- •Жұмыс бағдарламасы
- •Шымкент 2013 ж.
- •Бағдарлама:
- •2. Пән сағаттар бөлу
- •3. Тақырыптық жоспар
- •4. Пәннің мазмұны.
- •8.Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •8.1 Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Авторлары:
- •5. Білім беру және оқыту әдістері:
- •6. Білімді бағалау
- •7. Құрал -жабдықтар және жабдықтау.
- •2013 – 2014 Оқу жылына Күнтізбектік – Тақырыптық Жоспар
- •Оқу сағаттарының бөліну жоспары:
- •Бақылау мен қорытынды аттестация:
- •Теориялық сабақ
- •2 Курс, 3 семестр
- •Практикалық сабақ
- •2 Курс, 3 семестр
- •Практикалық сабақ
- •2 Курс, 4 семестр
- •Оқытушы қолы __________________________
- •Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •Мейірбике ісі философиясы.
- •Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •– Сабақ
- •Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •5Кезең. Мейірбикелер күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Науқасты аспаптармен және зертханалық зерттеудің алдында, оларды дайындықтан өткізе алады:
- •Мейірбикелер хәлі ауыр науқастарды күте алады:
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6.Материалды – техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •Бактериялды және вирусты инфекцияларда «дезэфект» ерітіндісімен дезинфекциялау тәртібі.
- •Этиологиясы әр түрлі инфекицяның дезинфекциялау тәртібі
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •1. Сутегі тотыгы
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •Медициналық құрал-саймандар және жабдықтармен жұмыс істеу кезіндегі сақтану шаралары.
- •Манипуляцияны жасап болған соң медбике міндеті:
- •Науқастың биологиялық субстраттарының көздің кілегей қабығына түсуі.
- •Науқастың биологиялық субстраттарының бет және ерінге жұғуы кезінде істеу қажет:
- •Мұрынның кілегей қабығына биологиялық субстраттардың түсуі кезінде істеу қажет:
- •Өте ластанған кұрал-сайманмен қол саусақтарын жарақаттау.
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •14 Диета
- •15 Диета.
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •Артериалды қан қысымын анықтау
- •Тыныс алу жиілігін санау. Тыныс алуды дқадағалай отырып, оның жиілігі, тереңдігін, ырғақтығын, тыныс алу түрлерін бақылау қажет
Оқытушы қолы __________________________
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацептика академиясы
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті
Мейірбике ісі анестезиология және реаниматология курсымен кафедрасы
Мейірбике ісі негіздері
пӘні бойынша Әдістемелік өңдеу
Мамандығы: Мейірбике ісі
Курсы: 2
Семестрі: 3
Құрастырушы: Тагабаева Л.М.
ШЫМКЕНТ, 2013 ж.
Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді.
№ «____» хаттама «_____» ____________
Бекітемін.
Кафедра меңгерушісі м.ғ.к. _________________________ Әлдешев А.Ә.
1 - сабақ
Сабақтың тақырыбы: Медбике ісінің даму тарихы және философиясы.
Сағат саны: 2 (90 мин - 100%)
Сабақ түрі: теориялық
Сабақтың мақсаты:
оқыту: Оқушыларды мейірбике ісі философиясымен таныстыру
тәрбиелік: мейірбике жұмысы барысында науқастармен, әріптестермен қарым қатынас ерекшеліктерін үйрету
дамыту: жұмыс барысында тақырып бойынша алған білімдерін қолдана білу
5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 1, 2, 3 бөлме.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
1. «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
2. «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы. М.Ш.Нурманова., Ж.Т.Матакова., Э.Т.Беискулова –Қарағанды,2012.
3. «Науқас адамдарды жалпы күту» Санов С.- Қарағанды,2013
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%)
10. Жаңа сабақты түсіндіру : 27 мин (30%)
Жоспар:
Мейірбике ісі философиясының түсінігі;
Мейірбике ісінің даму тарихы;
Мейірбике ісі негіздері сабағының мағынасы;
Мейірбике маманының міндеттері.
Мейірбике ісі философиясы.
Философия - адамның рухани іс әрекетінің формасы, онын ой- пікірі, өмір турасында түсінігі. Философия әлемді бөлінбейтін түрде үйрететін пән. Адам мен әлемді біріктіреді, сондықтанда әр бір Адам, әрбір науқас бүтін бір әлем. Сау адам немесе науқаспен қаншалық көп және ықыласпен сұхбаттассаңыз, оны соншалық терең пікірлі, шексіз білімді өзіне тән мінезге, пейілге ие екеніне сеніміңіз артады. Оның физикалық азаптарымен рухани қиналуларын білу, сезіну, сізді және күрделі мәселелер әлеміне тартады. Сондықтан да науқаспен ұзақ уақыт, ауру кезеңінің басты бөлімінде бірге болатын мейірбике философиялық ой-өрісін дамытатын мәселеге кең және терең қарайтын маман иесі болуы керек. Қорытындылап айтқанда мейірбике философиясы ол медбикенің практикасына деген қарым-қатынасы мейірбикелік ісіне, әлем бүтіндігіне көзқарасы жөне онда мейірбикенің орны турасындағы дүние қарасын көрсету.
Дүние жүзілік келісімге орай мейірбике ісі философиясы негізгі 4 түсініктемеге негізделген:
Науқас
Мейірбике, мейірбикелік ісі
Қоршаған орта
Денсаулық
Жеке адам туралы түсінік мейірбике ісі философиясында ерекше орын алады. Науқас мейірбике қызметінің обьектісі болып табылады. Мейірбикенің әр түрлі дәрежедегі науқастар мен жұмыс істеуіне тура келеді. Әр бір науқас үшін, медбике құрмет көрсететін атмосфераны жаратады. Қызметкерлер немесе басқа да адамдар жағынан науқасқа кауіп төнсе мейірбике қажетті шараларды қолданады.
Науқас- мейірбикелік күтімге мұқтаж адам.
Мейірбике- мейірбикелік ісі философиясы мен мейірбикелік міндетін білетін кәсіби білімді маман иесі.
Мейірбикелік ісі - қоршаған орта жағдайын өзгертетін адам. Денсаулығымен байланысты мәселелрді шешуге бағытталған ғылым және өнер.
Қоршаған орта-адамның денсаулығына өмір сүруіне әсер ететін басты фактор. Адам өмір сүруінде кездесетін социальды, психологиялык, рухани жағдайлардың жиынтығын өз ішіне алады.
Денсаулық - аурудың жоғалуы емес, жеке адамның қоршаған ортамен динамикалық сәйкестігі болып қаралады.
Мейірбикелік ісі философиясының басты пікірі адамның жетістіктеріне міндетіне құрметпен қарау. Мейірбикелік ісі философиясы мейірбике және жеке санасын анықтайды.
Этика- сөзі юнонша аetһоc- деген сөзден шыққан болып, яғни жүріс тұрыс «әдептілік» деген мағынаны білдіреді. «Әдеп» бұл адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасын тәртіпке салып тұратын жағдай. Медициналық этиканы ең басты міндеттері төмендегілер: Адамдардың, науқастардың саулығы үшін адал қызмет ету әрдайым медициналық жәрдем көрсету науқасқа жан ашу, көңіл кою өзінің әрекеттерінде адамгершілікті, кішіпейілділікті сақтау медицина қызметкерлерінің міндетін түсіну, өз отанына, халқына мейірлі болу. «Әдептілік» түсініктемелері: «намыс», «міндет», «жауапкершілік», «бакыт», «ар», «қадыр кымбат», түсініктемелері жатады.
«Намыс» - бұл өз кәсібінің ұстасы болып, өз абыройын, қадірін сақтау. «Жауапкершілік»- медицина қызметкерлерінің өз міндетін атқару кезінде, кәсібін алдамау, жұмысты толығымен міндетті түрде атқару. «Қадір қымбат»- өз кәсібі, мақтанышы, өз кәсібін сүю, алға ұмтылу. «Ождан» адамның ішкі әдептілігін түсінуі, жауапкерлікті сезінуі, мінез құлқы үшін әдептілік жауапкершілікті сезінуі өз пікіріне, әрекеттеріне баға беру.
Эгогения науқастың өз өзіне әсер етуі
Эгротогения науқастың бір-біріне өзара әсері
3. Ятрогения медицина қызметкерлерінің ұқыпсыздығы, қопалдығы, дұрыс жасамаған іс әрекеттері нәтижесінде пайда болатын науқастардағы жағдай, яғни ятрогения ауру.
Бұл жағдайға төмендегілер себеп болады:
А) Науқастың диагнозын және нәтижелерін асығыс түрде науқасқа жеткізу.
Б) Қызметкелердің әрекетсіздігі немесе көңілсіздігі «сөзсіз» ятрогения.
4. Госпитализм- бұл науқастың ауруханаға және оның жағдайына үйренгеніне дейінгі жағдайлар.
Біріккен Ұлттар Ұйымының денсаулық сақтау мәселелерімен айналысатын ең ірі мекеме /ВОЗ/-ДДСҰ/ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы болып саналады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1945 жылы қаңтар айында құрылған. Ол әртүрлі аурулармен күресуде үлкен жұмыс жүргізеді, медицина ғылымымен айналысады, журнал, бюллетеньдер шығарады, сонымен бірге « орта буынды медицина» мамандығына қатысты сұрақтарды шешеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында мейірбике мамандығының мәселелерімен айналысатын арнайы сараптама комитеті бар. Бұрын бұдан басқа мейірбике мамандығына қатысты мәселермен айналысатын «Мейірбикелер мен акушерлердің құрама одағының халықаралық мекемесі» мен « Халықаралық медицинаның кеңесі» 4 жыл сайын конгреске жиналып, орта буынды медицина мамандарының теориялық және тәжірибелік сұрақтарын шешіп отырады.
ДЖДСҰ анықтамасы бойынша « Мейірбике үрдісі» - әртүрлі мейірбикелік қатынастар.
Мейірбике ісі негіздері сабағының мағынасы :
Бірінші әрекет:
Күтім жасауда алдын ала қолданылатын шаттар;
Клиникаға кірісулер ( науқастың және оның жанұя мүшелеріне мейірбикелік процесті) үйрету, психологиялық қолдау көрсету.
Адам және оның жанұясының қажеттілігіне баға беру;
Қажеттілігін анықтау және жүргізу;
Денсаулықтың алғашқы байланысты мәселелерін анықтау;
Күтімді жоспарлау және орындау;
Мамандық стандарттарын қолдану.
Екінші әрекет:
Науқастарды және орта буынды медицина қызметкерлерін ( мейірбике, акушерлер, фельдшерлер) үйрету;
Адамның денсаулығын сақтауына оны қалпына келтірудегі қатынасты дағдысына, біліміне баға беру, сәйкестік деңгейде керекті хабарлауды дайындау және беріп отыру;
Жаңа білімді дағдылану үшін науқастарға, орта буынды медицина қызметкерлеріне көмек көрсету;
Алынған мамандық бойынша стандарттарды қолдану.
Үшінші әрекет:
Тәуелсіз, тәуелді рольдерді орындау;
Медициналық қызметкерлердің құрамында науқастарға қызмет көрсету;
Кейбір компаненттерін науқаспен, оның жанұясымен және де басқа денсаулық сақтау саласындағы қызметкердің қатысуымен жоспарлау;
Ұйымдастыруға қатысу және науқастың жоспарын, күту нәтижесін талқылау.
Төртінші әрекет:
Орта буынды медицина қызметкерлерінің тәжірибесінің дамуын зерттеулердің негізінде жүзеге асыру.
Маманның жеке басына қойылатын талаптар:
Ұжымда ұйымдастырушылық қабілетіне ие болу;
Еңбекқор адамгершілік қасиетіне ие болуы;
Отанын сүйгіш, халықаралық ынтымақтастықты дамытатын адам болуы тиіс;
Кәсіптік міндеттері:
Науқастардың ауруының алдын алу, емдеу диагностикалау шараларын жүргізуге;
Халықтың денсаулығы мен тұрмыс жағдайы туралы деректерді жинауға;
Біздің елде және шет елде халықтың денсаулығын қорғаудың даму болашағына қатысуға;
Халық денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғаудың қағидасын, негізгі қолданылатын медициналық жабдықтардың, құжаттардың мазмұнын білуге;
Медициналық этика мен деонтологияны , денсаулықты алдын ала сақтаудың негізгі жағдайларын білуге
Халықты диспансерлеуге әзірлік жұмыстарын ұйымдастыруын білуге міндетті.
Мейірбике маманының міндеттері:
Науқастарды күте білуі;
Балалардың, қартайған кісілердің үйінде, емханадағы жағдайына баға бере білуі және оларды бақылап, күтіп, керек болған кезде дәрігерге дейінгі көмекті көрсете білу;
Жасанды реанимациялық іс-шаралардың әдістерін қолдана білу;
Күрделі манипуляцияларды орындай білу;
Дәрігерге ассистенттік көмек көрсетуді білу;
Науқастарды және емдеу диагностикалық процедураға қажет аспаптарды әзірлей білу;
Анализдерді талдай білу;
Халықтың санитарлық-эпидемиялық ережелерді орындауын қамтамасыз ету;
Құрал-жабдықтарды, материалдарды залалсыздандыру, дезинфекциялауды білу;
Медициналық құжаттарды толтыру;
Медициналық этика мен деонтологиялық ережелерді орындай білу.
Орта буынды медицина қызметкерлері өз жұмысында, тек қана моральдық жауаптан басқа, заң алдында да жауап береді, мысалы, дәрігерлік құпияны жариялағаны үшін, құрамында наркотик бар дәрілерді ұрлағаны немесе сатқаны үшін керек жерде медициналық көмек көрсетпегені үшін және т.б.
11. Жаңа сабақты бекіту. 9 мин (10%)
Мейірбикеге қойылатын талаптар мен негізгі міндеттерді бағалау.
Тесттер:
Медбикелік ісі философиясымен келісілген түсінікті табу:
медбикенің этикалық міндеттері
медбикенің этикалық бағасы
а) шындықты айту
б) шыдамдылық
в) адамгершілік қасиеті
г) жауыздық жасамау
д) науқастың құқықын құрметтеу
е) жақсылық жасау
ж) күту
2. Медбикелік ісі философиясының негізгі түсініктерін атаңыз
1) науқас, медбике, қоршаған орта, денсаулық
2) денсаулық, экология, жақсылық, күту
3) күту, кәсіптес, медбике, қоршаған орта
4) қарыз, этика, деонтология, мораль
5) деонтология, этика, медбике, науқас
3. Медбикелік ісі негізін қалаушыларды атаңыз
1) Даша Севастопольская
2) Флоренс Найтингейл
3) Екатерина Бакунина
4) Варвара Щедрина
4. Адам өміріндегі кездесетін әлеуметтік, психологиялық және ішкі дүниелік жағдайлардың жиынтығы, аталады
1) денсаулық,
2)қоршаған орта
3) науқас
4) медбике
5. Медбикелік ісі философиясымен келісілген медбикелік ісіне анықтама беріңіз
1) науқаспен қарым қатнас жасау өнері
2) науқасты күту турасындағы ғылым
3) қоршаған ортада адамның ден саулығына байланысты пайда болған мәселелерді шешуге бағытталған ғылым және өнер
4) науқаспен медбикенің өзара қарым қатнасы турасындағы пән
6. Халықаралық кодекске орай медбикелердің фундаментальды жауапкершілігінің төрт негізгі аспектілерін атаңыз
1) қиыншылықты жеңілдету
2) ұқыптылықпен күту
3) аурудың алдын алу
4) денсаулықты тіктеу
5) дәрігердің айтқандарын толығымен орындау
6) денсаулықты қуаттауға кірісу
Дұрыс жауапты табыңыз
А) 1,2,3,5 Б) 2,3,4,6 В) 1,3,4,6 Г) 3,4,5,6 Д) 2,3,4,5
7. Медбикелік ісінің философиясы қанша мөлшердегі негізгі түсініктерде
1) 2
2) 3
3) 4
4) 5
5) 6
8. Медбикелік ісінің негізгі принциптерін атаңыз
1) өмірге деген, адам құқықына, жетістіктеріне құрмет
2) дәрігердің айтқандарын шала орындау
3) ұлтқа қатыссыз науқасты жақсы күту
4) науқасқа көңіл бөлу және сүю
9. «денсаулық» түсінігі білдіреді
1) аурудың болмауы
2) физикалық және материалды жетістіктер
3) аурудың болмауы және көңіл күй комфорты
4) толық физикалық, психикалық және әлеуметтік жағдайдағы жетістіктер
10. Медбикелік ісінің философиялық көзқарасына орай «медбике» түсінігі
1) қандас туысқан аға
2) Медбикелік жұмысқа құқықы бар, медбикелік ісінің философиясын бөлетін кәсіптік маман иесі
3) науқасқа күтім жасайтын медицина қызметкері
4) науқасты күтіп, бақылайтын әйел
Ситуациялық есептер:
Қабылдау бөліміне ыстығы шыққан үш жасар баланы алып келді, баланың ыстығы көтерілген, жағдайы орташа ауырлықта. Балаға дәрігер ыстығын түсіретін дәрі берді. Бала қолында шприці бар мейірбикені көргенде қорыққаннан айқайлап жылады. Бұл кезде мейірбике не істеу керек?
Кардиология бөлімінде жатқан 72 жастағы қария науқас ауруының қауіпті екеніне қарамастан, мен бәрібір емделмеймін «өлімім» жеткен көрінеді деп мейірбикенің манипуляцияларынан бас тартты. Бұл кезде мейірбике науқасқа қандай көмек көрсету керек?
12. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
13. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2%)
Н-1, 1 - бөлім , 3 -12 бет
2 – cабақ
