Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТУР БИЗНЕС БАСКАРУ УМК 2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
740 Кб
Скачать
☆

Қортындылар:

Классиктердің еңбектерінде кәсіпкерліктегі жаңалықтар, өнертапқыштық пен іздемпаздық жаңа мүмкіндіктер мен жоғары нәтижелерге жету кепілі екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты кәсіпкерлік ортада бәсекелестік болуы, монополистік әрекеттің шектелу қажеттігі, кәсіпкерлікті реттеуші салықтың қажеттігі заңды екендігі де дәлелденді. XX ғ. соңғы он жылында түрлі мамандықтар бойынша (экономистер, философтар, психологтар, әлеуметтанушылар және т.б.) ғалымдар кәсіпкерлік теориясының дамуына айтарлықтай үлес қосты. Бизнесте елеулі табысқа жеткен кәсіпкерлер зерттелді, кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыруда түрлі ұсыныстар айтылды.

Халықаралық конференциялар өткізіліп, кәсіпкерлік білім деңгейі ұлғайып, көптеген елдерде мемлекеттің кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың ролі күшеюде.

Дәрісерге ұсынылатын әдістемелік нұсқаулар

Дәрістік материалдарды толық ұғып, тиянақты меңгеру үшін А. Смит, К. Веспер, Г. Пиншот, Р. Хизрич, М. Питерс, А. Хоскинг, А. И. Агеев, А. В. Бусыгин, В. В. Радаев, Ю. М. Осипов, М. Кенжегузин, Мамыров сияқты ғалым – экономистердің еңбектерін пайдалану керек. Қазақстандық кәсіпкерлер үшін тәжірибелік маңызы бар классикалық экономикалық теориялардың мазмұны бойынша қорытындылар жасау қажет.

Әдебиеттер:

  1. П.Друкер. Рынок: как выйти в лидеры. Практика и принципы: Пер с. англ. – М.: 1992.

  2. Й.Шумпетер. Теория экономического развития. – М., 1982.

  3. А.К. Кантарбаева «Предпринимательство институционально-эволюционный подход». «Раритет», Алматы,2000г.

  4. Мамыров Н.К. «Основы предпринимательства», Алматы, Экономика, 1997

Предпринимательство: Учебник/ Под ред.М.Г.Лапусты. – 3-е изд. – М.: ИНФРА-М, 2004.

2 Тақырып. Кәсіпкерліктің негізгі түрлері, және ұйымдастырылу нысандары

Мақсат: Кәсіпкерлік іс-әрекеттер объектерін анықтай отырып, кәсіпкерліктің типін (түрін) анықтау. Кәсіпкерліктің заңдылығын, өсу қарқынын, соңғы нәтижесін, ұсынылған жаңалықтарды анықтау.

    1. Кәсіпкерлікті жіктеу белгілері.

    2. Кәсіпкерліктің типтері мен түрлері.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: кәсіпкерліктің жіктелуі, өндірістік кәсіпкерлік, коммерциялық сауда кәсіпкерлігі, қаржылық – несиелік кәсіпкерлік.

Типтерге бөлу дегеніміз – кәсіпкерлік іс-әрекеттерді негізгі белгілері бойынша – нақты экономикалық (шаруашылық) істері бойынша ажырата білу.

Кәсіпкерлік іс-әрекеттерді әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: меншіктік түрі бойынша, заңдылық ерекшеліктері бойынша, орналасқан жерінің аумағына қарай, әртүрлі жерлерде орналасқаныны қарай, құрылтайшылардың құрамына байланысты персоналдар саны мен айналым көлемі бойынша, өсу қарқыны мен пайданың деңгейіне қарай, жаңа ұсыныстарды пайдалану дәрежесіне байланысты, т.б.

Меншік түріне тоқталатын болсақ, нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік, жеке меншік және мемлекеттік меншік түрінде дамиды.

Заңдылық белгілері бойынша кәсіпкерлік заңды, заңсыз және жалған кәсіпкерлік болып бөлінеді.

Іс- әрекеттердің аймақтарға бөлінуіне байланысты: жергілікті, аймақтық, ұлттық, халықаралық және дүниежүзілік болып бөлінеді.

Құрылтайшылардың құрамына байланысты әйелдер кәсіпкерлігі, жастар кәсіпкерлігі болып бөлінеді.

Өсу қарқыны мен пайданың, табыстың мөлшеріне байланысты кәсіпкерлік ұйымдар – жедел дамушы, даму қарқыны төмен компаниялар, жоғары пайдалы және төмен рентабельді ұйымдар, өте жоғары тәекелді бизнес түрі және төменгі тәуекелді бизнес түрімен шұғылданатын ұйымдар болып бөлінеді.

Өз істерінде жаңа ұсыныстар мен жаңалықтарды, жаңа технологияларды пайдалануына, өндірісте бұрын белгісіз болған мүмкіндіктерді ашуына, инновациялық менеджментті, маркетингті кеңінен қолдануына байланысты кәсіпкерлік – ізденістік, өнімдік, ескі технологияның орнына жаңа ұлғаймалы өндірісті дамытушы деп бөлінеді.

Құрылтайшылар санына байланысты кәсіпкерлік жеке және ұжымдық болып бөлінеді.

Персоналдық санына және жарғылық қордың мөлшеріне байланысты түрі шағын кәсіпкерлік болып саналады.

Егер кәсіпкерлікті ұйымдастыруда қазақсьандық қатысушылардан басқа шетел азаматтары болса, онда ол біріккен кәсіпкерлік деп аталады, сонымен бірге шетел инвестициясымен құрылған кәсіпкерлік түрі де болады.

Ұйымдастыру механизміне байланысты, басқарушылар санына байланысты жай және күрделі кәсіпкерлік ұйымдардың түрлері болады.

Ұйымдастырушылардың жауапкершілігіне байланысты толық жауапкершілікті және субсидиорлық жауапкершіліктегі кәсіпкерліктегі ұйымдар болып бөлінеді.

Кәсіпкерлік іс-әрекеттердің бағытына, нақты нәтижесіне байланысты кәсіпкерліктің мынадай түрлері бар:

  1. Өндірістік кәсіпкерлік тұтынушыларға нақты тауар түрін өндіру немесе қызмет көрсету, өткізу мәселелері бойынша жұмыстарды орындау болып табылады. Өндірістік кәсіпкерлік материалдық сферада жүзеге асатындықтан, мынадай түрлерге бөлінеді:

өнеркәсіптік, құрылыстық, ауылшаруашылық және т.б. сонымен бірге кәсіпкерлік өндіріс салалары бойынша әртүрлі болады, мысалы өнеркәсіптік – машинақұрастыру, станокқұрастыру және т.б.

  1. Коммерциялық – сауда кәсіпкерлігі, мұнда кәсіпкерлер нарықты зерттеп, сұраныс жағдайын баға деңгейін білуі, соның нәтижесінде шығынды азайтып, пайданың көп болуын қарастырады.

  2. Қаржылық – несиелік кәсіпкерлікте құнды қағаздармен жұмыс істеу, ұлттық ақша мен валюта курсының байланысын зерттеп білу қажет. Мұндай кәсіпкерлікпен шұғылданатындар коммерциялық банктер, қаржы – несиелік компаниялар, қор биржасы, валюттік биржалар, басқа да мамандандырылған мекемелер.

  3. Кеңес беру (консалтинг) кәсіпкерлігі әртүрлі бағыттарда кеңес беру, үйрету, оқыту курстар ашу арқылы жүзеге асады. Кәсіпкерлік қызметкәсіпкерлігі де кеңес беру ісіне қатысты.

Қорытындылар

Кәсіпкерлік іс-әрекеттерді толып жатқан әртүрлі белгілеріне байланысты жіктеуге болады. іс жүзінде кәсіпкерлік мынадай белгілері бойынша жіктеледі: меншік түрлеріне байланысты, заңдылық ерекшеліктеріне қарай, аумағына қарай, әртүрлі жерлерге таралуына байланысты, құрылтайшылардың құрамына қарай, персоналдық санына қарай, өсу қарқыны мен пайданың мөлшеріне қарай, жаңа ұсыныстарды пайдалану деңгейіне байланысты және т.б. Ең негізгі төрт топқа бөлуге болады: 1. өндірістік; 2. коммерциялық; 3. қаржылық; 4. консалтингтік.