Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
leksii.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
625 Кб
Скачать
☆
  1. Әдебиеттер:

1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004.

2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA, 2005.

3. Қазақстан Республикасының кодексі. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы. 2009 жылғы қыркүйектің 18-і. № 193-ІV ҚРЗ

4. Сборник законодательных и нормативных актов по фармацевтической деятельности (второе издание). – Алматы, 2006.

  1. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)

  1. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласының жүйесі

  2. Фармацевтикалық қызметтің түрлері

  3. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру

  4. Дәрілік препараттарды және медици­налық мақсаттағы бұйымдарды дайындау

  5. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу

Лекция 4

  1. Тақырыбы: Дәрілік заттар саласында азаматтардың құқықтары мен міндеттері

  1. Мақсаты: Студенттерді дәрілік заттар саласында азаматтардың құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.

  1. Дәріс тезистері: Денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қамтамасыз етудің кепілдіктері

Мемлекет Қазақстан Республикасының аза­мат­тарына:

1) денсаулық сақтау құқығына;

2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің көрсетілуіне;

3) медициналық көмекке бірдей қол жет­кізуіне;

4) медициналық көмектің сапасына;

5) дәрілік заттардың қолжетімділігіне, сапа­сына, тиімділігі мен қауіпсіздігіне;

6) аурулардың профилактикасы, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуіне;

7) жеке өмірге қол сұғылмауына, дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтердің сақталуына;

8) ұрпақты болуды таңдау еркіндігіне, ұрпақты болу денсаулығын сақтауға және ұрпақты болу құқықтарының сақталуына;

9) санитариялық-эпидемиологиялық, эколо­гиялық салауаттылыққа және радиациялық қауіпсіздікке кепілдік береді.

 

88-бап. Азаматтардың құқықтары

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекі­тетін тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға;

2) тегін медициналық көмектің кепілдік беріл­ген көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтама­сыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттары уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес амбулато­рия­лық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырыл­ған емдік өнімдермен қамтамасыз етілуге;

3) медициналық ұйымды, сапалы әрі уақтылы медициналық көмекті еркін таңдауға;

4) өздерінің жеке қаражаты, ұйымдардың, ерікті сақтандыру жүйесінің қаражаты және тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен тегін медици­налық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс қосымша медициналық қызметтерге;

5) Қазақстан Республикасының Үкіметі ай­қын­­дайтын тәртіппен айғақтар болған кезде, бюджет қаражаты есебінен шетелде медициналық көмек алуға;

6) медицина қызметкерлерінің дәрілік заттар­ды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен меди­ци­налық техниканы дұрыс тағайындамауынан және қолданбауынан денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;

7) еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анық­тама бере отырып, еңбекке уақытша жарам­сыздық фактісін куәландыруға;

8) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және емдеуші дәрігерден олардың құзыреті шегінде аурулар профилактикасының, диагностикасының, оларды емдеудің және медициналық оңалтудың әдістері, клиникалық зерттеулер, қоршаған орта­ның жай-күйін, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын, дұрыс тамақтану мен тамақ өнім­дерінің қауіпсіздігін, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың қорытын­ды­ларын қоса алғанда, денсаулыққа әсер ететін фак­торлар туралы дәйекті ақпаратты өтеусіз алуға;

9) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік органдардан, тәуелсіз сарапшы ұйымдардан және субъектілерден өткізі­летін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауіп­сіздігі, тиімділігі мен сапасы туралы ақпарат алуға;

10) медицина және фармацевтика қызмет­керлерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) денсау­лық сақтау ұйымына, жоғары тұрған органға және (немесе) сот тәртібімен шағым жасауға;

11) мемлекеттік медициналық сараптама қоры­тын­дыларымен келіспеген жағдайда, тәуелсіз са- рап­­шыларды тарту туралы өтініш беруге құқығы бар.

2. Әйелдің ана болу туралы мәселені өзі шешуге және отбасын жоспарлау мен өз денсаулы­ғын сақтау мақсатында, өзі қаламайтын жүкті­ліктен сақтанудың қазіргі заманғы әдістерін еркін таңдауға құқығы бар.

Азаматтардың ана болуды қорғау құқығы:

1) ұрпақты болу жасындағы әйелдерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық тексеріп-қарау, оларды динамикалық байқау және сауықтыру;

2) науқас баланы күтіп-бағу үшін стационарға түскен кезде әйелдердің ұрпақты болу денсау­лығына және баланың денсаулығына тікелей әсер ететін негізгі ауруларды медициналық айғақтар бойын­ша емдеу арқылы қамтамасыз етіледі.

Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналардың жұмыс уақытының режимі, жүктілігі мен босануы бойынша демалысы және еңбек жағдайлары Қазақ­стан Республикасының еңбек заңнама­сына сәйкес белгіленеді.

3. Психикасының бұзылушылығы (ауруы) бар адамдардан басқа, жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдардың жынысын ауыс­тыруға құқығы бар.

Жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыру және олардың жынысын ауыстыруды жүргізу қағи­даларын уәкілетті орган белгілейді.

4. Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар айқындайтын тәртіппен көрсе­тіледі. Аталған адамдар медициналық көмек алу кезінде Қазақстан Республикасы азамат­­тары­ның жоғарыда келтірілген барлық құқықтарын пайдаланады.

5. Егер Қазақстан Республикасы ратифи­кациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көздел­месе, Қазақстан Республикасының аумағында жүр­ген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың айналасындағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулары болған кезде Қазақстан Республи­касының Үкіметі айқындайтын тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.

 

89-бап. Балалардың құқықтары

1. Әрбір баланың:

1) денсаулық сақтау жүйесінің уақтылы әрі тиімді қызметтерін және ауруды емдеу мен денсау­лықты қалпына келтіру құралдарын пайдалануға;

2) денсаулық сақтау саласында білім алуға;

3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық тексеріп-қаралуға және динамикалық байқалуға, емделуге, дәрімен қамтамасыз етілуге және сауықтырылуға құқығы бар.

2. Балаларды стационарлық емдеу кезінде:

1) үш жасқа дейінгі, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтіп-бағуға мұқтаж ересек, науқасы ауыр балаларды күтіп-бағуды тікелей жүзеге асыратын анасына (әкесіне) немесе өзге адамға еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беріліп, онымен медициналық ұйымда бірге болу мүмкіндігі жасалады;

2) бір жасқа дейінгі баланы емізетін ана баланы күтіп-бағу үшін медициналық ұйымда болған барлық кезеңде тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

3. Мектеп жасындағы балалардың стацио­нарлық, қалпына келтіру емін алу кезеңінде стацио­­нар, оңалту орталығы, санаторий жағ­дайында үздік­сіз білім алуға құқығы бар.

Стационарлық балалар бөлімшелерінің және мамандандырылған стационарлық медициналық балалар ұйымдарының пациенттеріне ойын ойнау, дем алу және тәрбие жұмысын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалады.

4. Мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ АИТВ инфек­циясын жұқтырған, ЖИТС-пен ауыратын балалардың білім беру, денсаулық сақтау ұйым­дарында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау алуға құқығы бар.

АИТВ инфекциясын жұқтырған балалардың балалар үйлерінде және жалпы мақсаттағы өзге де медициналық және оқу-тәрбие ұйымдарында болуға құқығы бар.

5. Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы айғақтар тізбесін уәкілетті орган бекітеді.

 

90-бап. Азаматтардың, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың міндеттері

1. Азаматтар:

1) өз денсаулығын сақтаудың қамын жасауға;

2) денсаулық сақтау ұйымдарының қолданыс­тағы режимін сақтауға;

3) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес профи­лактикалық медициналық тексеріп-қараудан өтуге;

4) медицина қызметкерлерінің, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының жеке және қоғамдық денсаулыққа қатысты нұсқамаларын орындауға;

5) өз денсаулығын және айна­ласын­дағылардың денсаулығын сақтау жөніндегі сақтық шараларын орындауға, медициналық ұйымдардың талап етуі бойынша зерттеп-қараудан өтуге және емделуге, инфекциялық аурулар мен айна­ласындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде өзінің ауруы тура­лы медициналық персоналға хабарлауға міндетті.

Айналасындағыларға қауіп төндіретін ауру­лармен ауыратын азаматтар зерттеп-қараудан және емделуден жалтарған жағдайда, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес куәландырылуға және мәжбүрлеу тәртібі­мен емделуге тартылады.

Айналасындағыларға қауіп төндіретін ауру­лардан зардап шегетін азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жіберудің негіздері мен тәртібі осы Кодекс­пен реттеледі;

6) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын сақтауға міндетті.

2. Жүкті әйелдер жүктіліктің он екі аптасына дейінгі мерзімде медициналық есепке тұруға міндетті.

3. Қазақстан Республикасының аумағында жүр­­ген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республи­касының азаматтарымен бірдей міндеттілікте болады.

4. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес:

1) санитариялық-эпидемияға қарсы (профи­- лактикалық) іс-шаралар жүргізуге;

2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің және гигиеналық норма­тивтердің, сондай-ақ мемлекеттік сани­тариялық-эпидемио­ло­гиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам­­дар­дың актілері мен санита­риялық-эпидемиологиялық қорытын­дыларының талап­тарын орындауға;

3) орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және өнімді өндіру, тасымалдау, сақтау және халыққа өткізу кезінде оның қауіп­сіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірістік бақылауды жүзеге асыруға;

5) жаппай және топтық инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен улану пайда болған жағдайда, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауат­тылы­ғына қауіп төндіретін авариялық жағдайлар, өнді­ріс­тің тоқтауы туралы, технологиялық процес­тердің бұзылуы туралы уақтылы хабарлауға;

6) дәрілік заттардың және медициналық мақ­сат­тағы бұйымдардың жанама әсерлері анықталған жағдайда, уәкілетті органға уақтылы хабарлауға;

7) айналасындағыларға инфекциялық және паразиттік ауруларын жұқтыру қаупі бар қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді гигиеналық оқытуды қамтамасыз етуге;

8) мемлекеттік санитариялық-эпидемиоло­гиялық қызмет органдарының лауазымды адам­дарына өздерінің құзыретіне сәйкес зертханалық зерттеулер жүргізу үшін өнімдердің, шикізаттың, тауарлардың, өндірістік ортаның сынамаларын іріктеп алуға мүмкіндік жасауға;

9) медициналық тексеріп-қараудан өткендігін куәландыратын құжаты жоқ адамдарды жұмысқа жібермеуге, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдары анықтаған инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарды және инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын таратушыларды жұмыстан шеттетуге;

10) тауарлардың, өнімдердің, шикізаттың халық­тың санитариялық-эпидемиологиялық сала­уат­тығы саласындағы нормативтік-құқықтық акті­лердің талаптарына және гигиеналық норма­тив­терге сәйкес еместігі анықталған жағдайда, оларды өткізуге жол бермеуге, сондай-ақ оларды пайда­лану немесе кәдеге жарату мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға;

11) санитариялық паспорты болуға;

12) мемлекеттік санитариялық-эпидемио­логиялық қызмет органдарына халықтың сани­тария­лық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәсе­ле­леріне қатысты есепке алу және есептілік құжат­тамасын тексеруге ұсынуға;

13) егер кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет халықтың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін болса, оны тоқтата тұруға;

14) мемлекеттік санитариялық-эпидемиоло­гиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың объектілерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің сақталуы тұрғысынан тексеруі мақ­сатында оларға кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

15) эпидемиологиялық айғақтар мен сани­тариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының нұсқамалары, қаулылары бойынша дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератиза­циялау іс-шараларын өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті.

 

91-бап. Пациенттердің құқықтары

1. Пациенттің осы Кодекстің 88-бабында көрсетілген құқықтардан басқа:

1) диагностика, емдеу және күтім жасау проце­сін­де өзіне лайықты ілтипат жасалып, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне;

2) қандайда бір кемсітушілік факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық критерийлер негізінде айқындалатын кезектілікпен медици­налық көмек алуға;

3) дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға;

4) отбасының, туыстары мен достарының, сондай-ақ діни бірлестіктер қызметшілерінің тарапынан қолдау көрсетілуге;

5) медициналық технологиялардың қазіргі деңгейі қандай мүмкіндік берсе, сондай шамада дерт зардабының жеңілдетілуіне;

6) өзінің денсаулық жағдайы туралы тәуелсіз пікір естуге және консилиум өткізілуіне;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары болады.

2. Пациенттің өз құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін қызметтер, ақылы қызметтердің құны туралы, сондай-ақ олардың ұсынылу тәртібі туралы ақпарат алуға құқығы бар. Пациенттің құқықтары туралы ақпарат медициналық ұйымдардың көрнекі үгіт орналасатын жерлерінде орналастырылуға тиіс.

Медициналық ұйымға түскен кезде пациентке өзіне медициналық қызметтер көрсететін адамдар­дың аты-жөні мен кәсіптік мәртебесі туралы, сондай-ақ медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидалары туралы мәліметтер берілуге тиіс.

3. Медициналық көмек пациенттің ауызша немесе жазбаша хабардар етілген ерікті түрдегі келісімі алынғаннан кейін көрсетілуге тиіс.

4. Пациент медициналық көмек алу кезінде ұсынылатын және баламалы емдеу әдістерінің ықтимал қатері мен артықшылықтары туралы деректерді, емделуден бас тартудың ықтимал сал­дар­лары туралы мәліметтерді, пациентке түсінікті болатын нысандағы диагноз, емдік іс-шаралардың болжамы мен жоспары туралы ақпаратты қоса алғанда, өз денсаулығының жай-күйі туралы толық ақпаратты алуға, сондай-ақ оны үйге шығару немесе басқа медициналық ұйымға ауыстыру себептері туралы түсінік алуына құқығы бар.

5. Пациент өз денсаулығының жай-күйі туралы ақпаратты хабарлау қажет болатын адамды тағайындай алады. Пациенттің ақпарат алудан бас тартуы жазбаша ресімделеді және медициналық құжаттамаға енгізіледі.

6. Егер медициналық аппараттың берілуі пациентке пайдасын тигізбейтіні былай тұрсын, елеулі зиянын да тигізеді деуге кесімді негіз болса ғана ақпарат пациенттен жасырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда осы ақпарат пациенттің жұба­­йына (зайыбына), оның жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне хабарланады.

7. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалық базалары жағдайында медициналық көмек алатын пациенттердің оқу процесіне қатысудан, сондай-ақ емдік-диаг­ностикалық рәсімдердің өткізілуі кезінде үшінші тұлғалардың қатысуынан бас тартуға құқығы бар.

8. Пациенттердің құқықтарын қорғауды ден­саулық сақтау органдары, ұйымдары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

9. Пациенттің медициналық көмек алу кезінде тағайындалған дәрілік зат туралы толық ақпарат алуға құқығы бар.

10. Некелесетін азаматтардың медициналық және медициналық-генетикалық зерттеп-қаралуға құқығы бар.

 

92-бап. Пациенттердің міндеттері

1. Пациент осы Кодекстің 90-бабында көр­сетілген міндеттерден басқа:

1) өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға;

2) медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен сабырлылық көрсетуге;

3) диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажет­­ті бүкіл ақпаратты дәрігерге хабарлауға, меди­ци­налық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға;

4) медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезінде медицина персоналымен ынтамақтастықта болуға;

5) диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік пайда болған жағдайларда, өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлерін уақтылы хабардар етуге;

6) басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер жасамауға;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

2. Осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тар­мақшаларында көрсетілген пациенттердің міндет­тері науқас балаға стационарда күтім жасауды тікелей жүзеге асыратын ата-анасына немесе өзге де адамдарға қолданылады.

  1. Иллюстративті материалдар: слайдтар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]