Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
silabus_algoritm.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Жеке нұсқа бойынша тапсырмалар

№1

Аптаның күнінің номеріне байланысты (1-ден 7-ге дейінгі натурал сандар) нәтиже ретінде осы күнгі сыныптағы сабақтар санын шығаратын программа жазу керек.

№2

Санның соңғы цифрына байланысты оның квадратының соңғы цифрын анықтайтын программа жазу керек.

№3

Берілген жылға және айдың номері m-ге байланысты осы айдағы күндер санын анықтайтын программа жазу керек.

№4

Әрбір енгізілген (0-9) санға байланысты сол санның аталуын ағылшын тілінде (0-zero, 1-one, 2-two,…) шығаратын программа жазу керек.

№5

Енгізілген санға сәйкес (1-12) айдын атауын шығаратын программа жазу керек.

№6

Мектеп бағаларының ауызекі атлуын шығаратын программа жазу керек. (1-нашар, 2-қанағаттанарлықсыз, 3-қанағаттанарлық, 4-жақсы, 5-өте жақсы).

№7

Айталық шеңбер элементтері радиус (бірінші элемент), диаметр (екінші элемент) және шеңбер ұзындығы (үшінші элемент) болсын. Элемент номеріне байланысты оған сәйкес мән сұрайтын және нәтиже есептейтін программа жазу керек.

№8

Айталық, тең бүйірлі тік бұрышты ұшбұрыштың элементтері болып:

  • а катеті

  • b гипотенуза

  • Тік бұрыштың төбесінен h гипотенузаға түсірілген биіктік;

  • S ауданы.

Берілетін номеріне және сәйкес элементтің мәніне байланысты ұшбұрыштың барлық қалған элементтерінің мәнін есептейтін программа құру керек.

№9

Айдың номеріне байланысты одан кейінгі айдың атауын шығаратын программа құру керек (m=4 болғанда ақпан айын аламыз, ал 4-мамыр).

№10

Енгізілген жыл мезгілінің номеріне байланысты (1-қыс, 2-көктем, 3-жаз, 4-күз) оыс жыл мезгіліне сәйкес айларды, әр айдағы күндер санын шығаратын программа құру керек.

№11

Енгізілген өлшем бірліктерінің номеріне (1-дециметр, 2-километр, 3-метр, 4-миллиметр, 5-сантиметр) және L түзудің ұзындығына байланысты түзудің ұзындығының сәйкес мәндерін метрмен беретін программа құру керек.

№12

1-ден 11-ге дейінгі (сынып номеріне) енгізілген сандарға байланысты “Сәлем, k-ші сынып” деген хабар беретін программа құру керек.Мысалы, егер k=1, “Сәлем, біріншіші сынып”; k=4 болғанда, “Сәлем, төртінші сынып”.

№13

Берілген 1-ден 12-ге дейінгі натурал санға байланысты (ай номеріне) осы айға кіретін мереке күндерін (мысалы, егер 1 саны енгізілген болса, онда: 1 қаңтар-Жаңа жыл, 7 қаңтар-Рождество) шығаратын програма құру керек.

№14

N натурал саны берілген. Егер ол 4-ке бөлінсе , экранға N=4k жауабын шығару керек. (мұнда k- ?); егер 4-ке бөлген қалдық 1-ге тең болса, N=4k+1; егер 4-ке бөлген қалдық 2-ге тең болса, N=4k+2; егер 4-ке бөлген қалдық 3-ке тең болса, N=4k+2.

Мысалы, 12=4*36 22=4*5+2

№15

Бөлшектердің номерленген тізімі берілген: 1)шуруп, 2)гайка, 3)винт, 4)шеге, 5)болт. Бөлшек номеріне байланысты оның атауын экранға шығаратын программа құру керек.

№16

Берілген санның соңғы цифры бойынша осы санның кубының соңғы цифрын шығаратын программа құру керек.

№17

Әрбір натурал сан үшін осы сандағы цифрлар санын шығаратын программа құру керек.

№18

Екі х және у нақты оң сандары берілгенСандармен орындалатын арифметикалық амалдар номерленген (1-қосу, 2-алу, 3-көбейту, 4-бөлу). Енгізілетін номерге байланысты сандармен осы немесе басқа амалда орындайтын программа құру керек.

№19

Енгізілетін өлшем бірліктің номеріне (1-килограмм, 2-миллиграм, 3-грамм, 4-тонна, 5-центнер) және М массасына байланысты сәйкес масса мәнін килограммаен беретін программа құру керек.

№20

Теңбүйірлі ұщбұрыштың элементтері болып: 1) а қабырғасы; 2) S ауданы; 3)h биіктігі; 4) ішкі шеңбердің r радиусы; 5) сыртқы шеңбердің R радиусы.

Берілетін номерге және сәйкес элементтің номеріне байланысты ұшбұрыштың барлық қалған элементтерінің мәнін анықтайтын программа құру керек.

№21

Келесілерді ескере отырып: қыздың жасы жігіттің жасының жартысына тең плюс 7, жігіттің жасы қыздың жасын екі еселегенмен минус 14-пен сәйкес келетінмен сәйкес некелесуге қолайлы жасты анықтайтын программа жазу керек.

№22

Берілген k таңбалы санының цифрларының туындысын табу керек.

№23

N натурал саның ондық санау жүйесінде (N<=10000) оқитын, ал шығаруда осы санды ондық жүйеде және ауыз екі тілде шығаратын программақұру керек. Мысалы, 7 жеті; 204екі жүз төрт; 52елу екі.

6,7 -іс-тәжірибелік жұмыс.

Тақырыбы: Циклдық алгоритмдерді программалау

Мақсаты: Паскаль тіліндегі цикл оператарларымен танысу және оларды қолдану дағдысын қалыптастыру. Итерациялық процесстермен танысу.

ТҚЖ: компьютер.

ПЖ: Turbo Pascal – программалау тілі.

Жұмыстың орындалу реті:

Бақылау сұрақтарына жауап беру.

Есептің метематикалық қойылымын және алгоритмін (блок схемасын) жазу

Программа құру. Программа қатесіне анализ жасау. Программаны тестілеу. Нәтиже алу.

Бақылау сұрақтары:

1.Қайталану алгоратмдерін программалауды ұйымдастыру қалай жүргізіледі?

2. «Цикл-әзір» және «Цикл-дейін» құрйлымдарының айырмашылығы блок схема арқылы түсіндіріңіз.

3. Алдын ала шартты тексеру операторы.

4. Repeat операторының жалпы жазылуы және орындалуы.

5. Параметрлі қайталану операторыеың жазылуы және орындалуы.

6. Циклдің денесі дегеніміз не?

7. Күрделі циклдер туралы айтыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]