- •Мишық қызметін тексеру
- •Сезімталдықты тексеру тәсілдері
- •Терең сезімталдықты тексеру
- •Сезімталдықтың күрделі түрлерін зерттеу
- •Ауырсынуды созу әдісімен анықтау белгілері
- •Бет нерві қызметін тексеру
- •Үшкіл нерв қызметін тексеру тәсілдері
- •Көз қозғайтын нервтерді тексеру
- •Менингеальдық синдромды тексеру тәсілдері
- •Бульбарлық (сопашқа ми) нервтер қызметін тексеру
- •Бел пункциясын жасау тәсілі
- •Рефлекстер
- •Тізе рефлексін тексеру.
- •Ахиллов (өкше) рефлексін тексеру
- •Құрсақ рефлекстерін тексеру
- •Табан рефлексін тексеру
Бел пункциясын жасау тәсілі
1 |
Науқасты қатты төсекке қырынан жатқызып, аяғын тізесінен және жамбасынан бүгеміз, басын алға иегі кеудесіне жеткенше иеміз. |
0 |
0,5 |
1,0 |
2 |
Науқастың мықын сүйектерін тауып, екі ортасынан тура сызықпен 3% иодтың спирттік ерітіндісімен қосамыз және осы жерді 70% спиртпен сүртеміз.Ол сызық LIV омыртқаның тік өсіндісі деңгейінде өтеді. Одан кейін LIII — LIV аралықта пункция жасалынады. |
0 |
0,5 |
1,0 |
3 |
Тесілетін жер спиртпен сүртіледі де сол тұстағы теріге 2-3 мл 1-2% новокаин ерітіндісі жіберіледі. |
0 |
0,5 |
1,0 |
4 |
Мандренді инемен тері, тері асты клетчатка, омыртқа байламдары, қатты және торлы ми қабықтары тесіледі де торлы қабық асты кеңістігіндегі соңғы цистернаға кіреді, иненің кеңістікке өткені сезіледі, үлкендерде 4-7 см, балаларда 3 см аралығында, мөлдір сұйықтық тамады. Мандренді инеден алғаннан кейін ми-жұлын сұйығы аға бастайды. |
0 |
0,5 |
1,0 |
5 |
Сұйықтық аға бастаған кезде инеге шыны түтік жалғанады, қысымын өлшейді. Ми-жұлын сұйығы қысымы L тәрізді иілген шыны түтікшесі көмегімен өлшенеді. |
0 |
0,5 |
1,0 |
6 |
Тексеру тәсілі аяқталғаннан кейін инені тез алып шығып, орнын иодпен сүртіп, стерилизациядан өткен мақтамен жабамыз. Бұдан кейін науқасқа 2-3 сағат төсек режимі тағайындалады. |
0 |
0,5 |
1,0 |
Рефлекстер
Иықтың екі басты етінің рефлексін тексеру (бицепс-рефлекс)
1 |
Тексерілетін науқастың қолын шынтақ буынынан аздап бүгеміз. |
0 |
0,5 |
1,0 |
2 |
Шынтақ буынының үстіңгі жағынан екі басты еттің сіңірінен балғашықпен ұрамыз. |
0 |
0,5 |
1,0 |
3 |
Жауап ретінде екі басты ет жиырылып, қол шынтақ буынынан бүгіледі. |
0 |
0,5 |
1,0 |
4 |
Рефлекторлық доға жұлынның CV — CVI сегменттері деңгейінде тұйықталады. |
0 |
0,5 |
1,0 |
Иықтың үш басты етінің рефлексін тексеру (трицепс-рефлекс)
1 |
Тексеру тәсілі: 1) науқас қолын шынтақ буыны деңгейінде дәрігердің алақанына бос салады, науқастың қары төмен бос салбырап тұрады 2) науқастың қолдары алдында бос жатады |
0 |
0,5 |
1,0 |
2 |
Неврологиялық балғашықпен үшбасты еттің сіңірінен ұрамыз (1 — 1,5 см жоғары olecranon) |
0 |
0,5 |
1,0 |
3 |
Үшбасты ет жиырылып қол шынтақ буынан жазылады (шынтақ жазу рефлексі) |
0 |
0,5 |
1,0 |
4 |
Рефлекторлық доға жұлынның CVІ — CVIІ сегменттері деңгейінде тұйықталады. |
0 |
0,5 |
1,0 |
Білезік рефлексін тексеру (карпорадиальды рефлекс)
1 |
Қол шынтақтан сәл бүгіледі және қырынан тұрады (пронация мен супинация аралықтарында). |
0 |
0,5 |
1,0 |
2 |
Біз тәрізді өсіндіден балғашықпен ұрғанда қолдың басы бүгіледі, қолдың қары шалқаяды. |
0 |
0,5 |
1,0 |
3 |
Рефлекторлық доға жұлынның CV — CVIІІ сегменттері деңгейінде тұйықталады. |
0 |
0,5 |
1,0 |
