- •Босанудың екінші кезеңін жүргізу:
- •Студенттің нәресте басының алдыңғы шүйделік қондырылуы кезінде босандыру бойынша тәжірибелік дағдыларын бағалау.
- •Cтуденттің босанудың үшінші кезеңін белсенді түрде жүргізу білімін төмендегі тәжрибелік критерийлерге байланысты бағалаңыз.
- •Түтікті жүктіліктің үзілуі кезінде ауруханаға дейінгі жедел жәрдем көрсету
- •Асфиксиямен туылған нәрестеге ауруханаға дейінгі кезеңде көрсетілетін жедел жәрдем
- •Таза қағанақ суының кетуінен кейін.
- •Мекониймен боялған қағанақ суы кеткен кездегі реанимациялық шаралар.
- •Жатырлық кан кету кезінде кезінде ауруханаға дейінгі жедел жәрдем көрсету
- •Жатырдан қан кетуге шағымданған жүкті әйелден анамнез жинау.
- •Жатырдан қан кетуге шағымданған гинекологиялық аурулардан анамнез жинау
Мекониймен боялған қағанақ суы кеткен кездегі реанимациялық шаралар.
Туылғаннан кейін бірден нәрестенің жағдайын тактилді стимуляцияны болдырмай бағалау.
Ауыз бен мұрынды меконийдан тазарту үшін үлкен қуысты груша немесе катетор көмегімен тыныс жолдарының санациясын жасау.
Тез арада босанған әйелді, нәрестені және бала жолдасын ең жақын перзентханаға жеткізу.
Жатырлық кан кету кезінде кезінде ауруханаға дейінгі жедел жәрдем көрсету
№ қадам |
Қадамды бағалау критерийлері |
Балл бойынша бағалау |
|||
1. |
Шағымдарының сипатын анықтау: жыныс жолдарынан қанды бөлінділер қашан пайда болды, мөлшері қандай, іштің төменгі жағында ауру сезімінің болуы және оның сипаты. |
20,0 |
10,0 |
5,0 |
0 |
2. |
Шағымдардың етеккір циклының нешінші күні пайда болғанын анықтау; егер кідіру болса – соңғы етеккірдің мерзімін сұрау. Жүктілікке тест жасағандығын, оның нәтижесін, УДЗ сұрау. Аурудың басталуын немен байланыстырады (физикалық жүктеме, стресс, жұқпалы аурулар). Медициналық көмекке жүгінді ме, дәрілік препараттар қабылдады ма анықтау қажет. |
20,0 |
10,0 |
5,0 |
0 |
3. |
Әйелдің жалпы жағдайын бағалау; АҚ; Ps;ТАЖ; тыныс алу типі; іш аймағын пальпациялау. Сыртқы жыныс ағзаларын қарау, қанды бөлінділердің сипатына назар аудару.
|
20,0 |
10,0 |
5,0 |
0 |
4. |
Геморрагиялық шок белгілері болса (тері түсі бозарады және тері жабындысы температурсы төмендейді; систолалық АҚ≤100 мм.с.б.б.; Ps≥90 минутына; шоктік индекс ≥ 0,8; ТАЖ ≥ 20) – көктамырға физиологиялық ерітіндімен инфузия жүргізу. |
20,0 |
10,0 |
5,0 |
0 |
5. |
Жүктіліктің 22 аптасына дейінгі мерзімі мен гинекологиялық патология кезінде гинекологияның қабылдау бөліміне апару. 22 аптадан асқан жүктілік мерзімінде Перинаталді Орталыққа жеткізу. |
20,0 |
10,0 |
5,0 |
0 |
Жатырдан қан кетуге шағымданған жүкті әйелден анамнез жинау.
№ қадам |
Қадамды бағалау критерийлері |
Балл бойынша бағалау |
|||
1. |
Науқасты үстелге шақырып, өзін таныстырады. Амандасып болған соң сұрастыруға кіріседі. Шағымдарының сипатын анықтау: жыныс жолдарынан қанды бөлінділер қашан пайда болды, мөлшері қандай (қанша төсеніш ауыстырды), іштің төменгі жағында ауру сезімінің болуы және оның сипаты, тік ішекке берілуі. Медициналық көмекке жүгінді ме, дәрілік заттар қабылдады ма анықтау қажет. Аурудың басталуын немен байланыстырады (физикалық жүктеме, стресс, жұқпалы аурулар). |
20,0 |
10,0 |
5,0 |
2,5 |
2. |
Жасын, мекен-жайын, кәсібін, жұмыс орнын, зиянды өндірістік факторлар мен әдеттерінің бар-жоғын сұрайды. Жүктілерден – шылым шегу (күніне қанша темекі шегеді), ішімдік қабылдау немесе нашақорлық; күйеуінің жасы, денсаулығының жағдайы, жұмыс орны, зиянды әдеттері. |
20,0 |
10,0 |
5,0 |
2,5 |
3. |
Өмір анамнезінен: хронологиялық реттілікпен балалық шақтан бастап болған операциялар, созылмалы ауруларын (ұзақтығы, маманның бақылауында болуы, соңғы өршу мерзімі) сұрайды. |
20,0 |
10,0 |
5,0 |
2,5 |
4. |
Етеккір қызметі туралы мәліметтер: Менархе жасы, етеккірдің тұрақталу мерзімі, етеккір циклының сипаты, соңғы етеккір күні. Репродуктивті анамнез: алдыңғы жүктіліктер хронологиялық реттілікпен сұралып, нәтижесі анықталады.Осы жүктілікке дейін қолданған контрацепция әдістерін сұрайды. |
20,0 |
10,0 |
5,0 |
2,5 |
5. |
Осы жүктіліктің ағымын біледі – әйелдер кеңесіне алғаш тіркелу мерзімі, жүктіліктің өтуі. Жүктілікке дейін және жүктілік уақытында қабылдаған дәрілік заттары. Жүктілік кезінде жұқпалы аурулармен және жыныстық жолдармен берілетін аурулармен ауырғандығын, эпидемиялық ортасын анықтап сұрайды. Жүктілікке байланысты жасалған тестердің нәтижесін, УДЗ нәтижесін біледі. |
20,0 |
10,0 |
5,0 |
2,5 |
