- •6. Адам генетикасының зерттеу әдістері: генеологиялық, егіздік, цитогенетикалық, биохимиялық, популяциялық әдістерді сипаттап, мысал келтіріңіз.
- •7. Ажыраудың статистикалық сипатын көрсетіңіз. Гендердің толық көрінбеуімен дифференциалды өлімге байланысты шағылыстыру кезіндегі ажырау қатынастарының ауытқу себебін дәлелдеңіз.
- •8. Айқасудың цитологиялық талдауын сызба түрінде дәлелдеңіз. Айқасулар. Интерференция, коинциденцияның бір бірінен айырмашылығын сипаттаңыз.
- •10.Аллельдер. Аллельдердің өзара әсерінің: толық доминанттылық, толымсыз доминанттылық, коодоминанттылық түрлерін сипаттап және салыстырмалы түрде айырмашылықтарын дәлелдеңіз.
- •11.Аллельді емес гендердің өзара әсерінің типтеріне анықтама беріңіз. Комплементарлы және эпистазды гендердің өзара әсеріне келтіріңіз.
- •12.Анеуполиплоидтар: нуллисомиктер, моносомиктер, полисомиктер. Олардың бір-бірінен ерекшеліктерін мен себептерін көрсетіңіз.
- •18. Балалары а және в тобына, ал, шешесі ав қан тобына жатады. Осы балалардың әкесінің қан тобы қай топқа жатуы мүмкін? Барлық жанұя мүшелерінің генотиптерін анықтауға болады ма?
- •19. Белгілердің тәуелсіз тұқым қуалауының цитологиялық негізін сипаттаңыз. Тұқым қуалаудың дискреттілігін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •25. Геномдық мутациялар және олардың жіктелуін көрсетіңіз. Полиплоидия, аллополиплоидия. Олардың практикада қолдану ерекшеліктерін атаңыз.
- •24. Гендік мутацияға сипаттама беріңіз. Гендік мутацияның түрлерін және пайда болу механизмін сызба түрінде көрсетіңіз.
- •26. Гендердің плейотропты әсері. Пенетранттылық. Және экспрессивтіліктің бір-бірінен айырмашылығын көрсетіңіз. Модификаторлы гендерді сипаттаңыз.
- •27. Генетиканың негізгі міндеттері. Негізгі генетикалық ұғымдар, терминдер, символика. Шағылыстыру ережесін нақты мысалдармен көрсетіңіз.
- •28. Генетика пәнінің мақсаты мен міндеттерін сипаттаңыз. Генетика пәнінің зерттеу әдістері мен объектісі, басқа ғылымдармен байланысын, практикалық және теориялық маңызын көрсетіңіз.
- •38. Жынысты алдын-ала анықталу және жынысты анықтаудың хромосомалық типтерін көрсетіңіз және мысал келтіріңіз. Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауына мысал келтіріңіз.
- •40. Жынысты анықтаудың баланстық теориясының механизмін түсіндіріңіз. Жыныс хроматині. Гинандроморфизмнің пайда болу себебін көрсетіңіз.
- •41. Жынысты анықтауда сыртқы ортаның рөлін көрсетіңіз. Жыныспен тіркесіп тұқым қуалайтын ауруларды атап көрсетіңіз және себебін түсіндіріңіз.
- •43. Кроссинговер. Хромосомалардың айқасуының генетикалық дәлелдемесін нақты мысалдармен келтіре отырып, дәлелдеңіз және себебін түсіндіріңіз.
- •44. Кроссинговерге әсер етуші факторларды атап көрсетіңіз.
- •45. Көп аллельдiлiк және қан тобын анықтау генетикасын түсіндіріңіз. Көп аллельділікті мысалдар келтіру арқылы дәлелдеңіз.
- •51. Моно- және дигибридті будандастыру дегеніміз не? Моно- және дигибридті будандастыруға талдаушы будандастыру арқылы мысал келтіріп, салыстырыңыз.
- •52. Моногибридті шағылыстыру. Мендельдің моногибридті шағылыстыруды талдау барысында белгілердің негізгі тұқымқуалау заңдылықтарына нақты мысалдар арқылы Мендель заңдылықтарын дәлелдеңіз.
- •53. Митоз, мейоз кезеңдері. Мейоздың биологиялық маңызын сызба түрінде көрсетіңіз.
- •54. Митохондриялы тұқым қуалауға нақты мысалдар келтіре отырып, дәлелдеңіз.
- •55. Мутациялық өзгергіштік. Мутация типтерін нақты мысалдар арқылы сипаттаңыз.
- •56. Негізгі объект - дрозофиланың биологиясы, морфологиясы және көбеюіне анықтама беріңіз, сызба түрінде тәжірибеде қолданылатын мутантты линияларды сипаттаңыз.
- •57. Пластидті тұқымқуалау мен өзгергіштік типтері. Цитоплазмалық аналық алдын-ала жобалауы. Олардың практикадағы маңызын сипаттаңыз.
- •62. Полимерлі гендердің өзара әсерін түсіндіріңіз және мысал келтіре отырып дәлелдеңіз. Кумулятивті және кумулятивті емес полимерияны мысалмен фенотиптік ажырау қатынасының айырмашылығын көрсетіңіз.
- •63. Популяцияның генетикалық құрылымын анықтаудағы Харди-Вайнберг заңының маңызын түсіндіріп, мысал келтіре отырып дәлелдеңіз.
- •64. Популяцияның қалыптасудағы эволюциялық факторлары: гендер дрейфі, миграция, сұрыпталу, мутацияның популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруіне әсерін көрсетіңіз.
- •65. Популяциядағы аурудың кездесуі I адамға шаққанда 400 адам болып келеді. Популяциядағы ауру тасымалдаушылардың пайызын және әртүрлі генотиптердін жиілігін анықтаңыз.
- •66. Өзгергіштік және оның заңдылықтары. Өзгергіштікті жіктеуді сызба түрінде көрсетіңіз.
- •68. Өсімдік және жануарлар селекциясының ерекшеліктері мен ұқсастықтарын атап көрсетіңіз және сипаттаңыз.
- •70. Сорт туралы ұғым. Сорттарды шығару. Сортты өзгерту және тазарту. Гибрид, гибридті тегі мен сорт туралы ұғым. Гетерозис, практикада қолданудың ерекшелігін сипаттаңыз.
- •71. Селекция ғылым ретінде, оның міндеттері, оның басқа ғылымдармен байланысы. Жалпылама және жекелей сұрыптау. Жаңа сорттар шығару үшін будандастырудың маңызын мысал арқылы дәлелдеңіз.
- •72. Табиғи (спонтанды) және жасанды (индукциялық) мутациялардың сипаттаңыз. Генеративті және соматикалық мутациялар. Модификация және норма реакциясына мысал келтіріңіз.
- •73. Талдаушы және қайыра шағылыстыру арасындағы айырмашылықты нақты мысалдармен көрсетіңіз және оның генетикалық талдаудағы маңызын дәлелдеңіз.
- •74. Тең емес кроссинговердің пайда болу себебін көрсетіңіз. Соматикалық және мейоздық кроссинговер және олардың айырмашылықтарын сипаттаңыз.
- •75. Тіркесе тұқым қуалау құбылысы және оны талдау әдісі. Тіркесу тобы және хромосомалар тіркесу тобын анықтауына мысал келтіріңіз.
- •76. Тіркесу топтарын анықтау. Гендерді локализациялау. Хромосомалардың генетикалық қатарына анықтама беріңіз және тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясының қағидаларын атаңыз.
- •77. Төменде талдаушы будандастырудан алынған нәтижелер берілген.
- •78. Түн аруы өсімдігінің гүлдері қызыл түсті өсімдіктерін өзара будандастырудан қызыл түсті, ал ақ түрлерін өзара будандастырудан ақ
- •79. Тұқым қуалайтын аурулардың диагностикасы және оларды емдеудің маңызын көрсетіңіз. Медицина-генетикалық кеңес беруді қолдану ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •80. Тұқым қуалаушылықтың цитологиялық және материалдық негіздерін сипаттаңыз. Хромосомалардың саны мен құрылысына
- •85. Хромосомалардың бірінші және екінші реттік ажырамауын сипаттаңыз. Дрозофиладағы ақ және қызыл көзділік белгілері бойынша хромосомалардың дұрыс ажырамауына мысал келтіріңіз.
- •86. Химиялық және радиациялық мутацияны сипаттаңыз. Осы мутация түрлерін практикада қолданудың маңыздылығы мен зияндылығын көрсетіңіз.
- •87. Ядродан тыс тұқым қуалау дегеніміз не? Пластидті және митохондриялық тұқым қуалаудың ұқсастықтары мен айырмашылығын сипаттаңыз.
86. Химиялық және радиациялық мутацияны сипаттаңыз. Осы мутация түрлерін практикада қолданудың маңыздылығы мен зияндылығын көрсетіңіз.
Мутация — генетикалық материалдың кенеттен табиғи немесе жасанды түрде өзгеруі салдарынан, организмнің қандай да бір тұқым қуалайтын белгілерінің өзгеруі. Табиғи өзгерістер (гендегі және хромосомадагы) физикалық және химиялық әсер ету арқылы пайда болады. Мутагендер — мутацияның жүруіне әсер ететін заттар. Мутагендерге әсер етуші сыртқы әсерлер физикалық, химиялық және биологиялық (вирустар) факторлар тірі организмдерге әсер етіп мутация жиілігін (әжептәуір жоғарылатады) және спонтандық мутация деңгейін әжептәуір жоғарылатады.
Физикалық мутагендерге иондық сәулелердіқ барлық түрлері (гамма және рентген сәулесі, протон, нейтрон, т.б.) ультракүлгін сәулелер, жоғарғы және төменгі температуралар жатады.
Химиялық мутагендер — көптеген алкилдеуші қосылыстар, нуклеин қышқылдарының азотты туындылары, алколоидтар және басқалар. Мутация жиілігін жүз есе ұлғайтушы мутагендер — супермутагендер деп аталады. Оларга N-нитрозоалкилмочевина, N-нитрозоалкиламин, N-нитрозоалкиламид, диалкилсульфат, этиленимин және басқада туындылар жатады.
Генетикалық тәжрибелерде химиялық мутагендерді микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлар селекциясында, медицина салаларында пайдалануға мүмкіншілік туады. Сонда микроорганизмдердің биохимиялық мутанттарының генетикалық аппараттарын толық зерттеуде үлкен мәні бар. Химиялық мутагенсіз антибиотиктерді, витаминдерді, аминқышқылдарын, белоктар мен ферменттерді синтездейтін микробиологиялық өндірістерді алу мүмкін емес. Олардың көмегімен әртүрлі синтездерге қатысатын жүздеген өндірістік микроорганизмдер штамдары алынған.
Ауылшаруашылық селекциясында қазіргі кезге дейін, гибридизация әдісі қолданылып, көптеген жақсы сорттар алынғак. Мутагендер организм өзгергіштігін кенет жеделдетеді, бұл селекция жұмысының нәтижелі өтуіне жағдай туғызады. Табиғи мутагендерді пайдаланып селекциядағы пайдалы түрлердің сапасын арттыруға болады. Химиялық мутагеннің әсерінен майының құрамындағы олеин қышқылының мөлшері жағынан оливк майынан кем түспейтін күнбағыс майы алынған.
Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде адамды қоршаган орта әжептәуір өзгеріске ұшырады. Адамнық ортасындагы физикалық және химиялық факторлардың едәуір бөлігі адамның тұқымқуалаушылығына және басқа органдарына әсерін тигізеді. Мұндай жағдайларды туғызбауға қарсы күрес жургізуі тиіс.
87. Ядродан тыс тұқым қуалау дегеніміз не? Пластидті және митохондриялық тұқым қуалаудың ұқсастықтары мен айырмашылығын сипаттаңыз.
Клеткада тұқым қуалауда маңызды роль атқаратын ядродан басқа да компоненттер кездеседі. Оларға клеткада аса маңызды функцияларды атқаратын цитоплазмалық көптеген органоидтар жатады. Ол органоидтардың өздігінен көбею қабілеті болады және бөліну кезінде жаңа құрылған клеткаларға бірдей мөлшерде таралады. Қазіргі уақытта жинақталған ғылыми мәліметтер хромосомалық емес, яғни цитоплазмалық тұқым қуалаушылықтың болатындығын дәлелдеп отыр. Бұл жағдайда организмнің белгілері мен қасиеттерінің тұқым қуалауына пластидтер, митохондриялар және клетка ішіндегі паразиттер мен симбионттар сияқты өздігінен репликацияланатын цитоплазма компоненттері жауап береді.
Ядродан тыс тұқым қуалау- ядродан тыс гендердің берілуі болып табылады. Бұл құбылыс көптеген эукариоттыларда табылған, митохондрия және хлоропласттар сияқты цитоплазмалық органоидтарда жүреді.
Цитоплазмалық тұқым қуалау деп организмдердің клетка ядросынан тыс орналасқан органоидтар арқылы тұқым қуалау қасиетін айтады. Цитоплазмадағы тұқым қуалайтын бастамалардың жиынтығын плазмон деп, ал бастамалардың өзі плазмаген деп атайды. Плазмагендер екі топқа бөлінеді:
1. Клетканың ДНҚ-лы органеллалары (пластидтер, митохондриялар) гендері;
2. Жұқпалы агенттер немесе клетка симбионттары (вирустар мен плазмидтер).
Митохондрия гені – хондриоген деп, ал пластид гендері – пластоген деп аталады.
Пластидтер арқылы жүзеге асатын, Мендель заңдарына бағынбайтын цитоплазмалық тұқым қуалау құбылысын ең алғаш неміс оқымыстылары К.Корренс (1908 ж.) пен Э.Баур (1909 ж.) ашқан.
Ядродан тыс тұқым қуалаудың үш типі кездеседі:
Өсімдік сегрегациясы
Ата-анасының біреуіне жататын
Ата-анасының екеуіне де жататын
Цитоплазмалық тұқым қуалаудың бірнеше ерешеліктері бар:
Цитоплазма гендерімен бақыланатын белгілер мен қасиеттер тек таза аналық жолмен тұқым қуалайды;
Цитоплазма органоидтары екі жаңа клеткаларға бірдей таралмайды, сондықтан Ғ2 ажырау қатынасы Мендель заңдылығына бағынбайды;
Белгінің даму дәрежесін анықтайтын цитоплазмадағы органоидтардың саны барлық уақытта будандардағы осы белгінің көріну сипатына әсері болмайды;
Плазмагендер белгінің дамуын, осы белгінің дамуына жауапты хромосомадағы гендермен өзара әсерлесу арқылы бақылайды.
