- •Босанудың екінші кезеңін жүргізу:
- •Студенттің нәресте басының алдыңғы шүйделік қондырылуы кезінде босандыру бойынша тәжірибелік дағдыларын бағалау.
- •Cтуденттің босанудың үшінші кезеңін белсенді түрде жүргізу білімін төмендегі тәжрибелік критерийлерге байланысты бағалаңыз.
- •Түтікті жүктіліктің үзілуі кезінде ауруханаға дейінгі жедел жәрдем көрсету
- •Асфиксиямен туылған нәрестеге ауруханаға дейінгі кезеңде көрсетілетін жедел жәрдем
- •Таза қағанақ суының кетуінен кейін.
- •Мекониймен боялған қағанақ суы кеткен кездегі реанимациялық шаралар.
- •Жатырлық кан кету кезінде кезінде ауруханаға дейінгі жедел жәрдем көрсету
- •Жатырдан қан кетуге шағымданған жүкті әйелден анамнез жинау.
- •Жатырдан қан кетуге шағымданған гинекологиялық аурулардан анамнез жинау
Жатырдан қан кетуге шағымданған гинекологиялық аурулардан анамнез жинау
№ қадам |
Қадамды бағалау критерийлері |
Балл бойынша бағалау |
|||
1. |
Науқасты үстелге шақырып, өзін таныстырады. Амандасып болған соң сұрастыруға кіріседі. Шағымдарының сипатын анықтау: жыныс жолдарынан қанды бөлінділер қашан пайда болды, мөлшері қандай, іштің төменгі жағында ауру сезімінің болуы және оның сипаты. Жасын, мекен-жайын, кәсібін, жұмыс орнын сұрастырады. |
20,0 |
10,0 |
5,0 |
2,5 |
2. |
Аурудың басталуын немен байланыстырады (физикалық жүктеме, стресс, жұқпалы аурулар). Медициналық көмекке жүгінді ме, дәрілік препараттар қабылдады ма анықтау қажет. |
20,0 |
10,0 |
5,0 |
2,5 |
3. |
Өмір анамнезінен: хронологиялық ретілікпен балалық шақтан бастап болған операциялар, созылмалы ауруларын (ұзақтығы, маманның бақылауында болуы, соңғы өршу мерзімі) сұрайды. |
20,0 |
10,0 |
5,0 |
2,5 |
4. |
Етеккір қызметі туралы мәліметтер: Менархе жасы, етеккірдің тұрақталу мерзімі, етеккір циклының сипаты, соңғы етеккір күні. Репродуктивті анамнез: алдыңғы жүктіліктер хронологиялық реттілікпен сұралып, нәтижесі анықталады.Қолданған контрацепция әдістерін сұрайды. Егер әйел постменопаузада болса – менопаузаның жасын анықтайды. |
20,0 |
10,0 |
5,0 |
2,5 |
5. |
Гинекологиялық аурулардың (жатыр миомасы, эндометриоз, жатыр мойнының эрозиясы, жыныс ағзаларының қабыну аурулары, кіші жамбас ағзаларының ісіктері) бар-жоқтығын анықтайды. Гинекологтың қабылдауында соңғы рет қашан болды, инструменталды зерттеу әдістерінің қорытындысы. |
20,0 |
10,0 |
5,0 |
2,5 |
Балл бойынша бағалау |
% орындау |
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау |
90 – 100 балл |
90% – 100% |
Үздік |
75 – 89 балл |
75% - 89% |
Жақсы |
50-74 балл |
50% - 74% |
Қанағаттанарлық |
49 балл және одан төмен |
0% - 49% |
Қанағаттанарлықсыз |
Ауру тарихтар.
№1. Науқас Д., 21 жаста
Ауруханаға бірінші жүктіліктегі әйел іштің төмен тартып ауыруы және жыныс мүшесінде қанды бөліндінің болуы шағымымен келіп түсті. Жүктілік мерзімі соңғы етекірі бойынша (24.11-30.11) 10-11 апта. Айтуы бойынша жүктілік өз қалауларымен. Есепте тұрмайды. Криминалды кедергі болмаған. Қолында "Дамымаган 8 апталық жүктілік" деген УДЗ қорытындысы бар.
Anamnesis morbi: 2,5 ай етекір болмаған, жыныс мүшесінде қанды бөлінділердің болуымен және іштің төмен тартып ауруымен басталған. Алғашқы көмек көрсету бригадасымен ОҚКА жеткізіліп жатқызылды.
Anamnesis vitae: Соматикалық аурулары жоқ. Дәрілік заттарға аллергия анықталмаған. Гемотрансфузия жасалмаған. Боткин, Туберкулез, тері венерологиялық ауруларымен ауырмаған.
Status ginekologicus -Менархе 14 жастан, етекірі 28 күн сайын 6 күн келеді. Бірінші жүктілік. Гинекологиялық аурулары анықталмады. 20 жастан жыныстық қатынасқа түскен. Контрацепция қолданбаған.
Status praesens: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындыларымен шырышты аймақтары бозарған. Тілі шырышты, таза. Өкпеде тынысы везикулярлы, сырыл жоқ. Жүрек ырғағы анық, ритм қалыпты. Пульс 84 рет/мин. АҚҚ 110/70 мм.сын.бағ. Дене температурасы 36,60 С. Іші жұмсақ, ауру сезімі жоқ. Екі жақты ұрғылау симптомы теріс. Зәр шығаруы еркін, ауру сезімсіз. Үлкен дәреті қалыпты, уақтылы.
Status genitalis: Сыртқы жыныс мүшесі дұрыс дамыған. Түктенуі айелге сай. Уретра, парауретральды жолдар, Бартолли безі өзгеріссіз.
НЗ: Жатыр мойнының шырышты қабатымен қынап көгерген, қанды бөлінді бар.
Per vaginum: Жатыр мойны 2 см дейін қысқарған, жұмсақ. Сыртқы зев бір саусақ өтетіндей. Жатыр 7-8 апталық жүктілікке сай өзгерген, ауру сезімсіз. Екі жақты қосалқылары өзгеріссіз. Кумбездер бос, аурусесымсыз.
Науқастың шағымдарымен , анамнезбен және гинекологиялық тексеру, КЖА УДЗ-де сүйене отырып Қалыптаспаған 7-8 апталық жүктілік (Етекірі бойынша 10-11 апта). Қан ағу.
Тексеру қорытындылары
ЖҚА- Гемоглабин 89 г/л, Эритроциттер-3,6*1012 /л, Лейкоциттер-8,0*109 /л
ЖЗА Көру аймағында лейкоциттер 4-5, эритроциттер-8-10, тығыздығы-1015
Қан тобы-0(I) бірінші, резус- фактор: оң
Биохимиялық қан талдауы- жалпы белок74,5 г/л; глюкоза 5,5ммоль/л, жалпы билирубин- 13,0 мкмоль/л.
микрореакция-№16 ,теріс.
Коагулограмма- ПТИ-78%, фибриноген-2,2 г/л.
Емдеу жоспары:
Жатыр қабатын қыру.
№2. Науқас В., жасы – 36 жас.
Әйел қайталамалы жүктілікпен түсті, жыныс жолдарынан қанды бөліндімен шағымданып келді. Жүктілік мерзімі ай бойынша: 10-11 апта.
Anamnesis morbi_ - Етеккірдің 2,5 айға кешігумен ауырып келді , стресті жағдайдан кейін жыныс жолдарынан қанды бөлінділер бөлінген. Жедел жәрдем бригадасымен ОҚКА –ның қабылдау бөлімшесіне әкелінді , госпитализацияланды. Әйелдер кенесінде тіркеуде жоқ. Жүктілік әйелдің қалауымен.
Anamnesis vitae: Соматикалық аурулары жоқ. Лидокаинге аллергиялық реакциясы бар. Гемотрансфузия жасалмаған. Боткин ауруымен, туберкулезбен, тері- венерологиялық ауруларымен ауырмаған.
Status ginecologicus- 16 жаста менархе, етеккірі 3-4 күн, қалыпты, 28 күннен кейін әлсіз, ауру сезімсіз. 19 жастан бері жыныстық қатынаста. Контрацепция – қолданбайды. Кішкентай кезінде аппендэктомия жасалған. Жүктілік-5 , босану-2, медициналық аборт-2, 1- оң жақтық түтіктік жүктілік, тубэктомия ОҚКА- да жасалған. Қазіргі жүктілік -6.
Status praesens: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта , бұны жыныс жолдарынан қанды бөліндінің бөлінуімен байланыстырады. Тері қатпарлары және шырышты қатпарлары бозғылттау. Аузы таза, ылғалды. Тыныс алу жүйесі бойынша везукулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тоны анық , ритмі дұрыс. Пульс 74 рет минут. АҚ 90/60 мм сын. бағ. Дене температурасы 36,6 С. Іші жұмсақ , ауру сезімсіз. Зәр шәғару жүйесі ерікті , ауру сезімсіз. Ұрғылау симптомы екі жақта да теріс. Нәжісі – регулярлы , қалыпты.
Status genitalis: Жыныс жолдарының дамуы қалыпты. Уретрасы, парауретральды жолдары, бартолин бездері- ешқандай өзгеріссіз. Түктің дамуы әйел типі бойынша.
НЗ: Жатыр шырышты қабаттары және қынап цианозбен, выделениясы қанды, әлсіз.
Per vaginum: Жатыр мойны 2,0 см ашық, жұмсақ. Цервикальды каналы өтпелі 1 п\п ішкі зев бойынша. Жатыры 8-9 апталық жүктілік бойынша мерзіміне сайкес келеді, ауру сезімсіз. Толғақ ерікті, ауру сезімсіз.
Шағымдары, анамнезі , және гинекологиялық тексерулер бойынша мынадай диагноз қойылды:
Толық емес түсік 10-11 апта. ОАГА.
Тексеру нәтижесі:
ЖҚ- Гемоглобин 92 г-л, Эритроцит-3,76*10*12л, лейкоцит- 8*10 *9/л
ЖЗТ- лейкоцит-4-5 көру аланында, эритроцит- 8-10, салмағы-1015.
Қан тобы-0(I) бірінші, резус –фактор: оң
Биохимиялық қан талдауы- жалпы белок -74,5г/л; глюкоза-5,5 ммоль/л; жалпы билирубин-13,0мкмоль/л.
Микрореакция- 16, теріс
Коагулограмма- ПТИ-78%, Фибриноген-2,2 г/л.
УДЗ ОМТ. Қорытынды: Толық емес өзіндік түсік.
Емдеу жоспары:
Жатырды қыру.
№ 3. Науқас Г.,32 жаста.
Қайта жүктілік, қайта босанушы әйел мынадай шағымдармен келіп түсті 6 сағат бойы көп молшердегі қанды бөлінділерге. Ауруханага жатқызылды.
Anamnesis morbi – Өзін 3 тәуліктен бері ауру санайды, жыныс жолдарынан алғаш қанды бөлінділер пайда болғанда жедел жәрдеммен ОҚКА қабылдау бөліміне келіп гинекология бөлімшесіне келіп түсті, мынадай диагнозбен: Өздігінен басталған түсік 10 -11 апталық, ауыруханаға жатқызу керек екендігі айтылған, жатқызудан науқас бас тартқан. Жүктітілік соңғы етеккір бойынша 10-11. УДЗ КЖҚА – жүктілік 10 апталақ. ЖТҚ. Жаспарланбаған жүктілік. Әйелдер консультациясында тіркеуде тұрмайды.
Anamnesis vitae – Соматикалық ауырулар жоқ. 2005жылы Бруцеллезбен ауырған Шымкент каласында емделген. Медикаменттерге аллергиялық реакция бар: Метрогил, Метрид. Гемотрансфузия жасалмаған.Боткин ауруымен ауырмаған. Туберкулез, тері-венерологиялық аурулары жоқ. 2001 жылы аппендэктомия жасалған.
Гинекологический анамнез – Менархе 15 жастан, етеккір 5-8 күндей келеді, әр 30-40 күн аралығында, аз мөлшерде ауру сезімсіз. Жыныстық қатынаста 18 жастан, жанұялы. Бұл жүктілік бесіншісі.Бірінші жүктілік 2001жылы жедел босану, ешқандай асқынусыз. Екінші жүктілік: Тұрмайтын түсік 10 апталық, себебін білмейді.Үшінші жүктілік 2012 жылы: Уақытынан ерте босану 28-29 апталық, егіздер, жанатуылған нарестелер салмағы 1300,0 және 1200,0, тірі. Төртінші жүктілік 2012 жылы сәуір айында, Өздігінен түсік ерте мерзімде, жатырды тазалаған, себебін білмейді. Гинекологиялық аурулары – жатыр мойны эрозиясы, консервативті ем қабылдаған. Контрацепция – презервативтер.
Status praesens: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылыры, шырышты қабаттары ақшыл, таза. Сүт безі жұмсақ, пальпацияда ауру сезімсіз. Паталогиялық белгілер жоқ. Тілі ылғалды, таза. Өкпеде везикулярлы дыбыс, сырыл жоқ. Жүрек үндері анық, дұрыс ритмді.Пульс 82 рет минутына. ҚҚ 110/70 мм.сб. Дене температурасы 37,0 С.
Іші жұмсақ, ауру сезімсіз.Ұрғылау симтомы екі жақты теріс.Зәр шығаруы еркін, ауру сезімсіз. Үлкен дареті калыпты.
Status genitalis: Сыртқы жыныс ағзалары дұрыс дамыған.Түктену әйел типті. Уретра, парауретралды жол, бартолин безі – ешқандай өзгеріссіз.
Айнамен қарағанда: жатыр мойны эрозияланған. Қанды бөлінділер, көп мөлшерде.
Per vaginum: жатыр мойны тез қысқарған, цервикалды канал 1 саусаққа өтімді. Жатыр үлкейген 6-7 апталық жүктілік. Жатыр қосалқылары ешқандай өзгеріссіз.Қынап бөлігі еркін ауру сезімсіз.
Түскендегі шағымына байланысты, анамнезге, гинекологиялық тексеріс және УДЗ КЖҚ ағзаларынын байланысты мынадай диагноз қойылды:
Жүктілік 9-10 апталық. Жартылай өздігінен түсік. Медикаментозды аллергия. Жатыр мойны эрозиясы. ОАА.
Тексеріс результаты:
1.ЖҚА – Гемоглобин 111 г/л, Эритроциты 3,81 *1012/л, Лейкоциты 11,74 *109/л
2. Микрореакция - № 47, теріс.
3. ЖЗА - ешқандай өзгеріссіз.
4. Биохимия қан: жалпы белок – 68,3 г /л, глюкоза – 4,4 ммоль/л,
билирубин- 11,8 ммоль/л.
5. Қан тобы- А (II) екінші, резус-фактор - оң.
6. Коагулограмма – ПТИ – 78 %, фибриноген- 3,0 г/л.
7. УДЗ КЖҚ. Қорытынды: Жартылай өздігінен түсік.
Емдеу жоспары:
Жатыр ішін тазалау.
№ 4. Жүкті К., 29 жаста.
Қайта босанушы әйел жетілген мерзіммен, үйге жедел жәрдем шақыру мынадай шағымдар бойынша іштің төменгі жағында толғақ тәрізді ауру сезімі 2 сағатка созылған, жедел жәрдем дәрігері толғақ күшенуге ауысқанын анықтады. Аралығы 2 – 3 минут толғақ 50 – 60 секунд.
Соматикалық анамнез – Соматикалық ауруы жоқ.
Гинекологиялық анамнез- Үшінші жүктілік, үшінші босануы. Бірінші екі жүктілік және босануы ешқандай өзгеріссіз өтті. Жүкті әйел әйелдер кеңесінде тіркеуде 14 апталық кезінен, әйелдер кеңесіне уақытылы қатысқан.
Объективті – жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылары және шырышты қабаттары қалыпты, таза. ҚҚ 120/80 мм.сб. Пульс 80 рет минутына. Дене температура 36,4 оС.
Зәр шығаруы еркін, ауру сезімсіз. Жыныс ағзаларынан паталогиялық бөлінділер жоқ. Перифериялық ісіну жоқ.
Акушерлік статус: Жатыр жетілген жүктілікке сайкес. Нәрестенің орналасуы ұзынша, жатуы баспен, кіші жамбас кіреберісінде. Наресте жүрек соғысы анық, ритімді 140 рет минутына.Болжамалы салмағы – 3200,0 – 3400,0.
PV:.Босанған әйел қынабы. Жатыр мойны тегістелген, қыры жіңішкеоген, созылған.Жатыр мойын ашылуы 7-8см. Ұрық қабы бүтін, толғақтан салдарынан қатайған. Нәремте баспен орналасқан, кіші жамбас қуысының кіреберісінде, кіші енбегі сол жақта, алда.
Анамнезге, акушерлік статусқа және қынаптық тексерулерге қарап мынадай диагноз қойылды: Жетілген жүктілік. Босанудың бірінші кезеңі.
Босану жоспары:
Жатыр мойнының 7-8 см ашылуын ескере отырып, қайта босанушы әйелдің босануы жақсы өтетіндігі болжалды (нәресте баспен жатыр, алдыңғы түр, болжамалы салмағы нәрестенің – 3200,0 – 3400,0 , наресте басы өлшемі және жамбас өлшемі сәйкес), босану үй жағдайында жүргізуге шешім қабылданды.
Босанған әйелдің жағдайын және акушерлік ситуацияны дәрігерге баяандау.
Босанғаннан кейін босанушы, жана туылған нәресте және бала жолдасы перзентхана жатқызу керек.
№ 5. Науқас А., жасы – 30да.
Anamnesis morbi – науқас өзін соңғы тәуліктен бастап аурумын деп санайды, физкалық жүктемеден соң, ішің төменгі, әсіресе сол жағында ұзаққа созылған қаты ауыру сезімі пайда болған. Уақыт өте келе ауыруы жеңілдеп, жүрек айну, жалпы әлсіздік, бір реттік құсу мазалаған, дене температурасы 38ºС-қа дейін көтеілген. Менструалды циклдың 8-ші күні ауырған.
Anamnesis vitae – бала кезінде гепатит А, туберкулез, тері-венерологиялық аурулармен ауырмаған. Гемотрансфузия жүргізілмеген, аллергоанамнезі теріс. Эпид.айналасы таза. Соматикалық аурулары – Дисциркуляторлы энцефалопатия. Невропатологта тіркелген.
Гинекологиялық анамнезі – Менархе 14 жасында, етек кірі 30 күн сайын ғкүнге созылады. Етек кірі уақытында, шағымы жоқ. Жыныстық қатынасқа 19 жасынан бастап түскен. Жүктілік - 4, 2-босанған, 2- медициналық түсік жасалған. 2007 жылдан бері оң жақтық аналық безінің кистасы мен ауырады, жүйесіз түрде қабынуға қарсы дәрілер қабылдаған.
Қарап тексергенде: жалпы жағдайы ауыру сезіміне және интоксикасияға байланысты орташа. Тері және шырышты қабаты бозғылт. Тілі ылғалды, таза. Өкпеде тынысы везикулярлы, сырылдары жоқ. Жүрек тондары анық, ритмі дұрыс. Пульсі 98 рет/мин.АҚҚ 110/70 мм сын.бағ., дене температурасы 37,7ºС. Іші қатайған, төменгі бөлігі ауыру сезімді, әсіресе оң жақта. Перитонеалды симптомдары оң. Ұрғылау симптомы екі жақтада теріс. Зәр шығаруы еркін, ауыру сезімсіз. Үлкен дәреті жұмсақ, екі рет болған.
Status genitalis: Сыртқы жыныс мүшелерінің дамуы толық. Түктенуі әйелдерге тән. Уретра, парауретралды аймақ, бартолин безі – өзгеріссіз. Айнамен қарағанда: қынаппен жатыр мойнының шырышты қабаттары өзгеріссіз, жалқықтары шырышты, қалыпты.
Per vaginum: жатыр мойны цилиндр тәрізді, Цервикальді каналы жабық. Жатыр қалыпты, тығыз консистенциялы, пальпация кезінде ауыру сезімі жоқ, қозғалмалы. Сол жағында жатыр қосалқылары анықталмайды. Оң жағында көлемі 5х7х5 см түзіліс анықталды. Консистенциясы тығыз-майысқақ, пальпация кезінде ауыру сезімі жоқ, қозғалмалы. Оң жақ қынаптық жаны үлкейген, ауыру сезімді.
Жиналған анамнезге, гинекологиялық тексеруге сүйене отырып диагноз қойылды: Аналық безі аяқшаларының кистасының бұратылуы. Дисциркуляторлы энцефалопатия.
Тексерудің нәтижелері:
ОАК:
гемоглобин - 92г/л, эритроциттер - 4,76x
|л,
лейкоциттер – 16x
|л
ОАМ: лейкоциттер 4-5 көру аймағында, эритроциттер жоқ, тығыздығы-1015.
Қан тобы – 0 (I) бірінші, резус факторы оң.
Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок - 74,5g\l, глюкоза – 5,5mmol\l, жалпы билирубин – 13,0mkmol\l.
Мирореакция - №26, теріс.
Коагулограмма – ПТИ – 78%, фибриноген – 2,2g\l.
УДЗ ОМТ. Қорытынды: жатырдың оң жағында диаметрі – 6,2см түзіліс анықталады. Кіші жамбас қуысында сұйықтық 30,0мл.
Емдеу жоспары:
Шұғыл жағдайда оперативті ем. Ота көлемі оң жақтық Аднексэктомия. Отадан кейінгі жағдайда қабынуға қарсы ем, симптоматикалық ем, физиоем.
№ 6. Жүкті әйел К., 35 жаста.
Бірінші босанушы әйел жедел жәрдем көмегін үйіне шақыртқан. Жқктілік уақыты 37-38 апта, іштің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауыру сезіміне шағымданады, басталғанына бір сағат болған. Жедел жәрдем дәрігері толғақ күшінің әлсіз екеніт анықтады ( 10-15 минут сайын, 20-30секундқа созылған).
Соматикалық анамнезі – өзгеріссіз, соматикалық аурулары – ремиссия кезіндегі созылмалы пиелонефрит.
Гинекокологиялық анамнезі – бірінші жүктілік. 10 апталық жүктілік кезінде есепке тұрған. Әйелдер кеңесіне, тексерілуге уақытылы барып тұрған.
Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері және шырышты қабаты өзгеріссіз, тілі ылғалды, таза. Өкпеде тынысы везикулярлы, сырылдары жоқ. Жүрек тондары анық, ритмі дұрыс. Пульсі 76 рет/мин.АҚҚ 110/70 мм сын.бағ., дене температурасы 36,4ºС. Алмасу картасынан қарағанда: соңғы анализінде белок теріс. Зәр шығаруы еркін, ауыру сезімсіз. Жыныс жолдарында патологиялық бөлінділер жоқ. Дененің төменгі бөліктерінде жеңіл әсіну байқалады.
Акушерлік жағдайы: жатырдың пісіп желілуі жүктілік мерзіміне сәйкес. Баланың орналасуы көлденең, жамбаспен жатыр. Баланың жүрек соғысы анық, ритмді 140рет\ мин. Жүкті әйел 39 аптада баланың жамбаспен жатуы және жас факторына байланысты жоспарлы түрде Кесарь тілігіне жоспарлаған.
Анамнезге, акушерлік жағдайына, алмау картасына сүйене отырып диагноз қойылды: жүктіліктің 37-38 аптасы. Босанудың бірінші кезеңі. Баланың жамбаспен жатуы. Үлкен жасты бірінші босанушы. Ісінулер жүктіліктің әсерінен шақырылған. Ремиссия сатысындағы созылмалы пиелонефрит.
Жоспар: 1. Жедел түрде боснушылар үйіне госпитализациялау.
№ 7. Науқас Б жасы- 31
Түскен кездегі шағымдары: Іштің төменгі бөлігінде ауру сезімі,жалпы әлсіздік,жоғары температура 38,8, жүрек айну,құсу.
Anamnesis morbi: Минструалды циклдың екінші күні ауырған, Іштегі ауру сезімінің күшеюіне байланысты жане жағдайының нашарлауына байланысты жедел жәрдеммен хирургияның қабылдау бөлімшесіне түскен. Хирургиялық паталогия анықталмаған, геникологқа кансультацияға жіберілген.
Anamnesis vitae: Боткин, туберкулез,тері венерологиялық ауру жоқ. Гематранфузия алмаған. Гематранфузия алмаған. 3 ай бұрын флегманозды апендицитке байланысты лапаскопиялық апендоэктамия жасаған. ОҚКА 3 күннен кейін шығарылған. Операциядан кейінгі кезең жақсы өткен,дәріге аллергия болмаған.
Геникологиялық анамнез: Менархе- 13. Етеккір қалыпты . Етеккір қалыпты- 30 күн,қалыпты мөлшерде, ауру сезімсіз.Әйел ажырасқан, жыныстық қатынас қалыпты емес. Контрацепция- триквилар. Айтуына қарағанда түтіктің эндометриозымен ауырып ОҚКА станционарында жатқан. Соңғы госпетилизация 2011ж. Жүктілік- 4. Екі қалыпты босану, екі түсік.
Обективті қарау: Жағдайы орташа қалыпта, интоксикация бар. Терісі, шырышты қабаты қалыпты, таза. Тілі таза, ылғалды. Тынысы везикулярлы. Жүрек тоны төмен ритм қалыпты. Пульс 92. АД 110/70 сбб. Температура 38. Іші жұмсақ, іштің төменгі жағында ауру сезімі бар. Екі жағынанда ұрғылау симтомы теріс. Зәр шығаруы еркін, аурусыз. Нәжісі қалыпты.
Status genitalis: Сыртқы жыныс мүшелері қалыпты дамыған. Түктенуі әйел типті. Уретра, бартолин бездерінде ерекшелік жоқ.
Айнамен қарау: Жатыр мойнында патология жоқ. Бөлінділер қалыпты.
Қынаптық зерттеу: Жатыр дұрыс қалпында, қозғалмалы, ауру сезімі бар. Ауру сезіміне байланысты қосалқылар екі жақтан анықталмайды. Күмбезі тегіс, ауру сезімі бар.
Хирург консультациясы: Жедел хирургиялық патология жоқ.
Уролог консультациясы: Жедел урологиялық патология жоқ.
Шағымдарына байланысты, клиникалық зерттеуге байланысты диагноз: Пельвиоперитонит.
Зерттеу қорытындысы
ЖҚА- гемоглобин 115г/л, эритроцит- 5, лейкоцит-18.
ЖЗА- лейкоцит 7-8 көру алаңында, эритроцит жоқ, тығыздығы 1015.
Қан тобы 0(І) бірінші,резус-фактор:оң
Биохимиялық қан анализі- жалпы белок 70г/л, глюкоза-5ммоль/л, жалпы билирубин-11мкмоль/л. Микрореакция 43, теріс.
Коагулограмма-ПТИ-88%,фибриноген-3,2г/л
УДЗ қорытындысы: Құрылымдық өзгеріс жоқ. Кіші жамбас қуысында сұйықтық көлемі 70мл.Кіші жамбас қуысыында спайкалық процес белгісі бар.Құрсақ қуысында сұйықтық жоқ. Созылмалы панкреатит.
Емдеу жоспары: Комплексті қабынуға қарсы ем, дезинтоксикациялық терапия,симптоматикалық ем, физиоем қабылдау
№ 8. Науқас Е, 27 жаста
Шағымдары:Жыныс жолдарынан бөлінетін жағылмалы қанды бөліністерге ,іштің төменгі аймағындағы ауру сезіміне
Anamnesis morbi: Менструация 1ай 10 күнге кідіргеннен кейін жыныс жолдарынан бөлінетін жағылмалы қанды бөліністер ,іштің төменгі аймағындағы ауру сезімі пайда болды.ОҚКА гинекологияның қабылдау бөліміне қаралып,ауруханаға жатқызылды.
Anamnesis vitae: Соматикалық аурулар миопия жоғары дәрежелі,(-7,5Д).1994 жылы жол апатынан кейін бас ми жарақаты бойынша неврологтан ем алған.2008 жылы тіс жұлдырғаннан кейін мойын абсцесін жарып ашты.Гемотрансфузия болған жоқ.Боткин ауруы болмаған.Туберкулез,тері венерологиялық аурулармен ауырмаған.
Гинекологиялық анамнез менархе 12 жастан ,айаралық 28күн, ұзақтығы 5 күн қалыпты мөлшерде,ауру сезімсіз.Соңғы етекірі 28.04-02.05 әдеттегі қалыпта.Жыныстық өмір 22 жастан,тұрмыс құрған.Қазіргі жүктілігі -2.Бірінші жүктілігі 2011жылы ,мини аборт,ерекшеліксіз.Гинекологиядық аурулары жоқ.Контрацепция қолданбайды.
Status praesens:Жалпы жағдайы қанағаттанарлық.Тері жабындыраы мен көрінетін шырышты қабаттары қалыпты түсте ,таза.Сүт бездері жұмсақ,пальпацияда ауру сезімсіз,патологиялық бөлінділері анықталмайды.
Тілі ылғалды ,таза.Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ.Жүрек тондары анық,ритмі дұрыс.Пульс 82 рет мин,АҚҚ 110/70мм.с.б.б. Дене температурасы Дене температурасы 36,4˚С.
Іші жұмсақ,ауру сезімсіз.Ұрғылау симптомы екі жақта да теріс.Кіші дәреті еркін,ауру сезімсіз.Үлкен дәреті қалыпты.
Status genitalis:Сыртқы жыныс ағзалары дамуы қалыпты.Түктенуі әйел жынысты тип бойынша.Уретра,парауретралді жол,бартолий бездері ерекшеліксіз.
Айналарда: жатыр мойны патологиялық өзгеріссіз.Бөлінділер қанды,көп мөлшерде.
Per vaginum: жатыр мойны цилиндр пішінді, сыртқы ернеуі жабық.Жатыр өалыпты мөлшерде ,ауру сезімсіз.Сол жақ жатыр қосалқылары ерекшеліксіз. Оң жағында қосалқысының 2смге дейін қалыңдаған.Қынап күмбезі бос, ауру сезімсіз.Тексеріс кезінде ауру сезім тумайды.
АХГ-ге қан :5000 МЕ
Шағымы,анамнезі ,гинекологиялық тексеріс , қанды АХГ нәтижесіне сүйене отырып диагноз қойылды: Ерте мерзімдегі жүктілік,Түтікті жүктілік оң жақты?жоғары дәрежелі миопия
Тексеру нәтижелері:
1.ЖҚА:гемоглобин-138 г/л,эритроциттер-4,5*10^12/л,лейкоциттер-10,0*10^9/л
2.Микрореакция № 30,теріс
3.ЖЗА:ерекшеліксіз
4.БҚА:глкоза-5,7 ммоль/л, билирубин7,0 ммоль/л,мочевина-3,4 ммоль/л
5.Коагулограмма:ПТИ-90%, фибриноген-4,2г/л
6.Қан тобы А(ІІ)екінші,резуc –фактор- оң
7.Кіші жамбас астауының УДЗ:жатырлық жүктілікті растайтын белгілер жоқ.Кіші жамбаста сұйықтық іздері бар.
