- •Физика-математика факультеті Ақпараттық технологиялар кафедрасы
- •Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау пәнінің
- •Физика-математика факультеті Ақпараттық технологиялар кафедрасы
- •Силлабус
- •Талдықорған 2013 жыл
- •Бағалау саясаты
- •Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
- •Баға қоюдың критерилері
- •Практикалық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Жеке нұсқалар бойынша тапсырмалар
- •Жеке нұсқа бойынша тапсырмалар
- •Жеке нұсқа бойынша тапсырмалар
- •Студенттердің оқытушымен бірге өздік жұмысын (осөж) орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар
- •3. Екі комплекс санның көбейтіндісі мен қосындысын табатын программа құрастыр.
- •Бақылау сұрақтар мен жаттығулар?
- •Дәрісханалық кешен
- •Шартты өту командасын пайдаланып циклді процесті ұйымдастыру.
- •Сызықтың стилi
- •Сызықтың қалыңдығы
- •Сызықтың стилi мен түсi сызықты сызбас бұрын орнатылуы қажет. Мысалы,
- •Тiктөртбұрыш салу. Сол жақ жоғарғы бұрышы (х1,у1) нүктесiнде, оң жақ төменгi бұрышы (х2,у2) нүктесiнде орналасқан тiктөртбұрыш салуға арналған бiрнеше процедура бар:
- •Эллипстiк доғаларды салуға. Ellipse(X,y:integer; StAngle, EndAngle, xR, yR:word)
- •Толтырғыштардың стандартты стилдерi
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Бақылау-өлшеу құралдары
- •Оқу сабақтарының программалық және мультимедиалық тізімі
- •Арнайы аудиториялар, кабинеттер, зертханалардың тізімі
Сызықтың стилi
-
Тұрақты
Мәндер
Сипаттама
SolidLn
DottedLn
CenterLn
DashedLn
UserBitLn
0
1
2
3
4
Үздiксiз сызық
Нүктелерден тұратын сызық
Нүктелер мен сызықшалардан тұратын сызық
Штрихты сызық
Қолданушының типi
Сызықтың қалыңдығы
-
Тұрақты
Мәндер
Сипаттама
NormWidth
Thickwidth
1
3
Қалыңдығы 1 пиксель
Қалыңдығы 3 пикселя
Сызықтың стилi мен түсi сызықты сызбас бұрын орнатылуы қажет. Мысалы,
SetLineStyle (Centerln, 0, NormWidth);
Line(10,10, 200, 200);
процедуралары нәтижесiнде (10,10) нүктесiнен (200, 200) нүктесiне дейiн қалыңдығы 1 пиксел нүкте мен үтiрден тұратын кесiндi сызылады.
Егер қолданушы өз стилiн орнатқысы келсе LineStyle=UserBinLn деп алады. Бұл жағдай сызық сызатын жобаны қолданушы өзi жасайды. Мысалы, мына:
SetLineStyle (UserbitLn, $0F0F, NormWidth);
Line(10,10, 200, 200);
процедуралар нәтижесiнде (10,10) нүктесiнен (200, 200) нүктесiне дейiн сызылған кесiндi сызықшалардан ($0F0F) тұрады.
Графикалық фигураларды салу
Тiктөртбұрыш салу. Сол жақ жоғарғы бұрышы (х1,у1) нүктесiнде, оң жақ төменгi бұрышы (х2,у2) нүктесiнде орналасқан тiктөртбұрыш салуға арналған бiрнеше процедура бар:
Rectangle- тiктөртбұрыш сызады.
Bar(x1,y1,x2,y2:integer) – боялған тiктөртбұрыш салады. Бояу түрi SetFillStyle процедурасымен берiледi.
Bar3D(x1,y1,x2,y2:integer;Depth:word;Top:boolean) – боялған параллелепипед салады. Depth – қалыңдығын, Top – орналасу түрiн (true болса жоғарғы жағы жабылған, false–жоқ) көрсетедi.
Шеңбер, эллипс және олардың доғаларын салу.
Центрi (Х,У) нүктесiнде орналасқан, радиусы R –ге тең шеңбер Circle(X,Y,R) процедурасымен сызылады.
Шеңбердiң доғасын сызу үшiн
Arc(X,Y:integer; StAngle, EndAngle, R:word)
процедурасы қолданылады. Мұнда StAngle, EndAngle центрi (Х,У), радиусы R доғаның сәйкес бастапқы және соңғы бұрыштарының мәндерi.
Эллипстiк доғаларды салуға. Ellipse(X,y:integer; StAngle, EndAngle, xR, yR:word)
п
30
S
50
Ellipse (100,100,0,360,30,50);
Мұнда эллипстiң iшiнiң түсi экран түсiмен сәйкес келген. Боялған эллипс алу үшiн арнайы FillEllipse(X,Y:integer; xR, yR:word) – процедура бар.
Осы тәрiздi PieSlicse(X,Y:integer; StAngle, EndAngle, Radiur:word)
процедурасымен шеңбер доғасын, Sector(X,Y:integer; StAngle, EndAngle, xR, yR:word)процедурасымен эллипс доғасын сыза аламыз. (Pattern;word;Color;word)
процедурасымен толтыру стилi орнатылады, мұнда Pattern толтыру стилiн, Color – түсiн бiлдiредi. GRAPH модулiнiң құрамына бiр талай графикалық денелердiң iшкi және сыртқы аймақтарын толтыруға арналған символдар–толтырғыштардың стандартты комбинациялары қосылған. Оларды жоба (маска) деп атайда. Pattern маскасының мүмкiн мәндерi келесі кестеде келтiрiлген.
