- •1. Тамақ өнімдерінің құрамындағы бейорганикалық заттар
- •1.2. Минералды заттар
- •2. Тамақ өнімдерінің құрамындағы органикалық заттар
- •2.3. Белок
- •3. Витаминдер
- •3.1. Суда еритін витаминдер.
- •3.2. Майда еритін витаминдер.
- •4. Ферменттер
- •6. Тамақ өнімдерінде жүретін процестер
- •5. Тамақ өнімдерінің құрамындағы басқада қосымша заттар
- •7. Тамақ өнімдерін сақтау тәртібі
- •Пайдаланылған әдебиеттер
7. Тамақ өнімдерін сақтау тәртібі
Тамақ өнімдерін сақтағанда өнім сапасының игеруіне әсер ететін ең басты факторлар температура, ылғалдылық, ауаның газдық құрамы, жарық, микроағзалар және тауарлық көршілер жатады.
Өнімді сақтау температурасы микроағзалардың дамуына үлкен рол атқарады. Температура 20 0С-ге дейін жоғарылағанда өнімде биохимиялық және химиялық процестер жүреді. Өнімді сақтау үшін міндетті түрде қолайлы температура қажет. Көптеген өнімдерде 00С шамасында, құрғақ өнімдерге 14-17 0С. Кенеттен температураның құлауын болдырмау керек.
Ауаның ылғалдылығы тамақ өнімдерін сақтауда бірінші орын алады. Өнімдерді сақтағанда ауаның салыстырмалы ылғалдылығы алынады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын арнайы психрометр және гигрограф аспаптарымен өлшейді.
Сақтаудағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығының өлшемі өнімнің құрамына байланысты. Ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығында (85-95 %) жоғары ылғалдылықтағы өнімдер (жаңа піскен жемістер), ауаның төменгі салыстырмалы ылғалдылығында (65-75 %) құрғақ өнімдер (ұн, қант) сақталады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының өзгерісі өнім сапасының нашарлауына әкеледі. Өте ылғалды ауа тауардың бұзылуына ұшырайды.
Ауаның газдық құрамы өнімнің сақталуына әсер теді. Атмосфералық ауа 78 % азот, 21 % оттегі, 0,03 % көмірқышқыл газынан тұрады. Ауадағы оттегі майдың, эфирлі майдың ашуын төмендетеді.
Өнімді қораптау. Тамақ өнімдерін қораптап сақтайды. Қораптау оларды шаңданудан, механикалық бұзылулардан, жарықтың жағымсыз әсерінен, ылғалдылықтан сақтайды.
Ыдысты әртүрлі материалдардан жасайды. Олар жұмсақ, жартылай қатты және қатты болады. Жұмсақ ыдыстар қаптарды, пакеттерді маталар мен қағаздардан, пергамент пен целлофаннан жасайды. Қазіргі уақытта өнімді қораптауға тағамдық мақсатқа рұқсат етілген полимерлі заттар қолданылады. Шықырлауық картоп, ауалы жүгеріні қаптауға лакталған целлофон; сүт, қаймақ және кефирді қаптауға жұқа парафинирленген картон; ерітілген сырға, қоюландырылған сүтке және томат-пастаға пластмасс құбырлар; балықты сақтауға полиэтиленді банкалар; қаймақ пен ерітілген сырға полистиролдан жасалған стакандар қолданылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Сарлыбаева Л. М., Оспанова Б.М. Азық - түлік өнімдерінің жалпы технологиясы : технология мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы, Павлодар: Кереку, 2012. – 98 б.
2. Қасымов Самат Қайратұлы. «Азық-түлік өнімдері технологиясының негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар , Семей: УМКД 042-18-7.1.02/03-2013. – 112 бет.
3. Қасымов Самат Қайратұлы. «Тауартану негіздері» оқу-әдістемелік материалдары, Семей: ПОӘК 042-14.-1.-03.01.20.22/03-2011 – 76 бет.
4. Назаров Н. И. «Общая технология пищевых производств» - М.: «Легкая и пищевая промышленность», 1981. – 360 с.
5. Кругляков Г.Н., Круглякова Г.В. Товароведение продовольственных товаров: Учебник – Ростов н/Д: изд. Центр «МарТ», 1999. – 448 с.
6. Матюхина З.П., Королькова Э.П. Товароведение пищевых продуктов: Учебник. – 2-е изд. –М.: ИРПО; Изд. Центр «Академия», 2000. – 272 с.
7. Ковальская Л. П., Шуб И. С., Мелькина Г. М. и др. Технология пищевых производств/ Под ред. Л. П. Ковальской. – М.: Колос, 1997. – 752 с.
