Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1359655633348.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
548 Кб
Скачать
☆

5. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің базалық мазмұны

5.1 Бастауыш, негізгі орта жалпы орта білім берудің базалық мазмұны білім салалары арқылы берілген.

5.1.1 Бастауыш білім берудің мазмұны 7 білім саласы арқылы берілген: «Тіл және әдебиет», «Математика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру».

5.1.2 Негізгі орта білім берудің мазмұны 7 білім саласы арқылы берілген: «Тіл және әдебиет», «Математика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру».

5.1.3 Жалпы орта білім берудің мазмұны 7 білім саласы арқылы берілген: «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық».

  1. 5.2 Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің білім салаларының мазмұны оқу курстарында сипатталып, оқу пәндері арқылы жүзеге асырылады.

  1. 5.2.1 «Тіл және әдебиет» білім саласының мазмұны ана тілі және әдебиет, мемлекеттік тіл, екінші тіл және әдебиет, шетел тілі оқу курстары арқылы жүзеге асырылады.

  1. 5.2.2 «Математика және информатика» білім саласының мазмұны математика, информатика, сызу оқу курстары арқылы жүзеге асырылады.

  2. 5.2.3 «Жаратылыстану» білім саласының мазмұны дүниетану, жаратылыстану, география, физика, биология, химия оқу курстары арқылы жүзеге асырылады.

  3. 5.2.4 «Адам және қоғам» білім саласының мазмұны Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, қоғамдық білім негіздері, құқық негіздері, өзін өзі тану оқу курстары арқылы жүзеге асырылады.

  4. 5.2.5 «Өнер» білім саласының мазмұны музыка, бейнелеу өнері, өнер оқу курстары арқылы жүзеге асырылады.

  5. 5.2.6 «Технология» білім саласының мазмұны еңбекке үйрету, технология оқу курстары арқылы жүзеге асырылады.

  6. 5.2.7 «Дене шынықтыру» білім саласының мазмұны дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық оқу курстары арқылы жүзеге асырылады.

5.3 Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мазмұнының құрылымы білім беру салалары мен оқу пәндерінің құрамы арқылы сәйкес білім беру деңгейлерінің типтік оқу жоспарларында берілген.

5.4 Типтік оқу жоспары білім беру мазмұнын инвариантты және вариативті компонентерге бөлу арқылы білім беру мазмұнын қалыптастыру бойынша өкілетті органның және білім беру ұйымының өкілеттілігі мен жауаптылығын шектейді.

5.4.1 Білім беру мазмұнының сәйкес деңгейінің инвариантты компоненті білім беру мазмұнының базалық компоненті болып табылады.

Білім беру мазмұнының инвариантты компонентінің білім салалары мен мен оқу пәндері бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің барлық ұйымдары үшін міндетті болып табылады.

Білім беру мазмұнының инвариантты компонентіне енетін оқу пәндерінің мазмұны бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлері оқу пәндерінің мемлекеттік стандарттарымен анықталады.

Білім беру мазмұнының инвариантты компоненті оқу пәндерінің оқу жүктемесі білім беру мазмұнының вариативті компонентінің оқу жүктемесі есебінен арттырылуы мүмкін.

5.4.2 Білім беру мазмұнының сәйкес деңгейінің вариативті компоненті білім беру мазмұнының мектеп және оқушы компоненттері арқылы беріледі.

Білім беру мазмұнының вариативті бөлігі орта білім берудің нақты ұйымының ерекшелігін сипаттайды; білім беру ұйымының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінің оқу пәндерінің мемлекеттік стандарттарынан тыс қосымша оқу бағдарламаларын жасауға және жүзеге асыруға бағытталған.

5.5 Типтік оқу жоспарының инвариантты және вариативті компоненттері бойынша жалпы жүктемемен анықталатын білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:

– бастауыш білім беру деңгейінде: 1 сыныпта – 24 сағатты, 2 сыныпта – 25 сағатты, 3 сыныпта – 29 сағатты, 4 сыныпта – 29 сағатты,

  • негізгі орта білім беру деңгейінде: 5 сыныпта – 33 сағатты, 6 сыныпта – 33 сағатты, 7 сыныпта – 34 сағатты, 8 сыныпта – 36 сағатты, 9 сыныпта – 38 сағатты,

– жалпы орта білім беру деңгейінде: 10 сыныпта – 39 сағатты, 11 сыныпта – 39 сағатты құрайды.

5.6 Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспарларына сәйкес білім беру ұйымдары жұмыстық оқу жоспарларын дайындайды.