Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Акушериядан гост жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Кб
Скачать
☆

Жауабы:

  1. Жетілген жүктілік. Босанудың 2-кезеңінің басталуы. Нәрестенің шүйдесінің алдыға қарап келуі. Босанушы әйелдің киімдерін ауыстыру, залалсыздандырылған бахилдер кигізу. Акушерка алжапқыш киеді, первамур ерітіндісімен қолын өңдейді залалсыздандырылған халат киеді. әйелді қалауы бойынша Рахманов төсегіне немесе креслоға жатқызады. Жаңа туылған нәрестеге арналған екі ораманы –кіндікті біріншілік және екіншілік өңдеу үшін. Акушерлік көмек көрсетуге кіріседі.

  2. Босандыру итеруші күштер – күшену. Акушерка қалай дұрыс күшену керектігін түсіндіруге міндетті.

  3. Күшену арасында нәрестенің жүрек соғуын тыңдап, бағалайды. А\қ. өлшейді,бастың кіріп шығуын бақылайды,аралықты қорғайды. Нәресте туылған соң оны анасынан бөледі.

  4. Физиологиялық босануға дайындалу стандарты.

№5есеп. Босану болды, салмағы-3300.0 гр. Ұзындығы – 50 см., тірі,жетілген нәресте туылды, тін және қабықтары түгел.

  1. Сіздің диагнозыңыз және келесі босану кезеңін жүргізу.

  2. Келесі босану кезеңін қалай жүргізеді?

  3. Емшекпен емізудің принциптері қандай?

  4. Бала жолдасын қарап және оған баға бер, босанған әйелді айнамен қара.

Жауабы:

  1. Жетілген жүктілік. Босану. Босанудан кейінгі ерте кезең. Бұл кезең 2-сағат созылады. Босану жолдарын айнамен қарайды. Жарақаттарға тігіс салынады.

  2. Жатырдың жиырылуын және жыныс жолдарынан шыққан қан мөлшерін бақылайды. Жоғалтқан қанды бағалайды. Бірінші сағатта әр 15минут сайын және екінші сағатта әр 30 минут сайын А\қ-ын өлшейді. Жалпы жағдайын бағалайды. Қарсы көрсеткіштер болмаса 2-сағаттан кейін босанғаннан кейінгі бөлімге ауыстырады.

  3. Соска және рожок беруге болмайды, тек емшекпен тамақтандыру керек, нәрестенің қалауы бойынша түнгі үзіліссіз.

  4. Бала жолдасын қарау стандарты.

№6есеп. Босану болды, салмағы 3200.0гр, ұзындығ – 50см.жетіілген,тірі нәресте туылды. Даусы шырыштарды сорып алғаннан кейін бірден, терісі күлгін, қимылы белсенді.

  1. Сіздің диагнозыңыз және басталған келесі босану кезеңіне сипаттама беру.

  2. Қ.Р. ДСМ №498 бұйрығы бойынша басталған босану кезеңін жүргізу әдісі...

  3. Нәрестенің жағдайы қандай белгілермен бағаланады?

  4. Бала жолдасының бөліну белгілерін көрсетіңіз.

Жауабы:

  1. Жетілген жүктілік. Босанудың 3-кезеңі. Бала жолдасы кезеңі нәресте туылғаннан сәттен басталып бала жолдасы туылуымен аяқталады. Бала жолдасы, бала жолдасы толғағының әсерімен шетінен - Дункан немесе ортасынан – Шульц бойынша, ретроплцентарлы гематома пайда болуымен бөлінеді.

  2. Бала жолдасы кезеңі табиғи дәрі – дәрмек қолданбай және белсенді жүргізіледі.10ЕД окситоксин енгізіледі, жоғалтатын қанды. 2,5 есе төмендетеді.

  3. Жаңа туылған нәрестенің жағдайы Апгар шкаласы бойынша бағаланады.

  4. Бала жолдасының бөліну білгілері стандарты.

№7есеп. Жедел жәрдем фельдшері вокзалдан шақырту алды: әйелдің толғағы басталған. ІА-92см, ЖТБ-35см. Толғақ әр 15минут сайын 30-35 секундтан. Босанушы әйелдің алмасу картасы жоқ.

  1. Фельдшердің алғашқы диагнозы және тактикасы.

  2. Берілген мәліметтер және объективті белгілер бойынша жүктілік және босану уақытын қалай анықтауға болады?

  3. Перзентхананың әр түрлі бөлімдеріне жатқызу көрсеткіштері.

  4. Босанушы әйелді (роженица) акушерлік әдістермен зерттеңіз.