- •© Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, 2010
- •Мазмұны
- •Қазақстан республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты қр мжбс 2.3.4.01-2010
- •1 Қолдану саласы
- •2 Нормативтік сілтемелер
- •3 Терминдер мен анықтамалар
- •4 Жалпы ережелер
- •5. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің базалық мазмұны
- •7. Типтік оқу жоспарларын қаржыландыру
- •6 Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
- •Негізгі орта білім берудің базистік оқу жоспары
- •Б қосымшасы Жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспары.
- •В қосымшасы Бастауыш білім берудің типтік оқу жоспары.
- •Бастауыш білім берудің типтік оқу жоспары. Оқыту орыс тілінде
- •Бастауыш білім берудің типтік оқу жоспары.
- •Негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспары.
- •Негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспары. Оқыту орыс тілінде
- •Негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспары.
- •И қосымшасы Жалпы орта білім берудің типтiк оқу жоспары. Оқытудың қоғамдық-гуманитарлық бағыты
- •Жалпы орта білім беру деңгейінің типтiк оқу жоспары. Жаратылыстану-математика бағытындағы оқыту
6 Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
6.1 Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің оқу пәндері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен тағайындалады.
Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар екі деңгейде беріледі: міндетті (минимум) және базалық.
6.2 Оқу пәндері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында білім берудің базалық мазмұны, білім алушылар дайындығының міндетті (минимум) деңгейіне қойылатын талаптар сипатталады.
6.3 Оқу пәндері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында барлық білім алушылар игеруі тиіс білім мазмұны анықталған.
6.4 Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар оқытудың күтілетін нәтижелеріне жетуді бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей түрде беріледі.
Оқытудың күтілетін нәтижелеріне жетуді тексеру әр түрлi бақылау формалары арқылы анықталады.
6.5 Оқу пәндері бойынша білім алушылар жетістігінің деңгейін бағалау оқыту үдерісінің межелік кезеңдерінде: 4, 9, 11 сыныптарда пән бойынша білім беру стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Білім алушылардың оқу пәндері бойынша базалық білім мазмұнын меңгерудегі жетістік деңгейін бағалау бес баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады.
7. Типтік оқу жоспарларын қаржыландыру
7.1 Білім беру ұйымдарының жұмыстық оқу жоспары бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспарының инвариантты және вариативті компоненттерінің жалпы көлемінде қаржыландырылады.
7.2 Білім мазмұнының инвариантты компонентінің оқу пәндері бойынша оқу сабақтарын ұйымдастыру кезінде сыныпты топтарға бөлу қалалық жерлерде сыныпта 25 және одан көп оқушы болған жағдайда; ауылдық жерлерде сыныпта 20 және одан көп оқушы болған жағдайда жүзеге асырылады:
а) білім алушылар келесі пәндерді оқу кезінде:
– оқыту орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде жүретін білім беру ұйымдарының 1-11 сыныптарындағы қазақ тілі;
– оқыту қазақ, өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде жүретін білім беру ұйымдарының 2-11 сыныптарындағы орыс тілі;
оқыту орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде жүретін білім беру ұйымдарының 5-11 сыныптарындағы қазақ әдебиеті;
5-11 сыныптардағы шетел тілдері;
1-11 сыныптардағы өзін-өзі тану;
– 5-11 сыныптардағы технология (ұлдар және қыздар топтары);
– 5-11 сыныптардағы дене шынықтыру (ұлдар және қыздар топтары);
ә) практикалық сабақтарды жүргізу кезінде:
– 7-11 сыныптардағы информатикада компьютермен жұмыс істеуде;
10-11 сыныптардағы бағдарлы пәндер бойынша екі топқа бөлінеді.
Қажетті қаржы болған жағдайда тілдерді, бағдарлы пәндерді оқытқанда сыныпта аз оқушы болған кезде де топтарға бөлуге болады.
7.3 Дене шынықтыру сабақтарын 3 сағат көлемiнде ұйымдастыру типтік оқу жоспарының вариативті компонентiндегi 1 сағат есебiнен жүзеге асырылады.
7.4 Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық типтері мен түрлерінде факультативтерді, таңдау курстарын, қолданбалы курстарды, жеке кеңес беру және типтік оқу жоспарының вариативті компонентіндегі басқа да сабақ түрлерін жүргізу кезінде 1-11 сыныптарда білім алушылардың топтарын құру көзделген. Топтағы оқушылар саны 8-ден кем болмауға тиіс.
7.5 Типтік оқу жоспарындағы оқушы компонентінің оқу жүктемесі көлемінде қоғамдық-пайдалы еңбектi ұйымдастыруды, еңбек практикасын өткiзуді білім алушылардың ерiктi қатысуы негiзiнде білім беру ұйымдарының кеңестерi шешедi.
А қосымшасы
Бастауыш білім берудің базистік оқу жоспары
№ |
Білім салалары және оқу пәндері
|
Сыныптар бойынша апталық сағат саны
|
Жүктеме, сағ.
|
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
Апталық |
Жылдық |
||
1. Инвариантты компонент (базалық) |
|||||||
I |
Тіл және әдебиет |
9 |
10 |
12 |
12 |
43 |
1462 |
1. |
Ана тілі және әдебиет |
7 |
8 |
8 |
8 |
31 |
1054 |
2. |
Қазақ тілі |
2 |
2 |
2 |
2 |
8 |
272 |
3. |
Қазақ әдебиеті |
- |
- |
2 |
2 |
4 |
136 |
4. |
Орыс тілі |
|
|
|
|
|
|
II |
Математика |
4 |
4 |
5 |
5 |
18 |
612 |
5. |
Математика |
4 |
4 |
5 |
5 |
18 |
612 |
III |
Жаратылыстану |
2 |
2 |
2 |
2 |
8 |
272 |
6. |
Дүние тану |
2 |
2 |
2 |
2 |
8 |
272 |
IV |
Адам және қоғам |
1 |
1 |
1 |
1 |
4 |
136 |
7. |
Өзін-өзі тану |
1 |
1 |
1 |
1 |
4 |
136 |
V |
Өнер |
2 |
2 |
2 |
2 |
8 |
272 |
8. |
Музыка |
1 |
1 |
1 |
1 |
4 |
136 |
9. |
Бейнелеу өнері |
1 |
1 |
1 |
1 |
4 |
136 |
VI |
Технология |
2 |
2 |
2 |
2 |
8 |
272 |
10. |
Еңбекке баулу |
2 |
2 |
2 |
2 |
8 |
272 |
VII |
Дене шынықтыру |
3 |
3 |
3 |
3 |
12 |
408 |
11. |
Дене шынықтыру |
3 |
3 |
3 |
3 |
12 |
408 |
Инвариантты оқу жүктемесі |
23 |
24 |
27 |
27 |
101 |
3434 |
|
2. Вариативті компонент |
|||||||
2.1 Мектептік компонент |
|||||||
Таңдау сабақтары |
1 |
1 |
2 |
2 |
6 |
204 |
|
2.2 Оқушы компоненті |
|||||||
Жеке және топтық консультациялар, белсенді қозғалыс сипатындағы сабақтар |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
|
Вариативті оқу жүктемесі |
1 |
1 |
2 |
2 |
6 |
204 |
|
Оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі |
24 |
25 |
29 |
29 |
107 |
3638 |
|
Ә қосымшасы
