- •6. Адам генетикасының зерттеу әдістері: генеологиялық, егіздік, цитогенетикалық, биохимиялық, популяциялық әдістерді сипаттап, мысал келтіріңіз.
- •7. Ажыраудың статистикалық сипатын көрсетіңіз. Гендердің толық көрінбеуімен дифференциалды өлімге байланысты шағылыстыру кезіндегі ажырау қатынастарының ауытқу себебін дәлелдеңіз.
- •8. Айқасудың цитологиялық талдауын сызба түрінде дәлелдеңіз. Айқасулар. Интерференция, коинциденцияның бір бірінен айырмашылығын сипаттаңыз.
- •10.Аллельдер. Аллельдердің өзара әсерінің: толық доминанттылық, толымсыз доминанттылық, коодоминанттылық түрлерін сипаттап және салыстырмалы түрде айырмашылықтарын дәлелдеңіз.
- •11.Аллельді емес гендердің өзара әсерінің типтеріне анықтама беріңіз. Комплементарлы және эпистазды гендердің өзара әсеріне келтіріңіз.
- •12.Анеуполиплоидтар: нуллисомиктер, моносомиктер, полисомиктер. Олардың бір-бірінен ерекшеліктерін мен себептерін көрсетіңіз.
- •18. Балалары а және в тобына, ал, шешесі ав қан тобына жатады. Осы балалардың әкесінің қан тобы қай топқа жатуы мүмкін? Барлық жанұя мүшелерінің генотиптерін анықтауға болады ма?
- •19. Белгілердің тәуелсіз тұқым қуалауының цитологиялық негізін сипаттаңыз. Тұқым қуалаудың дискреттілігін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •25. Геномдық мутациялар және олардың жіктелуін көрсетіңіз. Полиплоидия, аллополиплоидия. Олардың практикада қолдану ерекшеліктерін атаңыз.
- •24. Гендік мутацияға сипаттама беріңіз. Гендік мутацияның түрлерін және пайда болу механизмін сызба түрінде көрсетіңіз.
- •26. Гендердің плейотропты әсері. Пенетранттылық. Және экспрессивтіліктің бір-бірінен айырмашылығын көрсетіңіз. Модификаторлы гендерді сипаттаңыз.
- •27. Генетиканың негізгі міндеттері. Негізгі генетикалық ұғымдар, терминдер, символика. Шағылыстыру ережесін нақты мысалдармен көрсетіңіз.
- •28. Генетика пәнінің мақсаты мен міндеттерін сипаттаңыз. Генетика пәнінің зерттеу әдістері мен объектісі, басқа ғылымдармен байланысын, практикалық және теориялық маңызын көрсетіңіз.
- •38. Жынысты алдын-ала анықталу және жынысты анықтаудың хромосомалық типтерін көрсетіңіз және мысал келтіріңіз. Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауына мысал келтіріңіз.
- •40. Жынысты анықтаудың баланстық теориясының механизмін түсіндіріңіз. Жыныс хроматині. Гинандроморфизмнің пайда болу себебін көрсетіңіз.
- •41. Жынысты анықтауда сыртқы ортаның рөлін көрсетіңіз. Жыныспен тіркесіп тұқым қуалайтын ауруларды атап көрсетіңіз және себебін түсіндіріңіз.
- •43. Кроссинговер. Хромосомалардың айқасуының генетикалық дәлелдемесін нақты мысалдармен келтіре отырып, дәлелдеңіз және себебін түсіндіріңіз.
- •44. Кроссинговерге әсер етуші факторларды атап көрсетіңіз.
- •45. Көп аллельдiлiк және қан тобын анықтау генетикасын түсіндіріңіз. Көп аллельділікті мысалдар келтіру арқылы дәлелдеңіз.
- •51. Моно- және дигибридті будандастыру дегеніміз не? Моно- және дигибридті будандастыруға талдаушы будандастыру арқылы мысал келтіріп, салыстырыңыз.
- •52. Моногибридті шағылыстыру. Мендельдің моногибридті шағылыстыруды талдау барысында белгілердің негізгі тұқымқуалау заңдылықтарына нақты мысалдар арқылы Мендель заңдылықтарын дәлелдеңіз.
- •53. Митоз, мейоз кезеңдері. Мейоздың биологиялық маңызын сызба түрінде көрсетіңіз.
- •54. Митохондриялы тұқым қуалауға нақты мысалдар келтіре отырып, дәлелдеңіз.
- •55. Мутациялық өзгергіштік. Мутация типтерін нақты мысалдар арқылы сипаттаңыз.
- •56. Негізгі объект - дрозофиланың биологиясы, морфологиясы және көбеюіне анықтама беріңіз, сызба түрінде тәжірибеде қолданылатын мутантты линияларды сипаттаңыз.
- •57. Пластидті тұқымқуалау мен өзгергіштік типтері. Цитоплазмалық аналық алдын-ала жобалауы. Олардың практикадағы маңызын сипаттаңыз.
- •62. Полимерлі гендердің өзара әсерін түсіндіріңіз және мысал келтіре отырып дәлелдеңіз. Кумулятивті және кумулятивті емес полимерияны мысалмен фенотиптік ажырау қатынасының айырмашылығын көрсетіңіз.
- •63. Популяцияның генетикалық құрылымын анықтаудағы Харди-Вайнберг заңының маңызын түсіндіріп, мысал келтіре отырып дәлелдеңіз.
- •64. Популяцияның қалыптасудағы эволюциялық факторлары: гендер дрейфі, миграция, сұрыпталу, мутацияның популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруіне әсерін көрсетіңіз.
- •65. Популяциядағы аурудың кездесуі I адамға шаққанда 400 адам болып келеді. Популяциядағы ауру тасымалдаушылардың пайызын және әртүрлі генотиптердін жиілігін анықтаңыз.
- •66. Өзгергіштік және оның заңдылықтары. Өзгергіштікті жіктеуді сызба түрінде көрсетіңіз.
- •68. Өсімдік және жануарлар селекциясының ерекшеліктері мен ұқсастықтарын атап көрсетіңіз және сипаттаңыз.
- •70. Сорт туралы ұғым. Сорттарды шығару. Сортты өзгерту және тазарту. Гибрид, гибридті тегі мен сорт туралы ұғым. Гетерозис, практикада қолданудың ерекшелігін сипаттаңыз.
- •71. Селекция ғылым ретінде, оның міндеттері, оның басқа ғылымдармен байланысы. Жалпылама және жекелей сұрыптау. Жаңа сорттар шығару үшін будандастырудың маңызын мысал арқылы дәлелдеңіз.
- •72. Табиғи (спонтанды) және жасанды (индукциялық) мутациялардың сипаттаңыз. Генеративті және соматикалық мутациялар. Модификация және норма реакциясына мысал келтіріңіз.
- •73. Талдаушы және қайыра шағылыстыру арасындағы айырмашылықты нақты мысалдармен көрсетіңіз және оның генетикалық талдаудағы маңызын дәлелдеңіз.
- •74. Тең емес кроссинговердің пайда болу себебін көрсетіңіз. Соматикалық және мейоздық кроссинговер және олардың айырмашылықтарын сипаттаңыз.
- •75. Тіркесе тұқым қуалау құбылысы және оны талдау әдісі. Тіркесу тобы және хромосомалар тіркесу тобын анықтауына мысал келтіріңіз.
- •76. Тіркесу топтарын анықтау. Гендерді локализациялау. Хромосомалардың генетикалық қатарына анықтама беріңіз және тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясының қағидаларын атаңыз.
- •77. Төменде талдаушы будандастырудан алынған нәтижелер берілген.
- •78. Түн аруы өсімдігінің гүлдері қызыл түсті өсімдіктерін өзара будандастырудан қызыл түсті, ал ақ түрлерін өзара будандастырудан ақ
- •79. Тұқым қуалайтын аурулардың диагностикасы және оларды емдеудің маңызын көрсетіңіз. Медицина-генетикалық кеңес беруді қолдану ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •80. Тұқым қуалаушылықтың цитологиялық және материалдық негіздерін сипаттаңыз. Хромосомалардың саны мен құрылысына
- •85. Хромосомалардың бірінші және екінші реттік ажырамауын сипаттаңыз. Дрозофиладағы ақ және қызыл көзділік белгілері бойынша хромосомалардың дұрыс ажырамауына мысал келтіріңіз.
- •86. Химиялық және радиациялық мутацияны сипаттаңыз. Осы мутация түрлерін практикада қолданудың маңыздылығы мен зияндылығын көрсетіңіз.
- •87. Ядродан тыс тұқым қуалау дегеніміз не? Пластидті және митохондриялық тұқым қуалаудың ұқсастықтары мен айырмашылығын сипаттаңыз.
80. Тұқым қуалаушылықтың цитологиялық және материалдық негіздерін сипаттаңыз. Хромосомалардың саны мен құрылысына
сипаттама беріңіз.
Клетка - тiршiлiктiң негiзi, яғни ол тiрi материяның құрылымды - функционалдық байланысының универсалды бiрлiгi болып табылады. Хромосомалар - құрамында тұқым қуалау бiрлiктерi немесе гендерi бар таяқша тәрiздес денешiктер. Клеткалардың бөлiнулерi аралығында хромосомалар ұзын, өте нәзiк хроматин жiпшелерiне айналады. Ақпарат - хромосомалардың құрамына кiретiн оның ең маңызды бөлiгi - ДНҚ молекулаларында жазылған. Әрбiр хромосома хромонема деп аталатын ДНҚ жiпшесiнен тұрады, ол жiпшенiң бойында тiзiлген моншақ сияқты құрылымдар - хромомерлер орналасқан. Хромосоманың мiндеттi түрде болатын құрылым ерекшелiгiне бiрiншi бунақталу (перетяжка) жатады, ол хромосоманы екi бөлiкке бөледi. Бiрiншi бунақталудың iшiнде ерекше түзiлiс - центромера болады. Егер центромера хромосо-маның ортасында орналасса және хромосоманы тең екi иыққа бөлсе, онда хромосоманың құрылымы X-тәрiздес болады, оны метацентрлi хромосома деп атайды. Центромера хромосоманы тең екi иыққа бөлмесе, ондай хромосомаларды акроцентрлi хромосомалар деп атайды. Егер центромера хромосоманың ұшына өте жақын орналасса және хромосома иықтарының бiреуi ғана анық көрiнсе, оны телоцентрлi хромосома деп атайды. Жыныс клеткаларындағы хромосомалардың саны гаплоидты деп аталады және «n» белгiсi арқылы белгiленедi. Көп клеткалы организм денесiнiң сомалық клеткаларында хромосомалардың саны екi есе көп болады, және оны диплоидты деп атайды (2n). Морфологиясы, құрылысы және көлемi бiрдей жұп хромосомаларды гомологты немесе ұқсас хромосомалар деп атайды. Гомологты хромосомалардың әр жұбының бiреуi аналық, екiншiсi аталық организмнен келедi. Әр түрге тән хромосомалар жиынтығының ерекшелiктерi - хромосомалардың саны, көлемi және формасы (пiшiнi) оның кариотипi деп аталады.
81. Үшгетерозиготалы организмдерде жүргізілген талдаушы будандастырудан алынған ұрпақтарға генетикалық талдау жүргізіңіздер.
АВС – 255, АВс – 20, АbС – 128, Аbс – 124,
аВС - 136, аВс – 140, аbС – 28, аbс – 266.
Жауабы: Барлығы: 1097 АВ-48,1%; ВС-28,8%; АС-28,1%; (AC+BC)-AB= 8.8(тәжірибе) (ABc+abC)/1097*100=4.4(теория) С=4.4/8.8=0.5 интерференция дұрыс жүрген
82. Үш белгісі бойынша гетерозиготалы (АаВbСс) дараларды талдаушы будандастыру кезінде алынған нәтижелерге аbс – 2, AВc - 6, аbС – 4, AbC – 92, аВс – 96, Abc – 136, аВС – 144 генетикалық талдау жүргізіңіздер.
Жауабы: Барлығы 480; АВ-97,5%; ВС-41,2%; АС-60,4 %; (AC+BC)-AB= 4,1(тәжірибе) (ABc+abC)/480*100=2,1(теория) С=2,1/4,1=0.5 интерференция дұрыс жүрген
83. Хош иісті бұршақ өсімдіктерінің гүлдері ақ, сабақтары қалыпты және қысқа өсімдіктерін өзара будандастырғанда, F1 ұрпағындағы барлық өсімдіктердің гүлдерінің түсі сұр және сабақтары қалыпты болған. Ал, екінші ұрпақта: 415 сұр, қалыпты; 140 сұр, қысқа; 350 ақ, қалыпты; 95 ақ, қысқа өсімдіктерге ажыраған. Белгі қалай тұқым қуалайды? Талдаушы шағылыстыру жүргізу үшін, қандай өсімдікті анализатор ретінде алуға болады?
Жауабы: Бастапқы өсімд генотипі ААввСС*ааВВсс F1- гүл түсі б/ша комплементарлы Ф 9:7; сабақ ұз 1 жұп белгісі б/ша Ф 3:1
84. Хромосомалық мутациялар. Хромосома аралық және хромосома ішілік құрылымдардың түрлерін көрсетіңіз және пайда болу себептерін дәлелдеңіз.
Генетикалық материалдың өзгеруіне гендік мутациямен қатар хромосомалық мутация да жатады. Оны хромосомалық өзгерістер немесе аберрациялар деп атайды. Бұл жағдайда кариотиптегі хромосомалардың құрылымы өзгереді. Аберрациялар хромосома ішілік және хромосома аралық болып келеді.
Хромосома ішілік өзгерістерге мыналар жатады: дефишенсия – хромосома ұштарының жетіспеушілігі; делеция – хромосоманың бір бөлігінің үзіліп түсіп қалуы; инверсия – хромосома бөлігінің 1800 –қа бұрылуына байланысты гендердің орналасу ретінің өзгеруі; дупликация-хром/ң 1 бөлігінің қайталануы
Хромосома аралық өзгерістерге хромосоманың бір бөлігінің басқа бір оған гомологты емес хромосомамен ауысып кетуі жатады оны транслокация деп атайды.
Хромосомалық мутацияда транспозиция – генетикалық материалдың шағын бір бөлігінде орналасқан гендер шоғырының өзгерісі ерекше орын алады. Транспозиция гомологты емес хромосомалардың арасында немесе бір хромосоманың өзінде жүруі мүмкін. Сондықтан ол хромосома ішілік және хромосома аралық өзгерістердің аралығында жатады.
Цитологиялық тұрғыдан алғанда аберрацияны хромосомалық және хромотидтік деп бөледі. Бұлайша жіктеу хромосоманың өзгеру уақытына яғни репликацияға дейін немесе одан кейін жүзеге асуына байланысты болады.
Хромосомалық аберрацияны зерттеуде цитологиялық және генетикалық әдістерді ұштастыру шешуші орын алады. Хромосомалардың құрылымының өзгеруін зерттеу үшін мейоздық профаза қолайлы болып есептеледі. Себебі ол кезде хромосомалар коньюгацияланады. Бұл мақсатта политенді (алып) хромосомаларды да пайдалануға болады.
Хромосомалық аберрацияның негізінде әртүрлі фенотиптік өзгерістер пайда болады.
