Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
med_is_neg_2k_kz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
311 Кб
Скачать
☆
  1. Асқазанның және он екі елі ішектің сөлін зонд арқылы алуды;

  2. Биохимиялық зерттеуге қан алуды;

  3. Клиникалық, Нечипоренко, Зимницкий әдістерімен зәрді тексеруге алуды;

  4. Үлкен дәретті, ішектегі ұсақ құрттарды, жасырын қанды тексеруге материал алуды істей алады.

  5. Мейірбикелер хәлі ауыр науқастарды күте алады:

  1. Төсек-орын, ішкі киімдерін ауыстыруды;

  2. Науқас терісін, ауыз қуысын, мұрынды, көзді, құлақты күтуді;

  3. Науқастың жыныс мүшелерін тазалауды;

  4. Хәлі ауыр науқастарды тамақтандыру;

  5. Науқас құсқанда, оны күтуді;

  6. Науқастың іші өткенде, оны күте алады.

Мейірбикелер Денсаулық сақтау Министрлігінің бекіткен медициналық жұмысын істей алуы керек.

Адамға керек 14 қажеттілік А.Маслоу бойынша:

  1. Ауа қажеттілігі - қалыпты дем алу. Ауа жетіспегенде адамның дем алысы жиіленіп, адам ентігеді, жөтеледі. Ұзақ уақыт оттегі жетіспесе ұлпалар көгеріп, адамның терісі, шырышты қабаттары көгереді.

  2. Тамақтың қажеттілігі - адамның денсаулығы және көңілі - науқастарға тиімді тамақтануды түсіндіріп, режим сақтау туралы әңгіме өткізу қажет.

  3. Қажетті сұйық - адам күніне - 1,5-2 литр сұйық қабылдауы қажет – су, кофе, шай, сүт, жеміс-жидектер. Осы қабылдаған сұйықтықтар бөлінген сұйықтықты толтырып отырады.

  4. Шығару қажеттілігі - қабылдаған тамақ, сұйықтың жартысы организммен зор және нәжіс арқылы шығады.

  5. Ұйықтау және демалыстың қажеттілігі - аз ұйықтағанда қандағы қанттың мөлшері азаяды, миға қант аз барады, ойлау қабілеті нашарлайды. Адамның тек қана отырып, немесе жатқанда дем алмайды, олар серуендеп жүріп, кітап оқып отырып та дем алады.

  6. Тазалық қажеттілігі.

  7. Киініп және шешіне алу қажеттілігі.

  8. Қызуды бір қалыпта ұстау қажеттілігі.

  9. Денсаулықтың жақсы болу қажеттілігі.

  10. Қозғалу қажеттілігі - адам көп қозғалса, көптеген мөлшермен жүйелердің қызметі бұзылады.

  11. Араласу қажеттілігі.

  12. Табысқа жету қажеттілігі.

  13. Ойлану, оқу, жұмыс істеу қажеттілігі.

  14. Мұрағатқа ие болу қажеттілігі.

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 9 мин (10%)

Оқушылардың білім деңгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.

Тесттер:

  1. Мейірбике ісінің құрамдық бөлігі болып есептеледі:

  1. Дәрігерлік практика

  2. Жеке практикалық медицина

  3. Діни ұйымдар

  4. Денсаулық сақтау жүйесі

  5. Муниципальді медицина

  1. Мейірбикенің міндеттері:

  1. Денсаулықты күшейту

  2. Аурулардың алдын алу

  3. Ауруларды емдеу

  4. Азап пен қиналуды азайту және науқасты күту

  5. Аспаптық зерттеулерді жоспарлап тағайындау

Жауаптары:

  1. 1,3,5

  2. 1,3,4

  3. 1,2,5

  4. 2,4,5

  5. 1,2,4

  1. Мейірбикелік процесс бұл:

  1. Науқастың нақты бір ауруын айқындау

  2. Ем жоспарын құру

  3. Негізгі клиникалық симптомдарды анықтау

  4. Науқастың қажеттіліктерін айқындау, ауруына байланысты оның қиындықтарын белгілеу

  5. Аспаптық зерттеулер жүргізу

  1. Мейірбике ісінің негізгі сипаттамасына жатпайтын процесті табыңыз:

  1. Жоспарлылық

  2. Науқасқа бағытталу

  3. Денсаулыққа байланысты қиындыққа негізделу

  4. Күтім мақсатына жетуге бағытталу

  5. Кездейсоқ немесе ара – тұра емдеу

  1. Мейірбикелік процестің кезеңдеріне кірмейді:

  1. Науқастың жағдайын бағалау

  2. Алынған деректерді талқылау

  3. Мейірбикелік араласуды жоспарлау

  4. Рентгелогиялық зерттеу

  5. Құрылған жоспарды іске асыру

  1. Мейірбикенің тәуелді іс – әрекеті - бұл:

  1. Мейірбике дәрігердің тағайындағандарын орындауы

  2. Науқаспен екеу ара оның қиындықтарын талқылау

  3. Науқасқа оның табиғи қажеттіліктерін орындауға көмек көрсету

  4. Науқастың өзін – өзі күтуге үйрету

  5. Науқастың ауруға реакциясын бақылау

  1. Мейірбикенің тәуелсіз іс – әрекеті - бұл:

  1. дәрігердің тағайындағандарын орындауы

  2. Науқаспен екеу ара оның қиындықтарын талқылау

  3. Инфузиялық терапияны жүргізу

  4. Зертханалық зерттеуді тағайындау

  5. Науқасты өзін – өзі күтуді үйрету.

  1. Науқастың нақтылы қиындықтары – бұл:

  1. Тексеру кезінде анықталған қиындықтар

  2. Болашақта мүмкін болатын қиындықтар

  3. Бұрын болған қиындықтар

  4. Мейірбике мен науқастың өзара қиындықтары

  5. Қаржылық қиындықтар

  1. Науқастың потенциалдық қиындықтары – бұл:

  1. Тексеру кезінде анықталған қиындықтар

  2. Болашақта мүмкін болатын қиындықтар

  3. Бұрын болған қиындықтар

  4. Мейірбике мен науқастың өзара қиындықтары

  5. Қаржылық қиындықтар

  1. Науқастың приоритеттік қиындықтары – бұл:

    1. Тексеру кезінде анықталған қиындықтар

    2. Болашақта мүмкін болатын қиындықтар

    3. Бұрын болған қиындықтар

    4. Мейірбике мен науқастың өзара қиындықтары

    5. Қаржылық қиындықтар

СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР.

  1. Науқас 44 жаста. Ауырғаннан соң 3-күні жалпы әлсіздікке, аузының құрғауына, аздап басының ауыратынына, тыныс алудың қиындағанына, көзі көрудің нашарлағанына шағымданып ауруханаға түсті. Үй жағдайында маринатталып консервіленген саңырауқұлақ жеген.

Қарап тексергенде: дене қызуы 38 градус, жалпы жағдайы өте нашар, қимылсыз, ес - түсі қалыпта. Анық байқалатыны – жоғарғы қабағының түсіп кетуі, жеңіл анизокерия, даусының мыңқылдауы анық байқалады, жұтуы қиындаған. Бұл қандай ауру?

2. Бір жасар баланы үйінде қарап тексергенде мейірбике оның дене қызуының 39,2 градусқа дейін көтерілгенін байқады. Балаға дәрігерге дейінгі көмек көрсеткенде қандай манипуляцияны істеуге болады?

12. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады

13. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2%)

Н-1, 1- бөлім , 173 – 183 бет

4 - сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Ауруханалық жұқпаның пайда болу себептері және эпидемиологиясы

2. Сағат саны: 2 (90 мин -100%)

3. Сабақ түрі: теориялық

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]