Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қуандық ЕРАЛИН изо лекция.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
426 Кб
Скачать
☆

2.2 Мектептегі бейнелеу өнері сабақтарының мазмұны

Мектептегі бейнелеу өнері сабақтарында оқу-тәрбие міндеттерін шешуде

сабақтың төрт түрі қарастырылады. Олар нұсқаға қарап сурет салу сабағы,

сәндік сурет салу сабағы және өнер туралы әңгіме сабақ.

Бастауыш мектептегі бейнелеу өнері сабақтары бірінші сыныптан,

төртінші сыныпқа дейін жүргізіледі. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері 61

сабақтарына 108 сағат берілген. Оның 35 сағаты нұсқаға қарап сурет салу

сабағына, 24 сағаты сәндік сурет салу сабағына, 37 сағаты тақырып бойынша

сурет салу сабағына, 12 сағаты өнер туралы әңгіме сабағына бөлінеді. Бұл сабақ

сағаттары оқу жылдары бойынша төмендегі түрде бөлуге болады.

Сабақ түрлері

әрбір сыныптағы сағат саны

І II III

Барлығ

ы

Нұсқаға қарап сурет салу 6 6 7 19

Сәндік сурет салу 16 16 15 47

Тақырыптық сурет салу 10 10 10 30

Өнер туралы әңгіме 4 4 4 12

Жалпы саны 36 36 36 108

Бұл тәртіп бойынша бастауыш сыныптағы бейнелеу өнері сабақтарының

ішінде нұсқаға қарап сурет салу сабағына 19 сағат, сәндік сурет салу сабағына

47 Сағат, тақырыптық сурет салу сабағына 30 сағат, өнер туралы әңгіме

сабақтарына 12 сағат берілген. Енді осы сабақтарды жеке қарастырамыз.

Нұсқаға қарап сурет салу сабақтары.Нұсқаға қарап сурет салу сабағы

бейнелеу өнерін оқытудың негізі болып табылады. Бұл сабақтарды өткізудің

мақсаты оқушыларды бейнеленетін заттардың нұсқасына қарап бейнелеуге

үйрету болып табылады. Заттардың формасын, өлшемдерін, түр-түсін дүрыс

қабылдауға үйрету, олармен таныстыру барысында заттың қасиеттерін

сараптауға үйрету міндеті қойылады.

Мұғалім бұл сабақтарда нұсқаға қойылған заттардың формасына

өлшемдер қатынасына, жарық пен көлеңке құбылысына, көз деңгейінен

жоғарғы немесе төмен болуы сияқты ерекшеліктеріне талдау жасайды.

Мысалы, оқушы жалаудың суретін салу алдында мұғалім оған өлшемдерінің

қатынастарына көңіл аударады. Ү лкен өлшемнің көлденеңінен бағытта кіші

өлшемнің тігінен бағытты орналасқандығына, түстерінің аспан көк екендігіне

және ондағы жарық пен көлеңке, ою-өрнектер көріністеріне оқушылардың

назары аударылады. Мұғалімнің мұндай жүйелі түрдегі талдаулары

нәтижесінде оқушылардың көру аппараты арқылы алынған әсері талдау,

сараптау қабілеттері артып отырады. Нұсқаға қарап сурет салу барысында

оқушы зат туралы мәліметтері толыға түседі. Сурет салу барысында бала

нұсқаны мұқият қарап, оның қүрылымындағы ерекшеліктерін табуға

талпынады. Бастауыш сыныптағы зат формасын тану екі бағытта жүргізіледі

бірі-көру арқылы (яғни нұсқаға қарап сурет салу) және ұстап білу арқылы

жүзеге асады.

Нұсқаға қарап сурет салу сабақтарында мұғалім зат формасы туралы

дұрыс түсініктер бере отырып, жарық пен көлеңке, перспектива, түстану,

анатомия туралы ғылыми мәліметтер негізінде оқушылардың ойлау

қабілеттерінің дамуына ықпал етеді.62

Сурет салушыға зат формасының сипатымен қатар оның құрылымына

көңіл аудару қажет. Зат формасы, үлкен және кіші бөліктерден тұрады. Кейбір

заттар симметриялық ал кейбір заттар симметриялық емес бөліктерден

тұратындығы көрсетіледі. Адамдар мен жан жануарлардың формасындағы

симметрия және әр түрлі өсімдіктердің заттардың формаларының

ерекшеліктері сабақта талдап көрсетіледі. Мұндай талдаулар мен қатар

суреттер салу нәтижесі оқушылардың ойлау қабілеттерін Сонымен

баланы сурет салуға үйрету адамның жалпы дамуына әсер етеді.

Сурет сабағында мұғалім оқушы алдында қандай міндет қойсада, оны

шешу ойлау белсенділігін арттыруды қажет етеді. Оқулық суретті салу

барысында нұсқаны танып білу маңызды. Нұсқаны танып білу жай қарап көру

емес ол зат туралы толық емес, жеке дара түсініктерден бастап, зат туралы

толық елестетудің болуын көздейді. Оқушы нұсқаға қарап отырып, сурет салу

барысында нұсқаны мұқият қарайды, оның ерекше сипатын зат құрылымын

айқындауға талпынады. Соның нәтижесінде зат туралы түсініктер, ойлау мен

ой қорытындылары анықталып, нақтылана түседі. Сонда ғана салатын нұсқаны

көруге, ойлануға, өлшеуге, салыстыруға мүмкіндік туады.

Сурет салу барысында зейін маңызды орын алады. Мысалы, кубтың

перспективалық көрінісінде оның ені мен биктігі бірдей болып көрінуі мүмкін,

бірақ шын мәніндегі өлшемдері әр түрлі. Сол сияқты балаларға жапырақтың

суретін салдыру барысында бала, оның формасының сипатын түсіне алмайды,

ал егер олар сол жапырақты басқа қайың, қарағай, терек, шырша

жапырақтармен салыстырып көретін болса онда, салатын жапырақтың

формасының сипатын анықтауға мүмкіндік туады. Мұнан шығатын қорытынды

балаға зат формасын қабылдауға, суретін салуға өлшемдер қатынасын,

формасын, құрылымын салыстырудың орны ерекше. Сонымен қатар

балалардың зейін тәрбиелеудің маңызы үлкен.

Оқушылардың белсенді зейінін тәрбиелеуде ешбір оқу пәні, нұсқаға

қарап сурет салу сияқты мүмкіндікке ие бола алмайды. Нұсқаға қарап сурет

салу оқушылардың кеңістік туралы ойлауы мен қиялын дамытады. Перспектива

құбылыстарының қарапайым ережелерімен танысу, кеңістікті ойлаудың күрделі

екендігін көрсетеді. Ү ш өлшемді көлемді затты жазықтық бетінде бейнелеу,

оқушының кеңістік туралы ойлауының қажет екендігін көрсетеді. Барлық

графикалық ой, бейнеленетін затты көру дағдысына негізделеді. Сондықтан

сурет салушы заттың конструкциялық құрылымын, бөліктерінің өзара

байланыстарын, форма сипатын, заттың кеңістіктегі қалпын елестете білу

қажет.

Оқушылардың айқын образдық елестету қабілеттерін дамыту, нұсқаға

қарап сурет салу, есте сақтаудың дамуына ықпал етеді. Адам өмірінде есте

сақтаудың ролі ұшан теңіз. Нұсқаға қарап сурет салу тек қана образдық есте

сақтаумен шектеліп қалмай, сол сияқты қозғалыс, эмоциялық және сөздік-

логикалық естердің дамуына ықпал етеді.

Оқушының зат туралы айқын елестетуінің негізінде қиял қабылеті

дамиды. Нұсқаға қарап сурет салу кезінде абстракциялық ойы дамиды. Зат

формасының құрылымына конструктивтік талдау абстрактылы ойлаусыз 63

мүмкін емес, ол сурет салу барысында үнемі зат құрылымына талдау жасап

отырудың қажет етеді.

Зат формасын үйренудің басқа түрлелеріне қарағанда абстрактілі ойлау

процесінің барлық уақытында, нұсқаға қарап сурет салудың мүмкіндігіндей

жағдай бола бермейді. Мүның бәрі сурет салуды үйрену адамның жалпы

дамуына әсер етеді.

Орта мектептегі нұсқаға қарап сурет салу дегеніміз жарық пен көлеңке

мүмкіндіктері арқылы карандашпен сурет салуды ғана қарастырып қоймай,

оған қоса кескіндеме өнерінің мүмкіндігі арқылы түрлі түсті бояулармен сурет

салуды білдіреді.

Кескіндемені оқытудың міндетіне нұсқасына қарап, жеке затарды,

қарапайым натюрморты, ингерьерлер мен пейзаждарды салуды көздейді.

Кескіндеме элементтерімен танысу барысында оқушылар түрлі түсті

қарандаштармен, акварель және гуашь бояулармен жұмыс істеудің техникалық

тәсілдерін меңгеруді көздейді. Бірінші сыныпта оқушылар акварельмен табиғат

заттарын (жапырақ, жәндіктер т.б.) бояуларды араластырмай-ақ бір түспен

бейнелеуге үйретілді. Ү шінші сыныптан бастап, олар бояуларды араластыру

арқылы заттың (түсіне жақын бояу түстерін табуға ұмтылады. Сонымен қатар

олар түрлі-түсті бояуларды бірінің үстіне бірін жағуды үйренеді. Төртінші

сыныпта оқушылар акварельмен көлемді формаларды (көкөністі, ыдыстарды)

бейнелейді. Алғашқы кезде бұл заттарды ақ фонда бейнелесе, соңынан оларды

жарық түсті фонда бейнелеуді үйренеді. Бесінші, алтыншы сыныптарда нұсқаға

қарап сурет салу сабақтарында акварель бояуларымен бір топ заттардың

түстерінің қатынастарын бере білуге, зат көлемін беруге бағытталады.

Бұл сыныптарда оқушылар жұмысты ылғалды түрде жазу тәсілдерін

қолдануға, түстердің бір-біріне ұласуы, түстерді бірінің бетіне-бірін қалау

тәсілдеріне бағытталады.

Кескіндемені оқу барысында мүғалім оқушылардың қоршаған ортаны

қуаныш сезімімен қабылдайтындығын ойынан шығармауы тиіс. Балалардың

алғашқы әсерлері біртіндеп, ойға айналмауы қажет. Сондықтан оқушыларды

түстанудың ережелерімен, өзінің натурадан алған әсерлерін түстер арқылы

бейнелеуді қолдана білуге, заттар беттеріндегі жарық пен түстердің үйлесімін,

көру арқылы қабылдағанынан алшақтатпай бейнелеуге үйрету қажет.

Нұсқаға қарап сурет салу балаларға эстетикалық тәрбие берудің тамаша

мүмкіндігі болып табылады. Нұсқаға қарап пейзажды, ағашты, гүлді салу

барысында бала табиғат әсемдігіне, түстер мен формалардың алуан түрлігі мен

байлығына қызыға түседі. Ол түтас заттың және оның бөліктерінің

пропорциялық қатынастарын көре біліп, табиғат формаларының гармониясы

мен ритмін, түстердің түрлі деңгейдегі реңдерін көре білуге үйренеді.

Балалардың байқампаздығын елгезектігін дамыта отырып, біз эстетикалық

тәрбие беру міндеттерін шешеміз.

Сәндік сурет салу сабақтары.Сурет салу оқушыларға графикалық

сауаттылық негіздерін меңгертумен қатар олардың шығармашылық

қабілеттерін дамытады. Оқушылардың шығармашылық қабылетін дамытудың

ерекше мүмкіндігі сәндік сурет салу сабағы. Бейнелеу өнері бағдарламасында 64

ою-өрнектер құрастыру, альбомдарды безеңдендіру, бөлме ішін безендіру

тапсырмалары қарастырылған. Мұндай тапсырмалардың мектепте берілуі

кәсіптік қызметке дайындау емес, шығармашылыққа тәрбиелеу оқушылардың

өз бетінше жұмыс істеуіне жол ашу және қоғамдық пайдалы еңбекке тарту

болып табылады.

Бастауыш сыныптағы сәндік сурет салу сабақтарында оқушыларға сәндік

өнердің көркем бұйымдары таныстырылады. Бұл сабақтарда қазақ қолөнерімен

оқушыларды таныстыру мынандай бағыттар бойынша жүргізіледі: қолөнердің

түрлері; қолөнер шеберлері, қазақ киіз үйі; қазақ халқының ою-өрнектер;

тұрмыста жиі қолданылатын сәндік қолөнер бұйымдары; сәндік өнер

бұйымдарын жасау технологиясы; қолөнер шеберлерінің құрал саймандары;

ұлттық киімдер мен ыдыс-аяқтар; ер тұрман ат абзелдері; қолөнер бұйымдарын

жасауға қолданатын материалдар; шаруашылыққа қажетті бұйымдар т.б.

Қазақ сәндік қолданбалы өнер бұйымдарын оқушыларға таныстыру

барысында бұйымның көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасалады. Бұйымның

қолөнердің қандай түріне жататындығы, оны жасаған шебер, бетіне салынған

ою-өрнектер, бұйымды жасау технологиясы, қолданған құрал саймандары

материалдары туралы таратылып айтылады. Осындай бағыттағы талдаулар

негізінде бала көркем өнер бұйымдарының көркемдік ерекшеліктері туралы

қажетті білімдер жүйесін меңгерді. Қолөнер бұйымдарының атауларын

үйренеді. Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде балалардың көркем өнер

білімдері жүйеленіп, олардың әсемдік тарғамдары арта түседі. Мысалы,

балаларға кілем өнерін таныстыру барысында кілемнің түкті кілем және тақыр

кілемдерге бөлінетіндігі, кілем сәндік өнердің жүнді көркем өңдеу түріне

кіретіндігі айтылады. Мұнан соң кілемнің бетіне салынған ою-өрнектің

композициясына назар аударылып, оны тоқуға қажетті материалдар қалай

дайындалатындығы, тоқу станогының құрамындағы бөлшектерінің атаулары

туралы мәліметтер беріледі. Арнайы дайындалған таблицалар бойынша кілемді

тоқу технологиясымен таныстырылады. Қазіргі шеберлердің тоқыған

кілемдерінің бірі үлгі ретінде көрсетілді.

Бастауыш сыныптағы сәндік сурет салу сабақтарында «Түзу сызық

бойына өрнектер салу», «Түйе табан оюын_салу», «Геометриялық ою-

өрнектерді бейнелеу», «Гүлдің суретін оюға айналдыру», «Бірнеше гүлдің

суретін бір түзудің бойына орналастыра безендіру» тақырыптарына сабақтар

ұйымдастырылады. Мұғалім сабақта ою-өрнектерді салу жолдарын, тақтаға

көрсетіп, сонымен қатар, алдын ала дайындалған таблицалар бойынша ою-

өрнектерді бейнелеу жолдарын оқушыларға көрсетеді. Ою-өрнектерді кезеңге

бөліп бейнелеу әдістері көрсетіледі.

Бастауыш сыныптағы бейнелеу өнері пәнінің сәндік сурет салу

сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабылеттерін дамыту мақсатында

белгілі жаттығулар жасауға үйретіледі. Ол әсіресе ою-өрнектердің белгілі бір

элемент қолдана отырып бір түзудің бойына, белгілі бір ою-өрнек элементін

қатар орналастыру, соған ұқсас, белгілі екі-үш ою-өрнек элементін шеңбер

бойына орналастыру тапсырмалары орындалады. Сонымен қатар сәндік сурет

салу сабағында мұғалім балаларға сәндік қолөнердің кәсіпқой суретшілер 65

Д.Шоқпаровтың, Қ.Қарабдаловтың, Ф.Зауырбекованың Қ.Тыныбековтың

жасаған торсық, ер тұрмандары, саз сырнайлары, гобелендері мен тоқыма

бұйымдарының иллюстрациялары көрсетіледі. Халық қолөнер шеберлері

Б.Романова, Қ.Тасов, С.Төленбаев, К.Тастанбекұлының жасаған кілемдері,

зергелік бұйымдары, ою-өрнектері, ер тұрмандары нұсқасы бойынша

таныстырылады. Таныстыру барысында көркем бұйымдарының тұтыну

қажеттігіне, формасы мен түсіне, материалына, жасалу технологиясына,

жасаған шебері туралы мәліметтерге көңіл аударылады.

Сәндік сурет салу сабағында оқушыларға үй тапсырмасы беріледі. Ү й

тапсырмасы үйдегі тұрмыста қолданылатын көркем бұйымдармен, қайта

танысу, олардың қарапайым түрлерінің формасын бейнелеу оларды

безендірген ою-өрнектерін сол нұсқасына қарап бейнелеуге бағыттарын

қамтиды. Сәндік сурет салу сабағының негізгі мақсаты оқушыларды сәндік

қолданбалы өнер бұйымдарымен таныстыру, сәндік қол өнердің негізгі

түсініктерін меңгеру, сәндік сурет салу ептейлігін артыру, ою-өрнектер салу

дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Бастауыш сыныптағы бейнелеу өнері сабақтарының бір түрі тақырып

бойы ша сурет салу деп аталады. Тақырып бойынша сурет салу сабақтарында

оқушыларға «Табиғат көріністері», «Жыл мезгілдері», «Жаңа жыл», «Қысқы

каникул» т.б. тақырыптары бойынша өмір көріністеріне қарап өздеріне жақын

заттар мен құбылыстарды еске түсіру, елестету арқылы және ойдан

құрастырып сурет салуға жаттығады. Тақырыптық сурет салуға балалардың

үйретудің түпкі мақсаты оқушыларды табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу, әсемдік

талғамын дамыту, байқау арқылы көркем образдар жасауға жаттықтыру, қалам,

бояу құралдарымен жұмыс жасауға талпыну, ойлау қабілеттерін дамыту болып

табылады. Сонымен қатар бейнелеу өнеріндегі табиғатты бейнелеу

ерекшеліктерімен таныстыру, суретшілердің шығармаларындағы табиғат

көріністерін бейнелеу әдістеріне талдау жасап көрсету, оқушылардың тақырьш

бойынша композиция құрастыру дағдыларын қалыптастыру міндеттері

көзделеді.

Тақырыптық сурет салу сабағының көрнекілігі ретінде бейнелеу

өнеріндегі табиғат көріністері бейнелеген Ш.Уәлихановтың «Теріскей

Алатау», Ә.Қастеевтің «Таудағы жайлау», М.Кенбаевтың «Асауды ұстау»,

С.Мамбеевтің «Жайлауда» атты картиналарының репродукциялары,

диопозетивтері, видеофильмдері, слайдаларі немесе фотолар қолданылады.

Бұлармен қатар кеңістіктегі көріністерді қағаз бетіне бейнелеудің кезеңдері

көрсетілген таблицалар сабақта жиі қолданылады.

Бейнелеу өнері сабақтарының бір түрі - әңгіме сабақ деп аталады. Әңгіме

сабақтың мақсаты оқушыларды еліміздің даңықты суретшілерінің өмірімен,

шығармашылығымен таныстыру, бейнелеу өнерінің негізін құрайтын

терминдерге түсінік беру, өнертанудың алғашқы ұғымдарын меңгерту, өнер

арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Бейнелеу

өнері туралы әңгіме сабақ әрбір тоқсанда төрт сабақтан жоспарланады, олар

белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Бастауыш сыныптағы әңгіме

сабақтың мазмұны «Бейнелеу өнерінің түрлері», «Бейнелеу өнерінің 66

жанрлары», «Бейнелеу өнеріндегі ана образы», «Бейнелеу өнеріндегі портрет

жанры», «Бейнелеу өнеріндегі тарихи жанр», «Суретші Әбілхан Қастеевтің

шығармашылығы» т.б. тақырыптарды қамтиды.

Бейнелеу өнері туралы әңгіме сабақ үшінші сыныптан бастап жеке дара

сабақ түрінде жүргізіледі. Бірінші және екінші сыныптардағы бейнелеу өнері

туралы әңгіме басқа сабақтардың қүрамында өткізіледі. Мысалы, нұсқаға қарап

сурет салу барысында А.Ғалымбаеваның «Дастархан» натюрморты туралы

әңгіме өткізіп, соңынан балалар нұсқаға қарап қарапайым заттарды салады.

«Бейнелеу өнерінің түрлері» тақырыбы бойынша өтілген сабақта мұғалім

оқушыларды суретші Ә.Қастеевтің «Автопортрет» шығармасын көрсету

арқылы графикалық картиналардың ортақ ерекшелігі олардың ақ пен қара

бояулар арқылы салынатындығы айтылады. Кескіндеме шығармаларының

көркемдік ерекшеліктерін түсіндіру үшін оқушыларға суретші М.Кенбаевтың

«Асауды ұстау» картинасы көрсетіліп, оның кенеп бетіне түрлі-түсті, майлы

бояулармен салынғандығы,оның пейзаж жанрына жататындығы көрестіледі.

Сонымен қатар мүсін өнері бойынша мүсінші Х.Наурызбаевтың ақын

М.Хакимжановтын портретін. Т.Досмаганбетовтың сомдаған А.Имановтың

портретін, мүсінші Е.Мергеновтың жасаған әке портретін көрсету барысында

мүсін шығармалары саз балшықтан, тастан, граниттен немесе мрамордан

жасалатындығы туралы мәліметтер беріледі. Сәндік қолданбалы өнердің

ерекшеліктерін көрсету үшін суретші-қолданба өнер шебері Д.Шоқпаровтың

жасаған торсыктары, ат-әбзелдері суретші-тоқымашы Б.Зауырбекованың

тоқыған гобелендері, ою шебері С.Төленбаевтың салған ою-өрнектері, өнер

шебері Ғ.Иляевтің жасаған безендіру жұмыстарын көрсетіліп, сәндік

қолданбалы өнердің бұйымдары әр түрлі материалдардан жасалатындығы және

олардың көпшілігің тұрмыста қолдану үшін дайындалатындығына назар

аударылады.

Қорыта айтқанда, оқушылардың көркемдік білімдері нұсқаға қарап сурет

салу, тақырыптық сурет салу және бейнелеу өнері туралы әңгіме сабақтарда

белгілі бір сурет салу барысында, немесе өнер туындысын қабылдау барысында

игеріледі. Оқушылардың көркемдік білімдерінің құрылымы бейнелеу

сауаттылығын құрайтын жарық пен көлеңке, перспектива, түстану, композиция,

симметрия, заңдылықтары туралы білімдерден және бейнеленетін көріністі

қағаз бетіне орналастыра білу, зат құрылысын салу, зат көлемін көрсете білу,

кеңістікті бейнелеу икемдіктері мен дағдыларынан құралады. Ал мұғалімнің

оқушыларға көркемдік білім беру әдістері: салатын нұсқаны талдау, бейнелеу

жолдарын көрсету, жаңа сабақты түсіндіру, көрнекілікті сабақта қолдану,

оқушылардың бейнелеу жұмыстарына басшылық көрсету, өнер туындыларына

және бұйымдарына көркемдік талдау жасау іс-әректтер жүйесінен құралады.

Халқымыздың өнегелі мәдениет үлгілерінің бірі – бейнелеу өнері

қаншама дәуірдің тарихи ағымымен бірге жасап дамып келеді. Қазақ халқының

өмір-тұрмысына тереңдей үңілсек, мәдениет дәстүрінің үзілмей бүгінгі ұрпаққа

жетуіне бірден-бір себеп халықтық педагогика.67

Өзінің тәрбиелік мәнін бүгінге дейін жоғалтпай келе жатқан көркемдік

педагогиканы, қазіргі таңда мектеп өміріне енгізу, бейнелеу өнері сабақтарында

қолдану заман талабына айналып отыр.

Орта Азия мен Қазақстан жері мәдениеті дамыған өркениет орталығы

болғандығы көпшілікке мәлім. Сыры кетсе де, сыны кетпей сақталып келе

жатқан әсем ғимараттар, тас мүсіндер, сарайлар, халықтың тұрмысында

қолданылған сәндік қолданбалы өнердің інжу маржандары жастардың

көркемдік талғамын дамытуға дәнекер болары сөзсіз. Бұл жерде айта кететін

өкінішті жағдай – көшпелі еліміздің көркем мәдениетін жас ұрпақтың игілігіне

пайдалану кешеуілдеп, оларды мектеп оқушыларына көркемдік білім мен

әсемдік тәрбие беру бағдарламасына тыс қалуы. Бұл ұстанылатын басты бағыт

жас ұрпаққа халықтың мәдени дәстүрін оқушыларға таныстыру, ата-

бабамыздың тұрмысында жиі қолданылған қарапайым заттарды салуға үйрету,

олардың формасымен, түр-түсімен т.б. көркемдік ерекшеліктерімен

таныстырудың әдіс тәсілдерін болашақ мұғалімдерге көрсету.

Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды халқымыздың көркем

мәдениетімен бейнелеу өнері туралы әңғіме сабақтарында таныстырумен

қатар, оларды құрайтын көркем бұйымдарды нұсқасына қарап саллудың орны

ерекше.Оқушылардың ұлттық бұйымдарды нұсқасына қарап салуы, немесе

ұлттық салт дәстүрлер көріністері бейнеленген суреттерді тақырыптық сурет

салу барысында бейнелеуге үйрету, сәндік сурет салу сабақтарында көркем

бұйымдар жасату балаларға көркемдік білім берумен қатар ұлттық тәрбие

беруге жәрдемдеседі. Осыған сәйкес біз төменде,бейнелеу өнері сабақтарының

бірнеше талдаулары ұсынамыз.

1-САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: Суретті немен және қандай қылып бейнелейді?

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сурет және бейнелеу құралдарымен

таныстыру. Бірінші кластардағы істелетін бейнелеу жұмыстарының мазмұны

туралы әңгімеу. Сәндік қолданбалы өнер жайлы түсініктер беру.

Сабақтың көрнекілігі:

1.Кескіндеме, графика, сәндік қолданбалы өнер, мүсін шығармаларының

репродукциялары, суреттер, иллюстрациялар, фотографиялар, диопозитивтер,

слайдалар: К.Телжанов «Ильич аманаты, А.Кастеев «Турксиб, М.Кенбаев

«Жайлауда», Х.Наурызбаев «Жас Жамбыл», А.Ғалымбаева «Дастархан»,

Е.Сидоркин «С.Сейфуллинді оқығанда», К.Баранов «Қазақ эпосы», Г.Иляев

«Қазақ оюлары», Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи мавзолейінің

иллюстрациялары. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнер бұйымдарының

фотографиялары.

2. Бейнелеу өнерінің материалдары мен құралдары:

а) құралдар – қылқалам, түрлі-түсті бояу қаламдар, өшіргіш, қағаз бен

қайшы.

б) материалдар – акварель мен гуашь бояулары, пластилин, сурет дәптері,

түрлі-түсті қағаздар, гүлді қағаздар, фломастер, түрлі борлар, желім мен қағаз.

Сабақтың барысы: Сабақ бейнелеу өнерінің түрлері жайлы әңгімеден

басталады.Бұл әңгімеде кескіндеме, графика, мүсін сәндік қолданбалы өнер 68

шығармаларының репродукциялары, фотолары, суреттері көрсетіледі.

Балаларға бейнелеу өнерінің түрлері туралы түсінік беру мақсатында

жоғарыдағы көрсетілген түрлерін мұғалім таба алмаған жағдайда оларды

мазмұны ұқсас басқа өнер туындыларымен алмастыру мүмкін.

Талдау барысында мұғалім өнер шығармасының қандай материалдары

қандай құралдарды пайдаланып жасағандығы, сол туындыларының бейнелеу

өнерінің қандай түрлеріне жататындығын көрсетеді. Сабақ барысында ақ пен

қара түсті сызықтармен суретті салушыны– график, түрлі-түсті бояумен сурет

салатын адамды кескіндемеші, тастан, ағаштан, саздан түрлі адамдар мен

жануарларды бейнелейтін суретшіні мүсінші, сәндік қолданбалы өнер

бұйымдарын жасайтын адам – сәндік өнер шебері немесе халық шебері деп

атайтындығы жайлы әңгіме қозғалады.

Мұнан соң мұғалім балаларға қандай құралдар мен материалдарды қолдану

арқылы бейнелеудің қандай түрін жасауға болатындығын айтылады. Сабақта

мұғалім сұрақ-жауап әдісін қолданады. Мысалы, кескіндеме шығармаларын

жасау барысында суретші қандай құралды пайдаланады? Ою-өрнектермен

безендірілген қандай бұйымдарды білесіз? Суретшілерден кімдерді білесіз?

Суретшілерден кімдерді білесіз? Мына суретті кім салған? Суреттің аты не деп

аталады? Кім суретші болғысы келеді?

Сұрақ-жауаптан соң мұғалім бейнелеу өнері сабақтарында қандай суреттер

салатындығы туралы пікір алысады. Балалар бейнелеу өнері сабақтарында

сендер түрлі-түсті гүлдерді, әр түрлі ойыншықтар мен заттардың суреттерін

саласыңдар. Жан-жануарлар, гүлдер формаларына қарап, әдемі ою-өрнектер

салып үйренесіңдер. Наурыз мейрамы, ертектер, жануарлар, цирк ойындары,

жайлау, бәйге тақырыптарына ойдан, еске түсіру арқылы тақырыптық суреттер

бейнелеуге жаттығасыңдар. Түрлі-түсті қағаздарды қиып, құрақ құрауға

үйренесіңдер. Суретшілер мен халық шеберлерінің туындыларымен

танысасыңдар. Пластилиннен, саздан түплі жануарлар мен өздеріне ұнаған

заттардың формасын жасайсыңдар.

Бейнелеу мен мүсін жасау үшін оның құралдарын қолдану әдістерін

үйреніп аласыңдар.

Әңгіме оқу құралдары мен материалдарына ауысқанда, мұғалім балалар

назарын соларға аударады. Суретшілер бейнелеу барысында орташа

жұмсақтағы қаламдары пайдаланады. Ұ шы қатты қаламдар дәптердің түтіп

жібереді және өшіргішпен өшіргенде із қалдырады, ал өте жұмсақ қалам

дәптердің кір қылады. Олар қаламның ұшталған ұшынан ұстап сурет салатын

болса, ол уақытта қаламды еркін жүргізе алмайды. Сурет қаламмен салынғанда,

қате сызылған сызықтар жұмсақ өшіргішпен өшіріледі. Сурет салу барысында

қатты қызыл өшіргіштер пайдаланылмайды.Себебі мұндай өшіргіштер

құрамында құм көп болу себепті, қатты болады да, дәптерді түтіп жіберуі

мүмкін.

Бейнелеу өнері сабақтарында көбіне акварель (суға езілетін) бояулар

қолданылады. Акварель бояулармен жұмыс істеу барысында қылқалам

пайдаланылады. Боялатын бейнеге байланысты қылқаламның үлкені немесе

кішісі алынады.69

Қылқаламдар – формасына байланысты жалпақ және жұмсақ қылды болып

бөлінеді. Акварель мен гуашь бояуларымен сурет салу барысында жұмсақ

қылқаламдар, ал майлы бояулармен жұмыс барысында қатты қылқаламдар

пайдаланалады.

Қылқаламдарды жұмыстан соң суға салып қоюға болмайды. Егер, ол суда

қалса қылдары әр жаққа шашырап жұмысқа жарамсыз болып қалуы мүмкін.

Сондықтан бейнелеу құралдарын жұмыстан соң күтіп баптау, оларды ұзақ

уақытқа пайдалануға мүмкіндік туғызады.

Балалардың үй жұмысы мен сабақтағы бейнелеу істерінде акварельмен

қатар қолданылатын бояу–гуашь бояуы. Гуашь бояулары мектепте ою-

өрнектер, тақырып бойынша сурет салу жұмыстарында қолданылады. Ол

суменен жақсы араласады. Гуашь кішкене пластмасса банкаларында болады.

Бұл бояу да, акварель сияқты ұқыптылықты қажет етеді. Сондықтан кішкене

банкадан керегін алып болған соң қақпағын жауып қою қажет. Алынған

бояуларға су қосып сұйылтады да, бейненің қажетті жері боялады.

Бейнелеу өнерінің сабақтарында әрбір мұғалімнің өз қаламы, өшіргіші,

дәптері, акварель, гуашь бояулары болуы керек. Акварель бояуын қолдану

барысында бояуды араластыруға қажетті палитра болуы қажет.

Саз бен пластилиннен мүсін жасау үшін ағаш немесе пластмассадан

істелген стектар болады. Стектер шағын мүсіннің ұсақ бөлшектерін істеу үшін

қажет. Мысалы, саз бөлшегінің бетін сызу, үйіп алу, артық жерлерін кесу істері

стетктердің жәрдемімен атқарылады. Пластилиндер қағаз қорапта

болғандықтан сақтауға қолайлы болады. Олардың түстері әр түрлі болып

келеді. Кейбір пластилиндер стектермен қосылған набор түрінде дүкендерде

сатылады. Стектерді мұғалім барлық оқушыларға жететіндей етіп ағаштан

даярлап қоюына болады. Мүсін жасауға қажетті тақтайшалар оқушылардың

жұмыс орнын таза сақтауға жәрдемдеседі.

Сәндік аппликациялар жасау барысында түрлі-түсті қағаздар кең

қолданылады. Мұғалім үлкен өлшемдегі қағаздарды фон ретінде, ал кіші

өлшемдегі қиындыларды, ұсақ бөлшектерге қолдану қажеттігін оқушыларға

түсіндіреді.

Сурет салу жолдарын балаларға көрсету үшін әрбір мұғалімде төрт

бұрышты планшет болғаны жөн. Планшет 30*42 см етіп қиылып, фанерден

жасалады. Мұғалім осы планшетке қағаз жапсыру және сурет салу жолдарын

көрсетуі мүмкін. Егер суретті планшетсіз пайдалану қажет болса, кнопкамен

немесе рейкамен бекітіледі.

Мұғалім бейнелеу өнерінің алғашқы сабағынан бастап, оқушылардың

бейнелеу жұмыстары кезінде оқу құралдарын дұрыс пайдалануға, тазалық

сақтауға үйреткен жөн. Балалардың қағаз парақтарына, кіші блокноттарға, әр

түрлі дәптерлерге сурет салуына жол бермеу тәрбие жұмысының бірі. Сонымен

қатар мұғалім суретті дәптер парағының тек бір бетіне ғана салу керектігін

көрсетеді.

2-3 САБАҚТАР

Сабақтың тақырыбы: Табиғат көріністері.70

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды табиғатты сүйе білуге үйрету, табиғатты

байқау арқылы бала ойында көркем образдар қалыптастыру, қалам , бояуменен

жұмыс істеу дағдыларын беру, ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнеріндегі табиғат көріністері бейнеленген

шығармалар: Ш.Уәлихfнов «Терістік Алатауы», А.Қастеев «Жайлауда»,

М.Кенбаев «Асауды үйрету», Ж.Шарденов «Алатау эскиздері», А.Черкасский

«Қара ағаштар», С.Мамбеев «Жайлауда» тағы басқашығармалардың

репродукциялары, әсем табиғат көріністері бейнеленген дипозитивтер,

диафильмдер, слайда мен фотолар.

Сабақтың барысы: Бірінші бөлім табиғат көріністерінің ерекшеліктерімен

оқушыларды таныстыру бағыты қамтылса, екінші бөлімі–табиғат көріністерін

бейнелеуге арналады. Бірінші бөлімнің сабағы өткізудің екі варианты бар.

Біріншісі табиғат ортасында экскурсия жасау, екіншісі сыныпта әсем

табиғат көріністері бейнеленген диапозитивтер, слайда, диафильмдер,

кинофильм, фотолар көрсету.

Екінші вариант мектеп жанында экскурсия жасайтын ыңғайлы жер

болмаған жағдайда қарастырылады.

Табиғат ортасында ұйымдастырылатын экскурсияға 45 минут уақыт

жетіспеу есепті, оның сол күнгі сабақтардың соңғы сабақтарында өткізген жөн.

Экскурсия мазмұнды болуы үшін, алдын ала жоспар жасалады. Жоспарда

балаларға қандай объект көрсетіледі, ол қандай бірізділікпен талданады,

балалар мен оқытушы қандай нәрселерді бірігіп талдайды? Экскурсия кезінде

мұғалім пікір алысу, диалог ойын әдістері қолданылады. Экскурсия

жоспарында мұғалім мен оқушылар арасындағы сұрақ-жауаптар көрестілуі

тиіс. Мысалы, табиғат ортасында өтілетін экскурсияда: жақындағы ағаштар

бізге үлкен болып көріне ме, алыстағы ағаштар үлкен болып көріне ме?

Жақындағы ағаштардың түстері мен алыстағы ағаштардың түстерінда қандай

өзгерістер бар? Алыстағы заттардың ұсақ бөлшектері мен жақындағы

заттардың ұсақ бөлшектерінің қайсысы айқын көрінеді? деген сияқты оқушыға

табиғатты тануға бағыт беру үшін сұрақтар қойылады.

Мұғалім экскурсия кезінде оқушыларға табиғаттағы өсімдіктер мен

заттардың көрініс ерекшеліктеріне талдау жасап көрсетеді. Мысалы, жақында

тұрған ағаштар алыстағы сондай өлшемдегі ағашқа қарағанда үлкен болып

көрінетіндігі заттардың өлшемдерінің (үйдің) бізден алыстаған сайын кішірейіп

көрінетін құбылысына баса назар аударылады. Сонымен қатар жақындағы

заттардың түсі айқын болып, ал алыстағы заттардың түсі бұлыңғыр болып

өзгереді. Қандай зат болмасын ұсақ және үлкен бөлшектерден құралады.

Жақындағы заттардың ұсақ бөлшектері айқын болып көрінсе алыстағылары

анық көріне бермейді.

Кейінгі сабақ экскурсия кезінде балалардың танысқан табиғат

құбылыстарын еске түсіруден басталады. Табиғат көріністері бейнеленген

бірнеше бейнелеу өнері шығармалары балаларға көрсетіледі. Олардың

көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасалады. Картиналардағы түстердің

байланысына, композициясына, заттардың ерекшеліктеріне, перспективасына

және оны бейнелеу жолына көңіл аударылады.71

Мұнан соң мұғалім өзі жасаған табиғат көріністерін балалар назарына

ұсынады. Осыдан кейін оқушылар өздеріне ұнаған табиғат көріністерінің бірін

бейнелеуге кіріседі. Бұл көрініс баланың жазғы каникул кезінде телевизордан,

кинодан көрген көріністері болуы да мүмкін.

Табиғат көріністерін балалар ең бірінші қаламмен салып алады да, соңынан

түрлі-түсті бояумен боялады. Оқушылар бейнелеу жұмыстарына кірісер

алдында мұғалім табиғат көріністерін бейнелеу әдістерін көрсетіп береді.

Табиғат көріністерін бейнелеу кезеңінде мыналарды ескерген жөн: а)

жақындағы заттардың көлемі үлкен, алыстағы заттардың көлемі кіші етіп

бейнеленеді; б) жақындағы заттардың көлемі айқын, ал алыстағы заттардың

түсін бұлыңғыр етіп бейнелеу қажет

Оқушылар бұл сабақта жақындағы және алыстағы ағаштарды, сол сияқты

алыстағы және жақындағы үйлерді, жолдарды, өзенді және тауларды

бейнеленуіне болады. Бірақ оқушылардың бейнелеу көріністерін өте көбейтіп,

күрделендіруге болмайды.

Сабақтың соңында оқушылардың бейнелеу жұмыстарының қате

дайындалғандары мен жақсы жұмыстарға талдау жасалып көрсетіледі.

4-САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: Жапырақтың суретін салу.

Сабақтың мақсаты:оқушыларға нәрсенің өзіне қарап сурет салу

дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: бұл сабақты өткізу үшін партаға екі жапырақтан

таратылады. Жапырақтар түсі күзгі өсімдіктер түріне тән болған жөн. Мұғалім

үшін бейненлеудің бірізділігін көрсететін таблица. Таблицада жапырақты

бейнелеудің үш кезеңі көрсетіледі: а) қағаз бетіне орналастыру; б) жапырақ

өлшемдерінінің қатынастарын, құрылысын салу әдісі; в) ұсақ бөлшектерін салу

және бояу.

Сабақтың барысы: Сабақ негізінен ұйымдастыру, нұсқаны бейнелеу,

оқушылардың бейнелеу жұмысы кезеңдеріне бөлінеді. Ұ йымдастыру кезеңіне

жапырақтар әрбір оқушыға бір-бірден таратып беріледі, оқушылардың сабаққа

қажетті құрал-жабдықтары дайындалады, нұсқаны бейнелу жолдары

көрсетілген таблица тақтаға ілініп, жапырақты бейнелеу жолдарын көрсетуге

дайындық жасалады.

Нұсқаны бейнелеу жолдарын түсіндіру мынандай бағыттарды қамтиды.

«Балалар табиғаттағы қандай өсімдіктер болмасын, жыл мезгілдеріне

байланысты олардың түстері өзгеріп отырады. Мысалы,жапырақтарда сондай.

Ағаштың жапырақтары көктемде жасыл көк түске боялса, күзде қоңыр-сары

түстерге айналады. Мынау қолдарындағы жапырақтарда қоңыр-сары түстерге

біріккен. Бейнелеу кезінде әрбір заттың түсін бейнелеп көрсете білу қажет.

Сонда сурет әсем де, сол нәрсеге ұқсас болып шығады.

Сонымен қатар табиғаттағы заттармен адам қолымен жасалған заттар

болсын белгілі формаға иеболады. Олардың белгілі өлшемдер қатынасы болуға

тиіс. Мысалы, жәшік төрт бұрыш формалы - көлемді зат қатарына жатса,

дәптер, жапырак жалпақ көлемсіз заттар катарына жатады. Көлемді заттарды 72

жан-жағынан көруге болса, жалпақ заттар тек бір ғана жағынан жақсы,

қызықты көріністерге тән болады. Сондай-ақ көлемді заттардың өлшемдері көп

болса, көлемсіз ааттардың өлшемдері аз болады.

Мұңдай кіріспе әнгімеден соң, жапырақтың өлшемдер қатынасы салынып,

тақтаға жапырақты бейнелеу жолдары көрсетіледі. Планшетке дайындалған

жапырақ бейнесінен бояу жолдары тусіндіріледі: 1) жапырақтың ұзындығы мен

енінің қатынастарын салу. 2)жапырақ құрылысын бейнелеу; 3) ұсақ

бөлшектерін шығару және бояу.

Жапырақты бейнелеу әдістері көрсетіліп болған соң, тақтадағы суреттер

өшіріліп, бейнелеу бірізділігі көрсетілген таблица жинап алынады. Себебі, егер

бұл таблица ілулі тұрса балалар жапырақ көрінісін, нұсқасына қарап емес,

таблицаға қарап салуға бөйімделіп кетеді.

Оқушылардың жапырақты бейнелеу кезеңі: қағаз бетіне орналастыру,

өлшемдер қатынасын табу, зат формасын, ұсақ бөлшектерін салу, бояу сияқты

бірізділікпен орындалады. Жапырақты қағаз бетіне орналастыру кезеңінде,

бейненің өте кіші немесе үлкен болып кетпеуін оқушыларға ескер-тіп отыру

қажет. Өлшемдерді табу мен бейнелеу кезінде жапырақтың ені мен

ұзындығының сәйкес болуына, бейненің формасы мен жапырақ формасы ұқсас

болуына басты назар аударылады.

Бейне жапыраққа ұқсас болып шыққаннан соң артық сызықтар өшіріледі

де, жапырақтың түсіне сәйкес боялады. Сабақтың соңғы кезеңінде оқушы

жұмыстарын аралап көріп 4-5 жақсы-жаман орындалған суреттерді мұғалім

талдап көрсетеді.

5 - САБАҚ

Сабақтын такырыбы: Түзу сызық бойына өрнектер салу.

Сабақтың максаты: Оқушыларға өрнектер салу жолдарын үйрету. Сәндік

өнердің қолдануы жайлы түсініктер беру.

Сабақтың көрнекілігі: Ою-өрнектермен безендірілген ыдыс-аяқтар, киім-

кешектер. Ою-өрнек шебері Ғани Иляевтің творчествосы туралы кітап. Кілем

мен алаша эскиздері өрнектерді бейнелеу жолдарын көрсететін таблица (4-

сурет).

Сабақтың барысы: Сабақ ұйымдастыру кезеңі, өрнектерді оқушылардың

бейнелеуі сияқты кезеңдерге бөлінеді.

Ұ йымдастыру кезеңінен соң, оқушыларға ою-өрнектердің барлығы,

өсімдік, жан-жануар, бейнелерінің негізінде алынатыңдығы жайлы түсініктер

беріледі. Онан соң жапыраққа ұқсас зат формасы арқылы белгілі түзу бойына

өрнек құрастыру жолдары тақтаға сызылады. Өрнекті бейнелеу мынандай

бірізділікпен орындалады: 1) паралель екі түзу сызу; 2) төменгі және жоғарғы

түзулерді бес бөлікке бөлу; 3) олардың арасын қосу; 4) қосылған сызықтарды

негізге ала отырып, жапырақшалар формасын шығару; 5) арала-рына

шеңберлер сызу; 6) түрлі-түсті бояулармен бояу.

Оқушылардың бейнелеу жұмыстары кезінде қағазды қалай орналастыру

(горизонталь әлде вертикаль) қажеттігін, түзулердің паралель болуын, артық 73

сызықтардың өшірілуін, симметриялық көріністерді бейнелеу барысында

қателіктер жібермеуін ескертіп отыру қажет.

Сабақ барысында мұндай өрнектердің белгілі бір бұйымдардың жиегін

безендіруге қолданылатындығы айтылады. Мүмкіндігі болған жағдайда сол

бұйымның өзі көрсетіледі.

6 - САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: Гүлдің суретін (аппликация арқылы) бейнелеу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға түрлі-түсті қағаздардан симметриялы

нәрселердің бейнесін жасауға үйрету; Оларға композиция жайлы мәлімет беру;

балалардың творчестволық кабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, қылқалам, әр

түрлі гүлдердің суреттері, диапозитивтер, гүлдердің қатырылған нұсқаларының

(гербари) жиынтығы. Көрнекті құрал-таблица, құрақ көрпе, жастық.

Сабақтың барысы: Мұғалім сабақты бастамас бұрын әрбір партаға гүлдің

қатырылған немесе қолдан істеген нұсқасын таратып береді. Оқушыларға

сұрақтар бере отырып, гүлдердің жылдың кай мезгілінде өсетіндігін, қандай

гүлдерді білетіндіктері сұралады. Гүлдердің қандай түстерін болатындығы,

симметрия ұғымы туралы түсініктер беріледі. Мұнан соң гүлді қағаздан

қырқьш алу жолдары көрсетіледі

Аппликацңя аркылы гүл бейнесін жасау үшін кішкене түсті қағаз екіге

бүктеледі де гүлдің жарты көрінісі сызылады. Онан соң сол сызық бойынша

керек көрініс киып алынады. Алынған көріністің бүктелген қырлары жазы-лып

түзетіледі. Онан соң осындай әдіспен бірнеше гүлдің суреті қиып алынып бір

түзудін бойынша желімделіп жапсырылады.

Оқушылардың өз бетінше бейнелеу жұмысы кезінде дайын шаблонды

пайдалану, гүл көрінісін қырқу, оны бір түзу бойына немесе белгілі бір ретпен

қағаз бетіне жапсыру жұмыстары қиын соққан оқушыларға жеке жәрдем

көрсетіледі. Артық қалған қиынды қағаздарды ашық жерлерге жапсыруға кеңес

беріледі.

Сабақтың барысында осы көрсетілген формадағы гүлдерді пайдаланып

бірнеше композициялық өрнектер құрастыру жолдары көрнекті құралдардың

жәрдемімен керсетіліп, балалардың құрақ құрау өнеріне деген қызығушылығын

арттырады. Халық шеберлері жасаған құрақ көрпе, жастықтардың көркемдік

ерекшеліктері жайлы айтылады.

7 - САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері.

Сабақтын мақсаты: Оқушылардын табиғатқа деген сүйіспеншілігін

дамыту, Табиғатты қорғауға үйрету. Бейнелеу өнерінде табиғат көріністерінің

ерекшеліктерімен таныстыру.

Сабақтың кернекілігі: Табиғат көріністері бейнеленген шығармалары,

И.Левитан "Алтын күз", А.Черкасский "Қара ағаштар", Ә.Қастеев "Жайлауда",

А.Ғалымбаева "Қотанай пирамидалары" шығармаларының баспа нұсқалары.74

Сабақтың барысы: Сабақтың басында Казақстан бейнелеу шеберлері

А.Черкасский, Ә.Қастеев, А.Ғалымбаевалардың суреттерінің үлкен көлемдегі

репродукциялары тақтаға ілінеді. Бұл картинадағы бояулар түстерінің бірлігі,

композициялық құрылысы, перспективасы жайлы әңгіме өткізіледі. Онан соң

көрсетілген картиналар бір-бірімен салыстырылады. И.Левитанның "Алтын

күз" картинасын көрсету барысында ағаштардың, жапырақтардың, даланың

түстеріне назар аудара келіп, картинадағы сарғыш түстердің басым екендігіне

көңіл бөлінеді. Күз мезгілінде табиғатта коңыр, сары түстер басым

болатындығы ескертіледі.

А.Черкасскийдін "Қара ағаштар" картинасы негізінен жасыл көк

түстердің жиынтығына біріктірілген, Бұл көріністерден жақында жапырақ

жайған ағаш бұтақтары, ашық аспан, т,б. көріністер көктемнің күні екендігінен

хабар береді. Осы картинаға ұқсас К.Барановтың "Тыңда" деп аталатын

шығармасы да көктем көріністерін бейнелеуге арналған.

Мұнан соң Ә.Қастеевтің «Жайлауда» С.Мамбеевтің "Жайлау" атты

картиналарын көрсету барысында сағымдалып көрінген таулар мен төбелер,

жайлаудағы малдар мен малшылар, тал түстегі ыстық ауа жаздың сипатын

білдіретіндігіненазар аударылады.

Қыс көріністерін бейнелеу ерекшеліктерін оқушыларға таныстыру

мақсатында суретші А.Школьныйдың "Шопандар" картинасы көрсетіледі. Бұл

шығармадағы бояулар түстері көкшіл түстердің бірлігіне жинақталған. Қыстың

ызғарлы күндері салқындықты білдіретін бояулар түстерінен де байқалып

тұрғандығына назар аударылады.

Мұнан соң оқушыларға әр жыл мезгілдерінің өзіндік сипаты, түстер

ерекшеліктері, көріністердің түрлері әр түрлі өзгерістерде болатындығы

айтылады. Әрбір картина бір-бірімен салыстырып көрсетіледі. Бұл әдіс

оқушылардың әсемдік талғамының дамуына игі әсерін тигізеді.

Сабақты оқушыларға өздері қалаған белгілі бір жыл мезгілінің көрінісін

бейнелеу талап етіледі. Бірақ бұл көріністің өте қарапайым бала жасының

ерекшелігіне байланысты болуын ескеріп, аса жауапкершілікпен басшылық

керсетіледі.

8 - САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: Ауа шарының нұсқасына қарап бейналеу

Сабақтың мақсаты: Шар туралы түсінік беру. Оқушыларды нәрсенің өзіне

қарап бейнелеу әдістерін үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Екі түрлі формадағы шар, /бірі шеңбер

формаласында болады/. Шар формасындағы заттар /футбол добы, анар,

апельсин, мандарин, алма, т.б./ және оның суреттері.

Сабақтың барысы: Сабақтың басында оқушыларға шар туралы түсінік

беру үшін футбол добы, қарбыз, аквариум, глобус, анар, алма формалары

жайлы айтылады. Олардың көлемді болып келетіндігі, шеңберден

айырмашылығы болатындығы көрсетіледі. Сонан соң шарларды тақтаға іліп

қойып, оларды салу жолдары көрсетіледі. Шарларды бейнелеу жолдары алдын-

ала дайындалған таблица бойынша түсіндіріледі: 1) шарлардың пропорциялық 75

өлшемдер қатынасын табу; 2) форма құрылысын бейнелеу; 3) ұсақ бөлшектерін

бейнелеп түрлі-түсті бояулармен бояу.

Оқушылар шардың нұсқасына қарап сурет салу алдында тақтадағы

көрнекті құрал (таблица) алынып тасталады. Балалардың бейне мен нұсқаны

үнемі салыстырып отыруын естен шығармау қажет. Шарлардың бейнесі

нұсқасына әбден ұқсас болған соң, бояуға әбден ұлықсат беріледі. Жәрдемші

сызықтар өшіріледі. Бояу кезінде ұқыптылықты сақтауды естен шығармау

қажет.

9- САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: Ұ ршықтың суретін нұсқасына қарап салу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды халық өнерінің құралдарымен

таныстыру. Заттың өзінеқарап сурет салу дағдыларын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Ұ ршық. Ұ ршықтың нұсқасына қарап, бейнелеу

жолдары көрсетілген көрнекті күрал. Халық тұрмысында қолданылатын

жүннен жасалған бұйымдар: бау, басқұр, қоржын,алаша т.б.

Сабақтың барысы: Сабақ халықтьің сәңцік қолданбалы өнері туралы

әңгімеден басталады. Жүннен тоқылған заттар туралы қысқаша түсініктер

беріледі. Онан соң жүнді иіру, тоқу жайлы қысқаша мәліметтер айтылады.

Жүнді иіруге арналған ұршықтың құрылысы таныстырылады. Ұ ршық – сабы,

басы, иірілген жібі деген бөліктерден құралатындыгы ескеріледі.

Мұнан соң ұршықты тақтаға іліп, оның өлшемдер қатынасына,

формаларына талдаулар жасалады, Ұ ршықты бейнелеу кезеңдері көрсетілген

таблицаны қолдану арқылы, оның суретін салу әдістері көрсетіледі. Бейнелеу

жолдары мынандай кезеңдерге бөлуі қажет: 1)Қағаз бетіне бейнені дұрыс

орналастыру; 2) өлшемдердің пропорциялық қатынастарын табу; 3) ұршықтың

конструкциялық құрылысын тұрғызу; 4) ұсақ бөлшектерін бейнелеу; 5)

қаламмен штрих тәрізді бояу аркылы форманың көлемін шығару (7-сурет).

Оқушыладың ұршықты бейнелеуі кезінде мынандай жәрдем көрсетілуі

тиіс. 1)нұсқаның пропорциялық қатынастарына балалардың назарын аударып

отыру; 2)форманы қағаз бетіне дұрыс және дұрыс емес ориаластырылғандығын

білдіретін таблицаны сурет салу кезінде балаларға көрсету; 3) зат құрылысын

бейнелеу кезінде симметриялық формаларды дұрыс бөйнелеу әдістерін

көрсету; 4) штрихпен бояу арқылы заттың формасын шығару. Сабақтың

соңында жақсы орындалған жұмыстарды баларға үлгі етіп көрсетіледі.

10 - САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: Түйе табан оюын салу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ою-өрнек элементтерін салу жолдарын

үйрету. Балалардың ою-өрнектерді бейнелеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтьін көрнекілігі: Ою-өрнектер бейнеленген репродукциялар,

открыткалар, Ә.Марғұланның «Қазақтың сәндік қолданбалы өнері»,

Қ.Арғынбаевтың «Қазақтың қол өнері» атты кітаптардағы репродукциялар.

Сабақтың барысы: Ою-өрнектердің түрлері туралы түсініктер беру. Өсімдіктер,

жан-жануарлар, аспан әлемі, геометриялық формулаларға ұқсас оюларды 76

көрсету, Түйе табан ою-өрнегінің түйенің табаны мен басын өткен ізіне ұқсас

екенідігін айту. Түйе табан оюының салу жолдарын көрсету.

Түйе табан ою-өрнегінің бейнесін салу жолдарын суретті көрсетілген

таблицаны қолданып көрсетіледі. Салу жолдары мынандай бірізділікпенен

орындалады: 1) қағаз бетіне дұрыс орналастыру; 2) төртбұрыш салу және

көрсетілген пропорциялық қатынастардағыдай етіп төрт бөлікке бөлу; 3) екі

шеңбер сызу және оған қосалқы бөлшектерді салу; 4) салынған ою элементін

бір түспен ал оның фонын басқа түспен бояу. Оюды салу жолдары көрсетілген

соң осы бірізділікпен оқушылардың бейнелеу жұмысына басшылық жасалады.

Бейнелеу жолдары көрсетіліп болған соң тақтадағы ілулі тұрған таблица

алынады.

Оқушылардың бейнелеу жұмысы кезінде мұғалім әрбір балаға жеке

көмек көрсетіп тұрады. Бейнелеудің әрбір кезінде оқушылардың

жұмыстарында жіберілген ортақ қателерді түзету жолдары тақтаға бейнелеп

көрсетіледі.

11 - САБАҚ

Сабақтың такырыбы: Сәбіздің суретін салу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға еске түсіру аркылы заттың суретін салу

жолдарын үйрету. Заттың пропорциялық өлшемдер қатынасын табу жолдарын

түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Сәбізді бейнелеу жолдары көрсетілген таблица.

Суретші Т.Тоғысбаевтің «Қызыл натюрморт», И.Левитанның «Алтын күз»

шығармаларының репродукцияларын әртүрлі овощтар, иллюстрациясы мол

балаларға арналған кітаптар. Акварель жәнө гуашь бояулары.

Сабақтың барысы. Сабақтағы кіріспе әңгімеде, оқушыларға күзгі өнім

жинау мен көкөністер туралы жұмбақтар айтылып, оның шешуі бойынша

суреттер салу қажет екені ескертіледі. Бұл суреттер: сәбіз, пияз, қияр, помидор

болуы мүмкін. Бұл көкөністерді мұғалім балаларға көрсетіп, көрнекі жерге

орналастырады. Көкөністер бейнеленген түрлі-түсті сурет бар кітапшалар

көрсетіледі. Мұнан соң мұғалім сәбіздің суретін салу жолдарын түсіңдіреді.

Заттың бейнесі дайын болған соң оның жиегін өрнектермен көмкеру

жолдары көрсетіледі.

Сәбіздің түсі акварель, ал жиегіндегі өрнек гуашпен боялады. Сабақтың

қорытындысында оқушылардың салған суреттерінің шағын көрмесі өткізіліп,

жақсы орындалған жұмыстар көрсетіледі.

12 - 13 - САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: Киіз үй.

Сабақтың максаты: Елестету мен еске түсіру арқылы киіз үйдің суретін

салу. Балаларды халық шеберлері жасаған киіз үйдің құрылымымен (кереге,

уық, шаңырақ, ши, түндік, бау басқұр) таныстыру. Киіз үйге байланысты

атаулардың мазмұнына сипаттама беру.

Сабақтың көрнектілігі; Киіз үй бейнеленген таблица, халық шеберлерінің

жұмыстарының репродукциялары, киіз үйдің фотографиялары. Кітаптар:

Ә.Мәрғұлан Қазақтың сәндік қолданбалы өнері, І988 ж; М.Мұханов «Қазақтың

үй өнеркәсібі» 1978 ж; Ә.Тәжімұратов «Шебердің қолы ортақ» 1979 ж. 77

Сабақтың жоспары:

1. Қазақ халқының ертедегі кәсібі мен тұрмысы туралы түсініктер беру.

2. Киіз үйдің құрылысы мен оның бөлшектеріне сипаттама.

3. Киіз үйдің сыртқы ішкі көріністерін кітаптармен фотографиялардан

көрсету.

4. Киіз үйдің түрлері туралы әңгіме.

5. Киіз үйдің пропорциялық өлшемдер қатынасы туралы түсінік.

6. Киіз үйді салу жолдарын тақтаға бейнелеу.

7. Кеңістіктегі бір-бірінен алыс не жақын орналаскан бірнеше киіз

үйлерді бейнелеу жолдарын көрсету.

8. Ү йлерді бейнелеу.

Бұл сабақ жоспарда көрсетілгендей, алдын-ала дайындықты қажет етеді.

Сабақта оқушыларға қазақ халқы ертеде көбіне мал шаруашылығымен

айналысқандығын, соған байланысты көшіп қонуға лайықты тұрмыстағы

пайдаланатын заттарының, үйінің формасы ерекше болғандығы айтылады.

Сонымен қатар кереге, есік, уық, шаңырақ бақан-ағаштан жасалып, туырлықтар

мен түндік бау мен басқұр жүннен жасалынғандығы туралы мәліметтер

беріледі. Бұларды бояуға табиғи заттарды пайдаланғандығы туралы айтылады.

Мұнан соң көрнекі құралдардың көмегімен киіз үй бейнеленген суреттер

репродукциялары көрсетіледі. Киіз үйдің суретін салып көрсетіп, онан соң

бірнеше үйлерді кеңістікте бейнелеу әдістеріне көңіл бөлінеді.

Оқушылар бейнелеу жұмысына кіріспес бұрын: алыстағы заттарды

шартты түрде кіші етіп, қағаздың жоғарғы жағына, жақындағылары үлкен

өлшеммен форматтық төменгі бөлігіне бейнелеу қажет екендігі көрсетіледі.

Ү йлерді қағаз бетке орналастырып болған соң мүмкіндігінше арба,

жайыльш жүрген мал, т.б. көріністерді қосуға болады. Ү й көріністері каламмен

салынып болған соң, оны акварель гуашь бояуымен боялады.

Егер бұл сабақ қала мектебінде өтілетін болса, балаларды алдын ала өлке

тану музейіне апарып, киіз үйдің құрылысымен таныстырған орыңды.

14-САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: Елка ойыншығының суретін салу.

Сабақтың түрі: нұсқаға қарап сурет салу.

Сабақтың мақсаты: Заттың өзіне қарап отырып, суретін салуға

оқушыларды үйрету. Затты қағаз бетіне дұрыс орналастыру дағдыларын

қалыптастыру. Бояулармен жұмыс істеуге жаттықтыру.

Сабақтың көрнекілігі: Натураға қойылатын ойыншықтар. Бейнелеу

жолдарын көрсететін таблица. Елка мен оның ойыншықтары бейнеленген

репродукциялар. Қыс туралы тақпақтар.

Сабақ кезеңдері:

I. Қыс, елка бейнеленген суреттер жайлы әңгіме;

2. Оқушылардың үйден әкелген ойыншықтарын көру;

3. Ойыншықтың түсіне, түріне, формасына қарай талдау жасау;

4. Жұмыстың қорытындысын шығару, Жұмыстар көрмесі.

Сабақтың барысы: Сабақ ойыншықтың формасына талдау жасаудан басталады.

Алдымен ойыншықтың шар формасына ұқсас екеңдігін, онан соң олардың 78

өлшемдерінің үлкен немесе кішілігі көрсетіледі. Түстері мен жарық деңгейлері

жайлы мәліметтер беріледі. Мұнан соңғы кезеңде оқушылардың назары

ойыншықтың бейнелеу жолдары көрсетілген таблицаға аударылады. Бұл үлгі

бойынша ойыншықтың көрінісін кағаз бетіне дұрыс орналастыру, зат

құрылысын салу, түрл-түсті бояу жолдары түсіндірледі

15-16 - САБАҚТАР

Сабақтың тақырыбы: Жаңа жыл тақырыбына сурет салу. Сабақтың

максаты: Жаңа жыл көріністерін бейнелеуге үйрету. Тақырып бойынша

композиция құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Жаңа жыл туралы әңгімелер

мен ертегі кейіпкерлерін бейнелеу жолдарымен таныстыру.

Сабақтың көрнекілігі: Жаңа жыл көріністері бейнеленген

иллюстрациялар, репродукциялар. Кеңістіктегі көріністерді қағаз бетіне

бейнелеу әдістері көрсетілген таблицалар.

Сабақтың кезеңдері: бірінші - жыл мезгілдері, қыс көріністері, аңыз,

ертегі, әңгіме кейіпкерлері туралы әңгіме; екінші - кеңістік көріністерін қағаз

бетіне орналастыру жолдарын таблица арқылы немесе тақтаға салып көрсету;

үшінші - оқушылардың өз бетінше жаңа жыл тақырыбына арнап сурет салуы.

Сабақтың барысы: Сабақта бір немесе екі көрініс бейнеленуі мүмкін. Бұл

сабақта оқушылар «Елка жанында», «Мектеп ауласындағы жаңа жыл»,

"Қаладағы жаңа жыл", "Жаңа жыл келді", т.б. тақырыптарды таңдап алуына

болады.

Сабақтың түсіңдіру кезеңінде, көріністердің күрделі болмауын, оқушының

шамасына сай келуі жағын ескеріп отыру қажет. Кеңістік көріністерін бейнелеу

барысыңда жақындағы көріністі үлкен, алыстағыны кіші етіп бейнелеу жөніңде

нұсқау көрсетіледі.

17 - 18 - САБАҚТАР

Сабақтың тақырыбы: Қысқы каникул тақырыбына сурет салу. Сабақтың

түрі: тақырып бойынша суреттер салу.

Сабақтың мақсаты: оқушларды белгілі тақырып бойыша сурет салуға

үйрету. Композиция құрастыру, зат көрінісін дұрыс бейнелеу дағдыларын

калыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Қыс көріністері бейнеленген репродукциялар,

иллюстрациялар. Кеңістік көріністерін кағаз бетіне орналастыру жолдары,

композиция құрастыру әдістері көрсетілген таблицалар.

Сабақтың кезеңдері: бірінші - қыс көріністері және оларды таңдап алу

жайлы әңгіме; кеңістік пен композиция туралы түсініктер беру; үшінші -

оқушылардың өз бетінше қыс көріністері туралы сурет салуы.

Сабақтың барысы: Бұл сабақта «Сығанақ», «Қыстағы ауыл көрінісі»,

"Таудағы ауыл", "Менің күшігім", «Біздің үй» т.б. шағын тақырыптарды алуға

болады. Сабақта оқушыларға, қыста дала калай өзгереді?

- ағаштардың жапырақтары бола ма?

- қыста қандай ойын ойнайсыңдар?

- каникулда қайда барасыңдар? -

деген сұрақтар беру арқылы оқушыларды тақырып табуға жетелейміз.79

Мұнан соң қыс туралы суретші Ж.Шарденовтің «Алатау», «Кезек»,

Ә.Қастеевтің "Қыс", А.Школьныйдаң «Қыстағы шопандар», С.Романовтың

"Цирк ауласында", А.Нисскийдің «Москва түбінде» картиналарының

репродукциялары көрсетіледі. "Ақ желкен" журналындағы қыс көріністерін

бейнеленген суреттермен таныстырылады, "Аяз ата", «Қар кыз» бейнелеріне

талдау жасалады. Графика, кескіндеме шығармаларындағы қысты бейнелеу

техникасы сөз болады.

19-САБАҚ

Сабақтың такырыбы: Нұсқаға қарап ожаудың суретін салу.

Сабақтың максаты: Оқушылардың нұскаға қарап қабылдау, бейнелеу

дағдыларын қалыптастыру. Зат құрылысын, түсін, өлшемдер қатынасын дұрыс

бейнелеуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Ожауды салу жолдары көрсетілген таблица.

Суретшілердің натюрморт шығармаларының репродукциялары (Т.Тоғысбаев

"Қызыл натюрморт", Шарден "Өнер атребутттары"

Сабақтың кезеңдері: бірінші - Нұсқадан қарай салған • суретші

туыңдыралының ерекшеліктерін көрсету, ойыншықтың формасына, түсіне,

кеңістіктегі орнына талдау жасау; екінші - ожауды бейнелеу жолдарын көрсету,

оқушылардың натураны бейнелеуі.

Сабақтын барысы: Сабақтың көрсетілген бірінші кезеңінен соң, мұғалім

форматты дұрыс орналастыру, бейнені газ бетіне үйлестіру, зат құрылысын

дұрыс бере білу, штрихтау әдістерін балаға көрсетіп жәрдем береді.

20-21 САБАҚТАР

Сабақтың тақырыбы: торсықтың суретін салу.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға заттың өзіне қарап суретін салу жолдарын

үйрету. Салынатын заттың пропорциялық өлшемдер қатынасын табуға баулу.

Ұ лттық ыдыстар туралы мәліметтер беру.

Сабақтың көрнекілігі! оқушылардың қарап салуына арналған торсық.

Олардың салу жолдары көрсетілген таблицалар. Ә.Тәжімұратовтың «Шебердің

қолы ортақ», Ә.Марғұланның «Қазақтың сәндік қолданбалы өнері» атты кітабы.

Керамикадан жасалған ыдыстар.

Сабақтың барысы: торсық натура столының үстіне орнатылып олар үш

жерге қойылады, немесе оның біреуі тақтаға ілінеді. Таблицалар затты салу

жолдарын көрсетіп болған соң тақтадан алынып тасталады.

Сабақтың кезеңдері: 1-натура өлшемдеріне, түрі-түсіне талдау жасау; 2-

бейнелеу жолдарын көрсету; З- оқушылардың затты бейнелеу кезеңі,

22 – САБАҚ

Сабақтың тақырыбы! геометриялық ою-өрнекті бейнелеу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сәндік суреттер салуға баулу, Сәндік

суреттер салу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Ә.Марғұланның «Қазақтың сәндік өнері» атты

(Алматы 1987 ж) альбомы; Т.Бәсеновтің «Сәулет өнеріндегі ою-өрнектер»

(1964 ж. Алматы); Н.Нұрмұханбетовтің «Қожа Ахмет Иассауи кешені» атты 80

кітаптар. Ою - өрнектердің түрлері және оның салу жолдары көрсетілген

таблицалар

Сабақтың кезеңдері: бірінші. ою-өрнектер туралы түсініктер беру.

Геометриялық өрнектердің сәулет өнерінде қолданылуы; екінші - қошқар мүйіз

ою-өрнегін бейнелеу жолдарын көрсету; үшінші - ою-өрнектерді бейнелеу

кезеңі.

23-24 - САБАҚТАР

Сабақтың такырыбы: ойыншық машинаның жанынан қарағандағы

көрінісін бейнелеу.

Сабақтың мақсаты: нұсқасына қарап машинаның бөлшектерінің

өлшемдер қатынасын табу, оны бейнелеуге үйрету. Оқушының машина

көрінісін кағаз бетіне дұрыс орналастыру, өлшемдер қатынасын, түстерін табу

дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Нұсқа ретінде қойылатын ойыншық машиналар.

Оларды бейнелеу жолдары көрсетілген таблицалар. Кітаптар мен журналдағы

машина суреттері.

Сабақтың кезеңдері: бірінші - машина және оның түрлері жайлы

түсініктер беру; екінші - машналарды бейнелеу жолдарын тақтаға салып немесе

таблицадан көрсету; үшінші машинаны нұсқасына қарап бейнелеу кезеңі;

төртінші - машина бейнесін бояу.

25 - САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: Шаңырақтың суретін салу.

Сабақтың мақсаты: Еске түсіру мен елестету арқылы ұлттық формадағы

заттарды бейнелеуге үйрету. Заттың конструкциялық кұрылысымен таныстыру.

Шаңырактың тұрмыстағы орны жайлы түсініктер беру.

Сабақтың көрнекілігі: Шаңырақтың кеңістіктегі жеке көрінісін бейнелеп,

жеке бөлшектері көрсетілген таблица. Киіз үйдің суреттері. Суретші

К.Шаяхметовтің «Туған ауылда», С.Мәмбеевтің «Тауда» атты картиналарының

репродукциясы. ( 15-16 суреттер)

Сабақтың кезеңдері: бірінші - шаңырақ туралы түсініктер беру; екінші -

киіз үй мен шаңырақтың құрылысымен таныстыру және бейнелеу жолдарын

көрсету; үшінші - оқушылардың елестету мен еске түсіру арқылы сурет салуы.

Сабақтың барысы: Шаңырақ – киіз үй сүйегінің негізгі бір бөлігі. Ол

талдан немесе кайыңнан жасалады. Оның үлкен шеңберінде, иіп жасалған 8

күлдіреуіші болады. Шаңырақ шеңберінде айнала уық өткізуге арналған көз

жасалады. Шаңырақ жасайтын ағаштың қабығын аршып, көлеңкеде кептіреді

де қозға көміп жұмсартады. Бұдан соң оны жонып төзге салып иіп, қажетті

шеңбер пішініне келтіреді. Құлдіреуіштердің дөңес жағын үстіне қаратып,

шеңберге бекітеді. Шаңырақтың екі бүйірінен екі желбау байланады.

Шанырақтың шеңберін сырлап, ішкі жағын сүйекпен, күміспен әшекейленген

түрді де болған.

26 - САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: гүлдің суретін салу.

Сабақтың түрі: сәндік сурет салу.81

Сабақтың мақсаты: оқушылардың сәндік сурет салу дағдыларын

қалыптастыру. Көрініс бейнесін дұрыс бейнелеуге үйрету. Түстерді бояуларды

араластыру арқылы табу жолдарын көрсету.

Сабақтың көрнекілігі: гулдің көрінісін бейнелеу жолдарын көрсететін

таблица. Әр түрлі гүлдердің суреттері. Бірнеше гүлдерді бір түзудің бойына

орналастыру жолдарын көрсететін таблица

Сабақтың кезеңдері: бірінші - гүлдер туралы әңгіме; гүлдердің суретін

көрсету; екінші - гүлдердің суретін салу жолдарын тақтаға көрсету немесе

таблицалардан көрсетіп оларды оқушылардың өз бетінше жұмысы.

27-28 САБАҚТАР

Сабақтың тақырыбы: бірнеше гүлдің суретін бір түзудің бойына

орналастыра бейнелеу.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға сәндік суреттер салу барысында

композиция түсініктерін беру. Сәңдік суреттөр салу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: ою-өрнектер бөйнеленген түрлі-түсті таблицалар;

гүлдің сәндік түрде салған суретін бір тузудің бойына орналастыру үлгісі

көрсетілген таблица.

Сабақтың барысы: бірінші - өмірдегі түрлі керіністерді ою-өрнектерге

айналдыру жолдарын көрсету; екінші – оқушылардың өз бетінше сәндік сурет

салу кезеңі.

29 – САБАҚ

Сабақтың тақырыбы:құстың суретін салу.

Сабақтың мақсаты: еске түсіру немесе елестету арқылы бейнелеу

жолдарын үйрету. Зат формасын дұрыс бейнелеуге жаттықтыру,

өлшемдерқатынасын табуға оқушылардың қабілетін қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: құстың өлшемдер қатынасын көрсетуге арналған

таблица. Құстар бейнеленген иллюстрациялар. Дәптер, қалам, өшіргіш.

Сабақтың кезеңдері: 1) құстар жайлы әңгіме; 2)құстың суретін тақтаға

салып көрсету; 3) оқушылардың еске түсіру арқылы құсты бейнелеу кезеңі.

Бұл сабақта құстын қатырылған тұлыбы (муляжы) болған жағдайда сабақты

нұсқаға қарап сурет салу сабағы ретінде өтуге болады.

30 -САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: керегенің суретін салу.

Сабақтың мақсаты: нәрсеге қарап сурет салу жолдарын үйрету. Зат

өлшемдерінің пропорциялық қатынастарын табуға жаттығу. Бұйымның

тұрмыста қолданылу қажеттілігімен оқушыларды таныстыру.

Сабақтың көрнекілігі: Керегенің өлшемдерінің қатынасын көрсетуге

арналған таблица. Оқушылар үшін дәптер, қалам, өшіргіш шағын өлшемдердегі

кереге.

Сабақтың кезеңдері: бірінші - керегенің қазақ халқының өміріндегі орны

туралы әңгіме; екінші - нұсқаны көрнекті жерге орналастыру; үшінші - затты

бейнелеу жолдарын көрсету; төртінші - нұсқаға қарап сурет салу.

Сабақтың барысы: кереге - киіз үй сүйегінің талдан, жіңішке қайыңнан

жасалған төменгі қабырғасы. Кереге көздерінің көлеміне қарай: тор көзді

(кішкене) және жел көзді (үлкен) болып екіге бөлінеді. Тор көзді керегеде уық 82

байлайтын 20 бас, жел көзді кереге 17 бас болады. Кереге жасайтын тал мөн

қайыңнын қабығын жастай аршып, көлңкеде кептіргеннен кейін қозға көміп

жұмсартады. Сонан соң тезге салып, түзетіп жонады: Дайын болған кереге

ағаштарын қайтадан тезге салып мүсіндейді. Бұдан соң оларды бір-бірімен

косып, түйенің өгіздің мойын терісінен дайындалған таспамен көктейді,

жосамен бояйды. Кейбір шеберлер керегені әр түсті бояуларымен сырлатып,

к8міспен әшекейлейді. Жиюлы керегенің биіктігі 2м- дей, ені 75 см-дей болады.

Ал жазған уақытта биіктігі сәл төмендеп, ені 2-2,5 м-ге дейін созылады. Кереге

санына қарай киіз үй 4, 6, 8, 12 қанат етіп тұрғызылады. Хан ордасының кереге

саны 30-ға дейін жетеді.

З1- САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: Келінің суретін салу.

Сабақтың максаты: нұсқаға қарап сурет салу жолдарын үйрету. Зат

өлшемдерінің пропорциялық қатынастарын табуға жаттығу. Ұ лттық бұйымның

қолдану мақсатымен таныстыру.

Сабақтың көрнекілігі: Келі және оның өлшемдөрінін пропорциялық

қатынастарын көрсетуге арналған оқушылар үшін дәптер, қарындаш, өшіргіш

Сабақтың кезеңдtрі: бірінші - нұсқаны көрнекті жерге орналастыру;

екінші - нұсқаның өлшемдер қатынасына, құрылысына талдаулар жасау;

үшінші - келі-келсаптың қазақ халқының тұрмысындағы маңызы; төртінші—

келіні бейнелеу жолдарын таблица арқылы немесе тақтаға салып көрсету .

Төртнші - оқушылардың бейнелеу жұмысы .

Сабақтың барысы: Келі қазақ халқының тұрмысында жиі қолданылатын

бұйымның бірі, ол формасы жағынан шелекке, кастрольге ұқсастықтары бар.

Келі-келсап – тары, бидай т,б. дән.ді дақылдарды түйетін, ұнтақтайтын

қатты ағаштан жасалған құрал. Ағаш келінің екі түрі болады: тақта келі,

шұңқыл келі. Бұл келінің түбінің жайпақ тегіс немесе шұңғыл болып келуіне

байланысты. Шұңғыл келі тарыны қаралау, ақтауға пайдаланылса, тақта келі

тарыны жармалап, ұнтақтауға қолданылады. Тақта келінің түбі тегістеу келеді

де, келсап дәл тиіп, дәнді майдалауға, ұнтақтауға қолайлы болады. А5аш келіні

қайың, қарағай сияқты қатты ағаштан ойып жасайды. Мұның темірден

жасалған түрін темір келі деп атайды. Келінің түйгіш ағашы (немесе темірі)

болады оны келсап дейді. Келсаптың келіні түйгіштейтін басы салмақты етіп

жасалады, қолға ұстайтын жерінен қолайлы қос тұтқа шығарылады.

32-САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: бейнелеу өнері туралы әңгіме.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды қазақ суретішлерінің шығармаларымен

таныстыру, картинаның көркемдік ерекшелігі туралы түсінік беру.

Сабақтың көрнекілігі: М.Кенбаевтың «Қашағанды қуу» атты

картинасының репродукциясы

Сабақтың барысы: Мұғалім аталған картина репродукциясын тақтаға іліп,

оқушыларға оған зер сала қарауды тапсырды. Әсіресе негізгі фигураларға көңіл

бөлуді ескертеді. Мұнан соң сурет мазмұны туралыоқушылардың пікірлері

сұралады. Картина мазмұнын аша түсу үшін мұғалім мынадай жетекші

сұрақтар беруі мүмкін.83

1.Суретте қай жыл мезгілі деп ойлайсыңдар?

2. Жылқышылардың іс-әрекеті жайлы не айтасыңдар?

3. Шығармада қандай түстер басым?

М.Кенбаевтың «Қашаған қуу» атты картинасының мазмұнын мұғалім

былай талдауы мүмкін. Алыстан мұнартып тау көрінді. Оның шыңтарын мәңгі

қар басқан. Картинада суретші күзгі жайлауды әсем бейнелеген. Дала шөптері

алтын сары түске боялғандай.

Тау етегіндегі жылқышылар ауылын айқын байқауға болады. Суретте екі

жsлқышы қашаған қуып келе жатқаны көрінеді. Олардың оң жақтағысыжирен

қасқа ат, сол жақтағысы торы ат мінген. Қашағанның түсі шымқай ақ. Аспан

ашық. Аспан ашsқ, көгілдір бұлтсыз. Шығармада негізінен жылы түстер де

суық түстер де бар.

2.3 Түстану заңдылықтарын көркемдік білім жүйесінде оқыту

әдістері.

Бейнелеу өнерін оқытудағы негізгі мақсаттың бірі – оқушыларға

көркемдік білім беру болып табылады. Оқушыларға көркемдік білім берудің

құрылымы бейнелеу өнерінің сауаттылығын құрайтын бейнелеу өнерінің

заңдылықтарын меңгеру мен бейнелеудің қарапайым ептейліктері мен

дағдыларын қалыптастырудан тұрады. Бейнелеу өнерінің негізгі сауаттылығын

құрайтын перспектива, жарық пен көлеңке, ритм, симметрия және композиция

заңдылықтарын оқушыларға меңгертудің көкейкесті мәселелері көп. Олар:

бейнелеу өнерінің осы заңдылықтарын жинақталып бір жүйеге келтірмеуі мен

оны оқытудың мазмұны, формалары мен әдіс-тәсілдерінің жоқтығы арасындағы

қарама-қайшылықтардың болуымен ерекшеленеді.

Осындай мәселенің шешімінің әлі күнге дейін табылмауы, бейнелеу

өнерінің түстану ілімі мен оның мазмұнының қысқаша болсада әліге дейін

толық еместігі, оны жинақтап, бейнелеу өнері пәнін оқытудың теориялық

материалы ретінде танудың қажеттігі қаншама жылдардан бері туындап келеді.

Барлық оқу пәндерінің теориялық оқу материалдарының болатындығы сияқты,

бейнелеу өнерінің бейнелеу ептейліктері мен дағдыларының қалыптасуына

ерекше әсер ететін – бейнелеудің жарық пен көлеңке, перспектива, композиция

және түстану заңдылықтарын түсінеміз. Оқушылар бейнелеу сауаттылығы

құрайтын осы заңдылықтар мен оларды бейнелеудің ережелерін меңгермейінше

студенттер мен оқушылардың бейнелеу іс-әрекеттері жақсы нәтиже бере

бермейтіндігіне тәжірибеде көз жеткізуге болады.

Түстану мәселелері туралы ғылыми, педагогикалық, өнертанымдық

әдебиеттерді сараптау әлі де болса, бұл мәселені – бейнелеу өнерін оқыту

мазмұнының бір саласы ретінде қарастыру қолға алынбағандығы белгілі болды.

Түстану мәселесін қарастырған кейбір еңбектерде термин сөздерге терең

мән беріп, оларға түсіндірме жасаумен шектеліп, анықтамалар мен ережелерін

беру, жіктеу олқы соғып жататындығы жасырын емес. Сондықтан түстану

заңдылықтарын балаларға оқытуды түстану заңдылықтарынан бастау, түстану

мәселелерін жинақтап жүйелеуден бастау орынды.84

Түстану – түс туралы ілім жүйесі. Түстер хроматикалық және

ахроматикалық болып бөлінеді. Хроматикалық түстерге түрлі-түсті түстер

жүйесі кіреді. Ахроматикалық түстерге ақ және қара түстер жатады. Барлық

хроматикалық түс үш параметрмен ашықтылықпен, түстік өңмен және

қанықтылықпен сипатталады. Ахроматикалық түстер бір-бірінен тек бір белгісі

бойынша – ашық (ашық сұрғылт немесе қара сұрғылт) бойынша ерекшеленеді.

Түстік өң бұл «қызыл», «сары» және т.б. сөздермен анықталады. Мысалы

қызыл, таза қызыл немесе сұрғылт қызыл. Бұл қызылға қосылған сұрғылт қоспа

түстің өңін өзгертпейді қызыл түс қызыл болып қалады. Ахроматикалық

қоспадан, хроматикалық түстің қанықтығы азаяды. Мұндай қоспада

ахроматикалық түс неғұрлым аз болған сайын, оның қанықтығы арта түседі.

Хроматикалық түстерді шартты түрде жылы түсер және суық түстер деп

бөлінеді. Жылы түске түс спектрінің сары-қызыл бөлігі, ал суық түске көгілдір

бөлігі жатады, жылы түстерді күн мен оттың түсімен, суық түстерді аспан, су

мен мұздың түсімен сиппатауға болады. Күлгін және жасыл түстер аралық

жағдайда пайда болады. Бұларды басқа түстермен қатынасына байланысты

бірде жылы, бірде суық түске жатқызуға болады. Түстік шеңбер бірге қатар

қойылған түстерден құралған шеңбер. Бұл шеңбер, сары, сарғыш қызыл, қызыл,

қызғыш қоңыр, жасыл көк, көк, күлгін көк, болып жалғасып отырады. Негізігі

түстер сары, қызыл және көк түстер болып табылады. Контраст түстер – бір

біріне қарама қарсы түстер. Ақ түске, қара түстер қарсы ақ пен қызыл т.б.

түстер конраст сипатын береді.

Түстердің қасиеттерін зерттеу бізге түстердің психологиялық физикалық

қасиетін, этнокөркемдік атауларын анықтауға мүмкіндік береді.

Психолог ғалымдар түстің адамға әр түрлі әсер туралы бірқатар

зерттеулер жүргізгендігі белгілі. Мысалы қызыл түске көп қарау, немесе қызыл

түске боялған бөлме ішінде ұзақ отыру адамның жүйкесіне тиіп, оны

әлсірететіндігі анықталған. Сонымен қатар бөлменің қабырғасын түрлі

түстермен реңдеудің өзіндік ерекшелігі болады. Мысалы, зерттеу нәтижелері

үйдің көлеңке немесе солтүстік жақтағы бөлмелерін жылы түстермен, күн

жарығы тікелей түскен бөлмелерді суық түстермен (ашық көк, немесе салат

түсті ақшылды жасыл көк түске) безендіру қажеттігін көрсеткен. Сонда жылы

түстер адамға жылылық әсерін беріп, бөлменің іші жылына түскендей

сезіледі, ал суық түсті бөлме жаздың күні адамға салқындағандай әсер

беретіндігі анықталған.

Сол сияқты заттардың салмағына байланысты болатын түстердің қасиетін

мынадан білуге болады. Мысалы қара жасыл көк түске боялған жүк машинасы

өте ауыр сияқты болып қабылданса, нақ сондай формадағы машинаның түсі

ақшыл көкке боялса оның салмағы жеңіл сияқты болып көрінетіндігі белгілі

болған.

Түстерді тану барысында олардың символдық түрде берілуі ерекше назар

аударатын құбылыс. Жасыл көк түс жастық шақты білдірсе, аспан көк түс

бостандықты, еркіндікті, білдіреді, ақ түс тазалықты, қара түс жамандықты,

қызыл түс белгілі бір өзгерісті білдіреді.85

Қазақ халқында түстердің белгілі бір атаулары болған. Жылқының түсіне

байланысты ақ боз, күрең, қара торы, шабдар, буырыл, құла, ала, т.б.

атаулармен атаған.

Картиналардағы түстердің берілуінің өзіндік ерекшеліктері болады.

Мысалы, таңертеңгі мезгілді бейнелейтін картиналарда көкшіл түстер басым

болса, кешкі мезгілді бейнелейтін картиналарда қызғылт түстер басым болып

беріледі. Күндізгі мерзімді бейнелейтін картинадағы заттардың түстері өзінің

табиғаттағы қалпында бейнеленеді. Ал егер, заттық бетінің фактурасы жылтыр

болып келсе, оған сол заттың жан-жағындағы заттардың түстері әсер етіп,

өзінің табиғи түстері азғана өзгеріп көрінуі бейнеленеді.

Картиналардағы түстердің өзгеруі мен бейнелеуінің бір ерекшелігі

шығарманың идеясына байланысты болып келеді. Суретші Салихаддин

Айтбаевтың «Бақыт» атты картинасында көктемгі далада отырған қыз бен жігіт

көрінісі бейнеленген. Жастардың үстіндегі киімдері түрлі түсті бояулармен

берілген, ал дала, алыстағы тау, жасыл көк түстермен жазылған. Картина

композициясында аспанға қарағанда жердің көрінісі толық картина

жазықтығын жауып жатыр. Шығармадағы түрлі түстердің арасында жасыл көк

түстердің басым берілуі арқылы суретші адам өмірінің жастық кезеңін жасыл

реңдермен беру арқылы жастықтың өзіндік ерекшелігіне көңіл аударады. Яғни

жасыл түсті жастықтың түсі ретінде символдық түрде береді.

Қазақ бейнелеу өнерінде белгілі суретші Нағымбек Нұрмаханбетовтың

салған «Тоқаш Бокин отряды» атты картинасы бар. Картинада, қазақтың сары

даласында атқа мініп келе жатқан Тоқаш Бокиннің отрядының көркем

көріністері бейнеленген. Картинаның түстерінің бір ерекшелігі мұндағы қызыл

түстердің басым болуы. Табиғатта дала көрінісі ақ, сары немесе жасыл көк

болуы, аттардың түсі күрең, ақ боз тағы басқа болуы, адамдардың жылы

реңдері басым жасыл көк болуы мүмкін. Бірақ картинада қызыл түстер басым

берілген. Бұл шығарманың айтылатын көркемдік ойына байланысты.

Картинада қоғамдық өзгеріс, қоғамдық құрылымның өзгеруін көрсетуді мақсат

тұтқан. Картинада қызыл армия командирі Т.Бокиннің образы берілген.

Түстану ілімінде колорит деген ұғым кездеседі. Колоритті біз кескіндеме

шығармаларындағы түстердің үндестігі мен бірлігі деп танимыз. Картинадағы

түстер кейде жылы түстердің құрылымына кейде суық түстердің құрылымына

бірігеді. Ал кейбір жағдайда картинада жылы түстер мен қатар суық түстер

үйлесімді түрде қолданылады.

Заттың бетіндегі түстер кейбір жағдйда өз түсінен өзгеріп, басқаша

түспен көрінуі ықтимал. Мысалы, бір түйір қара көмірдің бір жақ бетіне күннің

көзі немесе жасанды жарық тікелей түскенде, ол жері әппақ дақ түрінде

қабылдануы мүмкін. Мұны көру кезінде болатын жаңырысу деп танимыз.

Ғылыми-педагогикалық, өнертанымдық әдебиеттерді сараптау негізінде

түстану ілімінің негізін құрайтын ұғымдарды мынандай бағыттарға жіктеуге

және оны түстанудан білім беру мазмұны ретінде алуға болатындығы

анықталады: хроматикалық түстер; ахроматикалық түстер; түстердіңі

қанықтығы; түстердің ашықтығы; жылы түстер; суық түстер; түстік шеңбер;

негізгі түстер; контраст түстердің бірлігі; түстердің қасиеті; символдық түстер; 86

түстердің қазақша атаулары; колорит; картинадағы түстер; түстердің

композициясы; жылы түсті колорит; суық түсті колорит; аралас түсті колорит;

түстерді қабылдау ерекшелігі; түстердің бейнелеуінің

ерекшелігі т.б.

Ғылыми педагогикалық еңбектерді талдау мен тәжірбиелік-

эксперименттік зерттеу нәтижесін сараптау негізінде түстану ілімін оқытудың

мынандай формалары мен әдіс тәсілдері анықталады:

1.түстанудың негізгі мазмұнын құрайтын материалдарын сурет,

кескіндеме, композиция пәндерін оқыту бағдарламаларын қосымша ретінде

қосылды.

2.түстанудан теориялық материалдар өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру

барысында қолдану нұсқаулары жасалады.

Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелерін сараптау бізге

түстану теориясын көркемдік білімді беру жүйесінде оқытып үйретудің үш

бағытын көрсетті: біріншісі табиғаттағы заттардың, құбылыстардың түстерінің

ерекшеліктерін қабылдауға шәкірттерді үйрету табиғаттағы түстердің

қатынастарына талдау жасау; түстердің араласуын көрсету; екінші бағыт –

табиғат пен бейнелеу өнеріндегі түстердің берілуін талдау, олардың бейнелеу

ерекшеліктерімен шәкірттерді таныстыру; үшіншіден – түстерді тікелей

нұсқаға қарап сурет салу барысында қабылдау және оны бейнелеу.