- •6. Адам генетикасының зерттеу әдістері: генеологиялық, егіздік, цитогенетикалық, биохимиялық, популяциялық әдістерді сипаттап, мысал келтіріңіз.
- •7. Ажыраудың статистикалық сипатын көрсетіңіз. Гендердің толық көрінбеуімен дифференциалды өлімге байланысты шағылыстыру кезіндегі ажырау қатынастарының ауытқу себебін дәлелдеңіз.
- •8. Айқасудың цитологиялық талдауын сызба түрінде дәлелдеңіз. Айқасулар. Интерференция, коинциденцияның бір бірінен айырмашылығын сипаттаңыз.
- •10.Аллельдер. Аллельдердің өзара әсерінің: толық доминанттылық, толымсыз доминанттылық, коодоминанттылық түрлерін сипаттап және салыстырмалы түрде айырмашылықтарын дәлелдеңіз.
- •11.Аллельді емес гендердің өзара әсерінің типтеріне анықтама беріңіз. Комплементарлы және эпистазды гендердің өзара әсеріне келтіріңіз.
- •12.Анеуполиплоидтар: нуллисомиктер, моносомиктер, полисомиктер. Олардың бір-бірінен ерекшеліктерін мен себептерін көрсетіңіз.
- •18. Балалары а және в тобына, ал, шешесі ав қан тобына жатады. Осы балалардың әкесінің қан тобы қай топқа жатуы мүмкін? Барлық жанұя мүшелерінің генотиптерін анықтауға болады ма?
- •19. Белгілердің тәуелсіз тұқым қуалауының цитологиялық негізін сипаттаңыз. Тұқым қуалаудың дискреттілігін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •25. Геномдық мутациялар және олардың жіктелуін көрсетіңіз. Полиплоидия, аллополиплоидия. Олардың практикада қолдану ерекшеліктерін атаңыз.
- •24. Гендік мутацияға сипаттама беріңіз. Гендік мутацияның түрлерін және пайда болу механизмін сызба түрінде көрсетіңіз.
- •26. Гендердің плейотропты әсері. Пенетранттылық. Және экспрессивтіліктің бір-бірінен айырмашылығын көрсетіңіз. Модификаторлы гендерді сипаттаңыз.
- •27. Генетиканың негізгі міндеттері. Негізгі генетикалық ұғымдар, терминдер, символика. Шағылыстыру ережесін нақты мысалдармен көрсетіңіз.
- •28. Генетика пәнінің мақсаты мен міндеттерін сипаттаңыз. Генетика пәнінің зерттеу әдістері мен объектісі, басқа ғылымдармен байланысын, практикалық және теориялық маңызын көрсетіңіз.
- •38. Жынысты алдын-ала анықталу және жынысты анықтаудың хромосомалық типтерін көрсетіңіз және мысал келтіріңіз. Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауына мысал келтіріңіз.
- •40. Жынысты анықтаудың баланстық теориясының механизмін түсіндіріңіз. Жыныс хроматині. Гинандроморфизмнің пайда болу себебін көрсетіңіз.
- •41. Жынысты анықтауда сыртқы ортаның рөлін көрсетіңіз. Жыныспен тіркесіп тұқым қуалайтын ауруларды атап көрсетіңіз және себебін түсіндіріңіз.
- •43. Кроссинговер. Хромосомалардың айқасуының генетикалық дәлелдемесін нақты мысалдармен келтіре отырып, дәлелдеңіз және себебін түсіндіріңіз.
- •44. Кроссинговерге әсер етуші факторларды атап көрсетіңіз.
- •45. Көп аллельдiлiк және қан тобын анықтау генетикасын түсіндіріңіз. Көп аллельділікті мысалдар келтіру арқылы дәлелдеңіз.
- •51. Моно- және дигибридті будандастыру дегеніміз не? Моно- және дигибридті будандастыруға талдаушы будандастыру арқылы мысал келтіріп, салыстырыңыз.
- •52. Моногибридті шағылыстыру. Мендельдің моногибридті шағылыстыруды талдау барысында белгілердің негізгі тұқымқуалау заңдылықтарына нақты мысалдар арқылы Мендель заңдылықтарын дәлелдеңіз.
- •53. Митоз, мейоз кезеңдері. Мейоздың биологиялық маңызын сызба түрінде көрсетіңіз.
- •54. Митохондриялы тұқым қуалауға нақты мысалдар келтіре отырып, дәлелдеңіз.
- •55. Мутациялық өзгергіштік. Мутация типтерін нақты мысалдар арқылы сипаттаңыз.
- •56. Негізгі объект - дрозофиланың биологиясы, морфологиясы және көбеюіне анықтама беріңіз, сызба түрінде тәжірибеде қолданылатын мутантты линияларды сипаттаңыз.
- •57. Пластидті тұқымқуалау мен өзгергіштік типтері. Цитоплазмалық аналық алдын-ала жобалауы. Олардың практикадағы маңызын сипаттаңыз.
- •62. Полимерлі гендердің өзара әсерін түсіндіріңіз және мысал келтіре отырып дәлелдеңіз. Кумулятивті және кумулятивті емес полимерияны мысалмен фенотиптік ажырау қатынасының айырмашылығын көрсетіңіз.
- •63. Популяцияның генетикалық құрылымын анықтаудағы Харди-Вайнберг заңының маңызын түсіндіріп, мысал келтіре отырып дәлелдеңіз.
- •64. Популяцияның қалыптасудағы эволюциялық факторлары: гендер дрейфі, миграция, сұрыпталу, мутацияның популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруіне әсерін көрсетіңіз.
- •65. Популяциядағы аурудың кездесуі I адамға шаққанда 400 адам болып келеді. Популяциядағы ауру тасымалдаушылардың пайызын және әртүрлі генотиптердін жиілігін анықтаңыз.
- •66. Өзгергіштік және оның заңдылықтары. Өзгергіштікті жіктеуді сызба түрінде көрсетіңіз.
- •68. Өсімдік және жануарлар селекциясының ерекшеліктері мен ұқсастықтарын атап көрсетіңіз және сипаттаңыз.
- •70. Сорт туралы ұғым. Сорттарды шығару. Сортты өзгерту және тазарту. Гибрид, гибридті тегі мен сорт туралы ұғым. Гетерозис, практикада қолданудың ерекшелігін сипаттаңыз.
- •71. Селекция ғылым ретінде, оның міндеттері, оның басқа ғылымдармен байланысы. Жалпылама және жекелей сұрыптау. Жаңа сорттар шығару үшін будандастырудың маңызын мысал арқылы дәлелдеңіз.
- •72. Табиғи (спонтанды) және жасанды (индукциялық) мутациялардың сипаттаңыз. Генеративті және соматикалық мутациялар. Модификация және норма реакциясына мысал келтіріңіз.
- •73. Талдаушы және қайыра шағылыстыру арасындағы айырмашылықты нақты мысалдармен көрсетіңіз және оның генетикалық талдаудағы маңызын дәлелдеңіз.
- •74. Тең емес кроссинговердің пайда болу себебін көрсетіңіз. Соматикалық және мейоздық кроссинговер және олардың айырмашылықтарын сипаттаңыз.
- •75. Тіркесе тұқым қуалау құбылысы және оны талдау әдісі. Тіркесу тобы және хромосомалар тіркесу тобын анықтауына мысал келтіріңіз.
- •76. Тіркесу топтарын анықтау. Гендерді локализациялау. Хромосомалардың генетикалық қатарына анықтама беріңіз және тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясының қағидаларын атаңыз.
- •77. Төменде талдаушы будандастырудан алынған нәтижелер берілген.
- •78. Түн аруы өсімдігінің гүлдері қызыл түсті өсімдіктерін өзара будандастырудан қызыл түсті, ал ақ түрлерін өзара будандастырудан ақ
- •79. Тұқым қуалайтын аурулардың диагностикасы және оларды емдеудің маңызын көрсетіңіз. Медицина-генетикалық кеңес беруді қолдану ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •80. Тұқым қуалаушылықтың цитологиялық және материалдық негіздерін сипаттаңыз. Хромосомалардың саны мен құрылысына
- •85. Хромосомалардың бірінші және екінші реттік ажырамауын сипаттаңыз. Дрозофиладағы ақ және қызыл көзділік белгілері бойынша хромосомалардың дұрыс ажырамауына мысал келтіріңіз.
- •86. Химиялық және радиациялық мутацияны сипаттаңыз. Осы мутация түрлерін практикада қолданудың маңыздылығы мен зияндылығын көрсетіңіз.
- •87. Ядродан тыс тұқым қуалау дегеніміз не? Пластидті және митохондриялық тұқым қуалаудың ұқсастықтары мен айырмашылығын сипаттаңыз.
85. Хромосомалардың бірінші және екінші реттік ажырамауын сипаттаңыз. Дрозофиладағы ақ және қызыл көзділік белгілері бойынша хромосомалардың дұрыс ажырамауына мысал келтіріңіз.
Будандастырылуларда белгiлердiң берiлу заңдылықтарының мейоз бен ұрықтану кезiндегi хромосомалардың сипатына сәйкес келуi - гендер хромосомаларда орналасқан деген қорытындыға әкелдi. Жыныспен тiркескен тұқым қуалауды да осы негiзде жақсы түсiнуге болатындығы, бұл қорытындының нанымдылығын арттыра түсті.
Мұның дұрыстығы, дрозофиладағы жыныс хромосомалардың ажырамау құбылысын зерттегенде, тағы да дәлелдендi.
Жоғарыда айтылғандай, дрозофиланың ақ көздi аналықтарын қызыл көздi аталығымен шағылыстырса, F1-дегi аналық ұрпақтардың барлығы қызыл көздi, ал анасынан алған жалғыз Х-хромосомасы бар аталықтардың барлығы ақ көздi болады. Бiрақ осындай шағылысулардан алынған екi-үш мың ұрпақтар iшiнде бiрен-саран «ерекше» дарабастар ақ көздi аналық немесе қызыл көздi аталық кездеседi. Бұл «ерекше» дарабастардың пайда болуын былайша түсiндiруге болады. Мейоз кезiнде «ерекше» дарабастардың анасының екi Х-хромосомасы әр полюске ажыраудың орнына, кездейсоқ не бiр жұмыртқаға түседi немесе екеуi де полярлы денешiкке кетедi, яғни Х-хромосомалардың гаметаларға ажырамау процесi өтедi. Нәтижесiнде ақ көздi аналықта әдеттегiден өзгеше жұмыртқаның екi түрi: ХХ-хромосомасы бар және ешбiр Х-хромосомасы жоқ жұмыртқалар пайда болады. Осындай жұмыртқалардың әрқайсысы не Х-хромосомалы спермиймен немесе У-хромосомалы спермиймен ұрықтана алады, бұдан зиготалардың төрт типi пайда болуы мүмкiн: 1) ХХХ-хромосомалы; 2) ХХУ-хромосомалы; 3) Х-хромосомалы; 4) жалғыз У-хромосомалы.
«Ерекше» дарабастарды цитологиялық әдiстермен зерттегенде, F1-дiң «ерекше» ақ көздi аналықтарында екi Х-хромосомаларына қосымша У-хромосомасы бар болып шықты, ал «ерекше» қызыл көздi аталықтарында бiр Х-хромосома бар, бiрақ аталықтарына тән У-хромосома жоқ болып шықты. Жыныс хромосомаларының бiрiншi реттiк ажырамауы нәтижесiнде пайда болған «ерекше» аталықтардың барлық сыртқы белгiлерi аталыққа тән, бiрақ олар ұрпақ бермейтiн бедеулер болады. Ал бұл дрозофиланың У-хромосомасында жынысты анықтайтын гендердiң жоқ екендiгiн, тек қана аталықтардың өсiмталдығын қамтамасыз ететiн гендердiң болатындығын көрсетедi.
«Ерекше» аналықтар ХХY, керiсiнше, өсiмтал, бiрақ жыныс хромосомаларының мейоздық ажырауы кәдiмгi аналықтардан ХХ өзгеше етедi. Мұндай «ерекше» аналықтардың Х-хромосомалары бiр-бiрiмен жиiрек коньюгацияланады және әр полюстарға кетедi. Ал У-хромосома коньюгацияға қатыспайды және жас ядролар арасында кездейсоқ таралады, нәтижесiнде жұмыртқалардың бiрдей мөлшерде екi сорты пайда болады: жартысының Х-хромосомасы, ал жартысының Х-хромосомасы және У-хромосомасы болады. Мұнымен қоса шамамен 8 жағдайда Х-хромосомалардың бiреуiмен У-хромосома арасында коньюгация жүредi және онда Х-хромосомалар екiншi рет кездейсоқ таралады, нәтижесiнде жұмыртқалардың тағы да екi сорты пайда болады: ХХ-хромосомасы бар жұмыртқалар және Х-хромосомасы жоқ, бiрақ У-хромосомасы бар жұмыртқалар.Бұл құбылыс жыныс хромосомаларының екiншi реттiк ажырамауы деп аталады.
