- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
- •Экономика факультеті «Туризм» кафедрасы
- •Пәннің оқу-әдiстемелiк кешені Астана
- •2 Силлабус
- •3. Оқу жоспары бойынша сағаттардың бөлінуі
- •5.Пәнді оқытудың сипаттамасы
- •5.1 Пәнді оқытудың мақсаты:
- •5.3 Оқу пәнін оқыту жоспары
- •7. Оқу нәтижесін бағалау және бақылау
- •8. Оқу пәнінің саясаты
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •2.Глоссарий
- •3.Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі және дәрісті оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар;
- •Қортындылар:
- •2 Тақырып. Кәсіпкерліктің негізгі түрлері, және ұйымдастырылу нысандары
- •Дәрістер үшін әдістемелік нұсқалар.
- •Әдебиеттер
- •Қорытындылар
- •Дәрістерге арналған әдістемелік нұсқаулар.
- •Әдебиеттер.
- •Қорытынды.
- •Әдебиеттер.
- •Қорытындылар.
- •8 Тақырып. Туризмдегі шағын және орта бизнестің мәні және экономикадағы рөлі
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер.
- •Талауға арналған сұрақтар.
- •6. Білім алушылардың өздік жұмысына арналған тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
- •Білім алушылардың өздік жұмысын орындауға араналған әдістемелік нұсқаулар
- •7. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
- •Аралық бақылауға арналған сұрақтар
- •Қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау;
- •8. Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеу тізімі (пәннің мазмұнына байланысты)
Дәрістер үшін әдістемелік нұсқалар.
Дәріс материалдарын толық меңгеру үшін Жапондық, АҚШ, Германия, Швейцария, кәсіпкерлігі түрлерімен танысу керек.
Әдебиеттер
1. Лапуста М.Г. Предпринимательство:Учебное пособие. – Москва, 2003.
2. Организация предпринимательской деятельности: Учебное пособие / Под редакцией С.И.Грядова – М.: Колос С, 2003.
3. Консалтинговые условия в условиях реформирования экономики России / По ред. М.И.Кныша. – СПб.: Дмитрий Буланин, 2003.
4. Менеджмент Заманауи бизнеса: Экономика Заманауи бизнеса: Учебник. – М.: Финансы и статистика, 2004.
3-тақырып.Туризмдегі кәсіпкерлік тәуекелділік туралы түсінік және оны басқару
Мақсат: Кәсіпкерлік тәуекелділіктің жалпы сипатын ашу және кәсіпкерлік істердегі тәуекелділік түрлері.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: Өндірістегі, коммерциядағы, қаржылық (несие алудағы), инвестициялық және нарықтық тәуекелділік түрлері.
Кәсіпкерлік іс-әрекеттердегі тәуекелділік және оның түрлері.
Жобаны қаржыландырудағы тәуекелділік.
Тәуекелділікті сақтандыру.
Кәсіпорын қызметінде тәуекелділікті төмендету әдістері мен жолдары.
Нарықтық экономика жағдайында тәуекелділік кәсіпкерліктің шешуші элемент болып табылады.
Тәуекелділік дегеніміз табысқа жету жолындағы туындайтын сәтсіздіктердің алдын алу мүмкіндігі болып табылады. Тәуекелділіктің белгілері – белгісіз жағдайлар, күтпеген жағдайлардың туындауы, сенімсіздіктің болуы, табысты күту. Саяси және экономикалық тұрақсыздық жағдайларында тәуелсіздік деңгейлері арта түседі.
Тәуекелділік – бұл кәсіпорынның жоспары мен бюджетін орындауы барысында туындайтын жағымсыз жағдайлар. Кәсіпкерлік іс-әрекеттерде тәуекелділік жағдайлар туындауы мүмкін жұмыстарды сол істі жақсы білетін, жауапкершілікті өз мойнына алатын іскер сенімді адамға жүктеу қажет.
Тәуекелділіктің негізгі түрлері: өндірістік тәуекелділік, коммерциялық, қаржылық (несие алудағы), инвестициялық және нарықтық тәуекелділік.
Өндірістік тәуекелділік өндіріске, өнімдерді өткізу (қызмет) жұмыстарына және басқа да өндірістік іс-әрекеттерге байланысты . Бұл – белгіленген өндіріс көлеміне, өткізу көлемі, жоспарланған материялдық және еңбек шығындарына, бағаның өзгеруіне, өнімнің ақауларына, шикізаттың сапасына байланысты туындайтын келеңсіз жағдайлар.
Комерциялық тәуекелділік кәсіпкердің сатып алған тауарлары мен қызмет көрсету жұмыстарын тұтынушыларға ұсыну жағдайларында туындайды. Коммерциялық келісімдерде сатып алынған заттардың бағасының орынсыз жоғарлауына, төмендеуіне, шығындардың көбейіп кету жағдайларына баса көңіл аудару қажет.
Қаржылық тәуекелділік қаржылық кәсіпкерлікте әртүрлі қаржы келісімдерін жүзеге асыру кезінде туындауы мүмкін. Сонымен несие алу , қаржы алғандардың төмен қабілетінің жойылуы, валюта-ақша қатынастарында қаржылық тәуекелділік туындайды.
Инвестициялық тәуекелділіктің себебі өзінің меншіктік бағалы қағаздарына байланысты инвестициясын – қаржылық қоржының құнсыздануы болып табылады.
Нарықтық тәуекелділік ұлттық ақша бірлігінің шетел валютасына пайыздық қатынасының өзгеруі, оның пайыздық қатынасының өзгеруі, оның пайыздық ставкасының өзгеруіне байланысты.
Кез-келген тәуекелділік келісім жасаушы әріптестерге тікелей байланысты. Келісім жасау кезінде әріптестер бірігіп тәуекелділік деңгейіне талдау жасауы қажет. Кәсіпкерлік тәуекелділіктің ықшамдалған схемасы 1-суретте көрсетілген
-
Кәсіпкерлік
тәуекелділік
Саяси |
Экономикалық |
Сыртқы |
Сақтандыру |
Валюталық |
Салықтық |
Форс–мажорлық |
Ішкі |
Ұйымдастырушылық |
Ресурстық |
Портфельдік |
Несиелік |
Иновациялық |
1-сурет кәсіпкерлік тәуекелділік.
Кәсіпкерлік іс-әрекеттердегі жойылу (жоғалту) жағдайлары материялдық, еңбек, қаржылық және уақытты жоғалту болып бөлінеді. Жобаны қаржыландыру мәселесі бойынша тәуекелділікті шешу жағдайында міндеттің тиімді орындалуы үшін мынандай екі мәселеге көңіл аудару қажет:
жоспарланған жобаның орындалуы үшін инвестиция ағымының үздіксіздігі;
инвестицияның оңтайлы құрылымына байланысты күрделі қаржы мен тәуекелділіктің төмендеуі және салықтың жеңілдіктер,
Жобаны қаржыландыру жоспарында мынандай тәуекелділіктер ескерілуі тиіс:
жобаның міндетті түрде болуы;
салықтық;
қарыздардың төленбегені;
құрылыстың игерілмеуі;:
Тәуекелділікті сақтандыру – белгілі бір тәуекелділік түріне жауапкершілікті сақтандыру ұйымына жүктеу. Сақтандырудың негізгі екі түрі бар: мүліктік сақтандыру және кездейсоқ жағдайлардан сақтандыру.
Тәуекелділікті азайтудың негізгі тәсілдері:
жобаны дайындауға білікті, тәжірбиелі әріптестерді және кеңесшілерді қатыстыру;
жобалау алдында қосымша мәселелерді терең талдау;
өндірілетін өнім немесе қызметке сұранысты, нарықтық конъюктураның даму тенденцияларын алдын ала жобалау;
тәуекелділікті жобаға қатысушылар мен орындаушылар арасында бөлу;
алдаын ала жоспарланбаған шығындарды жабуға қаржы ірку;
Тәуекелділікке байланысты шешім қабылдау кезінде кәсіпкер объективті және субъективті тәуекелділік жағдайларды ескеруі тиіс. Тәуекелділікке байланысты шешім қабылдайтын адамның ерекше ойлау қабілеті, өжет – табандылығы, өз бетімен шешім қабылдау өнері болуы керек.
