- •Жұмыс бағдарламасы
- •Шымкент 2013 ж.
- •Бағдарлама:
- •2. Пән сағаттар бөлу
- •3. Тақырыптық жоспар
- •4. Пәннің мазмұны.
- •8.Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •8.1 Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Авторлары:
- •5. Білім беру және оқыту әдістері:
- •6. Білімді бағалау
- •7. Құрал -жабдықтар және жабдықтау.
- •2013 – 2014 Оқу жылына Күнтізбектік – Тақырыптық Жоспар
- •Оқу сағаттарының бөліну жоспары:
- •Бақылау мен қорытынды аттестация:
- •Теориялық сабақ
- •2 Курс, 3 семестр
- •Практикалық сабақ
- •2 Курс, 3 семестр
- •Практикалық сабақ
- •2 Курс, 4 семестр
- •Оқытушы қолы __________________________
- •Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •Мейірбике ісі философиясы.
- •Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •– Сабақ
- •Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •5Кезең. Мейірбикелер күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Науқасты аспаптармен және зертханалық зерттеудің алдында, оларды дайындықтан өткізе алады:
- •Мейірбикелер хәлі ауыр науқастарды күте алады:
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6.Материалды – техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •Бактериялды және вирусты инфекцияларда «дезэфект» ерітіндісімен дезинфекциялау тәртібі.
- •Этиологиясы әр түрлі инфекицяның дезинфекциялау тәртібі
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •1. Сутегі тотыгы
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •Медициналық құрал-саймандар және жабдықтармен жұмыс істеу кезіндегі сақтану шаралары.
- •Манипуляцияны жасап болған соң медбике міндеті:
- •Науқастың биологиялық субстраттарының көздің кілегей қабығына түсуі.
- •Науқастың биологиялық субстраттарының бет және ерінге жұғуы кезінде істеу қажет:
- •Мұрынның кілегей қабығына биологиялық субстраттардың түсуі кезінде істеу қажет:
- •Өте ластанған кұрал-сайманмен қол саусақтарын жарақаттау.
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •14 Диета
- •15 Диета.
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •Артериалды қан қысымын анықтау
- •Тыныс алу жиілігін санау. Тыныс алуды дқадағалай отырып, оның жиілігі, тереңдігін, ырғақтығын, тыныс алу түрлерін бақылау қажет
– Сабақ
Сабақтың тақырыбы: Әртүрлі медициналық мекемелеріндегі медбикелер қызметінің негізгі бағыттары
Сағат саны: 2 (90 мин - 100%)
Сабақ түрі: теориялық
Сабақтың мақсаты:
оқыту: оқушыларды әртүрлі медициналық мекемелеріндегі медбикелер қызметінің негізгі бағыттарымен таныстыру
тәрбиелік: Оқушылардың мінез - құлқын этика және деонтологиялық нормаларға тәрбиелеу.
дамыту: ауруханаларда медицина қызметкерлерінің жұмыс істеу қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 1, 2, 3 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
1. «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
2. «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы. М.Ш.Нурманова., Ж.Т.Матакова., Э.Т.Беискулова –Қарағанды,2012.
3. «Науқас адамдарды жалпы күту» Санов С.- Қарағанды,2013
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%)
- емдік-профилактикалык мекемелердің күрылыс түрлері, олардың күрылымы;
- жеке ЕПҰ бағыттары;
- ЕПҰ түрлері медбикелік кызметкерлердін негізгі бағыттары;
- медбикенің күкығы мен міндеттері;
10. Жаңа сабақты түсіндіру : 27 мин (30%)
Жоспар:
Мейірбике процесінің негізгі бес кезеңі
Мейірбикелерге квалификциялық сипаттама
Науқасты аспаптармен және зертханалық зерттеудің алдында, оларды дайындықтан өткізуі
Халі ауыр науқастарды күтімі
Адамға керек 14 қажеттілік А.Маслоу бойынша
Мейірбике процесі бұл қазіргі кездегі мейірбикелер ісінің модельдер негізінің түсінігі. Мейірбикелер ісі бойынша оқыту стандартының талабына сәйкес, мейірбике процесі- бұл науқасты күтуді ұйымдастыру әдісі және науқасты мейірбикелік күтуді орындауға және адамның , отбасының, қоғамның, физикалық, психологиялық және әлеуметтік талабын қанағаттандыруға бағытталған шара.
Мейірбикелердің қызметі науқасты дұрыс қарауға және денсаулығын бұрынғы қалпына келтіруге бағытталған. Ол үшін мейірбике науқасты жеке жан-жақты қарап, өзінің жұмысын дұрыс ұйымдастырған жағдайда ғана науқас уақытына сәйкес сырқатынан жазылады, ал ол мейірбикелердің әлеуметтік мәртебесін және қоғамдағы абыройын жоғарылатады. Мейірбикелер науқастың алып жатқан әр түрлі ем – шараларына ағзаның беретін жауап реакциясын бақылауы керек және жасалып жатқан шаралар туралы науқастың да пікірін тыңдағаны дұрыс. Мейірбике процесін жүргізуде ең әуелі өзін-өзі бақылауы тиісті және алға қойған мақсатына жеткенін мейірбикенің өзі анықтайды. Мысалы, мейірбике науқасқа ауыратын жерін басатын дәрі салды делік, арада шамалы уақыт өткен соң мейірбике міндетті түрде, оның нәтижесін бақылауы керек.
Мейірбике процесі негізгі бес кезеңнен тұрады:
1-кезең. Мейірбикелердің науқасты зерттеуі немесе тексеруі.
Науқастың денсаулығы жайлы мәлімет жинау, бұл субъективті және объективті сипатта болады. Субъективті әдіске - науқас туралы физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік мәселелер жатады. науқастан мәліметті сұрау арқылы немесе бұрынғы тексерілген құжаттары болуы мүмкін немесе дәрігермен болған әңгімелері немесе туыстары арқылы алынады. объективті әдіс – бұл науқастың физикалық жағдайын көзбен көріп, қолмен ұстап тексеріп, оған баға береді. Науқастың бойын, салмағын өлшейді, дене қызуын, тыныс алу санын, қан тамырларының соғуын, артерия қысымын өлшеп анықтайды және оларға баға береді. Бұл кезеңде алынған мәліметтерді мейірбике науқастың ауру тарихына немесе мейірбикенің байқау картасына жазады, бұл мейірбикенің кәсіби дербес қызметтерінің құжаты болып есептеледі.
2-кезең. Науқас мәселесін тұжырымдау және мейірбике диагнозын құрастыру.
Науқас мәселесі қазіргі және алдағы уақытта болатын мәселе болып бөлінеді. Қазіргі мәселеге яғни науқасты дәл қазір не мазалайды, сол мәселе жатады, ал потенциалды мәселе болса, ол дәл қазір жоқ, бірақ кейіннен пайда болуы мүмкін. Кейбір жағдайда науқасты бір емес бірнеше мәселе мазалайды, мұндай жағдайда мейірбике жан-жақты ойланып науқасқа сол мәселелердің ішінде қайсысы өте қауіпті екенін анықтап барып, соған қарсы әрекет жасайды.
Мейірбике диагнозына келетін болсақ, дәрігер диагнозы мен мейірбике диагнозы арасында айырмашылық бар. Дәрігер диагнозы науқаста пайда болған белгілі аурудың негізінде қойылса, ал мейірбике диагнозы науқастың қазіргі немесе потенциалды проблемасына сәйкес науқас ауруының ағзаға берілетін реакциясының негізінде қойылады.
3-кезең. Мейірбикелер күтімінің мақсатын анықтау және мейірбикелер қызметін жоспарлау.
Мейірбике күтімін жоспарлау мақсаты тез арада немесе ұзақ уақыт ішінде жетістікке жетуге бағытталған. Мақсатты қалыптастырғаннан кейін нәтижесін күту, орындалу уақыты, әрекеті және жағдайы. Мысалы: мақсаты - науқас мейірбикенің көмегімен 1- наурызда кереуеттен тұруы керек.
Әрекеті –кереуеттен тұруына жағдай жасау - мейірбикенің көмегімен. Күту жайлы мақсаттарды және міндеттерді анықтағаннан кейін мейірбике егжей тегжейлі етіп жасаған жұмыстарын мейірбикелік ауру тарихына немесе мейірбикелік байқау картасына жазады.
4-кезең. Жоспарлы іске асыру әрекеті.
Мейірбике бұл кезеңде аурудың алдын алу, зерттеу, емдеу, науқасты бұрынғы қалпына келтіру жұмыстарымен айналысады. Мейірбикенің араласуы үш категорияға бөлінеді. Категорияны таңдау науқастың мұқтаждығына қарай анықталады. Мейірбикенің тәуелді араласуы дәрігердің нұсқауымен және бақылауымен іске асырылады. Мейірбикенің дербес араласуы дәрігерсіз өзінің ойымен, ақылымен жұмыс істейді. Мысалы, науқасты гигиена жайлы үйрету т.б. Мейірбикенің өзара араласуы – мұнда мейірбике дәрігер мен немесе басқа мамандармен бірігіп жұмыс істейді.
