Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭБТ дәрістер тезистері.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1. Панфилов и.П. Теория электрической связи.- м: Радио и связь, 1991.

2. Системы электросвязи/в.П. Шувалов и др.- м: Радио и связь, 1987.

Сигналдың автокорреляциялық функциясы (АКФ)- бұл u(t) сигналдың, оның u(t-) уақытта жылжыған көшірмесімен өзара байланысын (немесе айыр-машылығын) сипаттайтын, олардың скалярлық көбейтіндіне тең функция.

Үзіліссіз сигналдың АКФ:

B()=(u(t)·u(t-))= u(t)·u(t-)·dt (3.1)

Тік бұрышты бейне импульстің (аналогтық сигналдың) АКФ.

u(t) B()

U U2·0 U2·0·[1-/0], 0

B()=

0,  >0

0 0 t -0 0 0 t

Дискреттік (цифрлық) сигналдың АКФ:

B(n)= ei·ei-n (3.2)

мұндағы e- дискреттік сигналдың элементі; n- неше элементке сигналдың көшірмесі жылжыды.

u(t)={1,-1,-1} цифрлық сигналдың АКФ-ті есептеу.

n=0

1-1-1

1-1-1

Σ 1 1 1=3

В(0)=3

n=1

1-1-1 0

0 1-1-1

Σ 0-1 1 0=0

В(1)=0

n=2

1-1-1 0 0

0 0 1-1-1 

Σ 0 0-1 0 0=-1

В(2)=-1

n=3

1-1-1 0 0 0

0 0 0 1-1-1

Σ 0 0 0 0 0 0=0

В(3)=0

В(n)=

n= -1

0 1-1-1

1-1-1 0

Σ 0-1 1 0=0

В(-1)=0

n= -2

0 0 1-1-1

1-1-1 0 0

Σ 0 0-1 0 0=-1

В(-2)=-1

n= -3

0 0 0 1-1-1

1-1-1 0 0 0

Σ 0 0 0 0 0 0=0

В(-3)=0

B(n)={0,-1,0,3,0,-1,0}

В(n)

3

2

1

-4

-3

-2

-1

1

2

3

4

0

n

-1

-2

Егер =0 (n=0), онда АКФ сигналдың энергиясына тең болады:

B(0)=(u(t)·u(t))= u2(t)·dt=Е; B(0)= e2i =E. (3.3)

АКФ-тың қасиеттері:

- B()=B(-); B(n)=B(-n)- жүп функциясы;

- |B()|B(0)=Bmax=Е.

АКФ- орта оң максимумы бар симметриялық қисығы. Бұл азаятын функ-ция, немесе амплитудасы азаятын тербелісті функция. Оның мәні сигналдың энергиясынан аспайды.

u1(t) және u2(t) екі сигналдардың өзара корреляциялық функциясы (ӨКФ)- u1(t) сигналдың және уақытта жылжыған u2(t-) сигналдың арасындағы өзара байланысын (немесе айырмашылығын) сипаттайтын, олардың скалярлық кө-бейтіндіне тең функция.

Үзіліссіз сигналдардың ӨКФ:

B1,2()=(u1(t)·u2(t-))= u1(t)·u2(t-)·dt (3.4)

Дискреттік (цифрлық) сигналдардың ӨКФ:

B1,2(n)= e1і·e2(і-n) (3.5)

Сигналдың энергетикалық спектрi (қуаттың спектрлік тығыздығы) W()- сигнал қуатының жиілік бойынша ұлестірілуін сипаттайтын функция. Қуаттың спектрлік тығыздығы- бұл жиіліктің 1 Гц-ке келетін сигналдың қуаты.

W()=|S()|2, В2·с/рад (3.6)

мұндағы S()- сигналдың спектрлік тығыздығы, В·с/рад.

Сигналдың қуатын энергетикалық спектрі көмегімен анықтауға болады:

Р= W()·d (3.7)

Корреляциялык функция мен энергетикалық спектрі бір бірімен Фурье түрлендіруімен байланысты:

В()=1/(2)· W()·exp(j)·d (3.8)

W()= В()·exp(-j)·d (3.9)

=0 болған кезде:

В(0)=1/(2)· W()·d (3.10)

Нақты сигналдар үшін:

В()=1/()· W()·Cos()·d (3.11)

W()=2· В()·Cos()·d (3.12)

Корреляциялық функция және энергетикалық спектрі арқылы сигналдың к корреляция интервалын және тиім энергетикалық спектрдің тиімді енін табуға болады:

к=1/Bmax· В()·d (2.13)

тиім=1/Wmax· W()·d (3.14)

Корреляция интервалы к- сол интервалдың ішінде сигнал мен оның уақытта жылжыған көшірмесінің өзара байланысы бар, интервал шегінен тыс-қары- байланысы жоқ.

Энергетикалық спектрдің тиімді ені тиім- оның ішіндегі сигнал құрау-шылардың қуаты, сигнал қуатының негізгі бөлігі болады, сонымен, спектрдің енін тиімді енімен шектеуге болады.

Дискреттік сигналдардың жақсы корреляциялық қасиеттері дегені, егер олардың АКФ-тың өте үлкен орта жапырағы және өте аласа бүйір жақ жапы-рақтары болса және басқа сигналдарымен ӨКФ-тың мәндері өте төмен болса.

Баркер сигналдар (кодтар)- бұл ең жақсы корреляциялық қасиеттері бола-тын екілік сигналдар (кодтық комбинациялар). Оның бүйір жақ жапырақтары-ның мәндері орта жапырағының мәнінен 1/N бөлігін аспайды (кесте 3.1). Мұн-дағы N- кодтық комбинациядағы элементтердің саны. Ондай басқа сигналдары жоқ. Олардың АКФ-қа жақын ғана болатын сигналдары бар. Бірақ, Баркер сигналдардың саны өте аз (7 ғана) және кодтық комбинациялардың ұзындығы үлкен емес. Сонымен, оларды пайдалану саласы шектелген.

Кесте 3.1- Баркер сигналдардың түрлері

N

Cигналдың түрі

АКФ

3

1, 1,-1

3, 0,-1

4

1, 1, 1, -1

4, 1, 0,-1

4

1, 1, -1, 1

4,-1, 0, 1

5

1, 1, 1, -1, 1

5, 0, 1, 0, 1

7

1, 1, 1, -1,-1, 1,-1

7, 0, -1, 0,-1, 0,-1

11

1, 1, 1,-1, -1,-1, 1, -1,-1, 1, -1

11,0,-1, 0,-1, 0,-1,0,-1, 0,-1

13

1, 1, 1, 1, 1, -1, -1, 1, 1, -1, 1,-1,1

13, 0, 1, 0, 1, 0, 1, 0, 1, 0, 1, 0, 1

Бақылау сұрақтары.

3.1 u(t)={-1, 1,-1,1,-1,1} цифрлық сигналдың автокорреляциялық функция-сының графигін тұрғызыңыз. Бұл сигналдың корреляциялық қасиеттері туралы қорытындыны жасаңыз.

3.2 Екі төрт элементтік Баркер сигналдардың өзара корреляциялық функ-циясының графигін тұрғызыңыз.

u1(t)={1,1,1,-1}; u2(t)={1,1,-1,1}.

3.3 Тік бұрышты бейне импульстің корреляциялық функциясы қалай анықталады?

3.4 Тік бұрышты бейне импульстің энергетикалық спектрін есептеп, оның

диаграммасын тұрғызыңыз.

3.5 Корреляция интервалы мен энергетикалық спектрінің тиімді ені бір бі-рімен қалай байланысты?

Тарау 2. Сигналдардың спектрлерi

Дәріс 4. Фурье қатары. Периодтық сигналдың спектрi

Дәрістің сұрақтары.

4.1 Фурье қатарының жалпы түрi және оның мағынасы, қатардың коэф-фициенттерiн анықтау жолы.

4.2 Фурье қатарының тригонометриялық түрi, қатардың коэффициентте-рiн есептеу формулалар және олардың мағыналары.

4.3 Сигналдың спектрі және спектрлiк диаграммасы деген түсiнiктері, олардың мағыналары.

4.4 Тiк бұрышты бейне және радиоимпульстердің периодтық тiзбектерi-нiң спектрлік диаграммалары.

Ұсынылатын әдебиет.