- •Физика-математика факультеті Ақпараттық технологиялар кафедрасы
- •Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау пәнінің
- •Физика-математика факультеті Ақпараттық технологиялар кафедрасы
- •Силлабус
- •Талдықорған 2013 жыл
- •Бағалау саясаты
- •Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
- •Баға қоюдың критерилері
- •Практикалық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Жеке нұсқалар бойынша тапсырмалар
- •Жеке нұсқа бойынша тапсырмалар
- •Жеке нұсқа бойынша тапсырмалар
- •Студенттердің оқытушымен бірге өздік жұмысын (осөж) орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар
- •3. Екі комплекс санның көбейтіндісі мен қосындысын табатын программа құрастыр.
- •Бақылау сұрақтар мен жаттығулар?
- •Дәрісханалық кешен
- •Шартты өту командасын пайдаланып циклді процесті ұйымдастыру.
- •Сызықтың стилi
- •Сызықтың қалыңдығы
- •Сызықтың стилi мен түсi сызықты сызбас бұрын орнатылуы қажет. Мысалы,
- •Тiктөртбұрыш салу. Сол жақ жоғарғы бұрышы (х1,у1) нүктесiнде, оң жақ төменгi бұрышы (х2,у2) нүктесiнде орналасқан тiктөртбұрыш салуға арналған бiрнеше процедура бар:
- •Эллипстiк доғаларды салуға. Ellipse(X,y:integer; StAngle, EndAngle, xR, yR:word)
- •Толтырғыштардың стандартты стилдерi
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Бақылау-өлшеу құралдары
- •Оқу сабақтарының программалық және мультимедиалық тізімі
- •Арнайы аудиториялар, кабинеттер, зертханалардың тізімі
Толтырғыштардың стандартты стилдерi
Константа |
Значение |
Описание |
EmtptyFill |
0 |
Фон түсiмен толтыру |
SolidFill |
1 |
Кезектi түсiпен толтыру |
LineFill |
2 |
-- символдарымен толтыру, түсi – color |
LtslashFill |
3 |
Қалыпты // символдарымен толтыру, түсi – color, |
SlashFill |
4 |
Қалыңырақ // символдарымен толтыру, түсi – color |
BkslashFill |
5 |
Қалыңырақ \\ символдарымен толтыру, түсi – color |
LtbkslashFill |
6 |
Қалыпты \\ символдарымен толтыру, түсi – color, |
HatchFill |
7 |
Тiк және жатық жiңiшке штрихтармен толтыру, түсi – color |
XhatchFill |
8 |
Айқас “сирек” жiңiшке штрихтармен толтыру, түсi – color |
|
|
|
InterleaveFill |
9 |
Айқас “жиi” жiңiшке штрихтармен толтыру, түсi – color |
|
|
|
|
|
|
WideDotFill |
10 |
“Сирек” нүктелермен толтыру |
CloseDotFill |
11 |
“Жиi” нүктелермен толтыру |
UserFill |
12 |
Қолданушымен анықталған жобамен(маскамен) толтыру , түсi – color |
Қолданушы өз жобасын
SetFillPattern (Pattern; FillPattern; Color;word)
процедурасымен жасай алады.
Ендi SetFillStyle – процедурасы көмегiмен фигураның iшкi және сыртқы аймақтарын толтыруға арналған соңғы орнату процедурасын қарастырайық:
FloodFill(X,Y:integer;: word),
мүндағы X,Y- iшкi немесе сыртқы нүктенiң координаталары. Толтырылатын аймақ Border түстi тұйық сызықпен шектелген болуы қажет. Толтыру стилi SetFillStyle процедурасымен орнатылады.
Келесi программа экранның ортасында тiктөртбұрыш салады, ал экранның қалған аймағын штрихтармен толтырады.
Program DemoFloodFill;
Uses graph;
Var
Driver, Mode: integer;
Begin
Driver:= Detect;
InitGraph (Driver, Mode,’ ‘);
SetFillStyle (LtSlashFill, 15);
Rectangle (60, 50, 600, 300);
FloodFill (1,1,15);
Readln;
CloseGraph;
End.
Дәріс №15. Тақырыбы: Файлдармен жұмыс істеу. Мәліметтердің динамикалық құрылымы
Дәріс жоспары:
Файл туралы жалпы түсінік
Барлық файлдарға қолданылатын функциялар мен процедуралар
Мәліметтердің динамикалық құрылымы
Кілт сөздер: Assign, физикалық файл, логикалық файл, динамикалық айнымалылар
Иллюстрациялық материал: Электрондық оқулық, слайдтар
Мазмұны. Файл туралы жалпы түсінік. Файл типінің сипаттамасы. Файлдарды өңдеу. Стасикалық және динамикалық айнымалылар. Көрсеткіштер. Айнымалыларға көрсеткіштер арқылы қатынау. Жадты динамикалық жолмен ұйымдастыру. Көрсеткіштерді байланысқан тізімдерді ұйымдастыруда қолдану.
Файлды ашу.Turbo Pascal программалау тілінде файлды окуға, жазуға, сондай-ак, кайта окып жазуға және ашуға болады.
Файлды ашу алдын ала анықталған файлдык айнымалы аркылы және Assign процедурасының көмегімен байланыстырылады. Файлды ашу кезенінде алдымен дискіден көрсетілген файл ізделеді немесе жаңа файл ашылып, ағымдағы бағыттағыш, файл басына орналастырылады.
Assign процедурасының жалпы жазылу түрі:
Assign(var f; file_name:string);
Мулдағы:
f - filename параметрі бойынша файлдық айнымалы атауы;
file_name - қатарлық типтегі дискідегі файл атауы.
Reset процедурасы
Reset процедурасы текстік файлды тек информацияны оқуға ашады. Егер типтелген
немесе типтелмеген файлдарға қолданылса, онда Reset процедурасы бұл файлдарды
оқуға
және жазуға ашады. Reset процедурасын жалпы қолдану түрі:
Reset ( Var f [: File; Recsize : Word]);
Мұндағы:
F - файлдық айнымалы;
Recsize - деректерді беруге арналған жазылым көлемін анықтайды (типтелмеген файлдарға колданылады).
Reset процедурасын колдану үшін аты аталған файл дискіде болуы тиіс. Егер аты аталған файл дискіден немесе бумадан табылмаса, онда экранға қате белгісі шығарылады.
Rewrite процедурасы ,
Rewrite процедурасы файлды деректерді жазу үшін ашады. Rewrite тек текстік файлдарға қолданылады. Rewrite процедурасын типтелген немесе типтелемеген файлдарға қолданып, оларды окуға жэне жазуға ашады.
Reset жэне Rewrite процедурацарының айырмашылығы: Reset процедурасы көмегімен файлды ашу барысында, аты көрсетілген файл дискіден табылмаса, онда экранға қате ақпараты шығарылады, ал Rewrite процедурасы арқылы файлды ашқанда, егер аты көрсетілген файл дискіден табылмаса, онда Rewrite жаңа файл ашады (егер файл ішінде ақпарат бар болса, онда ол ақпараттар өшіріледі).
Барлық файлдарға қолданылатын функциялар мен процедуралар
Turbo Pascal программалау тілінде файлдарға келесі функциялар мен процедураларды қолдануға мүмкіндік береді:
ASSIGN процедурасы сырткы файл атауына файл айнымалысын меншіктейді.
ChDir - ағымдағы буманы ауыстыру процедурасы.
CLOSE - ашылған файлды жабу процедурасы.
EOF - файл соның анықтайтын функция (end-of-file).
ERASE - сырткы файлды өшіру процедурасы.
GetDir процедурасы берілген дискідегі ағымдағы буманы ұсынады.
IOResult функциясы соңғы орындалған енгізу-шығару операциясының орындалуы туралы, бүтін сан түріндегі мәліметті береді.
MkDir - ішкі буманы құру процедурасы.
ReName - сыртқы файл атауын өзгеру процедурасы.
RESET - дискідегі бар файлды ашу процедурасы.
REWRITE - жаңа файлды ашу процедурасы.
RmDIR - бос буманы жою процедурасы.
Текстік файлдарға қолданылатын функциялар мен процедуралар.
APPEND - дискіде орналасқан файлды іске қосуға ашатын процедура.
EoLn - қатар соның анықтайтын функция (end-of-line).
FLUSH - шығару файл буферін тазарту процедурасы.
READ - файлдан деректерді оку процедурасы.
READLN - процедурасы PvEAD процедурасының қызметін орындап, бірақ курсорды келесі катардың басына орналастырады.
SeekEof - файл соңын аныктайтын функция (end-of-file) ,
SeekEoln - қатар соңын анықтайтын функция (end-of-line).
SETTextBuf - текстік файлға енгізу-шығару буферін белгілеу процедурасы.
WRITE - текстік файлға бір немесе бірнеше мәндерді жазуға арналған процедура.
WRITELN процедурасы WRITE процедурасының кызметін қайталап, қатар соңы белгісін қояды.
Бұрын оқып-үйренген мәліметтер типы статикалық деп аталатындарға жатады. Жады олардың астынан компиляциялау кезінде ерекшеленеді, осындай объектілердің саны программаның орындалу барысында өзгермейді.
Паскаль тілінде мәліметтердің динамикалық кұрылымдарын кұруға арналған құралдар бар. Олар программаның орындалуы барысында мына жұмыстар атқарады:
объектілерді кұрады;
олар үшін жады бөліп шығарады (немесе ерекшелейді);
олар қажет болмаған жағдайда оларды жояды. Динамикалық жадының басқа аты - үйме.
Динамикалық айнымалылар туралы нақты түсінікті алу үшін, программаның Паскаль тілінде орындалуы кезінде жадының құрылымын қарастыру керек.
Мәліметтер динамикалық жадыда нұсқағыштардың (көрсеткіштердің) қолданылуымен орналасады. Нұсқагыш (көрсеткіш) - бұл жадының белгілі ұяшығына сілтеме. Бұл ұяшықтан бастап айнымалының мәні жазыла бастайды. Сондықтан осындай типтің мәліметтерін сілтемелік тип мәліметтері деп те атайды.
Мәліметтердің сілтемелік типінің сипатталу пішімі:
Type <нүсқағыш типі>=<типтің идентификаторы>, ғни нұсқағыш мәліметтердің кейбір типімен байланысқан. Мұндай нұсқағыштар типизацияланган деп аталады.
Нұсқағыштармен жұмыс істеу кезінде екі кезең міндетті:
нұсқағышты жариялау;
жадылары программаның орындалу барысында бөлінетін мэліметтерді динамикалық қалыптастыру.
Нұсқағыштармен жұмыс істеу үшін келесі процедуралар қолданылады:
New (Р)- динамикалық жадыда жаңа айнымалы құратын процедура. Р-қүрылатын типтің айнымалының нұсқағышы. Әрбір жеке new прцедурасы тек бір ғана динамикалық айнымалы құра алады.
Dispose (Р)- Р нүсқағышы бар объектімен толтырылған жады жерін бір үйімге жинауға ерік беретін процедура.
New жэне dispose процедураларының параметрі тек типизацияланған нұсқағыш болуы мүмкін. Типизацияланбаған нұсқағыштармен жұмыс істеу үшін аналогтық процедуралар қолданылады:
Get Mem (P,Size)- жадыны резервтеу;( дайындау)
Free Mem(P,Size)- жадыны босату.
Мүндағы Р- типтелген нүсқағыш, Size- қажет немесе босатылатын үйім бөлігінің байттағы өлшемі. (65521 байтқа дейін).
