- •© Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, 2010
- •Мазмұны
- •Қазақстан республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты қр мжбс 2.3.4.01-2010
- •1 Қолдану саласы
- •2 Нормативтік сілтемелер
- •3 Терминдер мен анықтамалар
- •4 Жалпы ережелер
- •5. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің базалық мазмұны
- •7. Типтік оқу жоспарларын қаржыландыру
- •6 Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
- •Негізгі орта білім берудің базистік оқу жоспары
- •Б қосымшасы Жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспары.
- •В қосымшасы Бастауыш білім берудің типтік оқу жоспары.
- •Бастауыш білім берудің типтік оқу жоспары. Оқыту орыс тілінде
- •Бастауыш білім берудің типтік оқу жоспары.
- •Негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспары.
- •Негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспары. Оқыту орыс тілінде
- •Негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспары.
- •И қосымшасы Жалпы орта білім берудің типтiк оқу жоспары. Оқытудың қоғамдық-гуманитарлық бағыты
- •Жалпы орта білім беру деңгейінің типтiк оқу жоспары. Жаратылыстану-математика бағытындағы оқыту
Қазақстан республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты қр мжбс 2.3.4.01-2010
_______________________________________________
Енгізілу мерзімі:
2010.01.09
1 Қолдану саласы
1.1 Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізгі ережелері бастауыш, негізгі, жалпы орта білім берудің базалық мазмұнына, оқу жүктемесінің жоғары шекті көлеміне, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды сипаттайды.
1.2 Осы Стандарт:
– білім беру ұйымдарының меншік формасына, типіне және түріне тәуелсіз бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын әзірлеуге және олардың орындалуына бақылау жасауға,
– орта білімнен кейінгі, жоғары білім берудің кәсіптік бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында педагог кадрларды даярлаудың оқу бағдарламаларын жасауға;
– ғылыми мекемелер мен оқу орындарында білім беру саласы мамандары бастауыш, негізгі, жалпы орта білім берудің стандарттарын, оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындауға;
– білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарында педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын жасауға,
жалпы орта білім беру ұйымдарында және жоғары оқу орындарына қабылдауды ұйымдастыруда бітіру емтихандары үшін бақылау-өлшеуіш материалдарды әзірлеуге тестілеу орталығына,
білім беру ұйымдарының қызметін лицензиялау, аттестациялау кезінде білім беру саласындағы өкілетті органдарға тартылады.
2 Нормативтік сілтемелер
Бұл стандартта Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңына сілтемелер жасалған.
Ресми басылым
3 Терминдер мен анықтамалар
Осы стандартта Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылған.
Сонымен қатар осы стандартта келесі терминдер сәйкес анықтамалармен пайдаланылады:
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің базалық мазмұны: Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында олардың типтеріне, түрлеріне және меншік нысандарына қарамастан міндетті оқытуға тиісті орта білім беру мазмұнының құрамы, құрылымы мен көлемі үздіксіз білім беру жүйесінің келесі деңгейлерінде білімін жалғастыруға жеткілікті болып табылады.
Оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі: Білім беру деңгейлері мен оқу жылдары бойынша оқу пәндерінің мазмұнын игеру үшін қажетті базистік және типтік оқу жоспарларының инвариантты және вариативті компоненттеріндегі оқу уақытының көлемі.
Оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ұйымдарында бекітілетін санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес анықталып белгіленеді.
Білім алушылардың дайындық деңгейі: Білім алушылардың мемлекеттік жалпы білім беру стандартында анықталған білім салаларының оқу пәндері бойынша оқытудан күтілетін нәтижелерге жетудегі білімнің тереңдігі мен ауқымдылығы (дәрежесі).
