Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Акушериядан гост жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Кб
Скачать
☆

Жауабы:

1). Жүктіліктің 36-37 аптасы.Нәрестенің жамбаспен келуі. Жүргізілген акушерлік зерттеуге негізделген.

2). Жамбаспен келуі- таза және аралас. Аяқпен келуі - толық және жартылай, тіземен.

3). Акушерка жамбаспен келу анықталғанда жүкті әйелді перзентханаға, зерттеуге және босануды жүргізу жоспарын құруға және босандыруға, мүмкін болатын асқынуды болдырмау мақсатында, алдын ала жатқызуы керек.

4). Жамбаспен келудегі босануды жүргізу стандарты.

18есеп. Қайта босанушы әйел, жамбас өлшемдері қалыпта, жүктілік мерзімі жеткен, толғағы қысқа, күші орташа болып, арасындағы пауза ұзарған. Басы кіші сегментімен кіші жамбас кіре берісінде. Нәрестенің жүрек соғуы анық, мин 136рет.

PV: 6см ашылған( жатыр мойны) , қағанақ қуығы бүтін.

1). Сіздің диагнозыңыз және оның негізделуі.

2). Берілген патологияның себебі не болады ?

3). Берілген патологияны жіктеңіз.

4). Жаңа туылған нәрестенің екінші тазалығын жүргізіңіз.

Жауабы:

1). Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың бірінші кезеңі. Босану күштерінің әлсіздігі. Клиникасы- негіз болады.

2) Себептері: экстрогендердің , окситоциннің жетіспеуі; әйелдің шаршауы; аборттың әсерінен жатыр патологиялары , тыртықты өзгерістер, жатыр ісіктері, қорқыныш, үрей, мерзіміне жетпеген, уақытынан асқан жүктілік.

3) –патологиялық прелиминарлық кезең;

-босану күштерінің әлсіреуі( бірінші және екінші кезеңдерде)

-тым күшті толғақ;

-ретсіз толғақ;

4) Жаңа туылған нәрестенің екіншілік тазалық стандарты.

№19есеп. Босанудың екінші кезеңінде нәресте басының жарып шығу кезінде аралық терісінің көгеруі, содан кейін оның бозарып және жылтырауы пайда болды

1) Сіздің диагнозыңыз және оның негізделуі.

2) Көрсетілген патологияның даму механизмі қандай және берілген патологияның дамуына қандай себептер әкеледі ?

3) Сіздің жүргізу тактикаңыз ?

4)аралықтың бірінші дәрежелі жыртылуына тігіс салыңыз және әйелге кеңес беріңіз

Жауабы:

1). Жетілген жүктілік. Босанудың екінші кезеңі. Аралықтың жыртылу қаупі. Клиникалық сипаттамасы-негіз болып тұр.

2). Бас тіндері, вена тамырларын қысқандықтан қан ағу бұзылады.- содан көгереді. Веналық тоқтау тіндердің ісінуіне әкеледі. Бастың ары қарай басуы салдарынан артериялар қысылады.- аралық терісі бозарады. Алмасу процесінің бұзылуы аралық тіндерінің төзімділігін төмендетеді, сөйтіп аралықтың жыртылу қаупіне әкеледі.

3). Жыртылуға биік, созылғыштығы төмен аралық, тыртықты өзгеріске ұшыраған аралық бейім болады. ірі нәресте, тар жамбас, бастың дұрыс қондырылмауы, жылдам және тез босанулар себепші болады.

4). Аралыққа тігіс салу стандарты.

№20есеп. Босану болды, салмағы -4300.0 гр,ұзындығы 54 см. нәресте туылды. Екінші кезең 40 минутқа созылды, ерекшеліксіз. Бір күннен кейін симфиз аймағында ауру сезімі пайда болды.

Объективті: шат байламы аймағында аздап ісіну және қызару анықталды. Пальпация кезінде шат байламы ауырады.

1). Сіздің диагнозыңыз және оның негізделуі

2). Берілген патологияның дамуының негізгі себебін көрсетіңіз?

3). Диагнозды растау үшін қандай тесттер жүргізу керек?

4). Диагональды коньюгатаны анықтаңыз.