- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
- •Экономика факультеті «Туризм» кафедрасы
- •Пәннің оқу-әдiстемелiк кешені Астана
- •2 Силлабус
- •3. Оқу жоспары бойынша сағаттардың бөлінуі
- •5.Пәнді оқытудың сипаттамасы
- •5.1 Пәнді оқытудың мақсаты:
- •5.3 Оқу пәнін оқыту жоспары
- •7. Оқу нәтижесін бағалау және бақылау
- •8. Оқу пәнінің саясаты
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •2.Глоссарий
- •3.Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі және дәрісті оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар;
- •Қортындылар:
- •2 Тақырып. Кәсіпкерліктің негізгі түрлері, және ұйымдастырылу нысандары
- •Дәрістер үшін әдістемелік нұсқалар.
- •Әдебиеттер
- •Қорытындылар
- •Дәрістерге арналған әдістемелік нұсқаулар.
- •Әдебиеттер.
- •Қорытынды.
- •Әдебиеттер.
- •Қорытындылар.
- •8 Тақырып. Туризмдегі шағын және орта бизнестің мәні және экономикадағы рөлі
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер.
- •Талауға арналған сұрақтар.
- •6. Білім алушылардың өздік жұмысына арналған тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
- •Білім алушылардың өздік жұмысын орындауға араналған әдістемелік нұсқаулар
- •7. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
- •Аралық бақылауға арналған сұрақтар
- •Қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау;
- •8. Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеу тізімі (пәннің мазмұнына байланысты)
3.Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі және дәрісті оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар;
1 тақырып: Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы, мәні мен маңызы Туризмдегі бизнестің экономикалық рөлі
Мақсаты: XVIII – XX ғ. ғалымдардың кәсіпкерлік туралы көзқарасын талдау.
XVIII – XIX ғ.ғ. кәсіпкерлік туралы теориялардың қысқаша сипаттамасы.
Кәсіпкерлік туралы классикалық – экономикалық теориялар қорытындысы.
XX ғ. Кәсіпкерлік туралы ілімнің дамуы.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: кәсіпкерлік, кәсіпкер, кәсіпкерлік пайда, жаңашылдық, кәсіпкерлік орта.
XVIII – XIX ғ.ғ. кәсіпкерлік туралы ғалымдардың көзқарасын талдау арқылы, мынадай қорытынды жасауға болады бұл теорияда кәсіпкерлік, кәсіпкер қазіргі жағдайда да өз өзектілігін жоймаған, кәсіпкерлік, кәсіпкер ұғымдарының іргесі қаланған. Сонымен бірге зерттеліп отырған мәселе кең ауқымда қаралған. Ғалымдар өз еңбектерінде экономикалық қызметтегі кәсіпкерлердің ролі мен мазмұнына ғылыми – тәжірибелік анықтама берді. XIX ғасырдың басында кәсіпкерліктің экономикалық ұйымдастырушылық және психологиялық белгілерін бөліп көрсетті және олар кейінгі кезде негізгі функцияларымен тығыз байланыста жүзеге асуда. XIX ғ. өзінде – ақ ғалым - экономистер кәсіпкерліктің жаңашылдық аспектілеріне көңіл аударған. Бұл көзқарас XX ғасырдың екніші жартысында да өзінің маңызын жойған жоқ. Кәсіпкерлік пен кәсіпкерлердің маңыздылығы жайында кейбір ғалым – экономистердің пікірін талдайтын болсақ, америкалық ғалым Р. Хизрич пен М. Питерс XVIII ғасырда берген анықтамасында кәсіпкер – мемлекетпен алдын – ала құны белгіленген келісім жасаушы тұлға деген. Мұндай адам келісімді орындау барысында барлық шығынды өз жауапкершілігіне алады, егер келісімде көрсетілген мөлшерден аз шығын жұмсаса, артығы өзінде қалады .
Олардың пікірінше кәсіпкерлік туралы алғашқы тұжырымдама жасаған Ричард Кантильон (1680-1734), оның ойынша кәсіпкер дегеніміз тәуекелділік жағдайында әрекет етуші адам. Ж. Бодоның да пікірі көңіл аударлықтай: «кәсіпкер – бұл кәсіпорынның ісін жоспарлайтын, ұйымдастыратын және бақылайтын, яғни барлығына өзі жауап беретін тұлға» - деп анықтама береді.
Кәсіпкерлік теориясына айтарлықтай үлес қосқан француз ғалымы Жан Батист Сэй (1767-1832). Ол А. Смиттің «Халық байлығы» атты бағалы еңбегімен таныса келе, кәсіпкерліктің мәні мен функциялары туралы өзінің де пікірін білдірген. өзінің «Саяси экономия трактаттары» еңбегінде (1803) Сэй кәсіпкер тұлғасына аса көңіл аударып, келешекте кәсіпкер ұғымы экономикалық теория беттерінен түспейтінін атап өтеді. Ол өндірістің маңызды үш факторын (жер, еңбек, капитал) қоғам байлығының көзі екенін дәлелдейтін теориясын ұсынды. А. Смит бойынша кәсіпкер – жер өңдеуші болса, Сэйдың айтуынша, кәсіпкер - өнеркәсіпшіл. Ол кәсіпкерліктің жаңашылдық, белсенділігі жағына көбірек көңіл бөледі. Сэйдың бұл көзқарасын кейін И. Шумпетер, П. Друкер сияқты ғалымдар да бөледі. Қазіргі заманғы кәсіпкерліктің дамуы үшін XVIII – XIX ғ.ғ. ғалым – экономистердің тұжырымдамасының маңызы зор. Олардың айтуынша кәсіпкер дегеніміз – капитал иесі, өзінің ісініңиесі, оны басқарушы, меншік иесінің өз еңбегін жүзеге асыруы.
XX ғасырдың екінші жартысында көптеген батыс елдерінде кәсіпкерліктің өркениеттілігі артып, дами түсті. А. Каминка деген ғалым кәсіпкер деген – пайда келтіретін және іспен айналсатын адам деп көрсетті.
Революцияға дейінгі орыс ғалымы А. Петражицкий кәсіпкерді өз бетімен шаруашылық жүргізетін, кәсіпкерлік үшін барлық мүлікке тәуекел еткен, өз ісі үшін барлық байлығымен жауап беретін адам деп түсіндірді. Ал 30-шы жылдары белгілі америкалық кәсіпкер Генри Фордтың еңбегі жариялананды, ол 1953 К. Рендолдың «Еркін кәсіпкерлік кредосы» атты бағалы еңбегі жарық көрді. Шетел ғалымдарының экономикалық – ғылыми еңбектері 1970 жылдары жарияланды. Ал соңғы 15 жылда шыққан ғылыми еңбектер, кәсіпкерлік мәселелерін шешуде, кәсіпкерлік тәжірибесін шыңдап, кемшіліктерді жоюға зор көмегін тигізді.
Экономикалық теорияға зор үлес қосқан Ф. Хайек, Шумпетер және Друкер сияқты ғалымдардың да кәсіпкерлік туралы өз көзқарастары болды. Ф. Хайектің ойынша кәсіпкер деген басқалар байқай алмаған пайда көздерін анықтайтын ерекшелігі бар шаруашылық жүргізуші субъект. Хайек кәсіпкерлердің жоғарғы нарықтық бәсекелестікте әрекет ететін, сол бәсекелестікке қабілетті, төтеп беретіндер ғана одан әрі дами алатындығын атап көрсетті.
Австриядан шыққан белгілі америкалық ғалым Шумпетер: «кәсіпкерлік мамандық емес, бір жағдайда, ұзақ мерзімде өзгеріссіз қалуға болмайды», - деді. Бұл пікір қазақстандық кәсіпкерлік үшін маңызды. Шумпетер кәсіпкерлікте үнемі жаңалықтар болу керектігін, өзгерістердің қажеттілігін айтты. Сонымен бірге ол кәсіпкерлердің ерекше адамдар екенін, кәсіпкерліктегі пайда теориясын ашты. Шумпетердің пікірінше, кәсіпкерліктегі пайда – жаңа іс - әрекеттердің нәтижесі, яғни жаңа тауар шығару, жаңа шикізат көзін табу, жаңа өткізу нүктелерін анықтау, өндірісті қайта құрып, жаңарту мәселелері кәсіпкерліктің негізі болып саналады.
Ал Друкердің ойынша кәсіакерлік – ғылымнан гөрі нақты іс-әрекетке жақын, ал іс-әрекетте, тәжірибеде жаңа өзгерістер мен жаңалықтар болуы керек.
Друкер Шумпетердің пікірімен қосыла отырып табысқа жету жолындағы төрт кәсіпкерлік стартегиясын ұсынды
бірінші болып алға шығу;
күтпеген жерден, шапшаң ұмтылу;
экологиялық кеңістіктерді жедел тауып, орнын басу.
өнімдердің нарықтық өндіріс саласының экономикалық сипатын анықтап, бағалау.
Шетелдің белгілі ғалымдары К. Веспер, Г. пиншот, Р. Хизрич, М. Питерс, А. Хоскинг және т.б. кәсіпкерлік пен кәсіпкерлер туралы көзқарастарының ғылыми және тәжірибелік маңызы зор.
