайтын мүлiктi кепiлге беру, жылжымайтын мүлiкке рента, сенiм бiлдiру арқылы басқару құқығы мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап пайда болады. Қозғалмайтын мүлiкпен жасалатын мәмiле мемлекеттiк тiркелуге тиiс.

Жер учаскелерін сатып алу-сату ҚР Азаматтық кодексінің жалпы ережелерін сақтай отырып, қосымша ҚР Жер кодексімен реттеледі.

Жоғарыда аталған шарттармен қоса кәсіпорынды сату шарты заңдарда жеке орын алады (ҚР АК 493 – 500 б., б.). Бұл сұраққа жауап беруді кәсіпорын ұғымынан бастаған жөн. Кәсіпорын - ол жылжымайтын мүлік болып танылатын және кәсіпкерлік мақсатында қолданылатын мүліктік кешен (АК 119 б.). Кәсіпорынды сату шарты жазбаша нысанда жасалады және оған бухгалтерлік баланс, тәүелсіз аудиторлық қорытынды, сатылатын кәсіпорынның барлық міндеттемелерінің тізімі және инвентаризациялық акт бірге тіркеледі. Сонымен бірге, сатып алушыға кәсіпорынды тапсыру актісі толтырылады және оған тараптардың қолы қойылған уақыттан бастап, кәсіпорын сатып алушының меншігіне көшкен болып танылады. Мәміле міндетті түрде мемлекеттік тіркеүден өткізуді қажет етеді.

Жекешелендірү тәртібімен кәсіпорынды сату жекешелендірү туралы арнайы нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

Контрактация шарты – ол сатушының өзімен, яғни өндірүшімен (шаруашылықпен) өндірілген немесе өсірілген ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу-сату болып танылады. Сатып алушы бұл шартта дайындаушы (контрактант) деп аталады. Бұл шарт фьючерс деп аталатын, яғни әлі өндірілмеген, біракта болашақта өндірілетін тауарды сатып алу-сату жөнінде жасалады. Егер сатылатын ауыл шаруашылық өнімі сатушының өзімен өсірілмеген немесе өндірілмеген болса, тараптардың қатынастары келісім шарт жасасу шартының емес, жәй сатып алу-сату шартының ережелерімен реттеледі. Шарт нысаны жазбаша болады. Бұл шарт сатып алушыға (дайындаушыға) өнімді тиеп атқару, өнімді өндірілген жерде қабылдап алу, өнімнің сапасын анықтау бойынша өндірушіге жәрдем берү сияқты қосымша міндет жүктейді (АК 479 б.). Өндірүші тек кінәлі болған жағдайда ғана жауапты болады, яғни оған кәсіпкерлік қауіп-қатер ауыртпалығы жүктелмейді.

Дайындаушының мiндеттерi: Егер келiсiм-шарт жасасу шартында өзгеше көзделмесе, дайындаушы өндiрушiден ауыл шаруашылық өнiмiн оның тұрған жерiнде қабылдауға және тасып әкетудi қамтамасыз етуге мiндеттi. Ауыл шаруашылық өнiмiн қабылдау дайындаушы орналасқан жерде немесе ол көрсеткен өзге орында жүзеге асырылатын жағдайда дайындаушының келiсiм-шарт жасасу шартының талаптарына сәйкес келетiн және дайындаушыға шартта келiсiлген мерзiмде берiлген ауыл шаруашылық өнiмiн қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ. Дайындаушы өнiм сапасын стандарттарға сәйкес дәл анықтауды қамтамасыз етуге мiндеттi.

Келiсiм-шарт жасасу шартында ауыл шаруашылық өнiмiн ұқсатуды жүзеге асыратын дайындаушының өндiрушiге оның талап етуi бойынша ауыл шаруашылық өнiмiн ұқсатудан қалған қалдықтарды шартта белгiленген баға бойынша ақы төлете отырып қайтару мiндетi көзделуi мүмкiн.

Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушiнiң мiндеттерi 480-бапта көзделген. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi дайындаушыға өсiрген (өндiрген) ауыл шаруашылық өнiмiн мөлшерi, сапасы мен түр-түрi келiсiм-шарт жасасу шартында көзделгендей етiп беруге мiндеттi.

Мiндеттеменi орындамаған немесе мiндеттеменi тиiстi түрде орындамаған ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi өзiнiң кiнәсi болған жағдайда жауапты болады.

Энергиямен жабдықтау шарты

Сатып алу-сатудың ерекше түрлеріне қазіргі уақытта энергиямен жабдықтау шарты жатады (АК 25 тарауының 6 парағы). Оның ерекшелігіне қосылған желілер арқылы ерекше мүлікті - энергияны берү жатады. Бұл шарт бойынша энергиямен жабдықтау кәсіпорны тұтынушыға энергияны арнайы техникалық құралдар арқылы, электр, су, газ және жылу желілері мен құбырлары арқылы береді. Азаматтық кодекспен қоса, энергиямен жабдықтау шарты тараптарының ара қатынасы электр энергиясын пайдалану жөніндегі Ережелермен, коммуналдық қызмет көрсету Ережелерімен және т. б. реттеледі. Шарт тек энергиямен жабдықтау мекемесінің жүйесіне қосылуға болатын, абоненттың арнайы құралдары болған кезде жасалуы мүмкін. Энергиямен жабдықтау ұйымы – ол, қызметтің бұл түрімен шұғылдануға лицензия алған және қажетті құралдары мен саймандары бар, арнайы заңды тұлға болып танылады. Ал абонент - ол заңды тұлға да, жеке тұлға да болуы мүмкін.

«Энергиямен жабдықтау» деп аталатын ҚР АК 25 Тарауының 6 Парағы жекелеп сату рыногындағы тұтынушылар мен энергиямен жабдықтау ұйымы арасындағы қатынастарды реттейді. Одан басқа энергиямен жабдықтаудың көптеп сату рыногы да бар, оның объектісі - арнайы нормативтік құқықтық актілермен реттелетін электр энергиясы болады. Көптеп сату рыногының қатысушыларына энергия өндірүші, энергия берүші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен қоса Техникалық және Рынок операторлары да жатады.

Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентте (тұтынушыға) жалғанған желi арқылы энергия беруге мiндеттенедi, ал абонент алынған энергия үшiн ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимiн сақтауға, өзiнiң қарауындағы энергетика желiлерiн пайдалану қауіпсіздігін және энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуге мiндеттенедi. Энергиямен жабдықтау шарты жария болып табылады (387-б.).

Энергиямен жабдықтау шарты абонентпен онда энергиямен жабдықтаушы ұйымның желілеріне жалғанған қажетті жабдық болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жасалады. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтыну үшiн пайдаланатын азамат абонент болған жағдайларда белгiленген тәртiппен абоненттi жалғанған желiге алғаш рет iс жүзiнде қосылған кезден бастап шарт жасалған болып есептеледi. Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, мұндай шарт белгiсiз мерзiмге жасалған болып есептеледi және ҚР АКң 490-б. көзделген негiздер бойынша өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.

Мерзiм аяқталғаннан кейiн энергиямен жабдықтау шартын тоқтату немесе өзгерту туралы тараптардың бiреуiнiң өтiнiшi болмаған жағдайда ол шартта көзделген дәл сондай мерзiмге және нақ сондай талаптар бойынша ұзартылған болып есептеледі. Шартты жаңа мерзiмге ұзартқан кезде тараптардың келiсiмi бойынша оның талаптары өзгертiлуi мүмкiн. Егер шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн тараптардың бiрiнен жаңа шарт жасасу туралы ұсыныс енгiзiлсе, тараптардың қатынастары жаңа шарт жасалғанға дейiн бұрынғы жасалған шартпен реттеледi.

Энергиямен жабдықтаушы ұйым шартта көзделген мөлшерде және тараптар келiскен энергия беру режимiн сақтай отырып, абонентке жалғанған желі арқылы энергия беруге мiндеттi. Энергиямен жабдықтаушы ұйым берген және абонент қабылдаған энергияның мөлшерi оның нақты тұтынылуы туралы есеп деректерiне сәйкес анықталады. Энергия берудi шартта келiсiлмеген мөлшерде қамтамасыз етуге байланысты энергиямен жабдықтаушы ұйым шеккен шығындарды өтеген жағдайда шартта абоненттiң өзi алатын энергияның шартта белгіленген мөлшерін өзгертуге құқығы көзделуі мүмкін. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтыну үшiн пайдаланатын азамат абонент болған жағдайларда ол энергияны өзiне қажеттi мөлшерде пайдалануға құқылы. Энергиямен жабдықтаушы ұйым берген және абонент алған энергия мөлшері есептеу аспаптарының көрсеткіштерімен, ал олар болмаған кезде - есеп айырысу жолымен анықталады.

Егер энергиямен жабдықтаушы ұйым жалғанған желi арқылы абонентке энергияны шартта көзделгенінен аз мөлшерде берсе, заң актілерінде, шартта өзгеше көзделмесе немесе ол міндеттеменің мәнiнен туындамаса, ҚР АКң 419-б. көзделген ережелер қолданылады.

Энергиямен жабдықтаушы ұйым беретiн энергияның сапасы мемлекеттiк стандарттарда және стандарттау жөнiндегi өзге де нормативтік құжаттарда белгіленген немесе шартта көзделген талаптарға сәйкес болуға тиiс. Энергиямен жабдықтаушы ұйым энергияның сапасына қойылатын талаптарды бұзған жағдайда, егер заң актiлерiнде, шартта өзгеше көзделмесе немесе ол мiндеттеменiң мәнiнен туындамаса, АКң 491-б. көзделген ережелер қолданылады.

Абонент өз пайдалануындағы энергетикалық желiлердiң, аспаптар мен жабдықтардың тиiстi техникалық жай-күйiн және қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, энергияны тұтынудың белгiленген режимін сақтауға, сондай-ақ авариялар, өрт, энергия есептеу аспаптарының ақаулы болуы және энергияны пайдалану кезiнде туындайтын өзге де кемшiлiктер туралы энергиямен жабдықтаушы ұйымға дереу хабарлауға мiндеттi. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтыну үшiн пайдаланатын азамат абонент болған жағдайларда энергетикалық желiлердiң, сондай-ақ энергия тұтынуды есептейтiн аспаптардың тиiстi техникалық жай-күйi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мiндетi, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, энергиямен жабдықтаушы ұйымға жүктеледi. Энергетикалық желiлердiң, аспаптар мен жабдықтардың техникалық жай-күйiне және оларды пайдалануға қойылатын талаптар заңдармен белгiленедi.

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметкерлерiн абонент пайдалануындағы энергетикалық желiлердiң, аспаптар мен жабдықтардың техникалық жай-күйін және қауiпсiздiгiн бақылау үшiн аспаптарға жiберуге мiндеттi. Олардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбi заңдармен белгiленедi.

Егер заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, энергияны есептеу деректеріне сәйкес белгіленетін, абонент іс жүзінде алған энергия мөлшері үшін энергия ақысы төленеді. Энергия үшiн есеп айырысу тәртібі заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.

Абонент жалғанған желi арқылы энергиямен жабдықтаушы ұйымнан өзi алған энергияны басқа тұлғаға (қосалқы абонентке) энергиямен жабдықтайтын ұйымның келiсуiмен ғана бере алады. Абоненттiң қосалқы абонентке энергия беру жөнiндегi шартына, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, осы параграфтағы ережелер қолданылады. Қосалқы абонентке энергия беру кезiнде, егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, энергиямен жабдықтаушы ұйымның алдында абонент жауапты болады.

Абоненттiң энергетикалық қондырғыларының мемлекеттiк энергетикалық қадағалау органы куәландырған қанағаттанғысыз жай-күйi авария қаупiн туғызатын немесе азаматтардың өмiрi мен қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жағдайды қоспағанда, энергияны үзiлiспен беруге, тоқтатуға немесе шектеп беруге тараптардың келiсiмi бойынша жол берiледi. Энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентке энергияны үзiлiспен беру, тоқтату немесе шектеп беру туралы алдын ала ескертуге тиiс. Энергиямен жабдықтау ұйымы жүйесiнде аварияның алдын алу немесе оны жою жөнiнде шұғыл шаралар қолдану қажет болған жағдайда абоненттiң келiсуiнсiз және оған ескертпей, бiрақ оған дереу хабарлай отырып энергияны үзіліспен беруге, тоқтатуға немесе шектеп беруге жол беріледі. Заңдарда үздiксiз циклды өндiрiс үшiн энергия берудегi үзіліске оның берiлуiн тоқтатуға немесе шектеуге жол берiлмейдi және заңдармен реттеледi.

Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтыну үшiн пайдаланушы азамат абонент болған жағдайларда, бұл туралы ол энергиямен жабдықтаушы ұйымға хабарлап, пайдаланған энергия ақысын толық төлеген кезде шарттан біржақты тәртіппен бас тартуға құқылы. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтынуға пайдаланушы азамат абонент болған жағдайларда энергиямен жабдықтаушы ұйым шартты орындауды тоқтатқанға дейiн бiр айдан кешiктiрмей абонентке ескерткен жағдайда өзi пайдаланған энергияға абоненттiң ақы төлемеуiне байланысты шарттың орындалуын бiр жақты тоқтатуға құқылы.

Энергиямен жабдықтау шарты бойынша мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайларда энергиямен жабдықтаушы ұйым мен абонент осыдан келтiрiлген нақты залалды өтеуге мiндеттi (9-б. 4-тармағы). Егер заңдар негiзiнде жүзеге асырылған энергия тұтыну режимiн реттеу нәтижесiнде абонентке энергия беруде үзiлiс жасалған болса, энергиямен жабдықтаушы ұйым өзi кiнәлi болған жағдайда шарт мiндеттемелерiнiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшін жауапты болады.

Жалғанған желi арқылы жылу энергиясымен жабдықтау жөнiндегi қатынастарға, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, осы параграфтың ережелерi қолданылады. Жалғанған желi арқылы газбен, мұнаймен және мұнай өнiмдерiмен, сумен, басқа да тауарлармен жабдықтау жөнiндегi қатынастарға, егер заңдарда, шартта өзгеше белгiленбесе немесе ол мiндеттемелер мәнiнен туындамаса, осы параграфтың ережелерi қолданылады.

Айырбастау шарты: түсінігі және оның сабақтас келісімдерден айырмашылығы. Шарттың орындалуы.

Айырбастау шарты, сатып алу сату шартына қарағанда, неғұрлым бұрын пайда болған, өйткені сатып алу-сату шартында мүлік орнына ақша беріледі, ал акша адамзат тарихында мүлікті мүлікке айырбастаудан кейін пайда болған. Айырбастау шартының екі тарапы да бір уақытта сатушы да, сатып алушы да болады (АК 501-505 баптары). Ақылы болып танылатын айырбастау шартының мақсаты – тараптардың келісімі бойынша берілетін бір мүліктің орнына басқа мүлікті берү. Айырбастау шартының нысаны шарт объектісіне байланысты ауызша немесе жазбаша болады. Мысалы, пәтерді айырбастау шарты жазбаша нысанда жасалады және жылжымайтын мүлік Орталығында тіркеүден өткізіледі. Заттармен қатар бұл шарттың объектісі ретінде жұмыстар мен қызметтер де болуы мүмкін. Тараптардың құқықтары мен міндеттері сатып алушы мен сатушынікі сияқты болады. Қосымша төлем ретінде бұл шартта ақша да төленүі мүмкін, егер айырбасталатын мүліктің бірінің бағасы екіншіден төмен болса. Бірақта айырбастау шартының сатып алу сату шартынан негізгі айырмашылығы – бір мүліктің орнына басқа мүліктің берілүі. Сондықтан да айырбастау шарты әрқашанда ақылы шарт болады.

Сыйға тарту шарты бойынша бiр тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншiгiне затты немесе өзiне немесе үшiншi адамға мүлiктiк құқықты (талапты) тегiн бередi немесе беруге мiндеттенедi не оны өзiнiң немесе үшiншi тұлғаның алдындағы мүлiктiк мiндеттен босатады немесе босатуға мiндеттенедi.

Затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы мiндеттеме болған кезде шарт сыйға тарту шарты деп танылмайды. Мұндай шартқа Азаматтық Кодекстiң 160-бабының 2-тармағында көзделген ережелер қолданылады.

Әлдекiмге затты немесе мүлiктiк құқықты тегiн беруге уәде ету не әлдекiмдi мүлiктiк мiндеттен (сыйға тартуға уәде беруден) босату сыйға тарту шарты болып танылады және егер уәде тиiстi нысанда (508-баптың 2-тармағы) жасалса және алдағы уақытта нақты тұлғаға затты немесе құқықты тегiн беру не оны мүлiктiк мiндеттен босатуға айқын ниет бiлдiрiлген болса, уәде берушiнi босатпай тастайды.

Нақты сыйға тарту затын зат, құқық түрiнде көрсетпей-ақ, өзiнiң барлық мүлкiн немесе өзiнiң барлық мүлкiнiң бiр бөлiгiн сыйға тартуға уәде беру немесе мiндеттемеден босату жарамсыз болады.

Сыйға тартушы қайтыс болғаннан кейiн сый алушыға сый берудi көздейтiн шарт жарамсыз болады. Мұндай сыйға тарту түрiне ҚР АК мұрагерлiк туралы ережелерi қолданылады.

Сый алушы өзiне сый берiлгенге дейiн кез келген уақытта одан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда сыйға тарту шарты бұзылған деп есептеледi. Егер сыйға тарту шарты жазбаша түрде жасалса, сыйдан бас тарту да жазбаша түрде жасалуға тиiс. Сыйға тарту шарты тiркелген жағдайда (508-баптың 3-тармағы) сыйды алудан бас тарту да мемлекеттiк тiркелуге тиiс.

Егер сыйға тарту шарты жазбаша түрде жасалған болса, сый берушi сый алушыдан сыйды алудан бас тартқаны үшiн өзiне келтiрiлген нақты зиянды өтеуiн талап етуге құқылы.

Сый алушыға сыймен қоса сыйға тарту осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ауызша жасалуы мүмкiн. Сыйды беру оны тапсыру, символдық беру (кiлттердi табыс ету және т.б.) не құқық белгiлейтiн құжаттарды тапсыру арқылы жүзеге асырылады.

Қозғалмайтын мүлiктi сыйға тарту шарты:

1) заңды тұлға сый берушi болған және сыйдың құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiштен асатын;

2) шартта алдағы уақытта сыйға тартуға уәде етiлген жағдайларда жазбаша түрде жасалуға тиiс.

Ауызша жасалған сыйға тарту шарты осы тармақта көзделген жағдайларда жарамсыз болады.

Қозғалмайтын мүлiктi сыйға тарту шарты мемлекеттiк тiркелуге тиiс.

Құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын әдеттегi сыйлықтарды қоспағанда:

1) жас балалар мен iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған азаматтардың атынан олардың заңды өкiлдерiнiң;

2) емдеу, тәрбиелеу мекемелерiнiң, әлеуметтiк қорғау мекемелерiнiң және сол секiлдi мекемелердiң қызметкерлерiне олардың емдеуiндегi, асырауындағы не тәрбиесiндегi азаматтардың және осы азаматтардың зайыптары мен туыстарының;

3) мемлекеттiк қызметшiлерге олардың лауазымдық жағдайына байланысты немесе олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты сыйға тартуға жол берiлмейдi.

Заты шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығына жататын заңды тұлға, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, меншiк иесiнiң келiсiмiмен өзiнiң затын сыйлауға құқылы. Бұл шектеу құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын әдеттегi сыйлықтарға қолданылмайды.

Бiрлескен ортақ меншiктегi мүлiктi сыйға тартуға бiрлескен меншiктiң барлық қатысушыларының келiсiмi бойынша ҚР АК 220-бабында көзделген ережелердi сақтай отырып жол берiледi.

Сый берушiге тиесiлi талап құқықтарын үшiншi тұлғаға сыйға тарту ҚР АК 339-343, 345, 346-баптарында көзделген ережелер сақтала отырып жүзеге асырылады.

Үшiншi тұлға алдында сый алушының мiндеттерiн орындау арқылы сыйға тарту ҚР АК 276-бабының 1-тармағында көзделген ережелер сақтала отырып жүзеге асырылады. Үшiншi тұлға алдында сый берушiнiң сый алушы борышын өзiне аудару арқылы сыйға тартуы Азаматтық Кодекстiң 348-бабында көзделген ережелер сақтала отырып жүзеге асырылады. Өкiлдiң сыйға тартуға жасаған сенiмхатында сый алушы аталмаса және сыйға тартатын заты көрсетiлмесе, ол жарамсыз болады.

Егер шарт жасалғаннан кейiн сый берушiнiң мүлiктiк немесе отбасылық жағдайы, не денсаулығы шартты жаңа жағдайларда орындау оның тұрмыс деңгейiнiң едәуiр нашарлауына әкеп соқтыратындай болып өзгерсе, сыйға тартушы келешекте сый алушыға зат немесе құқық беру уәдесiн немесе сый алушыны мүлiктiк мiндеттен босату уәдесiн қамтитын шартты орындаудан бас тартуға құқылы. Сыйға тартушы келешекте сый алушыға зат не құқық беру уәдесiн, не сый алушыны оған сыйға тартуды өзгерту құқығын берушi негiздемелер бойынша мүлiктiк мiндеттемеден босату уәдесiн қамтитын шартты орындаудан бас тартуға құқылы (ҚР АК 512-бабының 1-тармағы). Жоғарыда аталған баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген негiздемелер бойынша сыйға тартушының сыйға тарту шартын орындаудан бас тартуы сый алушыға залалдарды өтеудi талап ету құқығын бермейдi.

Егер сый алушы сыйға тартушының өмiрiне, оның отбасы мүшелерiнiң немесе жақын туыстарының бiреуiне қастандық жасаса не сый берушiге қасақана дене жарақатын салса, сыйға тартушы сыйға тартудың күшін жоюға құқылы.

Сый алушы сыйға тартушыны қасақана өлтiрген жағдайда сотта сыйға тартудың күшiн жоюды талап етуге сыйға тартушы мұрагерлерiнiң құқығы болады.

Егер сый алушының сыйға тартушы үшiн үлкен мүлiктiк емес құндылық болып саналатын сыйланған затты ұстауы оның бiржола жойылу қаупiн тудырса, сыйға тартушы сыйға тартудың күшiн сот тәртiбiмен жоюды талап етуге құқылы.

Сот мүдделi тұлғаның талап етуi бойынша, жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның оның кәсiпкерлiк қызметiне байланысты банкроттық туралы заң актiлерiнiң ережелерiн бұза отырып жасаған сыйға тартуының күшiн мұндай тұлғаны банкрот деп жариялаудың алдындағы бiр жыл iшiнде жоя алады.

Сыйға тарту шартында, сый берушi сый алушыдан ұзақ өмiр жүрген жағдайда, сыйға тартудың күшiн жою құқығы ескертiлуi мүмкін.

Сыйға тартудың күшi жойылған жағдайда, егер сыйланған зат сыйға тартудың күшi жойылған кезге дейiн сол күйiнде сақталса, сый алушы оны қайтаруға мiндеттi.

Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту туралы (ҚР АК 511-бабы) және сыйға тартудың күшiн жою туралы (ҚР АК 512-бабы) ережелер құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сыйлықтарға қолданылмайды (ҚР АК 510-бабының 1-тармағы).

Сыйланған заттың кемшiлiктерi салдарынан сый алушы азаматтың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкіне келтiрiлген зиянды, егер бұл кемшiлiктер сый алушыға затты беруден бұрын пайда болғаны дәлелденсе және анық кемшiлiктер қатарына жатпаса, ал сыйға тартушы ол жөнiнде бiле тұра сый алушыға ескертпесе, ҚР АК 47-тарауында көзделген ережелерге сәйкес сыйға тартушы өтеуге тиiс.

Сыйға тарту шарты бойынша сыйға тартуға уәде берiлген сый алушының құқықтары, егер сыйға тарту шартында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерiне (құқық мирасқорларына) ауыспайды.

Сыйға тартуға уәде берген сыйға тартушының мiндеттерi, егер сыйға тарту шартында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерiне (құқық мирасқорларына) ауысады.

Жалпы пайдалану мақсатында затты немесе құқықты сыйға тарту қайырмалдық деп танылады.

Қайырмалдық азаматтарға, емдеу, тәрбие беру мекемелерiне, әлеуметтiк қорғау мекемелерiне және басқа да сол сияқты мекемелерге, қайырымдылық, ғылыми және оқу мекемелерiне, қорларға, мұражайлар мен басқа да мәдениет мекемелерiне, қоғамдық және дiни бiрлестiктерге, сондай-ақ мемлекетке және ҚР АК 111 және 112-баптарында аталған азаматтық құқықтың басқа да субъектiлерiне жасалуы мүмкiн. Қайырмалдықты алуға ешкiмнiң рұқсаты немесе келiсiмi талап етiлмейдi.

Азаматқа мүлiк қайырмалдыққа берілуге тиiс, ал заңды тұлғаларға қайырмалдық етушi осы мүлiктi белгiлi бiр мақсатқа пайдалануды ескертiп беруi мүмкiн. Мұндай талап болмаған жағдайда азаматқа мүлiктi қайырмалдыққа беру жай сыйға тарту болып есептеледi, ал басқа жағдайларда қайырмалдыққа берiлген мүлiктi сый алушы мүлiктi мақсатына сай пайдаланады.

Пайдалану үшiн белгiлi бiр мақсат белгiленген қайырмалдықты алушы заңды тұлға қайырмалдыққа берiлген мүлiктi пайдалану жөнiндегi барлық операциялардың оқшауланған есебiн жүргізуге тиiс.

Егер мән-жайлардың өзгеруi салдарынан қайырмалдыққа берiлген мүлiктiң қайырмалдық берушi көрсеткен мақсатқа сәйкес пайдаланылуы мүмкiн болмаса, ол басқа мақсатқа қайырмалдық берушiнiң келiсiмiмен ғана, ал қайырмалдық берушi азамат қайтыс болған немесе қайырмалдық берушi заңды тұлға таратылған жағдайда - соттың шешiмi бойынша пайдаланылуы мүмкiн.

Қайырмалдыққа берiлген мүлiктiң қайырмалдық берушi көрсеткен мақсатқа сәйкес пайдаланылмауы немесе бұл мақсатты жоғарыдағы ережеде көзделген ережелердi бұза отырып өзгертуi қайырмалдық берушiге, оның мұрагерлерiне немесе өзге де құқық мирасқорына қайырмалдықтың күшiн жоюды талап етуге құқық бередi. Қайырмалдықтарға ҚР АК 512 және 515-баптары қолданылмайды.

Рента шарты

Рента шарты бойынша бiр тарап (рента алушы) екiншi тараптың (рента төлеушiге) меншiгiне мүлiк бередi, ал рента төлеушi алған мүлiкке айырбас ретiнде рента алушыға белгiлi бiр ақша сомасы түрiнде немесе оны ұстау үшiн өзге де нысанда қаражат беру түрiнде мезгiл-мезгiл рента төлеп отыруға мiндеттенедi.

Рента шарты бойынша рента алушыға рентаны мерзiмсiз (тұрақты рента) немесе өмiр бойы төлеу (ғұмырлық рента) мiндетiн бекiтуге жол берiледi. Ғұмырлық рента азаматты өмiр бойы асырап отыру жағдайларында белгiленуi мүмкiн.

Рента шартын нотариат куәландыруға тиiс, ал рентаны төлеу үшiн қозғалмайтын мүлiктi иелiктен айыру көзделетiн шарт та мемлекеттiк тiркелуден өтуге тиiс.

Рента төлеу үшiн иелiктен айырылатын мүлiктi рента алушы рента төлеушiнiң меншiгiне ақы төлетiп немесе тегiн беруi мүмкiн.

Рента шартында мүлiктi ақы төлетiп беру көзделген жағдайларда тараптардың беру және төлеу жөнiндегi қатынастарына сатып алу-сату шарты туралы ережелер (ҚР АК 25-тарауы), ал мұндай мүлiк тегiн берiлетiн жағдайларда, егер осы тараудың ережелерiнде өзгеше белгiленбесе және шарттың мәнiне қайшы келмесе, сыйға тарту шарты туралы ережелер қолданылады (ҚР АК 27-тарауы).

Рента жер учаскесiне, сондай-ақ оны төлейтiн етiп берiлген кәсiпорынға, үйге, ғимаратқа немесе басқа да қозғалмайтын мүлiкке құқық жүктейдi. Рента төлеушi осындай мүлiктi иелiктен айырған жағдайда оның рента шарты бойынша мiндеттемелерi мүлiктi сатып алушыға ауысады.

Рента жүктелiп берiлген, мүлiктi басқа тұлғаның меншiгiне берген тұлға, егер осы Кодексте, басқа да заң актiлерiнде немесе шартта осы мiндеттеме бойынша бiрдей жауапкершiлiк көзделмесе, рента алушының рента шартының бұзылуына байланысты туған талаптары бойынша субсидиарлық жауапты болады (ҚР АК 357-бабы).

Жер учаскесi немесе басқа да қозғалмайтын мүлiк құқығы рента төлейтiн етiп берiлген кезде рента алушы рента төлеушiнiң мiндеттемесiн қамтамасыз ету үшiн осы мүлiктi кепiлге беру құқығын алады.

Рента төлеушiнiң мiндеттемелерiн (ҚР АК 292-бабы) орындауды қамтамасыз ету не осы мiндеттемелердiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк тәуекелi рента алушының пайдасына сақтандыру мiндетiн белгiлейтiн талап ақша сомасын немесе өзге де қозғалатын мүлiктi рента төлейтiн етiп берудi көздейтiн шарттың елеулi талабы болып табылады.

Рента төлеушi жоғарыда көзделген мiндеттердi орындамаған кезде, сондай-ақ рента алушы жауап бермейтiн мән-жайлар бойынша қамтамасыз етуден айырылған немесе қамтамасыз ету талаптарын нашарлатқан жағдайда рента алушы рента шартын бұзуға және рента шартының бұзылуынан келтірілген залалдың өтелуiн талап етуге құқылы.

Рента төлеу мерзiмiн кешiктiргенi үшiн рента төлеушi рента алушыға, егер шартта тұрақсыздық айыбының өзгеше мөлшерi белгiленбесе, осы Кодекстiң 353-бабында көзделген мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейдi.

Тек қана азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдар, егер бұл олардың қызмет мақсаттарына сәйкес келсе, тұрақты рентаны алушылар бола алады. Тұрақты рента шарты бойынша рента алушының құқықтары, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, қойылатын талапқа жол беру және мұрагерлiк не құқық мирасқорлығы тәртiбiмен заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру арқылы жоғарыда аталған тұлғаларға берiлуi мүмкiн.

Тұрақты рента шартта белгiленген мөлшерде ақшалай төленедi. Шартта рентаны төлеу рентаның ақшалай сомасының құнына сәйкес келетiн заттар беру, жұмыстар атқару немесе қызметтер көрсету жолымен қарастырылуы мүмкiн. Егер шартта өзгеше көзделмесе, төленетiн рентаның мөлшерi заң актiлерiнде белгiленген бiр айлық есептiк көрсеткiштiң өзгеруiне бара-бар өзгертiледi. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тұрақты рента әрбiр күнтiзбелiк тоқсан аяқталғаннан кейiн төленедi.

Тұрақты рента төлеушi рентаны сатып алу жолымен оны одан әрi төлеуден бас тартуға құқылы. Бұлайша бас тарту рента төлеушi рента төлеу тоқтатылғанға дейiн үш айдан кешiктiрмей немесе шартта көзделген неғұрлым ұзақ мерзiмде жазбаша түрде мәлiмдеген жағдайда жарамды болады. Бұл орайда рента төлеу жөнiндегi мiндеттеме, егер шартта сатып-алудың өзгеше тәртiбi көзделмесе, рента алушы барлық сатып алу сомасын алғанға дейiн тоқтатылмайды. Тұрақты рента төлеушiнiң оны сатып алу құқығынан бас тарту туралы шарт талабы жарамсыз болады.

Шартта тұрақты рентаны сатып алу құқығы рента алушының тiрi кезiнде не шарт жасалған кезден бастап отыз жылдан аспайтын өзге де мерзiм iшiнде жүзеге асырылмайтындығы көзделуi мүмкiн.

Рента алушы:

1) егер шартта өзгеше белгiленбесе, рента төлеушi оның төленуiн бiр жылдан астам уақытқа кешiктiрген;

2) рента төлеушi рентаның төленуiн қамтамасыз ету жөнiндегi өз мiндеттемелерiн бұзған (ҚР АК 521-бабы);

3) рента төлеушi төлемге қабiлетсiз деп танылған не оның шартта белгiленген мөлшер мен мерзiмде рента төлей алмайтынын айқын куәландыратын өзге де мән-жайлар пайда болған;

4) рента төлемi ретiнде берiлген қозғалмайтын мүлiк жалпы меншiкке түскен немесе бiрнеше тұлғалар арасында бөлiнген жағдайларда;

5) шартта көзделген басқа да жағдайларда төлеушiнiң рентаны сатып алуын талап етуге құқылы.

Тұрақты рентаны сатып алу ҚР АК 526 және 527-баптарында көзделген жағдайларда шартта белгiленген баға бойынша жүргiзiледi. Шартта рента төлемi ретiне төлеу үшiн берiлген мүлiктiң сатып алу бағасы туралы ереже болмаған кезде сатып алу рента төлемдерiнiң жылдық сомасына сәйкес баға бойынша жүзеге асырылады. Шартта рента төлемiн төлеуге тегiн берiлген мүлiктiң сатып алу бағасы туралы ереже болмаған кезде сатып алу бағасына рента төлемдерiнiң жылдық сомасымен қатар берiлген мүлiктiң бағасы да қосылады.

Тұрақты рента төлемi ретiнде тегiн берiлген мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупін рента төлеушi мойнына алады. Тұрақты рента төлемi ретiнде төлеу үшiн берiлген мүлiк кездейсоқ жойылған немесе кездейсоқ бүлiнген кезде төлеушi тиiсiнше рента төлеу жөнiндегi мiндеттемесiн тоқтатуды немесе оны төлеу талаптарын өзгертудi талап етуге құқылы.

Рента төлемi ретiнде мүлiк берген азаматтың өмiрi кезеңiне не ол көрсеткен басқа азаматтың өмiрi кезеңiне ғұмырлық рента белгiленуi мүмкiн.

Егер шартта өзгеше белгiленбесе, рента алу құқығындағы үлестерi тең деп саналған бiрнеше азаматтың пайдасына ғұмырлық рента белгiлеуге жол берiледi. Рента алушының бiреуi қайтыс болған жағдайда, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның рента алу құқығындағы үлесi тiрi қалған рента алушыларға ауысады, ал соңғы рента алушы қайтыс болған жағдайда рента төлеу мiндеттемесi тоқтатылады.

Шарт жасасу қарсаңында қайтыс болған азаматтың пайдасына ғұмырлық рента белгiлейтiн шарт жарамсыз болады.

Ғұмырлық рента шартта рента алушыға оның өмiр сүруi кезiнде мезгiл-мезгiл төленiп тұратын ақша сомасы ретінде белгiленедi. Тараптар өмiр бойы асырауда ұстау туралы шарт жасасқан жағдайларда шартта мұндай асыраудың ақшалай бағасы белгiленуге тиiс.

Егер ғұмырлық рента шартында өзгеше көзделмесе, төленетiн рентаның мөлшері бір айға шаққанда заң актілерінде белгіленген ең төменгі жалақыдан кем болмауға тиiс. Егер шартта өзгеше көзделмесе, ғұмырлық рента әрбiр күнтiзбелiк ай аяқталғанда төленедi. Төлеушi шарт талаптарын елеулi түрде бұзған жағдайда рента алушы рента төлеушiден ҚР АК 528-бабында көзделген талаптармен рентаны сатып алуды не шартты бұзуды талап етуге құқылы.

Егер пәтер, тұрғын үй немесе өзге де мүлiк ғұмырлық рента төлемi ретiнде тегiн иелiктен айырылса, рента төлеушi шарт талаптарын елеулi түрде бұзған кезде рента алушы осы мүлiктi оның құнын рентаның сатып алу бағасына есептей отырып қайтаруды талап етуге құқылы.

Ғұмырлық рента төлемi ретiнде берiлген мүлiктiң кездейсоқ жойылуы немесе кездейсоқ бүлiнуi рента төлеушiнi шартта көзделген талаптар бойынша оны төлеу мiндеттемесiнен босатпайды.

Өмiр бойы асырауда ұстау шарты бойынша рента алушы азамат өзiне тиесiлi қозғалмайтын мүлiктi сол азаматты және (немесе) ол көрсеткен үшiншi бiр адамды өмiр бойы асырауда ұстауды жүзеге асыруға мiндеттенген рента төлеушiнiң меншiгiне бередi. Өмiр бойы асырауда ұстау шартына, егер осы параграфтың ережелерiнде өзгеше көзделмесе, ғұмырлық рента туралы ережелер қолданылады.

Рента төлеушiнiң асырауда ұстауға беру жөнiндегi мiндетiне тұрғын үйге, тамақ пен киiмге, күтiм жасауға және қажеттi көмекке деген қажеттерiн қамтамасыз ету енгiзiлуi мүмкiн.

Шартта рента төлеушiнiң салт-жора қызметiн көрсетуге ақы төлеуi де көзделуi мүмкiн. Шартта жалпы асырауда ұстау көлемiнiң құны айқындалуға тиiс. Бұл орайда жалпы асырауда ұстау көлемi айына заң актiлерiнде белгiленген ең төменгi екi жалақы мөлшерiнен кем болмауы керек.

Азаматқа берiлетiн немесе берiлуге тиiстi асырауда ұстау көлемi туралы тараптар арасында туған дауды шешу кезiнде сот адалдық пен парасаттылық принциптерiн басшылыққа алуға тиiс. Шартта асырауда ұстауға заттай берудi ақшалай мерзiмдiк төлеммен ауыстыру мүмкiндiгi көзделуi мүмкiн.

Рента төлеушi өзiне өмiр бойы асырауда ұстауды қамтамасыз ету үшiн берiлген қозғалмайтын мүлiктi иелiктен айыруға, кепiлге беруге және өзге де әдiспен жүктеуге рента алушының алдын ала келiсiмi болғанда ғана құқылы. Рента төлеушi өмiр бойы асырауда ұстауға берiлген кезеңде аталған мүлiктi пайдалану осы мүлiктiң құнын оның табиғи тозуынан тыс төмендетуге әкеп соқпау үшiн қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi.

Өмiр бойы асырауда ұстау мiндеттемесi рента алушы қайтыс болғанда тоқтатылады. Рента төлеушi өз мiндеттемелерiн елеулi түрде бұзған кезде рента алушы өмiр бойы асырауды қамтамасыз етуге берiлген қозғалмайтын мүлiктi қайтаруды не ҚР АК 528-бабында белгiленген жағдайда өзiне сатып алу бағасын төлеудi талап етуге құқылы. Бұл орайда рента төлеушiнiң рента алушыны асырауда ұстауға байланысты жасалған шығындарды өтеудi талап етуге құқығы жоқ.

4. Мүлікті уақытша пайдалануға беру жөніндегі шарттар (1 сағат)

  1. Мүлікті пайдалануға беру жөніндегі шарттардың ерекшеліктері.

  2. Мүлік жалдау шартының ұғымы.

  3. Лизинг шарты.

  4. Кәсіпорынды жалдау шарты.

  5. Үйлер мен ғимараттарды жалдау шарты.

  6. Экипажымен қоса көлік құралын жалдау шарты (уақытша фрахттау). Көлік құралын сақтандыру.

  7. Прокат шарты.

  8. Мүлікті уақытша тегін пайдалануға беру шартының ұғымы және ерекшеліктері.

Мүлікті иеленуге және пайдалануға беру міндеттемелері мүлікті жалға беру шарттары мен оның түрлерінен туындайды. Мүлікті жалдау шартының ұғымы заңда келесі түрде берілген: мүлікті жалдау шарты бойынша жалға берүші жалға алушыға мүлікті ақы үшін уақытша иеленүге және пайдалануға бурүге міндеттенеді (АК 540 б.). Жалға алған мүлікті жалға алушы Азаматтық кодекста бекітілген жағдайда және тәртіппен басқаруға құқылы болады. Бұл міндеттемелердің объектісі - мүлікті және мүліктік құқықтарды уақытша иеленүге және пайдалануға берү болып табылады. Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін мүлік меншік иесіне немесе өзге заңды иеленүшісіне қайтарылуы тиіс. Мүлікті жалдау шартының тараптары жалға берүші (арендаға берүші) және жалға алушы (арендаға алушы) деп аталады. Оларға әрекет қабілеттілігінің көлеміне қарай, кез келген жеке немесе заңды тұлғалар жатқызылуы мүмкін. Мүлікті жалдау шартының объектісі - азаматтық өрістіктен (айналымнан) алынбаған жеке белгілерімен анықталған және тұтынылмайтын кез келген мүлік болуы мүмкін (541 б.). Шарттың заты жөніндегі жағдайлар оның негізгі жағдайларының біріне жатады. Аренда алушының негізгі міндеттеріне: арендаға алынған мүлікті мақсатына қарай пайдалану (егер шартта өзгеше көзделмесе), оны ағымды жөндеүден өткізү, жалдау ақысын шартта көзделген нысан мөлшерде және ұақытында төлеп отыру және де жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін мүлікті сол қалпында қайтарып берү жатады. Мүлікті жалға берүшінің міндеті: жалға алушыға мүлікті барлық саймандарымен және құжаттарымен уақытша иеленүге және пайдалануға берү, оны күрделі жөндеу болады.

Мүлікті жалдау ақысы тараптардың келісімі бойынша келесі түрлерде төленүі мүмкін: 1) бір реттік немесе мезгіл-мезгіл төленетін тұрақты ақшалай төлемдер ретінде; 2) жалға алынған мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған өнімдердің, жемістердің немесе табыстардың белгіленген бір үлесін беріп отыру ретінде; 3) жалға алушымен белгілі бір қызмет көрсетү ретінде; 4) жалға алушымен жалға берүшіге шартта белгіленген мүлікті жалға немесе меншігіне берү ретінде; 5) жалға алушыға жалға алынған мүлікті жақсартуға кеткен шығындар ауыртпалығын жүктеү ретінде (546 б.). Бұл тізім онымен аяқталмайды.

Шартты тоқтатуда мүліктің бөлінетін және бөлінбейтін жақсартулары жөніндегі мәселелер әрқашан да ең даулы мәселелер болып танылады. Олардың тағдыры келесі түрде шешіледі: кейбір жақсартулар жалға алушының меншігіне көшеді, егер жақтар келісімінде өзгеше көзделмесе. Жалға берүшінін келісімінсіз жасалған жақсартулардың ақысы төлеүге жатпайды (АК 555 б.). Жалпы алғанда, күрделі жөндеүден өткізү міндеті жалға берүшіге жүктеледі, егер шартта өзгеше көзделмесе. Мүлікті жалдау шартының кейбір түрлерінде аталған ережелер өзгеше бекітіледі.

Бұл шартқа арналған ҚР АК 29 Тарауы оның келесі түрлерін атайды: лизинг, кәсіпорындарды арендаға алу, құрылыстар мен ғимараттарды арендаға алу, көлік құралдарын (экипажымен немесе экипажсыз) арендаға алу, прокат, тұрғын үйді жалдау. Аталған шарттардың барлығы ақылы болады.

Мүлікті ақысыз пайдалану (ссуда) шарты жеке аталады, оның тараптары ссуда беруші және ссуда алушы деп аталады. Бірақта бұл шартты банк ссудасы шартымен шатастыруға болмайды (ол шарт жалдау шартының емес, несие шартының бір түрі); оның заты тек ақша болады және ол ақылы шарт болады.

Мүлiктi тегiн пайдалану шарты (несие шарты) бойынша бiр тарап (несие берушi) екiншi тарапқа (несие алушыға) мүлiктi тегiн уақытша пайдалануға бередi, ал соңғысы мүлiктiң қалыпты тозуын ескере отырып, қандай күйде алса, сондай күйде немесе шартта ескертілген күйде қайтаруға мiндеттенедi.

Бұл шартқа тиiсiнше АКң 541, 545 б. 1-тармағының және 2-тармағының бiрiншi бөлiгiнiң, 550, 555, 556- б.2-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларының, 558 б. ережелерi қолданылады.

Мүлiктi тегiн пайдалануға беру құқығы оның меншiк иесiне және соған заң актiлерi немесе меншiк иесi уәкiлдiк берген өзге адамдарға берiледi. Коммерциялық ұйымның өз құрылтайшысы, қатысушысы, (акционерi), директоры, өзiнiң басқару немесе бақылау органдарының мүшесi болып табылатын адамға мүлiктi тегiн пайдалануға беруге құқығы жоқ.

Несие берушi мүлiктi тегiн пайдалану шартының талаптары мен мүлiктiң мақсатына сай келетiн күйде беруге мiндеттi. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлiк тегiн пайдалануға оның барлық керек-жарақтарымен және оған қатысты құжаттармен (мүлiктiң жиынтықтылығын, қауiпсiздiгiн, сапасын, пайдалану тәртiбiн куәландыратын және т.б. құжаттармен) қоса берiледi. Егер мұндай керек-жарақтар мен құжаттар берiлмесе, алайда оларсыз мүлiктi мақсаты бойынша пайдалану мүмкiн болмаса не оны пайдалану несие алушы үшiн едәуiр дәрежеде құнын жойса, соңғысы сондай керек-жарақтар мен құжаттар берудi немесе шартты бұзуды және өзiне келтiрiлген нақты зиянды өтеудi талап етуге құқылы.

Мүлікті тегін пайдалануға берген несие беруші мүлікті беру кезінде қасақана немесе өрескел абайсыздықпен айтпай қалған осы мүлiк кемшiлiктерi үшін, егер бұл орайда несие алушыға нақты зиян келсе, жауапты болады. Несие алушының талаптары туралы немесе оның мүлiктiң кемшiлiктерiн несие берушiнiң есебiнен жою ниетi туралы хабарландырылған несие берушi ақаулы затты тиiстi күйдегi соған ұқсас басқа затпен дереу ауыстыра алады. Несие берушi мүлiктiң шарт жасаған кезде өзi айтқан кемшiлiктерi үшiн немесе несие алушыға алдын ала белгiлi болған не несие алушы шарт жасаған кезде немесе затты берген кезде мүлiктi қараған немесе оның дұрыстығын тексерген уақытта табылған кемшiлiктер үшiн жауап бермейдi.

Мүлiктi тегiн пайдалануға беру бұл мүлiкке үшiншi тұлғалардың құқықтарын өзгертуге немесе тоқтатуға негiз болмайды. Тегiн пайдалану шартын жасаған кезде несие берушi несие алушыға бұл мүлiкке үшiншi тұлғалардың барлық құқықтары (сервитут, кепіл құқығы және т.б) туралы ескертуге міндетті. Бұл міндетті орындамау несие алушыға шартты бұзуды және өзi шеккен нақты зиянды өтеудi талап ету құқығын бередi.

Несие алушы тегiн пайдалануға алған мүлiктi, егер тегiн пайдалану шартында өзгеше көзделмесе, ағымдағы және күрделi жөндеудi жүзеге асыруды қоса алғанда, дұрыс күйінде ұстап-тұтуға және оны ұстап-тұту жөнiндегi барлық шығындарды өтеуге мiндеттi.

Егер мүлiк оны несие алушы, тегiн пайдалану шартына немесе мүлiктi мақсатына сай пайдаланбағандықтан жойылса немесе бүлiнсе не оны несие берушiнiң келiсiмiнсiз үшiншi тұлғаға берсе, ол тегін пайдалануға алған мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупiн өз мойнына алады. Егер несие алушы нақты мән-жайларды ескере отырып, өз мүлкiн құрбан етiп, мүлiктiң жойылуына немесе бүлiнуiне жол берiлмеуi мүмкiн болып, бiрақ өз мүлкiн сақтап қалуды жөн көрсе, ол мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе бүлiну қаупiн де мойнына алады.

Егер несие алушының немесе бұл мүлiк несие берушiнiң келiсiмiмен қолына тиген адамның зиянды қасақана немесе өрескел бейқамдықпен келтiргенiн дәлелдей алмаса, мүлiктi пайдалану салдарынан үшiншi тұлғаға келтiрiлген зиян үшiн несие берушi жауап береді.

Несие берушi тегiн пайдалану шартын мерзiмiнен бұрын бұзуды несие алушы:

1) мүлiктi шартқа немесе мақсатына сәйкес пайдаланбаған;

2) мүлiктi дұрыс күйiнде сақтау немесе оны ұстап-тұту жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған;

3) мүлiктiң жай-күйiне елеулі түрде нашарлатқан;

4) несие берушiнiң келiсiмiнсiз мүлiктi үшiншi тұлғаға берген жағдайларда талап етуге құқылы.

Несие алушы:

1) мүлiктi қалыпты пайдалануды мүмкiн етпейтiн немесе ауырлататын кемшiлiктерiн тапқан кезде, олардың бар екенi туралы шарт жасасу кезiнде бiлмеген және бiлу мүмкiн болмаса;

2) егер мүлiк ол жауап бермейтiн мән-жайларға байланысты пайдалануға жарамсыз күйде болса;

3) егер шартты жасау кезiнде несие берушi оған берiлген мүлiкке үшiншi тұлғалардың құқықтары туралы ескертпесе;

4) несие берушi мүлiктi беру не оның керек-жарақтары мен оған қатысты құжаттарды беру мiндетiн орындамаса, тегiн пайдалану шартын мерзiмiнен бұрын бұзуды талап етуге құқылы.

Тараптардың әрқайсысы мерзiмi көрсетiлмей жасалған тегiн пайдалану шартынан, егер шартта хабарлаудың өзге мерзiмi көзделмесе, бұл туралы басқа тарапқа бiр ай iшiнде хабарлап, кез келген уақытта бас тартуға құқылы. Егер шартта өзгеше көзделмесе, несие алушы мерзiмiн көрсетiп жасалған шарттан, осы баптың 1-тармағында көзделген тәртiппен, кез келген уақытта бас тартуға құқылы.

Несие берушi мүлiкке иелiктен айыруды жүргiзуге немесе оны үшiншi тұлғаға тегiн пайдалану үшiн беруге құқылы. Бұл орайда жаңа меншiк иесiне немесе пайдаланушыға бұрын жасалған тегiн пайдалану шартынан құқықтар ауысады, ал оның мүлiкке қатысты құқықтарына несие алушының құқықтары қосылады. Несие берушi азамат қайтыс болған не несие берушi заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда несие берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi тегiн пайдалану шарты бойынша мұрагерге (құқық мирасқорына) немесе мүлiкке меншiк құқығы немесе мүлiк тегiн пайдалануға берiлген деп негiзге алынған өзге құқық ауысқан басқа тұлғаға көшедi.

Несие алушы - заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның құқықтары мен мiндеттерi шарт бойынша оның құқық мирасқоры болып табылатын заңды тұлғаға көшедi.

Тегiн пайдалану шарты, егер шартта өзгеше көзделмесе, несие алушы азамат қайтыс болған немесе несие алушы заңды тұлға таратылған жағдайда тоқтатылады.

Лизинг шарты бойынша бір тарап (лизинг берүші) екінші тарап (лизинг алушы) көрсеткен мүлікті сатушыдан меншігіне сатып алуға және осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға беруге міндеттенеді (ҚР АК 565 б.). Бұл шарттың объектісі ретінде кәсіпкерлік мақсатта пайдаланылатын жарамды, тұтынылмайтын заттар болуы мүмкін. Оларға үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлік құралдары, жер учаскелері және т. б. жатады. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы (пәні, заты) бола алмайды. Егер төленген лизинг төлемдерінің сомасы жалға алынған мүліктің құнынан аз емес болса, шартта лизинг алушымен мүлікті меншігіне иеленуі көзделү мүмкін. Лизинг алушы сатушыдан мүлікті сатып алған кезде оны лизинг шарты бойынша басқа тұлғаға беретіні жөнінде ескертуі қажет. Сондықтан, лизинг алушы арендаға алған мүліктің кемшіліктерін анықтаған жағдайда, ол жөнінде тікелей сатушыға жүгіну

Лизинг нысанасы ретінде үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлiк құралдары, жер учаскелерi және кез келген тұтынылмайтын заттар бола алады. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды.

Лизинг шартының елеулi талаптары:

1) мүлiктi сатушының атауы;

2) лизинг алушыға мүлiктi берудiң талаптары мен мерзiмi;

3) төлемдердiң мөлшерi мен мерзiмдiлiгi;

4) шарт мерзiмi;

5) егер шартта лизинг алушының меншiгiне мүлiктiң көшуi көзделсе, осындай көшудiң талаптары.

Лизингтiң нысанасы болып табылатын мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе бүлiну қаyпi, егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлiктi берген кезде лизинг алушыға ауысады.

Төленуге тиiстi мерзiмдiлiк төлемдерi мүлiктiң шарт жасасқан кездегi баға бойынша құнының барлық немесе елеулi бөлiгiнiң амортизациясы ескерiле отырып есептелуi мүмкiн.

Лизинг шартының нысанасы болып табылатын мүлiктi сатушы лизинг алушыға, егер шартта өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, лизинг алушы орналасқан жерде тiкелей бередi. Лизинг шартының нысанасы болып табылатын мүлiк осы шартта аталған мерзiмде лизинг алушыға берiлмеген жағдайда, егер мерзiмiн өткiзуге лизинг берушi жауап беретiн мән-жайлар бойынша жол берiлген болса, лизинг алушы шартты бұзуды және шығынды өтеудi талап етуге құқылы.

Қазақстанда Азаматтық кодекспен қоса лизинг қатынастары 2000 жылы 5 шілдеде қабылданған «Қаржы лизингы туралы» Заңмен реттеледі.

Көлік құралдарын жалға алу (АК 585-594 б.) экипажымен және экипажсыз жалға алуға (фрахт) болып бөлінеді. Тенізбен жеткізү шартында шарттардың бұл екі түрі тайм-чартер және бертбоут-чартер деп аталады. Жақтардың құқықтары мен міндеттері көлікті жалға алу шартының нақтылы түріне байланысты болады. Қосымша ретінде аталған шарттар көліктің әр түрімен тасымалдау туралы арнайы заңдармен реттеледі.

Көлiк құралын басқару және техникалық пайдалану бойынша қызмет көрсетуiмен жалдау шарты (көлiк құралын экипажымен жалдау шарты) бойынша жалға берушi жалға алушыға ақы төлетiп көлiк құралын уақытша иелену мен пайдалануға беруге және өз күшiмен оны басқару мен техникалық пайдалану бойынша қызмет көрсетуге мiндеттi.

Жалға алушының жалдау шартын жаңарту басым құқығы туралы ережелер көлiк құралдарын экипажымен жалдау шартына қолданылмайды.

Шарт мерзіміне қарамастан жазбаша түрде жасалуға тиiс.

Жалға берушi шарт қолданылатын бүкiл мерзiм iшiнде жалға берiлген көлiк құралын, ағымдағы және күрделi жөндеудi жүзеге асыру мен қажеттi керек-жарақтарын берудi қоса алғанда, тиiстi жағдайда ұстауға мiндеттi.

Жалға алушыға жалға берушi берген көлiк құралын басқару мен техникалық пайдалану бойынша көрсететiн қызметiнiң көлемi шартта аталған жалдау мақсатына сәйкес оның қалыпты және қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс. Көлік құралын экипажымен жалдау шартында жалға алушыға көрсетiлетiн қызметтiң неғұрлым кең ауқымы көзделуі мүмкiн. Көлiк құралы экипажының құрамы және оның бiлiктiлiгi тараптар үшiн мiндеттi ережелер мен шарттың жағдайларына, ал егер тараптар үшiн мiндеттi ережелермен мұндай талаптар белгiленбесе, көлiк құралының осы түрiн пайдаланудың әдеттегi практикасы талаптарына және шарттың жағдайларына сай келуге тиiс. Экипаж мүшелерi жалға берушiмен еңбек қатынастарын сақтап қалады. Олар жалға берушiнiң басқару мен техникалық пайдалануға қатысты өкiмдерiне және жалға алушының көлiк құралын коммерциялық пайдалануға қатысты өкiмдерiне бағынады. Егер жалдау шартында өзгеше көзделмесе, экипаж мүшелерiнiң көрсеткен қызметiне ақы төлеу жөнiндегi шығындарды, сондай-ақ оларды ұстау жөнiндегi шығындарды жалға берушi көтередi.

Егер көлiк құралын экипажымен жалға беру шартында өзгеше көзделмесе, жалға алушы жанармайға және пайдалану процесiнде жұмсалатын басқа да материалдарға ақы төлеу жөнiндегi, алымдарды төлеу жөнiндегi шығындарды және көлiк құралын коммерциялық пайдалануға байланысты туындаған басқа да шығындарды көтередi.

Егер көлiк құралын экипажымен жалдау шартында өзгеше көзделмесе, көлiк құралын сақтандыру және (немесе) ол келтiруi мүмкiн немесе оны пайдалануға байланысты келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiктi сақтандыру мiндетi мұндай сақтандыру мiндеттi болып табылатын жағдайда жалға берушiге жүктеледi.

Жалға алушы жалға алынған көлiк құралын коммерциялық пайдалануды жүзеге асыру шеңберiнде жалға берушiнiң келiсiмiнсiз өз атынан үшiншi тұлғалармен, егер олар жалдау шартында көрсетiлген көлiк құралдарын пайдалану мақсаттарына, ал егер мұндай мақсаттар белгiленбесе, - көлiк құралының мақсатына қайшы келмесе, тасымалдау шарты мен өзге де шарттар жасасуға құқылы.

Көлiк құралы жойылған немесе бүлiнген жағдайда, егер жалға берушi көлiк құралының жойылуы немесе бүлiнуi жалға алушы заң актiлерiне немесе шартқа сәйкес жауап беретiн мән-жайлар бойынша болғанын дәлелдесе, жалға алушы жалға берушiге келтiрiлген залалды өтеуге мiндеттi. Үшiншi тұлғаға жалға алынған көлiк құралы, оның тетiктерi, құрылғылары, жабдықтары және т.б. келтiрген зиян үшiн ҚР АКң 931-б. ережелерiне сәйкес жалға алушы жауапты болады.

Көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн оны басқару және техникалық пайдалану жөніндегі қызмет көрсетуімен жалдаудың осы параграфта көзделгендерден басқа ерекшелiктерi заң актiлерiмен белгіленуі мүмкiн. Көлiк құралын басқару және техникалық пайдалану жөнiндегi қызмет көрсетусiз жалға алу (көлiк құралдарын экипажсыз жалдау) ҚР АК мүлік жалдау шарты туралы жалпы ережелеріне бағынады.

Прокат шарты – ол жария шарты болып танылады. Жалға берүші кәсіпкер ретінде (коммерциялық ұйым немесе жеке кәсіпкер) тіркеуден өтуі қажет. Шарттың мақсаты – жалға алушының тұрмыстық, отбасылық қажеттіліктерін қанағаттандыру. Қосалқы жалға алу бұл жерде мүмкін емес. Ағымды және күрделі жөндеуден өткізү міндеті жалға берүшіге жүктеледі, және т. б. (АК 595-600 б., б.).

Прокат шарты бойынша тұрақты кәсiпкерлiк қызмет ретiнде қозғалатын мүлiктi жалға берудi жүзеге асыратын жалға берушi жалға алушыға мүлiктi ақы төлетiп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге мiндеттенедi. Прокат шарты бойынша берiлген мүлiк, егер шартта өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, тұтыну мақсатында пайдаланылады. Шарт міндетті жазбаша түрде жасалады және жария болып табылады. Прокат шарты бiр жылға дейiнгi мерзiмге жасалады.

Жалға алушының мүлiктi жалға алу шартын жаңартуға басым құқығы туралы және мүлiктi жалға алу шартын белгiсiз мерзiмге жаңарту туралы ережелер (Кодекстiң 557, 558-баптары) прокат шартына қолданылмайды. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушы прокат шартынан кез келген уақытта бас тартуға құқылы.

Жалға берушi жалға алушының қатысуымен жалға берiлетiн мүлiктiң дұрыстығын тексеруге, сондай-ақ жалға алушыны мүлiктi пайдалану ережелерiмен таныстыруға не оған осы мүлiктi пайдалану туралы жазбаша нұсқаулықтарды беруге мiндеттi. Жалға алушы жалға берiлген мүлiктiң оны пайдалануға толық немесе iшiнара кедергi келтiретiн кемшiлiктерiн тапқан жағдайда, жалға алушы кемшiлiктер туралы мәлiмдеген күннен бастап он күн мерзiмде жалға берушi, егер шартта одан неғұрлым аз мерзiм белгiленбесе, мүлiктiң кемшiлiктерiн ақысыз жоюға не осы мүлiктi соған ұқсас тиiстi күйдегi басқа мүлiкпен айырбастап беруге мiндеттi. Егер жалға берiлген мүлiктiң кемшiлiктерi жалға алушының мүлiктi пайдалану және ұстап-тұту ережелерiн бұзуы салдарынан болса, жалға алушы жалға берушiге мүлiктi жөндеу және тасымалдау құнын төлейді.

Прокат шарты бойынша мүлiктi пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы, мерзiмдiк немесе бiржолғы енгiзiлетiн, тұрлаулы сомада белгiленген төлемдер түрiнде белгiленедi. Жалға алушы мүлiктi мерзiмiнен бұрын қайтарған жағдайда жалға берушi мүлiктi пайдаланғаны үшiн алған ақының тиiстi бөлiгiн оған мүлiктi нақты қайтарған күннен кейiнгi күннен бастап есептеп қайтарады.

Прокат шарты бойынша жалға берiлген мүлiктi күрделi және ағымдағы жөндеу жалға берушiнiң мiндетi болып табылады. Берілген мүлікті қосымша жалға беруге, жалға алушының прокат шарты бойынша өз құқықтары мен мiндеттерiн басқа тұлғаға беруiне, осы мүлiктi тегiн пайдалануға беруге, жалға алушының құқықтарын кепiлге салуға және оларды шаруашылық серіктестіктеріне, акционерлік қоғамдарға мүлік салымы, өндiрiстiк кооперативтерге жарна ретiнде енгiзуге жол берiлмейдi.

Кәсіпорынды жалдау шарты: түсінігі мен нысаны. Кәсіпорынды жалдау кезінде кредиторлардың құқықтары.

Жылжымайтын мүліктерге АК-ң 117, 118 баптарына сәйкес жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлiк, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкiн болмайтын мүлiк жатады.

Мемлекеттiк тiркеуге жататын әуе және теңiз кемелерi, iшкi суда жүзу кемесi, "өзен-теңiз" жүзу кемесi, ғарыштық объектiлер де қозғалмайтын заттарға теңестiрiледi. Заң құжаттары бойынша қозғалмайтын заттарға өзге мүлiктер де жатқызылуы мүмкiн.

Қозғалмайтын заттарға меншiк құқығы мен басқа да құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттiк тiркелуге тиiс.

Меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы, оралымды басқару құқығы, бiр жылдан астам мерзiмге жер пайдалану құқығы, бiр жылдан астам мерзiмге пайдалану құқығы, жылжымайтын мүлiктi кепiлге беру, жылжымайтын мүлiкке рента, сенiм бiлдiру арқылы басқару құқығы мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап пайда болады. Қозғалмайтын мүлiкпен жасалатын мәмiле мемлекеттiк тiркелуге тиiс.

Кәсіпорынды жалдау шарты (АК 573-580 б., б.) міндетті түрде жазбаша жасалуы және мемлекеттік тіркеуден өткізілүі қажет. Ағымды және күрделі жөндеуден өткізу міндеттері арендаға алушыға жүктеледі. Шарт кәсіпкерлік мақсатта жасалатын болғандықтан оның тараптары кәсіпкерлер ретінде тіркеүден өтүі қажет болады. Бұл шарт бойынша жақсартулар өткізү үшін жалға берушінің келісімі қажет емес, өйткені оған кеткен шығындар міндетті түрде өтеледі.

Үйлер мен ғимараттарды жалдау: түсінігі мен ерекшеліктері.

Үйдi немесе ғимаратты жалдау шарты бойынша жалға берушi үйдi немесе ғимаратты жалға алушының уақытша иеленуiне және пайдалануына беруге мiндеттенедi. Кәсiпорындарды жалдауға осы параграфтың ережелерi қосымша қолданылады.

Шарт тараптар қол қойған бiрыңғай құжат ретiнде жазбаша нысанда жасалады. Шартының нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соғады. Кемiнде бiр жыл мерзiмге жасалған үйдi немесе ғимаратты жалдау шарты мемлекеттiк тiркелуге тиiс және ол осындай тiркеуден өткен кезден бастап жасалды деп есептеледi.

Үйдi немесе ғимаратты жалдау шартында жалдау ақысының мөлшерi көзделуге тиiс. Тараптардың жалдау ақысының мөлшерi туралы жазбаша түрде келiскен талаптары болмаған жағдайда үйдi немесе ғимаратты жалдау шарты жасалмаған деп саналады. Бұл орайда Кодекспен көзделген баға белгiлеу ережелерi қолданылмайды. Үйдi немесе ғимаратты жалдау ақысы шартта үй (ғимарат) алаңының бөлiнiсiне немесе оның көлемiнiң өзге көрсеткiшiне белгiленсе, жалдау ақысы жалға алушыға берiлген үйдiң немесе ғимараттың нақты мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.

Жалға берушiнiң үйдi немесе ғимаратты беруi және оны жалға алушының қабылдауы өткiзу актiсi немесе тараптар қол қоятын өткiзу туралы өзге де құжат бойынша жүзеге асырылады. Үйдi немесе ғимаратты беру туралы құжатқа тараптардың бiрiнiң шартта көзделген талаптар бойынша қол қоюдан бас тартуы, тиiсiнше жалға берушiнiң мүлiктi беру жөнiндегi мiндетiн орындаудан, ал жалға алушының мүлiктi қабылдаудан бас тартуы деп қаралады. Жалданған үйдi немесе ғимаратты жалдау шарты тоқтатылған жағдайда жалға алынған үй немесе ғимарат осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген ережелер сақтала отырып, жалға берушiге қайтарылуға тиiс.

Тұрғын үйдi жалдау шарты бойынша тұрғын үйдiң иесi немесе оның уәкiлеттi адамы (жалға берушi) азаматқа (жалға алушыға) және оның отбасы мүшелерiне тұрғын үйдi ақы төлеп пайдалануға беруге мiндеттенедi. Тұрғын үйдi жалдау шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс, ал заң актiлерiнде көзделген жағдайларда тiркеуге жатады.

Жекеше тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау талаптары, егер тұрғын үй заңдарында өзгеше көзделмесе, тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.

Тұрғын үйді жалдау шарты жазбаша нысанда жасалады және заң актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеүден өткізіледі.

Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердi жалдау шарты жергiлiктi атқарушы органның тұрғын үй беру туралы шешiмi негiзiнде жасалады. Тұрғын үйдi беру талаптары, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi, мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау шартын өзгерту мен бұзу негiздерi «ҚР Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 ж. заңына сәйкес белгiленедi.

Мемлекеттік тұрғын үйлер қорындағы үйлерді жалға алу мен жеке меншіктегі тұрғын үйлерді жалға алу жеке түрлерге жатады (601-603 б., б.). Яғни, мемлекеттік тұрғын үйлерді (пәтерлерді) жалдау «ордер» деп аталатын арнаулы құжат беру рәсімімен бекітіледі. Ал жеке меншіктегі тұрғын жайларды жалға беру осы атаудағы келісім шарт бойынша жасалуы қажет. Өкінішке орай, практикада бұл шарттың нысаны көбінде ауызша жасалады да, жалдаушылар осының салдарынан өздерінің құқықтары бұзылған жағдайларда сотқа жүгіне алмайды.

5. Жұмыстарды орындау жөніндегі шарттар (1 сағат)

  1. Жұмыстарды орындау жөніндегі шарттардың ерекшеліктері.

  2. Жұмыстарды орындау жөніндегі шарттардың жекелеген түрлері.

  3. Мердігерлік шарты: жалпы ережелері.

  4. Тұрмыстық мердігерлік шарты.

  5. Құрылыс мердігерлік шарты.

  6. Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарты.

Жұмыстар жасау мердігерлігі - мердігерлік шарттарынан және оның түрлерінен пайда болады (ҚР АК 32 Тарауы). Бұл міндеттемелердің нысанасы (пәні, заты) жаңа бір объект жасау немесе бұрынғы объектіні неғұрлым өзгертү, жақсарту болып танылады. Шарттың тараптары мердігер мен тапсырушы деп аталады. Мердігер өз саласының маманы болуы қажет және көптеген жағдайларда мердігерлік жұмыстардың тиісті бір түрін өткізү үшін лицензиясы болуы тиіс.

Мердiгерлiк шарты бойынша бiр тарап (мердiгер) екiншi тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгiлi бiр жұмысты атқаруға және белгiленген мерзiмде оның нәтижесiн тапсырысшыға өткiзуге мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) мiндеттенедi. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердiгердiң тәуекелiмен орындалады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер тапсырысшының тапсырмасын орындау әдiстерiн дербес айқындайды.

Мердiгерлiк шартының жекелеген түрлерiне (тұрмыстық мердiгерлiк, құрылыс мердiгерлiгi, жобалау немесе iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк, ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiк), егер осы Кодекстiң бұл түрлер туралы ережелерінде өзгеше белгіленбесе, осы параграфта көзделген ережелер қолданылады. Мердiгерлiк шартының жекелеген түрлерi бойынша қатынастар Кодекспен қатар мердiгерлiк шартының жекелеген түрлерi туралы заң актiлерiмен де реттеледi.

Егер шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердiгердiң қарамағында: соның материалдарымен, күштерiмен және қаражатымен орындалады. Мердiгер өзi берген материалдар мен жабдықтардың сапасы лайықсыз болғаны үшiн, сондай-ақ үшiншi тұлғалардың құқықтары қосылған материалдар мен құралдарды бергенi үшiн жауапты болады.

Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер шартта белгiленген жұмысты тапсыру мерзiмi басталғанға дейiн материалдардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупiн материалдарды берген тарап мойнына алады (618 бап). Жұмыс нәтижесiн беру немесе қабылдау уақытын өткiзiп алған кездегi тәуекелдi, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, уақытты өткiзiп алған тарап мойнына алады.

Егер заң актiлерiнен немесе шарттан өзгеше туындамаса, мердiгер шартты орындауға басқа тұлғаларды (қосалқы мердiгерлердi) тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердiгер - тапсырысшының алдында бас мердiгер, ал қосалқы мердiгердiң алдында тапсырысшы болады. Бас мердiгер қосалқы мердiгердiң алдында тапсырысшының мiндеттеменi орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн жауапты, ал тапсырысшының алдында қосалқы мердiгердiң мiндеттеменi орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн жауапты болады. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы мен қосалқы мердiгер бiр-бiрiншi өздерiнiң бас мердiгермен арадағы шарттарды бұзуына байланысты талаптар қоюға құқығы жоқ. Бас мердiгердiң келiсiмiмен тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға үшiншi тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. Мұндай жағдайда үшiншi тұлға жұмысты орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн тiкелей тапсырысшының алдында жауапты болады.

Егер шарт бiр мезгiлде екi немесе одан да көп мердiгермен жасалса және мiндеттеме нысанасы бөлiнбейтiн болса, мердiгерлер тапсырысшыға қатысты ортақтасқан борышқорлар және тиiсiнше ортақтасқан кредит берушiлер болып танылады. Мiндеттеме нысанасы бөлiнетiн жағдайда, сондай-ақ заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген басқа да жағдайларда мердiгерлердiң әрқайсысы құқықтарға ие болып, тапсырысшыға қатысты өз үлесiнiң шегiнде мiндеттемелердi мойнына алады.

Мердiгерлiк шартта жұмысты орындаудың бастапқы және түпкi мерзiмi көрсетiледi. Тараптардың арасындағы келiсiм бойынша шартта жұмыстың жекелеген кезеңдерiнiң аяқталу мерзiмдерi (аралық мерзiмдерi) де көзделуi мүмкiн. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер жұмысты орындаудың бастапқы және түпкi, сонымен қатар аралық мерзiмдерiнiң бұзылғаны үшiн жауапты болады. Жұмыс орындаудың шартта көрсетiлген бастапқы, түпкi және аралық мерзiмдерi шартта көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша өзгертілуі мүмкін.

Шартта орындалуға жататын жұмыстың бағасы немесе оны анықтау әдiстерi көрсетiледi. Шартта мұндай нұсқаулар болмаған және тараптар келiсiмге келмеген жағдайда бағаны тараптарға келтiрiлген қажеттi шығындарды ескере отырып, әдетте осыған ұқсас жұмыстарға қолданылатын бағаларды негiзге алу арқылы сот белгiлейдi. Жұмыстың бағасы смета жасау жолымен белгiленуi мүмкiн. Жұмыс мердiгер жасаған сметаға сәйкес орындалған жағдайларда смета күшке ие болып, тапсырысшы оны растаған кезден бастап шарттың бiр бөлiгiне айналады. Жұмыстың бағасы (смета) шамамен алынған немесе тұрлаулы болуы мүмкiн. Шартта басқа нұсқаулар болмаған кезде жұмыстың бағасы (смета) тұрлаулы деп есептеледi.

Егер қосымша жұмыс жүргiзу және осы себептен жұмыстың шамамен белгiленген бағасын (шамамен алынған сметаны) елеулi түрде өсiру қажет бола қалса, мердiгер бұл туралы тапсырысшыға уақытылы ескертуге және жұмысты тоқтата тұруға мiндеттi. Жұмыстың бағасын (сметаны) өсiруге келiспеген тапсырысшы шарттан бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердiгер өзiне тапсырысшыдан жұмыстың орындалған бөлiгiнiң бағасын төлеудi талап ете алады. Шартта көрсетiлген бағаны (сметаны) өсiру қажеттiгi туралы тапсырысшыға уақытылы ескертпеген мердiгер жұмысқа шартта белгiленген баға бойынша ақы төлеу құқығын сақтай отырып, шартты орындауға мiндеттi.

Мердiгер тұрлаулы бағаны (тұрлаулы сметаны) көбейтудi, ал тапсырысшы оны азайтуды, оның iшiнде шартты жасау кезiнде орындалуға тиiс жұмыстардың толық көлемiн немесе бұл үшiн қажеттi шығындарды қарастыру мүмкiндiгi болмаған жағдайда да талап етуге құқығы жоқ. Шарт жасасқаннан кейiн мердiгер беруге тиiстi материалдар мен жабдықтардың, сондай-ақ оған үшiншi тұлғалар көрсететiн қызметтердің құны едәуiр өскен кезде мердiгердiң белгiленген бағаны (сметаны) көбейтудi, ал тапсырысшы бұл талапты орындаудан бас тартқан жағдайда шартты бұзуды талап етуге құқығы бар.

Мердiгердiң нақты шығыны бағаны белгiлеу (сметаны жасау) кезiнде есептелгеннен кем болып шыққан жағдайда, егер тапсырысшы мердiгер алған үнем орындалған жұмыстың сапасына терiс әсер еткенiн дәлелдей алмаса, мердiгер шартта (сметада) көзделген баға бойынша жұмысқа ақы алу құқығын сақтайды. Шартта мердiгер алған үнемдi тараптар арасында бөлу көзделуi мүмкiн.

Мердігерге мүліктің абайсызда жойылуы немесе бүлінүі қаүпі, жумыс нәтижесіне жетпеү қаүіпі, жұмыс сапасы үшін жауапкершілік ауыртпалықтары және т.б. жүктеледі. Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырысы бойнша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндетті (АК 616 б.). Шарт консенсуалды, екі жақты, ақылы болады. Тапсырысшының міндеті - мердігерге тапсырма беру, ал мердігердің міндеті – тапсырманы тапсырушының нұсқаулары бойынша орындау. Қазіргі уақытта тапсырманы арнаулы талаптарға сәйкес құрастыру міндеті келісім шарт бойынша мердігердің өзіне жүктелуі мүмкін, себебі мердігер кәсіби білімді, тәжірибелі тұлға болып табылады. Аталмыш шарттарды игеру барысында мердігерлік тәуекел деген ұғымды да білу қажет. Жалпы ереже бойынша жұмыстар мердігердің қарамағында орындалу керек, яғни, өзінің материалдарымен, күшімен және қаражатымен.

Мердігерлік шарт мазмұнында орындалуға жататын жұмыстың бағасы немесе оны анықтау әдістері көрсетілу керек. Жұмыстың бағасы смета жасау жолымен белгіленуі мүмкін. Және де жұмыстың бағасы шамамен алынған немесе тұрлаулы болуы мүмкін.

Жұмыстар өткізу тұралы міндеттемелер институтында бас мердігер және қосалқы мердігерлерді айыру қажет.

Тұрмыстық мердігерлік шарты, өзге мердігерлік шарттарына қарағанда, заң бойынша жария шарттарына жатқызылған (640 бап), оның мақсаты - тапсырысшының тұрмыстық және өзге де жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру. Мердігер өз саласында кәсіпкер болуы қажет. Егер заң актілерінде немесе шартта (формуляр, өзге де стандарты нысанда) өзгеше көзделмесе, тұрмыстық мердігерлік шарты мердігердің тапсырысшыға түбіртек немесе өзге құжат берген кезден бастап тиісті нысанда жасалған болып есептеледі.

Тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы мердiгер тапсырысшы азаматтың тапсырмасы бойынша тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттерiн қанағаттандыруға арналған белгiлi бiр жұмысты орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге мiндеттенедi. Бұл шарт жария шарттарға жатады.

Мердiгердiң тапсырысшыны тұрмыстық мердiгерлiк шартқа қосымша ақылы жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi енгiзуге мәжбүрлеуге құқығы жоқ. Бұл талап бұзылған жағдайда тапсырысшы мұндай жұмыстар мен қызмет көрсетулерге ақы төлеуден бас тартуға құқылы. Тапсырысшы өзiне жұмыс нәтижелерiн өткiзгенге дейiн кез келген уақытта мердiгерге тапсырысшының шарттан бас тартуы туралы хабарлама алғанға дейiн орындалған жұмыс үшiн мердiгерге белгiленген бағаның бiр бөлiгiн төлеп, тұрмыстық мердiгерлiк шарттан бас тартуға құқылы және тапсырысшы мердiгердiң сол кезге дейiн жасаған шығындарын өтеуге мiндеттi. Тапсырысшыны бұл құқықтан айыратын шарт ережелерi жарамсыз болады.

Тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы мердiгер тапсырысшы азаматтың тапсырмасы бойынша тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттерiн қанағаттандыруға арналған белгiлi бiр жұмысты орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге мiндеттенедi. Бұл шарт жария шарттарға жатады.

Мердiгердiң тапсырысшыны тұрмыстық мердiгерлiк шартқа қосымша ақылы жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi енгiзуге мәжбүрлеуге құқығы жоқ. Бұл талап бұзылған жағдайда тапсырысшы мұндай жұмыстар мен қызмет көрсетулерге ақы төлеуден бас тартуға құқылы. Тапсырысшы өзiне жұмыс нәтижелерiн өткiзгенге дейiн кез келген уақытта мердiгерге тапсырысшының шарттан бас тартуы туралы хабарлама алғанға дейiн орындалған жұмыс үшiн мердiгерге белгiленген бағаның бiр бөлiгiн төлеп, тұрмыстық мердiгерлiк шарттан бас тартуға құқылы және тапсырысшы мердiгердiң сол кезге дейiн жасаған шығындарын өтеуге мiндеттi. Тапсырысшыны бұл құқықтан айыратын шарт ережелерi жарамсыз болады.

Егер заң актiлерiнде немесе шартта, оның iшiнде формулярлар ережелерiнде немесе тапсырысшы қосылатын өзге де стандартты нысандарда өзгеше көзделмесе, тұрмыстық мердiгерлiк шарты мердiгердiң тапсырысшыға түбiртек немесе шарттың жасалғандығын растайтын өзге құжат берген кезден бастап тиiстi нысанда жасалған болып есептеледi. Тапсырысшыда аталған құжаттардың болмауы оны шарттың жасалу фактiсiн немесе оның ережелерiн растауда куәгерлiк айғақтарға сiлтеме жасау құқығынан айырмайды.

Тапсырысшыға жұмыстардың нәтижелерiн өткiзген кезде мердiгер оған дайындалған немесе қайта жасалған затты не орындалған жұмыстың өзге нәтижесiн тиiмдi және қауiпсiз пайдалану үшiн сақталуы қажет талаптар туралы, сондай-ақ тиісті талаптардан сақтамауын тапсырыс берушiнiң өзiне және басқа адамдарға келтiрiлуi мүмкiн зардаптары туралы хабарлауға мiндеттi.

Мердiгер тұрмыстық мердiгерлiк шарт жасалғанға дейiн тапсырысшыға ұсынылатын жұмыстар, олардың түрлерi мен ерекшелiктерi туралы, жұмыстың бағасы мен оған ақы төлеудiң нысаны туралы қажеттi және сенiмдi ақпарат беруге, сондай-ақ тапсырысшыға оның өтiнiшi бойынша шартқа және тиiстi жұмысқа сәйкес басқа да мәлiметтердi хабарлап отыруға мiндеттi. Егер жұмыстың сипаты бойынша мұның маңызы болса, тапсырысшыға мердiгер оны орындайтын нақты тұлғаны көрсетуге тиiс. Тапсырысшы мердiгерден алынған ақпараттың толық немесе сенiмдi болмауының салдарынан тапсырысшы көздеген қасиеттерi жоқ жұмыстарды орындауға шарт жасалған жағдайларда тапсырысшы тұрмыстық мердiгерлiк шартты бұзуды және зиянды өтеудi талап етуге құқылы.

Егер тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша жұмыс мердiгердiң материалынан орындалатын болса, шартты жасау кезiнде тапсырысшы материал үшiн толық немесе тапсырысшы мердiгер орындаған жұмыстың нәтижесiн алған кезде түпкiлiктi есеп айырыса отырып, шартта көрсетiлген бөлiгi үшiн ақы төлейдi. Шартқа сәйкес материалды мердiгер кредитке, оның iшiнде тапсырысшының материалға ақыны бөлiп-бөлiп төлеуi талабымен беруi мүмкiн. Мердiгер берген материал бағасының шарт жасалғаннан кейiн өзгеруi қайта есептеуге әкеп соқпайды.

Егер тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша жұмыс тапсырысшының материалынан орындалатын болса, түбiртекте немесе шарт жасасу кезiнде мердiгер тапсырысшыға беретiн өзге де құжатта материалдың дәл атауы, саны, сипаты мен тараптардың келiсiмi бойынша белгiленетiн бағасы көрсетiлуге тиiс. Түбiртектегi немесе сол сияқты өзге де құжаттағы материалды бағалауға тапсырысшы жазбаша дәлелдемелер ұсыну арқылы кейiн сотта дау айтуы мүмкiн.

Тұрмыстық мердiгерлiк шартында жұмыстың бағасы тараптардың келiсiмiмен белгiленедi және ол мердiгер жарияланған прейскурантта көрсетiлгеннен жоғары болмауы керек. Тапсырысшы жұмысқа ақыны мердiгер оның нәтижесiн түпкiлiктi тапсырғаннан кейiн төлейдi. Тараптардың келiсiмi бойынша жұмысқа тапсырысшы шарт жасасу кезiнде толық немесе аванс беру арқылы ақы төлеуi мүмкiн.

Тапсырысшы жұмыстың нәтижелерiн қабылдаған кезде немесе мердiгерлiк нысанасын пайдалану кезiнде кемшiлiктер тапқан жағдайда Кодекстiң 630-б. көзделген жалпы мерзiмдердiң iшiнде, ал кепiлдi мерзiмдер болған кезде - сол мерзiмдердiң iшiнде 635-б. көзделген құқықтардың бiрiн жүзеге асыра алады. Тұрмыстық мердiгерлiк шарт бойынша орындалған жұмыстың кемшіліктерін тегін жою туралы талап, егер заң актілерінде белгіленген тәртiпте өзге мерзiм (қызмет мерзiмi) көзделмесе, ол кемшiлiктер тапсырысшының өзiнiң және басқа да адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi болған жағдайда тапсырысшы немесе оның құқық мирасқоры жұмысты қабылдаған кезден бастап үш жыл iшiнде қойылуы мүмкiн. Мұндай талап бұл кемшiлiктердiң қай уақытта анықталғанына қарамастан, оның iшiнде кепiлдiк мерзiмi аяқталғаннан кейiн анықталған кезде де қойылуы мүмкiн. Мердiгер аталған талапты орындамаған жағдайда тапсырысшы нақ сол мерзiм iшiнде не жұмыс үшiн төленген бағаның бiр бөлiгiн қайтаруды, не кемшiлiктердi өз күшiмен немесе үшiншi тұлғалардың көмегiмен жоюға кеткен шығындарды өтеудi талап етуге құқылы.

Тапсырысшы орындалған жұмыс нәтижесiн алуға келмеген немесе тапсырысшы оларды қабылдаудан өзгедей жалтарған жағдайда мердiгер тапсырысшыға жазбаша түрде ескерте отырып, сол ескерткен күннен бастап екi ай өткен соң мердiгерлiк нысанасын қисынды бағаға сатуға, ал одан түскен соманы, мердiгерге тиесiлi барлық төлемдi шегерiп, тапсырысшының атына нотариустың депозитіне салуға құқылы. Мердiгерлiк нысанасын сатудың орнына оны ұстап қалу немесе тапсырысшыдан келтiрiлген залалды өндiрiп алу құқығын да мердігер пайдалана алады.

Тапсырысшыға жұмыстардың нәтижелерiн өткiзген кезде мердiгер оған дайындалған немесе қайта жасалған затты не орындалған жұмыстың өзге нәтижесiн тиiмдi және қауiпсiз пайдалану үшiн сақталуы қажет талаптар туралы, сондай-ақ тиісті талаптардан сақтамауын тапсырыс берушiнiң өзiне және басқа адамдарға келтiрiлуi мүмкiн зардаптары туралы хабарлауға мiндеттi.

Мердiгер тұрмыстық мердiгерлiк шарт жасалғанға дейiн тапсырысшыға ұсынылатын жұмыстар, олардың түрлерi мен ерекшелiктерi туралы, жұмыстың бағасы мен оған ақы төлеудiң нысаны туралы қажеттi және сенiмдi ақпарат беруге, сондай-ақ тапсырысшыға оның өтiнiшi бойынша шартқа және тиiстi жұмысқа сәйкес басқа да мәлiметтердi хабарлап отыруға мiндеттi. Егер жұмыстың сипаты бойынша мұның маңызы болса, тапсырысшыға мердiгер оны орындайтын нақты тұлғаны көрсетуге тиiс. Тапсырысшы мердiгерден алынған ақпараттың толық немесе сенiмдi болмауының салдарынан тапсырысшы көздеген қасиеттерi жоқ жұмыстарды орындауға шарт жасалған жағдайларда тапсырысшы тұрмыстық мердiгерлiк шартты бұзуды және зиянды өтеудi талап етуге құқылы.

Егер тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша жұмыс мердiгердiң материалынан орындалатын болса, шартты жасау кезiнде тапсырысшы материал үшiн толық немесе тапсырысшы мердiгер орындаған жұмыстың нәтижесiн алған кезде түпкiлiктi есеп айырыса отырып, шартта көрсетiлген бөлiгi үшiн ақы төлейдi. Шартқа сәйкес материалды мердiгер кредитке, оның iшiнде тапсырысшының материалға ақыны бөлiп-бөлiп төлеуi талабымен беруi мүмкiн. Мердiгер берген материал бағасының шарт жасалғаннан кейiн өзгеруi қайта есептеуге әкеп соқпайды.

Егер тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша жұмыс тапсырысшының материалынан орындалатын болса, түбiртекте немесе шарт жасасу кезiнде мердiгер тапсырысшыға беретiн өзге де құжатта материалдың дәл атауы, саны, сипаты мен тараптардың келiсiмi бойынша белгiленетiн бағасы көрсетiлуге тиiс. Түбiртектегi немесе сол сияқты өзге де құжаттағы материалды бағалауға тапсырысшы жазбаша дәлелдемелер ұсыну арқылы кейiн сотта дау айтуы мүмкiн.

Тұрмыстық мердiгерлiк шартында жұмыстың бағасы тараптардың келiсiмiмен белгiленедi және ол мердiгер жарияланған прейскурантта көрсетiлгеннен жоғары болмауы керек. Тапсырысшы жұмысқа ақыны мердiгер оның нәтижесiн түпкiлiктi тапсырғаннан кейiн төлейдi. Тараптардың келiсiмi бойынша жұмысқа тапсырысшы шарт жасасу кезiнде толық немесе аванс беру арқылы ақы төлеуi мүмкiн.Тапсырысшы жұмыстың нәтижелерiн қабылдаған кезде немесе мердiгерлiк нысанасын пайдалану кезiнде кемшiлiктер тапқан жағдайда жалпы мерзiмдердiң iшiнде, ал кепiлдi мерзiмдер болған кезде - сол мерзiмдердiң iшiнде көзделген құқықтарының бiрiн жүзеге асыра алады.

Тұрмыстық мердiгерлiк шарт бойынша орындалған жұмыстың кемшіліктерін тегін жою туралы талап, егер заң актілерінде белгіленген тәртiпте өзге мерзiм (қызмет мерзiмi) көзделмесе, ол кемшiлiктер тапсырысшының өзiнiң және басқа да адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi болған жағдайда тапсырысшы немесе оның құқық мирасқоры жұмысты қабылдаған кезден бастап үш жыл iшiнде қойылуы мүмкiн. Мұндай талап бұл кемшiлiктердiң қай уақытта анықталғанына қарамастан, оның iшiнде кепiлдiк мерзiмi аяқталғаннан кейiн анықталған кезде де қойылуы мүмкiн. Мердiгер аталған талапты орындамаған жағдайда тапсырысшы нақ сол мерзiм iшiнде не жұмыс үшiн төленген бағаның бiр бөлiгiн қайтаруды, не кемшiлiктердi өз күшiмен немесе үшiншi тұлғалардың көмегiмен жоюға кеткен шығындарды өтеудi талап етуге құқылы.

Тапсырысшы орындалған жұмыс нәтижесiн алуға келмеген немесе тапсырысшы оларды қабылдаудан өзгедей жалтарған жағдайда мердiгер тапсырысшыға жазбаша түрде ескерте отырып, сол ескерткен күннен бастап екi ай өткен соң мердiгерлiк нысанасын қисынды бағаға сатуға, ал одан түскен соманы, мердiгерге тиесiлi барлық төлемдi шегерiп, тапсырысшының атына нотариустың депозитіне салуға құқылы немесе ұстап қалу құқығын қолдануға. Жұмыс мердігердің де, тапсырысшының да материалынан орындалуға болады. Жұмыстың бағасы тараптардың келісімімен белгіленеді. Жұмыс жөнінде және жұмыс нәтижелері жөнінде тапсырысшыға мәліметтер берү - мердігердің қосымша міндеті болып танылады. Тапсырысшы жұмыс нәтижелерін қабылдап алмаған жағдайда, мердігер тапсырысшыға жазбаша түрде ескерте отырып, екі ай өткен соң жұмыс нәтижесін сатып, одан түскен сомадан өзінің кеткен шығындарын өтеп алуға құқылы болады, ал қалған ақшаны тапсырысшының атына депозитке салуға болады.

Құрылыс мердігерлігінің нысанасы (пәні, заты) - белгілі бір жаңа құрылысты салу немесе өзге құрылыс жұмыстарын (жөндеү, қайта жөндеү, өндірісті қайта құралдандыру, технологияны жаңарту, монтаждық жұмыстар және іске қосу жумыстарын) өткізү болады. Құрылыс мердігерлігі бойынша мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша шартта белгіленген мерзімде белгілі бір объектіні салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы мердігерге жұмысты орындауы үшін қажетті жағдайлар жасауға, оның нәтижесін қабылдап алуға және ол үшін келісілген бағаны төлеуге міндеттенеді (АК 651 б. 1т.).

Тапсырысшы құрылыс салу үшiн жер учаскесiн шартта көрсетiлген көлемде және сондай күйде уақытылы беруге мiндеттi. Шартта мұндай нұсқау болмаған жағдайда жер учаскесiнiң көлемi мен күйi жұмыстың уақытылы басталуын, оның қалыпты жүргiзiлуiн және мерзiмiнде аяқталуын қамтамасыз етуге тиiс.

Тапсырысшы құрылыс мердiгерлiгi шартында көзделген жағдайлар мен тәртiпте мердiгерге жұмыстарды жүргiзу үшiн қажеттi үйлер мен ғимараттар беруге, мердiгердiң мекен-жайына жүктердiң тасымалдануын қамтамасыз етуге, энергиямен жабдықтау желiлерiн, су және бу құбырларын уақытша жүргiзуге, басқа да қызметтер көрсетуге мiндеттi. Ақы шартта көзделген талаптар бойынша төленедi.

Мердігерге қажетті жағдай жасау - ол оны жұмыспен қамтамасыз етү, яғни құрылыс алаңын тазалап, жерді бөлү жөнінде құжаттарды алу, коммуналдық жүйелерге қосылуға рұқсат алу және т.б. әрекеттер жатады. Тапсырысшының тапсырысы жобалау-сметалау құжаттарында көрсетіледі оларды тапсырысшы береді. Біракта жаңа АК бойынша жақтарға өздеріне тәртіп ережелерін таңдауға рұқсат етіледі және жоба мен сметаны жасау міндеті мердігерге де жүктелүі мүмкін.

Тапсырысшы жумысты қабылдауды өткізүге міндетті болады. Жұмысты қабылдап алу жумыс аяқталмай да және аяқталғаннан кейін де өткізілүі мүмкін. Мердігер жұмысты қабылдап алу немесе жұмыстың бір кезеңін тапсыруға дайын екенін, тапсырудың ұақыты мен орны жөнінде тапсырысшыхабарлау иіндетті. Тапсырысшының өкілі немесе өзі, дәлелді себепсіз, жұмыстың жеке кезеңдерін қабылдап алуға келмей қалған жағдайда, мердігер қабылдап алу актісін өзі жасауы мүмкін, осыдан кейін тапсырысшының талабымен өндірілген жұмыстарды ашып қарау қажет болса онда ол оның өз есебінен өткізіледі. Кейбір объектілер үшін алдын ала сынақ жұмыстары жүргізілуге тиіс, ал кейбір объектілерді мемлекеттік комиссия қабылдауға тиіс. Жұмыс нәтижелерін тапсыру-қабылдау әрекеттері арнаулы құжат - Акті толтырумен ресімделеді.

Жүргiзiлетiн жұмыстардың қауiпсiздiгi үшiн мердiгер жауапты болады.

АК-нің 665 бабы бойынша егер құрылыс мердігерлігі шартында өзгеше көзделмесе, мердігер құрылыс объектісінің жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген көрсеткіштерге жеткізілуіне және шартқа сәйкес кепілді мерзім ішінде объектіні пайдалану мүмкіндігіне кепілдік береді. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгедей кепілдік мерзім көзделмесе, кепілдік мерзімі тапсырысшы объектіні қабылдағаннан бастап он жыл болады.

Жобалау және іздестірү жұмыстарын өткізү шартының нысанасы (пәні, заты) (АК 667 б.) жобалау-сметалық құжаттарын жасау және іздестірү жұмыстарын өткізү болып табылады. Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шарт бойынша мердiгер (жобалаушы, iздестiрушi) тапсырысшының тапсырмасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және (немесе) iздестiру жұмыстарын жүргiзуге мiндеттенедi, ал тапсырысшы оларды қабылдап алуға және ақы төлеуге міндеттенедi. Егер заң актiлерiнде немесе жобалау және (немесе) іздестіру жұмыстарына арналған шартта өзгеше көзделмесе, жобалау және iздестiру жұмыстарына арналған шартты орындаудың кездейсоқ мүмкiн болмауының тәуекелi тапсырысшыға жүктеледi.

Жобалау және iздестiру жұмыстарына арналған мердiгерлiк шарт бойынша тапсырысшы мердігерге жобалауға тапсырма, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы жасау үшiн қажеттi бастапқы деректердi беруге мiндеттi. Тапсырысшының тапсырмасы бойынша жобалауға тапсырманы мердiгер дайындауы мүмкiн, бұл жағдайда тапсырма тапсырысшы оны бекіткен кезден бастап тараптар үшін міндетті болады. Мердігер тапсырмадағы және іздестіру жұмыстарын жобалау мен орындауға арналған басқа да бастапқы деректердегi талаптарды сақтауға мiндеттi және одан тек тапсырысшының келiсiмiмен ғана ауытқуға құқылы.

Тапсырысшының мiндеттерi (669-бап):

1) мердiгерге барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін белгiленген бағаны төлеуге немесе оны жұмыстың жекелеген кезеңдерi аяқталғаннан кейiн бөлiп төлеуге;

2) мердiгерден алынған жобалау-сметалық құжаттаманы тек шартта көзделген мақсаттарға пайдалануға, жобалау-сметалық құжаттаманы үшiншi тұлғаларға бермеуге және ондағы деректердi мердiгердiң келiсiмiнсiз жария етпеуге;

3) мердiгерге шартта көзделген көлем мен жағдайда жобалау және iздестiру жұмыстарын орындауына қызмет көрсетуге;

4) мердігермен бiрге дайын жобалау-сметалық құжаттаманы құзыреттi мемлекеттiк органдармен және жергiлiктi өзiн өзi басқару органдарымен келiсуге қатысуға;

5) мердiгерге қатысы жоқ мән-жайлардың салдарынан жобалау және iздестiру жұмыстарына арналған бастапқы деректердiң өзгеруiнен пайда болған қосымша шығындарды өтеуге;

6) жасалған жобалау құжаттамаларының немесе орындалған iздестiру жұмыстарының кемшiлiктерiне байланысты үшiншi тұлға тапсырысшыға қойған талап бойынша мердiгердi iске қатысуға тартуға мiндеттi.

Мердiгердiң мiндеттерi (670-бап):

1) жұмыстарды шарт жасасу кезiнде жобалауға берiлген бастапқы деректерге сәйкес орындауға;

2) дайын жобалау-сметалық құжаттаманы тапсырысшымен, ал қажет жағдайда тапсырысшымен бірге құзыреттi мемлекеттiк органдармен және жергiлiктi өзiн өзi басқару органдарымен келiсуге;

3) егер шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшыға дайын жобалық-сметалық құжаттаманы және iздестiру жұмыстарының нәтижесiн бір мезгiлде беруге;

Ал ғылыми-зеррттеу жұмыстарын, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды өткізу мердігерлігінің нысанасы (пәні, заты): а) ғылыми зерттеүлер; б) жаңа өнімнің үлгісін, оның конструкторлық құжаттарын жасау; жаңа технологиялар жасау немесе үлгілер жасау болып танылады. Тараптар атқарушы және тапсырысшы деп аталады. Табиғатына қарай бұл шарттар консенсуалды, екі тарапты, ақылы болады. Аталған шарттардың ерекшелігі - жұмыстар нәтижелеріне жете алмау қаүпі тапсырысшыға жүктеледі. Ғылыми мердігерлік шарттарының өзге ерекшелігі - шартты орындау кезінде, тараптармен алынған мәліметтердің құпиясы туралы жағдайларды еңгізү; өйткені олар ғылыми-шығармашылықпен байланысты және оларды орындау нәтижесінде заңмен қорғалатын интеллектуалдық меншік объектілері жасалуы мүмкін. Бұл шарттар бойынша көбінде мердігерлік жөніндегі жалпы ережелер қолданылады.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарына жасалған шарт бойынша мердiгер (атқарушы) тапсырысшының тапсырмасында көзделген ғылыми зерттеулердi жүргiзуге, ал тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға шарт бойынша - жаңа бұйымның үлгiсiн, оған конструкторлық құжаттаманы, жаңа технологияны жасауға немесе үлгi дайындауға міндеттенеді; тапсырысшы мердігерге (атқарушыға) техникалық тапсырма беруге, жұмыс нәтижелерін қабылдауға және оларға ақы төлеуге міндеттенеді. Мердiгермен (атқарушымен) жасалған шарт зерттеу жүргiзудiң, үлгiлердi әзiрлеу мен жасаудың бүкiл циклын да, сондай-ақ олардың жекелеген элементтерiн де қамтуы мүмкiн.

Мердiгер (атқарушы) ғылыми зерттеулердi жеке өзi жүргiзуге мiндеттi. Егер шартта өзгеше көзделмесе, ол ғылыми-зерттеу жұмыстарына жасалған шартты орындауға тапсырысшының келiсiмiмен ғана үшiншi тұлғаларды тартуға құқылы. Тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау кезiнде, егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер оларды орындауға үшiншi тұлғаларды қосалқы мердiгер ретінде тартуға құқылы.

Мердiгер (атқарушы) толық аяқталған ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмысты тапсыруға, ал тапсырысшы оны қабылдауға және оған ақы төлеуге міндетті. Шартта жұмыстың жекелеген кезеңдерін қабылдау және оларға ақы төлеу не ақы төлеудiң өзге де әдiсi көзделуi мүмкiн.

Егер ғылыми-зерттеу жұмыстарына не тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға жасалған шартта өзгеше көзделмесе:

1) мердiгер (атқарушы) де, тапсырысшы да шарттың нысанасына, оның орындалу барысына және алынған нәтижелерге қатысты мәлiметтердiң құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi. Құпия деп танылатын мәлiметтердiң көлемi шартта белгiленедi;

2) мердiгер аталған шарт бойынша алынған жұмыс нәтижелерiн тек тапсырысшының келiсiмiмен ғана патенттеудi жүзеге асыруға құқылы.

Тапсырысшының ғылыми-зерттеу жұмыстарына не тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға жасалған шарт бойынша өзiне берiлген жұмыс нәтижелерiн шартта көзделген шекте және жағдайда пайдалануға құқығы бар. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер (атқарушы) өзi алған жұмыс нәтижелерiн өзi үшiн пайдалануға құқылы. Шартта мердiгердiң (атқарушының) жұмыс нәтижелерiн үшiншi тұлғаларға сату құқығы көзделуi мүмкiн.

Тапсырысшының мiндеттерi:

1) мердiгерге (атқарушыға) техникалық тапсырма беруге және онымен жұмыс бағдарламасын (техникалық-экономикалық өлшемдердi) немесе тақырыптамасын келiсуге;

2) мердiгерге (атқарушыға) жұмысты орындауға қажеттi ақпарат беруге;

3) орындалған жұмыс нәтижелерiн қабылдауға және оларға ақы төлеуге мiндеттi.

Мердiгердiң (атқарушының) мiндеттерi (679-бап):

1) жұмысты тапсырысшымен келiсiлген бағдарламаға (техникалық-экономикалық өлшемдерге) немесе тақырыптамаға сай орындауға және тапсырысшыға шартта көзделген мерзiмде жұмыс нәтижелерiн беруге;

2) интеллектуалдық меншiктi құқықтық қорғауға байланысты талаптарды сақтауға;

3) шартта немесе тапсырысшының техникалық тапсырмасында көзделген техникалық-экономикалық өлшемдерден ауытқуға соқтыруы мүмкiн техникалық құжаттамадағы өз кiнәсiнен жiберiлген кемшiлiктердi өз күшiмен және өз есебiнен жоюға;

4) тапсырысшыға күтiлетін нәтижелерге жету мүмкiн болмайтыны анықталғаны немесе жұмысты одан әрi жүргiзу орынсыз екенi туралы дереу хабарлауға;

5) тапсырысшыға осындай шарт негiзiнде берiлген нәтижелерге үшiншi тұлғаларда айрықша құқықтарының болмайтынына кепiлдiк беруге мiндеттi.

Егер ғылыми-зерттеу жұмыстарына не тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға жасалған шарттарда өзгеше көзделмесе, мердiгер (атқарушы):

1) жұмысты орындау кезiнде алынған ғылыми-техникалық нәтижелердi тапсырысшының келiсiмiнсiз жариялаудан тартынуға;

2) жұмысты орындау кезiнде алынған құқықтық қорғауға қабiлеттi нәтижелердi қорғау үшiн шаралар қолдануға және бұл туралы тапсырысшыға хабарлауға;

3) орындалған жұмыстарда қолданылған, құқықтық қорғауды иеленетiн ғылыми-техникалық нәтижелердi пайдалануға тапсырысшыға айрықша лицензия беруге мiндеттi

6.Көліктік шарттар (1 сағат)

  1. Тасымалдау түрлері және олардың құқықтық реттелуі.

  2. Тасымалдау шартының ұғымы мен жүйесі.

  3. Жүктерді тасымалдау шарты.

  4. Жолаушыларды тасымалдау шарты.

  5. Фрахттау (чартер) шарты.

  6. Жалпы қолданыстағы көлікпен тасымалдау шарты.

  7. Көліктік экспедиция шарты.

Тасымалдау шарты - ол көлік міндеттемелерінің пайда болуына әкелдіретін басты негіз болады. Тасымалдау, объектісіне қарай: жүктерді және жолаушыларды (теңдеме жүктерімен қоса немесе онсыз) тасымалдау болып бөлінеді. Тасымалдау көлігіне қарай - автокөлікпен, темір жолымен, ішкі сулармен, теңізбен, әүе көлігімен тасымалдауға бөлінеді. Бір шарт бойынша тасымалдаушылар санына қарай, тасымалдау: тікелей байланыс бойынша, тікелей аралас байланыс бойынша және жергілікті тасымалдау түрлеріне бөлінеді. Тасымалдау шарттарының бір түріне жататын көлік экспедициясы шарты бөлек аталады. Сонымен бірге, тасымалдау шартына қарағанда консенсуалды болып танылатын, тасымалдауды ұйымдастыру шарттарын атап өткен жөн, ал тасымалдау шартының өзі - нақтылы болады. Тасымалдау шарттарының түріне кіре тарту шартында жатқызуға болады, ол ҚР «Теңізбен сауда жүргізү туралы» Заңында көзделеді.

Тасымалдаудың жалпы талаптары көлiк туралы заң актiлерiмен, өзге де заң актiлерiмен және оларға сәйкес шығарылған ережелермен белгiленедi. Жүктердi, жолаушыларды және теңдеме жүктi көлiктiң жекелеген түрлерiмен тасымалдау талаптары, егер осы Кодекспен, көлiк туралы заң актiлерiмен, өзге де заң актiлерiмен және оларға сәйкес шығарылған ережелермен өзгеше белгiленбесе, тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.

Жүйелi түрде тасымалдауларды жүзеге асыру қажет болған кезде тасымалдаушы мен жүк жөнелтушi тасымалдауларды ұйымдастыру туралы ұзартылған шарттар жасаса алады. Жүктердi тасымалдауларды ұйымдастыру туралы шарт бойынша тасымалдаушы белгiленген мерзiмде жүктi қабылдауға, ал жүк жөнелтушi - келiсiлген көлемде тасымалдауға жүк берiп тұруға мiндеттенедi. Тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартта тасымалдау көлемдерi, мерзiмдерi, сапасы және көлiк құралдарын беру мен тасымалдауға жүктердi берудiң басқа да жағдайлары, сондай-ақ тасымалдауды ұйымдастырудың заң актiлерiнде көзделмеген өзге де жағдайлары белгiленедi.

Әртүрлi көлiк ұйымдары арасында жүктердi тасымалдауды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру туралы шарттар (тораптық келiсiмдер, жүктердi орталықтандырылған түрде әкелу (әкету) шарты және басқалар) жасалуы мүмкiн. Мұндай шарттарды жасасу тәртiбi көлiк туралы заң актiлерiмен белгiленедi.

Көлiк ұйымдарының жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi әртүрлi көлiк түрлерiмен бiрыңғай көлiк құжаты бойынша (тiкелей аралас қатынас) тасымалдау кезіндегі өзара қарым-қатынастары, сондай-ақ осындай тасымалдауларды ұйымдастыру тәртiбi тiкелей аралас тасымалдау туралы заң актiлерiне сәйкес тиiстi көлiк түрлерi ұйымдарының арасындағы жасалатын келiсiмдермен белгiленедi.

Коммерциялық ұйым жүзеге асыратын тасымалдау, егер заң актiлерiнен, өзге нормативтiк құқықтық актiлерден немесе осы ұйымға берiлген лицензиядан (патенттен) бұл ұйым жолаушыларды, жүктердi және (немесе) теңдеме жүктi кез келген азаматтың немесе заңды тұлғаның өтiнiшi бойынша тасымалдауды жүзеге асыруға мiндеттi екенi туындайтын болса, жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау болып танылады. Жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау шарты жария шарт болып табылады

Жүкті тасымалдау шарты: түсінігі мен мазмұны.

Тасымалдау шартының тараптары тасымалдаушы мен жүк жөнелтүші (егер шарт объектісі жүк болса) және жолаушы (егер жолаушыларды тасымалдау болса) деп аталады. Шарт жазбаша жай нысанда жасалады, шарт ақылы және мерзімді болады. Азаматтық кодекспен қоса шарт көлік заңдары деп аталатын арнайы заңдарымен реттеледі, олардың арасында: ҚР «Көлік туралы», «Темір жол көлігі туралы», «Теңізбен сауда жүргізү туралы» заңдарымен және тасымалдау ережелерін бекітетін көптеген заңға тәуелді актілер.

Жақтардың құқықтары мен міндеттері тасымалдау объектісіне байланысты болады. Сонымен бірге, тасымалдаушының міндеттері келесі болады: уақытында тасымалдауға жарайтын көлікті берү; егер шартта ол көзделген болса жүкті тиеп алу (немесе түсіріп берү); тиісті мерзімде тиісті орынға жүкті немесе жолаушыны жеткізү. Жүк жөнелтүшінің міндеті - жүкті барлық құжаттарымен тасымалдауға берү; тасымалдаушыны жүктің қасиеттері мен мінезі жөнінде ескертү; кіре ақысын төлеү; жүкті қабылдап алу (және егер ол шартта көзделсе жүкті тиеп, түсірү). Егер жүк жөнелтүші үшінші тұлға болса ол шартты жасауға қатыспайды, бірақта шартты жасаған уақыттан бастап белгілі болады одан кейін шарт бойынша тараптың құқықтары мен міндеттеріне ие болады және жүкті берүді, шығындарды өтеүді талап етүге құқылы болады.

Жолаушыларды тасымалдау

Жолаушылардың құқықтары АК-ң 700-бабында бекітілген. Көлiк туралы заң актiлерiнде көзделген тәртiп бойынша жолаушының:

1) өзiмен бiрге балаларды тегiн немесе өзге де жеңiлдiктi жағдайларда алып жүруге;

2) белгiленген нормалардың шегiнде өзiмен бiрге қол жүгiн ақысыз алып жүруге;

3) теңдеме жүкті тариф бойынша ақы төлеп, тасымалдауға тапсыруға құқығы бар.

Тасымалдаушының жолаушыны жөнелтудi кiдiрткенi үшiн жауапкершiлiгi. Жолаушыны тасымалдайтын көлiк құралын жөнелтудi кiдiрткенi немесе мұндай көлiк құралының баратын жерiне кешiгiп барғаны үшiн (қалалық және қала маңы қатынастарындағы тасымалдауды қоспағанда) тасымалдаушы, егер кiдiрту немесе кешiгу дүлей күштiң салдарынан орын алғанын дәлелдемесе, жолаушыға көлiк туралы тиiстi заң актiлерiнде белгiленген мөлшерде айыппұл төлейдi. Жолаушы көлiк құралы жөнелтiлуiнiң кiдiруi себебiнен тасымалдаудан бас тартқан жағдайда, тасымалдаушы жолаушыға кіре ақысын толық көлемiнде қайтаруға, сондай-ақ жолаушыға осындай кiдiртуге байланысты ол шеккен залалдың орнын толтыруға мiндеттi.

Тасымалдаушы жүктi немесе теңдеме жүктi тасымалдауға қабылдап алған кезден бастап және алушыға, ол жүктi алуға уәкiлеттi адамға немесе теңдеме жүктi алуға уәкiлеттi адамға бергенге дейiн олардың сақталуын қамтамасыз етедi. Егер тасымалдаушы жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалуы, кем шығуы немесе зақымдануы (бүлiнуi) өзiнiң кiнәсiнен болмағандығын дәлелдемесе, ол жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалғаны үшiн жауап бередi. Жүктi немесе теңдеме жүктi тасымалдау кезiнде келтiрiлген зиянды тасымалдаушы:

1) жүк немесе теңдеме жүк жоғалған немесе кем шыққан жағдайда жоғалған немесе кем шыққан жүктiң немесе теңдеме жүктiң құны мөлшерiнде;

2) жүк немесе теңдеме жүк зақымданған (бүлiнген) жағдайда - оның құнының төмендеген сомасының мөлшерiнде, ал зақымданған жүктi немесе теңдеме жүктi қалпына келтіру мүмкiн болмаған кезде - оның құны мөлшерiнде;

3) тасымалдауға құны жарияланып тапсырылған жүк немесе теңдеме жүк жоғалған жағдайда - жүктiң немесе қол жүгiнің жарияланған құны мөлшерiнде өтейдi.

Жүктiң немесе теңдеме жүктiң құны оның сатушының шотында көрсетiлген немесе шартта көзделген бағасының негiзiнде, ал шот болмаған немесе шартта баға көрсетiлмеген кезде, салыстырмалы мән-жайлар кезiнде әдетте осыған ұқсас тауарлар үшiн алынатын бағаны негiзге ала отырып белгiленедi.

Тасымалдаушы жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалуынан, кем шығуынан немесе зақымдануынан (бүлiнуiнен) келтiрiлген белгiленген зиянның орнын толтыра отырып жөнелтушiге (алушыға), егер бұл ақы жүк құнына кiрмейтiн болса, жоғалған, кем шыққан, бүлiнген немесе зақымданған жүктi немесе теңдеме жүктi тасымалдау үшiн алынған кiре ақысын қайтарады. Жүктiң немесе теңдеме жүктiң сақталмау себептерi туралы тасымалдаушы бiржақты тәртiппен жасаған құжаттар, (коммерциялық акт, жалпы фирманың актiсi және т.б.) дау туған жағдайда, жүктi немесе теңдеме жүктi тасымалдаушының, жөнелтушiнiң не алушының жауапкершiлiгi үшiн негiз бола алатын мән-жайларды куәландыратын басқа құжаттармен бiрге соттың бағалауына жатады

Жолаушының өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілуі салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша тасымалдаушының жауапкершiлiгi, егер заң актiлерiнде немесе шартта тасымалдаушының жоғары жауапкершiлiгi көзделмесе, Кодекстiң 47-тарауындағы ережелер бойынша белгiленедi.

Көлік міндеттемелері көлік экспедициясы шартынан да туындайды. Көлік экспедициясы шарты бойынша бір тарап (экспедитор) сыйақы үшін басқа тараптың (клиенттің жүк жөнелтүшінің немесе алушының) есебінен жүкті тасымалдауға байланысты экспедиция шартында белгіленген қызмет көрсетулерді орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға, оның ішінде клиенттің атынан немесе өз атынан жүкті тасымалдау шартын жасауға міндеттенеді (АК 708 б., 1 т.). Экспедитордың қосымша қызметтеріне экспорттық және импорттық құжаттарды алу, кеденде жасалатын әрекеттерді жасау, жүктің санымен жағдайын тексерү, тиеп жөнелтү және түсіріп алу, баждар мен төлемдерді төлеү, жүкті сақтау, оны бағыт нүктесінде қабылдап алу және т. б. жатады.

Көлік экспедициясы шарты жазбаша түрде жасалады. Жүк жөнелтушi (алушы) экспедиторға, егер ол оның мiндеттерiн атқаруға қажет болса, сенiмхат беруге тиіс.

Жүк жөнелтушi (алушы) экспедиторға жүктiң қасиеттерi, оны тасымалдау ережелерi туралы құжаттарды, сондай-ақ экспедитордың шартта көзделген мiндеттердi орындауына қажеттi өзге де ақпаратты беруге мiндеттi. Экспедитор жүк жөнелтушiге (алушыға) алған ақпараттың анықталған кемшіліктері туралы хабарлауға, ал ақпарат толық болмаған жағдайда, жүк жөнелтушiден (алушыдан) қажеттi қосымша деректердi сұрауға мiндеттi. Жүк жөнелтушi (алушы) қажеттi ақпаратты бермеген жағдайда, экспедитор осындай ақпарат берiлгенге дейiн өзiнiң тиiстi мiндеттерiн атқаруға кiрiспеуге құқылы.

Көрсетiлген ақпаратты беру жөнiндегi мiндеттердi бұзуына байланысты экспедиторға келтiрген залалдары үшiн жүк жiберушi (алушы) жауапты болады.

Егер экспедиция шартынан экспедитордың өз мiндеттерiн жеке өзiнiң атқаруы мiндетi туындамаса, экспедитор өз мiндеттерiн орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Мiндеттеменiң орындалуын үшiншi тұлғаға жүктеу экспедиторды шарттың орындалуы үшiн клиенттiң алдындағы жауаптылықтан босатпайды.

Экспедитор жүктi тек оның экспедициялық қызмет көрсетулерi үшiн алуы тиiс сыйақының төленбеуiне байланысты ғана ұстап қалуға құқылы.

Экспедиция шарты жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн экспедитор Кодекстiң 20-тарауындағы ережелерге сәйкес белгiленген негiздер мен мөлшер бойынша жауапты болады. Егер экспедитор мiндеттi бұзу тасымалдау шарттарының тиiстi дәрежеде орындалмауынан пайда болғанын дәлелдесе, экспедитордың жүк жөнелтушi (алушы) алдындағы жауаптылығы да экспедитордың алдында тиiстi тасымалдаушы жауап беретiн ережелермен белгiленедi.

Жүк жөнелтушi (алушы) немесе экспедитор, бұл туралы басқа тарапқа қисынды мерзiмде ескерте отырып, көлiк экспедициясы шартын орындаудан бас тартуға құқылы. Шартты орындаудан бiржақты бас тарту кезiнде бас тартуды мәлiмдеген тарап екiншi тарапқа шарттың бұзылуынан келтiрiлген залалды өтейдi.