- •Дәріс тезистері
- •2. Азаматтарының денсаулығын қорғау сферасындағы қатынастарды мемлекеттік ретеу
- •Әдебиет:
- •Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)
- •Лекция 2
- •Дәріс тезистері: Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
- •Әдебиеттер:
- •Лекция 3
- •Дәріс тезистері: Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласының жүйесі
- •Әдебиеттер:
- •Лекция 4
- •Дәріс тезистері: Денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қамтамасыз етудің кепілдіктері
- •Әдебиеттер:
- •Лекция 5
- •Дәріс тезистері: Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау
- •Әдебиеттер
- •Лекция 6
- •Дәріс тезистері: Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы монтаждау, жөндеу, оларға техникалық және метрологиялық қызмет көрсету
- •1. Уәкілетті орган:
- •Әдебиеттер:
- •Лекция 7
- •Дәріс тезистері: Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау
- •Әдебиеттер
- •Лекция 8
- •Дәріс тезистері: Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру
- •Әдебиеттер
- •Лекция 9
- •Дәріс тезистері: Денсаулық сақтау саласындағы жарнама
- •Әдебиеттер
- •Лекция 10
- •5. Әдебиеттер
Әдебиеттер
1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004.
2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA, 2005.
3. Қазақстан Республикасының кодексі. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы. 2009 жылғы қыркүйектің 18-і. № 193-ІV ҚРЗ
4. Сборник законодательных и нормативных актов по фармацевтической деятельности (второе издание). – Алматы, 2006.
Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)
Медициналық қызметтер көрсетуді, профилактиканың, диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың әдістері мен құралдары
Көрсетілетін қызметтердің, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, тағамға биологиялық активті қоспалардың жарнамасы
Лекция 10
Тақырыбы: ҚРның Еңбек кодексі. Еңбек қатынастар
Мақсаты: Студенттерді ҚРның Еңбек кодексімен және еңбек қатынастар негіздерімен таныстыру.
Дәріс тезистері:Еңбек туралы заңдар
1. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен қызметкерлердiң жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттейтiн, нормалары осы Заңның нормаларынан кем бола алмайтын өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың осы Заңның және еңбек туралы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң алдында артықшылығы бар және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн Қазақстан Республикасының заңы шығарылуы талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, олар тiкелей қолданылады.
Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қатынастарын реттейдi.
2. Егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құрылтайшылары немесе меншiк иелерi (толығынан немесе iшiнара) шетелдiк заңды немесе жеке тұлғалар болып табылатын ұйымдардың қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары қолданылады.
Еңбек саласындағы кемсiтушiлiкке тыйым салу
1. Әркiмнiң де өзiнiң еңбек құқықтарын iске асыруға тең мүмкiндiктерi бар. Жынысына, жасына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, мүлiк және қызмет жағдайына, тұрғылықты жерiне, дiнге көзқарасына, сенiмiне, азаматтықта, қоғамдық бiрлестiктерде болуына, сондай-ақ қызметкердiң iскерлiк қабiлетi мен оның еңбегiнiң нәтижелерiне байланысты болмайтын басқа да мән-жайларға қарамастан, ешкiмнiң де еңбек құқықтары шектелуге немесе оларды iске асыруда қандай да бiр артықшылықтар алуға тиіс емес. (K951000; Z990444 қараңыз)
2. Еңбек саласында кемсiтушiлiкке ұшырадым деп есептейтiн адамдар тиiстi арызымен сотқа жүгiне алады.
5-бап. Жеке еңбек және ұжымдық шарттармен реттелетiн
еңбек қатынастары
1. Жұмыс берушi мен қызметкер арасындағы еңбек қатынастары нормативтiк құқықтық актiлермен, еңбек туралы заңдарға сәйкес жасалған жеке еңбек, ұжымдық шарттармен реттеледi.
2. Жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын тараптар бiржақты тәртiппен өзгерте алмайды.
3. Қызметкерлердiң жекелеген санаттарының өзге нормативтiк құқықтық актiлермен реттелетiн еңбек жағдайлары осы Заңдағы жағдайлардан төмен болмауға тиiс.
Жеке еңбек, ұжымдық шарттардың жекелеген талаптарының жарамсыздығы тұтас алғанда жеке еңбек, ұжымдық шарттарды жарамсыз деп тануға әкеп соқпайды.
4. Осы Заң еңбек қатынастарын реттейтiн ең аз мерзiмдер мен талаптарды жолға қояды. Жеке еңбек, ұжымдық шарттардың тараптары бұл ең аз деңгейдi жақсарту жағына өзгерте алады.
5. Жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптары, егер олар заң актілерiне қайшы келмесе, тараптардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
Иллюстративті материалдар: слайдтар.
