- •1.1 Ертедегі бейнелеу өнерін оқытудың қысқаша тарихы.
- •1844 Жылы Тулуз өнер мектебінің профессоры Галяр «Қолмен және
- •1888 Жылдан бастап геометриялық әдіс барлық жалпы білім беретін
- •19 Ғасырдың басында Георг Кершенштейнердің реакциялық мәндегі
- •19 Ғасырдың 30 жылдарында балалардың көркемдік тәрбиесі
- •1735 Жылы Ресейде неміс және орыс тілдерінде и.Д.Прейслердің
- •1834 Жылы а.П.Сапожников «Сурет курсын» баспадан шығарды. Бұл
- •1.3 Кеңес мектебінде суретті оқыту әдістемесі
- •20 Жылдардағы суретті оқыту әдістемесінің талдаулары әр түрлі
- •1931 Жылы шығарылған бағдарлама оқу материалдарының мазмұнын
- •20 Ғасырдың 40 жылдары сурет мектебі реалистік суреттің берік жолына
- •21 Ғасырдың 70 жылдарынан бастап ұлттық бейнелеу өнері мен сәндік
- •70 Жылдары жарық көрген қ.Ералиннің әдістемелік еңбектерінде
- •20 Ғасырдың 80 жылдарындағы Қазақстанда бейнелеу өнерін оқыту
- •1997 Жылы «Атамұра» баспасынан жарыққа шыққан «Бейнелеу өнерінің»
- •2002-2004 Жылдардан бастап осы авторлар құрамы әрбір оқулықтарға
- •50 Жылдардың басы мен 60 жылдардың аяғында мектептегі оқу мен
- •1964 Жылы ссср Ғылым Академиясының Көркемдік тәрбие беру
- •1980-1990 Жылдар аралығында Қазақстанда көркемдік білім беру
- •90 Жылдары бейнелеу мен оны оқыту және болашақ мұғалімдерді
- •1981 Жылдың аяғында «Өнер» баспасынан балаларға арнап
- •1981.№5,36-38Беттер)сурет салуға қажетті оқушылардың қарапайым дағдылары
- •1921 Жылы Семей қаласында ұйымдастырған. Қазақтың алғашқы
- •1935 Жылы Алматы қаласында ашылды. Кейіннен бұл ә.Қастеев атындағы
- •70 Жылдары республикалық баспасөз бетерінде өнер теориясы мен
- •70 Жылдары кейбір даңқты, әлем таныған суретшілер туралы қазақ
- •1978 Жылдың басында «Жалын» баспасынан ғалым-педагог Зият
- •1995-96 Жылында тұңғыш рет «көркемсурет зертттеушісі» мамандығы ашылып,
- •92 Оқу жылынан бастап «Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы» педагогика
- •2.1 Бейнелеу өнерін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
- •2.Бейнелеу өнерін оқыту мақсаттарының бірі көркемдік білім мен қатар
- •4. Мектептегі бейнелеу өнерін оқытудың бір мақсаты- сурет сала білу
- •5. Бейнелеу өнерін орта мектепте оқытудағы басты тағы бір міндеті -
- •1958.79 С) өз естелігінде «Мектепте сурет пәнін дұрыс жолға қойғандығы үшін
- •7. Бейнелеу өнерін оқытудың маңызды міндеттерінің бірі -оқушыларды
- •2.2 Мектептегі бейнелеу өнері сабақтарының мазмұны
- •47 Сағат, тақырыптық сурет салу сабағына 30 сағат, өнер туралы әңгіме
- •2.4. Композиция заңдылықтары және оны оқыту әдістері
- •2.5. Жарықтану ілімі және оны оқыту әдістері
- •2.6.Перспектива заңдылықтары және оны бейнелеуге оқыту әдістері 94
- •2.7. Мұғалімнің оқу процесін ұйымдастырудағы орны
- •2.8.Сабақ мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы
- •1. Сабақты ұйымдастыру. Бұған мұғалімнің сыныпта қажетті тәртіпті
- •2. Жаңа материалдарды түсіндіру.
- •3. Оқушылардың өзіндік жұмысы. Жаңа материалдарды түсіндірген соң
- •4. Жұмыстың қорытындысын шығару және сабақты аяқтау. Жұмыстың
- •4. Сабақтың жабдықтары. Жоғарыдағы сабақтар үшін қандай жабдықтар
- •5. Сынып тақтасын пайдалану. Сынып тақтасы сабақтың жабдықтарының
- •2.9. Бейнелеу өнерін оқытудың дидактикалық принциптері
- •3.1.Өнертану туралы түсінік
- •3.2. Өнер шығармаларын талдаудың
- •XIX ғасырдың екінші жартысында (1847-1857 ж) қазақ жерінде болған
- •30 Жылдардың алғашқы кезеңінде көріне бастады. «Топтық портрет», «Көгілдір
- •1967 Жылы суретші қазақ әйелі Айша Ғалымбаеваға Қазақстанның халық
- •1951 Жылдан бастап м. Кенбаев өз білімін Москвадағы в. И. Суриков
- •1967 Жылы Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер,1981 жылы Халық
- •1970 Жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.
- •1933 Жылы Пенза көркемсурет училищесін, 1952 жылы Ленинградтағы
- •1967 Жылы Москва қаласында оның «Ән қанаты» атты фильміне жасаған
- •1969 Жылы Ленинградтағы мүсін және архитектура институтын бітірген. 1969
- •1980 Жылы Қазақстан суретшілерінің одағының мүшесіне қабылданып,
- •XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында салынған орыс
- •1926 Жылдан бастап Орта Азия мен Сібір арасында темір жол салына
- •XX ғасыр кескіндемесі уақиға ішіндегі белгілі бір символикалық жайды
- •2.Өнер шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру; 3.Өнертану
- •1984 Жылдың май айында мен тұратын «Путь Ильича» колхозының музейін —
- •1968 Жылы ойдағыдай бітірді. Мүсінші халық өнерін қадірлеп өсті. Өнер
- •X. Науырызбаев, с. Мамбеев сияқты талантты суретшілерді тәрбиелеуге жол
- •4. Бұйымның тұрмыстық қажеттілігін түсіндіру (құмыра үлксн кішілігіне қарай
XX ғасыр кескіндемесі уақиға ішіндегі белгілі бір символикалық жайды
ғана алға тосуды көп тілеген секілді. Сонан болар, осы уақыт суретшілері
мүмкіндігінше кесек, есте қаларлық бейнелерді жасауға бейім болды.
Қорытындылай айтқанда қазақ бейнелеу өнерінің мектеп оқушыларына
көркемдік білім беру мүмкіндігімен қатар сыныптан тыс тәрбие құралы ретінде
қолдануға болатын ерекше сипаты басым.
Бейнелеу өнеріндегі бейбітшілік тақырыбы бойынша тәрбие сағатын
өткізу
Бейнелеу өнері шеберлерінің идеялық мазмұны шығғармаларының
халыққа әсемдік тәрбие беру мүмкіндіктерімен қатар мектеп оқушыларына да
саяси идеялық тәрбие беретін мүмкіндіктері мол. Бейнелеу өнерінің мұндай
мүмкіндіктерін тәрбие сағатында пайдаланудың ұтымды жақтары бар.
Бейнелеу өнері туралы тәрбие сағатында сынып жетекшісі бейбітшілік туралы
оқушыларға жалпы түсініктер берумен қатар жеке шығармалардың идеялық
мазмұнына талдаулар жасайды, тәрбие жұмысының мазмұнын бейбітшілік
туралы деректі әңгімелермен толықтырып отырады.
Бейнелеу өнерінің міндеттерінің бірі – халықтың прогрессивті істерін
өнеге тұтып, бүгінгі замандастың образын жасау, өмірдің көкейкесті
мәселелеріне дер кезінде үн қосып отыру болып табылады. Бейбітшілікті сақтау
қазіргі заманның басты талабына айналып отыр. Жер жүзі халықтарының
тыныштығы үшін бүкіл прогресшіл адамзат күресуде. Бейбітшілік жолындағы
күресте Қазақстанның атқарып жатқан игі істері өте мол. Соның бір жарқын
көрінісі ел Президенті Н.Назарбаев әлемдегі ұлт өкілдеріне бейбітшілік туралы
мәлімдемесі. Бұл мәлімдемені дүние жүзінің прогрессившіл халықтары қолдап
отыр. Мұндай әңгімеден соң мұғалім бейнелеу өнеріндегі бейбітшілік
идеяларының көрініс сипатына тоқталады.
Бейбітшілік тақырыбы бейнелеу өнерінің барлық түрлері бойынша
шығармашылық ізденетін суретшілердің сүйікті тақырыбы болып келді және
бола бермек. Бейбітшілік тақырыбына жазылған шығармалардын мазмұны-194
табиғат әсемдігі мен байлығын сақтау, жас ұрпақтың болашағы үшін зұлым-
дық пен соғысқа қарсы күрес көріністері болып келеді. Қазақ бейнелеу өнері
халықтардың өзара түсінісуіне және жақындауына жәрдемдеседі,
империализмге реакция мен соғысқа қарсы күреске белсене қатысады.
Бейнелеу өнерінде саяси мәнге, мазмұнға бай тарихи жанрна жазылған
туындылар, пейзаждар мен плакаттар өте көп. Олардың кейбірі бейбітшілік
қадырын, соғыстың көріністерін бейнелеуімен ескс түсіре, кейбір суретшілер
картинадағы кейіпкерлердің ой сезімдерін ашып көрсету арқылы бақытты
балалық шақты, ел тыныштығын, бейбіт еңбекті өнер тілінде жырға қосады.
Мектеп оқушыларының өнерге, Отанға деген шынайы патриоттық сезімдерін
оятуға бейнелеу өнері зор үлес қосады. Бейбітшілік тақырыбына жазылған өнер
туындыларының көркемдік ерекшеліктерін балаға түсінікті етіп әңгімелеу, жас
өспірімнің дүниетанымын дамытып эстетикалық талғамының артуына
жәрдемдеседі.
Біз тәрбие сағатында реалистік бағытты ұстаған әлемге әйгілі бейбітшілік
жыршысы П. Пикассоның Р. Гуттузонның алдыңғы қатарлы қазақ
суретшілерінің шығармалары туралы кең түрде әңгіме қозғалады. П.
Пкассоның пейзаждары мен «Герника» атты шығармасы бейбітшілікті жырлап,
соғыстың ауыр азабын паш етеді. Өнер туындысы символдық бей-нелер
арқылы зұлымдық пен жамандық атаулыны әшкерелеп, өмірдегі әсемдікті
сүйсінуге шақырады. Италияның белгілі реалист суретшісі Ренато Гуттузоның
шығармалары соғысқұмарларға қарсылық көрсетеді. Бұл картинаның бірінші
планында Гитлердің жиркенішті бейнесі тұр. Сурет фонындағы фашистердің
адамдарды азаптауы, асуы, газбен тұншықтырып жазалауы сияқты көріністер
бейнесі арқылы суретші зұлымдыққа қарсы өз сезімін білдіреді. Р. Гуттузо осы
картинаны жазғаны үшін фашизмді жақтаушылардың қудалауына түсті, азап
шекті бірақ оған төтеп берді.
Бейбітшілік тақырыбына қалам тартқан орыс суретшісі В. Каракашевтың
«Әлемге тыныштық» атты плакатындағы қарапайым көріністермен «күннің
көзін қара түнек баспасын, әлемде бейбітшілік болсын» деген ойды білдіреді»
Суретші Ю. Ивановтың «Әлемнің иесі еңбек болады» дейтін триптих
плакатындағы бейнелер бейбітшілікке өз еңбегіміз-бен үлес қосуымыз керек, —
деген ой салады.
Бейбітшілік үшін күреске қазақ суретшілері де өз үлестерін
шығармашылық еңбектерімен қосқан. Суретшілер М. Аманжоловтың
«Қайырлы таң» туындысы мен Б. Табиевтің «Менің ауылымның адамдары»
атты сериялық шығармалары бейбіт өмір қадірін түсінуге жетелейді. Бүгінгі
күнгі әрбір қазақ азаматының бейбітшілікті бейбіт еңбегімен нығайту керек
екендігін меңзейді.
Сабақта бейбітшілік жолындағы күрес пен еңбектің сипатына тоқталып
өту орынды. Сондықтан біз мысал ретінде «Чимкентшина» — өндірістік
бірлестігінің өнімдері еліміздің түкпір түкпіріне таратылатындығына
тоқталдық, өнімнің көпшілігінің ауыл шаруашылық машиналарын жасауға
қолданылатыны айттылды. Техника көмегімен өсірілген астықтың күні ертең 195
дастарханымызға нан болып қайта оралатындығын түсіндірдік. Ал нан
дегеніміз — өмірдің өзегі, бейбітшілік бастауы.
Кескіндеме шеберлері Т. Тоғысбаевтың «Бейбітшілік әні», Б.
Бисенбинованың «Мәңгі таң» пейзажы мен А. Тимофеевтің «Бейбітшілік
туралы сөз» атты графикасынан әлемдегі тыныштық мәңгі болсын, бейбіт өмір
жалғаса берсін деген көркем ойлар айқын сезіледі. Кескіндемеші К.
Молдашевтің «Қазақстан, Дала және уақыт» триптихына кіретін «Ақ дала»
туындысында бейбіт өмір мен еңбектің салтанатын көркем қаламның нәзік
бояуларымен сипаттайды.
Суретші Х. Абаевтің «Еқбек – молшылық! Еңбек – бақыт!» атты екі
форматтан тұратын триптихында еңбек адамдарының шаттық өмірін және
әлемдегі бейбітшіліктің салтанатын көрсетіп, керермендерді көркем ойдың
өрісіне жетелейді. График-суретші.К. Каметовтың «Балалық шақты еске түсі-
руінде» біздің заманымыздың бақытты балаларының өмірі, әсерлі суреттелген,
тартымды көріністердің композициялық жүйесі ұтымды табылған.
Американ соғысқұмарларының 1945 жылы Хиросима қаласына атом
бомбасын тастағаны тарихтан бізге мәлім. Бұл жауыздықтың зардабын жапон
халқы әлі күнге дейін шегуде. Басқа елдердің суретшілерімен қатар қазақ
суретшісі Н. Нурмухаммедов те бұл көріністі бейнелегендердің бірі. Сабақта
суретшінің «Хиросимо» картинасының мазмұнын оқушыларға таныстыру
барысында соғысқұмарлардың іс әрекеті жайлы көрнекті түрде өмір
көріністерін әңгімелейміз.
Суретші Б. Тулкеевтің «Көктем күні» туындысында ана образы жасалған.
Шығармадағы кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін ашьп көрсете отырып, суретші
жер жүзіндегі аналардың бейбіт өмірге құштарлығы мен жас ұрпаққа деген
аналардың сүйіспеншілік сезімдерін көрермендерге әсерлі жеткізеді.
Бейнелеу өнеріндегі сатира жанры бейбітшілік үшін күрестің батыл да
өткір құралы. Сатиралық графика тілі бейбітшілікті жақтап, соғысқұмарларды
сұрқия кейіпкерлер түрінде көрсетеді. Мұндай тақырып бойынша әңгіме өткізу
барысында «Жас Алаш», «Егемен Қазақстан» ғазеттерінің беттерінде
жарияланған соғыскұмарларды айыптайтын карика-туралық суреттерді
пайдаланамыз. Графикалық шығармаларда бейбітшіліктің символдық белгісі
ретінде жер шары, мен ақ көгершін бейнесі алынады. Мысалы, бейбітшілік
жылының символы ретінде жер шары, оны қоршаған өсімдік жапырақтары
және ақ көгершін бейнесі белгіленген. Ал соғысқұмарлар образы өнер тілінде
қырып жоюға арналған қару жарақтар көрінісімен қоса көрсетіледі,
Әңгіме сабақта өнер шығармаларының мазмұнын аша түсу үшін бірнеше
шығармаларды қатар салыстырып көрсету орынды. Сонымен қатар
картиналардың әңгіме үстінде бояулар түстерінін, композициясының, орындалу
техникасының мазмұнымен байланысын ашып көрсетіледі.
Тәрбие сағатының соңында біз, еліміздің халықтары алапат соғыстардағы
қиындықтарды жеңу арқасында бейбітшілікке қолы жетті, сондықтан
бейбітшіліктің, қадірін түсініп-сақтай беру міндетіміз және абзал борышымыз–
деген қорытынды жасадық.196
Жалпы бейнелеу өнеріндегі бейбітшілік тақырыбы бойынша өткізілген
тәрбие сағаты оқушыларға эстетикалық тәрбие берумен қатар патриоттық,
отансүйгіштік тәрбие беру мәселелерін ұтымды шешуге болатындығын
тәжірибеайқындап берді.
Суретшімен кездесу ұйымдастыру.
Мұғалімнің бейнелеу өнері арқылы жүргізілетін тәрбие жұмысының бір түрі –
музейлерге оқушыларды экскурсияға апару болып табылады. Қазіргі кезде
үлкен қалалардағы өнер музейлеріне ұқсастығы бар шағын галереялар селолық
жерлерде де ашылуда. Мұндай галереялары экспонаттар өнер
шығармаларының оригиналдарын түп нұсқасы көруге мүмкіндірі аз ауыл
мектептері оқушыларын апарып көрсетуге қолайлы.
Әңгіме сабақ тақырыбы: Суретші Молдағали Қалдыбаевтың өмірі мен
шығармашылығы.
Әңгіме сабағының мақсаты: 1. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру;
