Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практические навыки - шаговая методика (каз).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
200 Кб
Скачать
☆

Бульбарлық (сопашқа ми) нервтер қызметін тексеру

Тексеруді жүргізу

Балдары

1

Дәрігер сырқаттың аузын кең аштырады да тыныштық жағдайда көмейіне қарап тілге, жұмсақ таңдай имегіне назар аударады; «а-а-а» дыбысын шығартып, таңдай мен кішкене тілдің қаншалықты қимылдайтындығын байқайды

0

0,5

1,0

2

Ширатылған қағаз түтікті көмейдің түбіне тигізіп, жұтқыншақ рефлексін, содан кейін жұмсақ таңдайға тигізіп, жұмсақ таңдай рефлексін тексереді. Мұндайда жұмсақ таңдай жоғары көтеріледі, жұтқыншақ бұлшық еттері жиырылады.

0

0,5

1,0

3

Сырқат дауысының үнділігін байқау керек, қажет болса отоларингологқа жіберіп, ларингоскопия жасатылады.

0

0,5

1,0

4

Жұтыну қабілетін байқау керек

0

0,5

1,0

5

Тамыр соғу мен тыныс алу ырғағы және олардың жиілігін анықталады

0

0,5

1,0

6

Сырқатқа тілін көрсету өтініледі. Дәрігер оның тілінің қалай жатқанына (тіл ауыздың ортасында жатыр ма, әлде бір жағына ауытқыған ба), қалыңдығын, бұлшық ет талшықтары жыбырлауы бар-жоқтығын байқайды

0

7

Сырқатқа жаңылтпаш немесе қиын сөздерді айтқызу арқылы оның дыбыс шығарып сөйлеу мүмкіндігін анықтайды

0

0,5

1,0

БАРЛЫҒЫ

0

3,5

7,0

Менингеальдық синдромды тексеру тәсілдері

1

Желке бұлшық еттерінің сіресуі — желкенің тартылып тырысып қалуы. Дәрігер алақанын сырқаттың желкесіне апарып, басын имек болса, желке бұлшық еттерінің ерекше ширығуына байланысты басты еңкейте алмайды.

0

0,5

1,0

2

Керниг симптомы. Дәрігер сырқаттың бүгілген аяғын көтеріп созбақ болса, жіліншік: бұлшық еттерінің қатты ширығуына байланысты оның аяғы тізе буынынан жазылмайды

0

0,5

1,0

3

Брудзинский симптомы: сырқаттын басын имек болсақ, аяқтары да иіледі — жоғарғы белгі

0

0,5

1,0

4

Брудзинский симптомы: кіндіктен төмен басқанда да аяқ иіледі — ортаңғы белгі

0

0,5

1,0

5

Брудзинский симптомы: Керниг симптомын тексерген кезде екінші жақтағы аяғы иіледі — төменгі белгі

0

0,5

1,0

6

Лесаждық қолтықтан көтеру белгісі. Егер ауру баланы екі қолтығынан ұстап көтерсеңіз, ол аяқтарын бауырына жиып алып, қозғалмай қалады.

0

0,5

1,0

7

Бехтеревтің бет сүйек рефлексі. Бет сүйегін балғамен тықылдатып көргенде, беттің жақ жартысы ауырсынып тыжырынады, басы ауырады

0

0,5

1,0