Жауабы:
Отбасын жоспарлау – жалпы медикосанитарлық шара. Әйел және бала денсаулығын қорғауға, сақтауға бағытталған.
Отбасын жоспарлаудың мақсаты- керексіз жүктілікті болдырмау, бала санын және жүктіліктің арасын реттеу, жүктілікке дейін тексерілуден өту және тиісті емдер қабылдау. Бұл шара санитарлық – ағарту жұмысын жүргізу жолымен іске асырылады.
Гормональды контрацептивтер монофазалы, екі фазалы, үш фазалы, болып бөлінеді. Таза гестагендер, мини-пили және шұғыл түрлері. Біріктірілген ауыз арқылы берілетін контрацепция дәрежелігі – құпиялылық, жеңілділігі және қолдануға қол жетерлік, бала қажет деп шешкенде –оларды тоқтату керек. БАК әсер ету механизмі мойын шырышының жабысқақтығының көбеюі; овуляциясының басылуы; жатыр түтігі перстальтикасының төмендеуі; эндометрияның имплантацияға теріс жағдайы.
Қынап тазалығына жағынды алу стандарты.
№28 есеп. 25 жастағы әйелді қарағанда жатыр мойнының сыртқы ернеуінің айналасыннан ашық қызыл түсті өскін анықталды.
1). Сіздің болжамалы диагнозыңыз және оның негізделуі.
2). Берілген патологияның қандай түрлері болады және әйелге қандай зерттеу жүргізу қажет?
3). Әйелге қандай ем қажет?
4). Жатыр мойнын айнамен қараңыз.
Жауабы:
1). Жатыр мойны жарасы, ол клиникасына негізделеді.
2). Жатыр мойны жарасы бұл көп қабатты жалпақ эпителидің кемістігі. Жатыр мойнының сыртқы ернеуінің аймағында цилиндрлі және көп қабатты жалпақ эпителии арасында шекара өтеді. Осы шекараның сырқы ернеу маңайынан ығысуы эрозия мағынасын құрайды. Эрозия –туылғаннан, шын және псевдоэрозия болуы мүмкін. Оларды мойнын айна арқылы қарағанда, кольпоскопия, онкоцитологияға жағынды алу, биопсия алу керек.
3). Солковагил – цилиндрлі эпителидің клеткаларын көп қабатты жалпақ эпителиге алмастыруын шақырады, ем ұзақтығы 3-4 апта. Тержинанмен, гексиконмен балауыздар, балмен, облепиха мйымен тампондар. Хирургиялық емдеу әдісі қолданылады-эксцизия, оны етеккір келгенге дейін 4-5 күн бұрын жүргізеді, лазерлі хирургия.
4). Жатыр мойнын айнамен қарау стандарты.
№29 есеп. Медициналық аборттан кейін 3-тәулікте әйелдің ішінің төменгі жағы ауырып,t°-38°С дейін көтерілді. Айнамен қарағанда ; цервикалды каналдан (жатыр мойны өзегінен) қан аралас іріңді бөлінулер.
PV: жатыр денесі ауырсынады, аздап үлкейген,жұмсақтау.
1). Сіздің диагнозыңыз және оның негізделуі.
2). Анықталған жағдай қандай ауру тобына жатады және әйелге қандай зерттеу жүргізу керек?
3). Емдеу принциптері.
4). Созға және трихомонадқа жағынды алуды көрсетіңіз.
Жауабы:
1). Эндометрит. Клиникасы –негіз болады.
2).Берілген ауру спецификалық емес қабыну ауруларына жатады. Эндометрит – жатырдың шырышты қабатының қабынуы. Көп жағдайда аборттан, босанудан, жатырды диагностикалық қырудан, ЖІС-кейін дамиды. Бимануальды зерттеуде – жатыр аурушаң. Қанда –лейкоцитоз, ЭТЖ-жалдамдауы. Мазокта -қабыну сипаттары.
3). Ем стационарда жүргізіледі. Кең түрде қолданылатын антибиотиктер тағайындалады. в\в тамшылатып метронидазол, инфузиялық, десенсибилизациялық және жалпы қуаттандыратын терапия.
4). Жағынды алу стандарты.
№30есеп. Әйел жыныс жолдарынан көп мөлшерде көбік тәрізді бөлінулер келетініне шағымданып келді. Айнамен қарағанда: шырыштары ісінген, қызарған, аздап қансырайды, көп мөлшерде,ірің араласқан көпіршікті бөлінуімен жабылған.
1). Сіздің диагнозыңыз және оның негізделуі.
2). Берілген ауру қандай топқа жатады және көрсетілген патологияның қоздырғышы?
3). Әйелге қандай зерттеу және ем қажет?
4). Фурациллинмен қынапты булауды көрсетіңіз.
