Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
амту картасы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122 Кб
Скачать
☆

Cтуденттің босанудың үшінші кезеңін белсенді түрде жүргізу білімін төмендегі тәжрибелік критерийлерге байланысты бағалаңыз.

№ қадам

Қадамды бағалау критерийлері

Балл бойынша бағалау

1.

Бала туылған соң 1 минут ішінде сан аймағына 10 Бірлік Окситоцин б/е енгізеді.

20,0

10,0

5,0

0

2.

Кіндік бауына аралыққа жақын жерінен қысқыш салады. Қысылған кіндік бауын бір қолымен ұстап, келесі қолын қасағаның үстіне қойып, жатырды ұстап тұрады. Кіндік бауын тартқан кезде қолды қасағадан кіндікке қарай итережылжытады (бұл жатырдың айналып кетпеуіне көмектеседі).

Кіндік бауынан ақырын тартып жатырдың қатты жиырылуын күтеді (әдетте бұл 2-3 минуттан кейін болады ). Жатыр жиырылып кіндік бауы ұзарғанда, кіндік бауын өзіне қарай төменге ұрық жолдасы туылғанға дейін тартады, ал екінші қолымен жатырды кіндік бауын тартқан бағытқа қарама-қарсы жаққа (жоғарыға) итермелейді.

Бала жолдасы туылған соң, емтихан тапсырушы оны екі қолымен ұстап, ұрық қабығы туылғанға дейін баяу аударады. Бала жолдасын босану аяқталғанға дейін баяу тартып тұрады.

20,0

10,0

5,0

0

3.

Бала жолдасы туылғаннан кейін жатыр жиырылғанша алдыңғы іш қабырғасы арқылы жатырға массаж жасайды.

20,0

10,0

5,0

0

4.

Емтихан тапсырушы ұрық жолдасын өте ұқыпты қарайды, оған көз жеткізу үшін бала жолдасын кіндік бауынан көтеріп барлық бөлігінің бүтіндігін тексереді.

Бала жолдасының аналық бөлігін жоғары қаратып квадрат лотокқа салып, барлық бөлігін салыстыра отырып қарап шығады. Ұрық жолдасының шеттеріне өте ұқыптылықпен қарайды (бүтін ұрық жолдасының шеттері тегіс, үзілген қан тамырлары болмайды). Содан соң ұрық жолдасының қабықтарын бағалауға көшеді: ұрық жолдасының аналық бөлігінің бетін төменге аударып, ұрықтық камераны қайта қалыптастыру үшін үзілген қабаттарын қолмен тегістейді. Сол кезде бүрлі және сулы қабаттың бүтіндігін тексеріп, қабықтар арасында ұрық жолдасының шетінен шыққан үзілген қан тамырлары бар-жоғын анықтайды (үзілген қан тамырлары ұрық жолдасының қосымша бөліктерінің жатырдың ішінде қалып қойғанын көрсетеді).

20,0

10,0

5,0

0

5.

Емтихан тапсырушы қан жоғалту көлемін анықтау үшін өлшегіш колбаға барлық қанды құяды. Жоғалтқан қанның көлемін гравиметриялық әдіспен анықтаймыз.

20,0

10,0

5,0

0

6

Босанған әйелдің жалпы жағдайын бағалайды:пульсін тексереді,АҚҚ өлшейді.

20,0

10,0

5,0

0