- •1Технологиялық бөлім
- •1.1 138 Бас сиыр қораны кешенді механикаландыру өлшемдерін анықтау
- •1.2 Малдарды ұстау әдістерін негіздеу
- •1.3 Өндірістік процестерді автоматтандыру
- •1.. Сумен жабдықтау және автоматты суару жүйесі
- •1.3.2 Көнді тазалау және сақтау жүйесі
- •1.3.3 Жарықтандыруды есептеу
- •1.3.4 Азықтаратқыш желісін сипаттау
- •1.3.5 Сиыр сауу және сүтті алғашқы өңдеу жүйесі
- •2.4 Сурет - адм сауын қондырғысының жұмыс істеу схемасы
- •1.3.6 Желдету, жылыту жүйелерін есептеу
- •2. Ылғалдылықты жою жағдайы бойынша
- •2 Конструкциялық бөлім
- •2. Технологиялық процестерді механикаландырылатын құралдарына сипаттама
- •2.2 Схеманы негіздеу және таңдау
- •2.3 Ұсынылған қи шығарғыштың технологиялық есебі
- •2.4 Беріктік шарты бойынша қиманың максималды кернеуі
- •2.5 Кесілуге беріктік шарты
- •2.6 Пісірме тігісінін бойындағы пайда болатын кернеу
- •2.7 Бағыттаушыны және саусақты есептеу
1.3.4 Азықтаратқыш желісін сипаттау
Ұсынылған азықтаратқышы жеке мал шаруашылығында 220 бас сиырларға азықты тасымалдап, араластырып және тарату жүйесін атқарады. Бұл таратқышы барлық азық дақылдарды, сонымен қоса ұсақталған дәнді азықтарды, жартылай ұсақталған шөптерді араластырып, таратуға болады.
Азықтандыру майданы ені? анықталады, м
(1.17)
мұнда fа - жануардың азықтану майданы, (сиырлар үшін fа =1...1,2 м);
m - жануарлар саны.
б) Оттық саны Z анықталады.
(1.18)
мұнда Lo - бір оттықтың ұзындығы, м.
(сиырлар үшін 1-1,2 м).
в) Тәулігіне тасымалданатын азықтың мөлшері Qтәу анықталады
(1.19)
мұнда а1,а2,а3,...,аn - бір басқа жұмсалатын азықтың тәуліктік нормалар, кг.
Осы есептеулер бойынша, мал қорада малды бір күнде екі рет азықтандырады. Яғни, бір рет 100 бас сиырға 1600 кг азық беріледі.
Енді таратқыш-араластырғыштын бункердің көлемін анықтаймыз:
(1.20)
мұнда
азық
қоспалардың тығыздығы, кг/м3.
Азық қоспасының тығыздығын келесі формуламен анықталады:
(1.21)
мұнда
шөптің, сүрлемнің және дәнді дақылдардың
тығыздығы
(шөп-100 кг/м3, сүрлем- 350 кг/м3, дәндер- 600 кг/м3 )
Осыдан, біз таратқыш-араластырғыштын бункерін 4 м3 деп қабылдаймыз.
1.3.5 Сиыр сауу және сүтті алғашқы өңдеу жүйесі
Сиырды байлап ұстау әдісі кезінде сиырды сауу аппараттарымен сауады. Сүтті шелектерге немесе арнаулы сүт құбырларымен тасылады. Сауын сиырлардың санын мына формуламен есептейміз:
Nq= mKH
(1.22)
Мұнда m - сиыр қорадағы сиыр саны, дана;
КН - жыл бойындағы сиыр сауудың тұрақсыздық коэффициенті.
Nq 120 , 108 бас
Сиыр саууға қажетті сауу аппараттарынын жалпы санның мына формуламен анықтаймыз:
Lс.аNqtmtptx/ T
(1.23)
мұнда Т - барлық сиырды сауға кететін уақыт
- сағат;
tm - бір сиырды сауу аппаратымен сауу
ұзақтығы , мин;
tр - бір сиырдан екінші сиырға ауысқандағы уақыт
1,7 мин;
tx - саууға байланысты емес операцияны
орындауға жұмсалатын уақыт , мин.
Lc.а. 108, , , / 5.55 6 дана.
Бір оператор қызмет көрсететін сауу аппараттарының санын мына формуламен анықтаймыз:
(1.24)
Сауу аппаратымен сауатын операторлардың санын анықтаймыз.
Lа=
(1.25)
Lа=
Жұмысқа төрт операторды аламыз. Сауу қондырғысының өнімділігіне қарағанда сиыр санына және сүтті алғашқы рет өңдеу ұзақтығымен, сонымен қатар сиыр сауудың қабылданған түріне сай болуы керек.
Байлап ұстағанда, сиыр/сағ.
Qу= Lс.а /tm
(1.26)
мұнда Lc.а - аппараттар саны;
tm - бір бас сиырды машинамен сауғандағы сауу ұзақтығы.
tm=.qm.
мұнда qm - бір шартты сиырдан алынатын орташа сүттің жылдық массасы,
8...12 кг..
tm=0,48*12+1,84=7,6 мин.
Qу=
АДМ - 8 сауын қондырғысының жалпы құрылысы 2.4 суретте көрсетiлген (180 сиырға арналған). Сауын қондырғысы УВУ-60/45 ваккумдiк қондырғысынан, вакуумдiк 5 және сүт өткiзгiш 1 құбырлардан, АДМ – 52.00 сүт мөлшерлегiшiнен 14, УЗМ - 1 жеке есептегiшiнен, АДУ-1 сауын аппараттарынан, жабдықтарды циркуляциялық жуу құралдарынан тұрады.
Сауын аппараттары сүтвакуумдiк кранның 15 көмегiмен сүт өткiзгiшке 1 және вакуумдық құбырға 5 қосылады. Жемазықты таратушы жылжымалы жабдықтардың жүруiн қамтамасыз ету үшiн сүт өткiзгiш пен вакуумдық құбырды көтеруге арналған құрылғы 6 орнатылған. УВУ-60/45 унификацияланған вакуумдық қондырғысы вакуумдық құбыр мен сүт өткiзгiште жұмыс вакуумын тудыруға арналған. Ол жеке бөлмеде фундаментке орнатылады. Лабораторияда ол далаға шығарылған. Вакуумдық қондырғы келесi бөлшектерден тұрады: ротациялық вакуумдiк насостан 8, электрлiк қозғалтқышты желiден ағытқанда насос роторын керi айналудан қорғайтын сақтандырғыш клапаннан 7, вакуумдiк реттегiштен 9, вакуумбаллоннан 11. Вакуум баллоны төрт функция атқарады :
- вакуум қорын жасайды;
- вакуумдық насоспен жүйедегi ауаны бiркелкi сормаудан туатын
пульсацияны бәсендетедi;
- вакуумдық құбыр мен сүт өткiзгiштен конденсат пен коррозия заттарын
насосқа түсiрмей жинайды;
- вакуум құбырын жуған кезде жуғыш суйықты жинайды.
Вакуум құбыры 5 диаметрi 25,4 мм болатын болат құбырлардан дайындалады. Вакуумның шамасын реттеу үшiн вакуумдық құбырға дифференциальдi клапан 12 орнатылған. Вакуумдық құбырдағы ауаның сиреуi 0,46 кгс/м (45 кПа) болуы керек. Сүт өткiзгiш 1 жалғағыш муфталармен жалғанған диаметрi 45 мм болатын шыны және полиэтилен құбырлардан тұрады. Сүт өткiзгiштi екi желiге бөлу үшiн бөлгiш 3 қолданылады.
Сүт өткiзгiштiң шыбықтары негiзгi вакуумреттегiш 2 және 4 қатар ауыстырып қосқыш арқылы сүт мөлшерлегiшiмен 14 қосылған. Негiзгi вакуумреттегiш сүт өткiзгiште тұрақты 0,50 кгс/см (50 кПа) вакуум деңгейiн ұстап тұруға арналған. Вакуумдық құбыр мен сүт өткiзгiштегi ауа сиреуiнiң әртүрлi болуы сауын стаканы камераларындағы қысымның әркелкiлiгiн қалыптастырады. Негiзгi вакуумреттегiш вакуум құбырына бекiтiледi және резеңке немесе хлоринолдан жасалған түтiкпен сүт өткiзгiшке жалғанады.
Вакуумреттегiштiң сезiмталдығын жоғарлату үшiн жүк пружина арқылы клапанға iлiнген, ал тербелiстi тоқтату үшiн май iшiнде орналасқан жүкке амартизациялық шайбалар бекiтiлген. Реттегiштегi майдың деңгейi жүк шайбасының төменгi деңгейiнен 140 мм төмен болу керек.
Ауыстырып қосқыш сауын қондырғысын сауу режимiнен жуу режимiне және керiсiнше ауыстырып қосуға арналған .
Сауу режимiнде ауыстырып қосқыштың ысырмасы сүт өткiзгiштi тек сүт мөлшерлегiшпен ғана қосады.
АДМ-52.00 сүт мөлшерлегiшi 14 елу бас сиырдан сауылған сүттi автоматты түрде есептеуге арналған. Сүт қабылдағыш 22 ауаны және сүт немесе жуғыш сұйықты жинай отырып, оларды екi ағысқа бұруға, сұйықты вакуумнан ажыратуға арналған. Ол шыны сүт қабылдағыштан тұрады. Оның төменгi бөлiгiне сүт насосын iске қосу датчигi орналасқан. Сүт қабылдағыштың жоғарғы бөлiгiне жалғағыш түтiк арқылы сақтандырғыш камера 13 қосылған. Ол сүт насосының iстен шығуына байланысты орталық вакуумдық жүйеге сүттiң өтіп кетуiнен сақтайды.
Камераның негiзгi элементi қалытқы болып табылады. Сүт жолын вакуумнан ажырыту үшiн кран 27 қолданылады. Ортадан тепкiш типтi НМУ-6 сүт насосы 23 сүт қабылдағыштан сүттi сүзгiге қарай айдайды.
Сүзгi 24 сүттi механикалық қоспалардан тазартуға арналған. Ол қаңқадан және сүзгiш элементтен тұрады.
ОМ-1 маркалы салқындатқышы 25 сүттi суық сумен немесе тұздалған мұздай сумен салқындатуға арналған. Сүттiң +4...+5 С температураға дейiн салқындауы сүттің бактерицидтiк периодын 3 сағаттан 1,5 тәулiкке дейiн көбейтедi. Салқындатқыш пластиналы. Пластиналар пакетке болттармен жиналып құралған.
Сүт танкiсi 26 алғашқы өңдеуден өткен сүттi уақытша сақтауға арналған.
сүт өткізгіш негізгі вакуумреттегіштер бөлгіш вакуумдық құбыр құбырларды көтеру құрылғысы сақтандырғыш клапан вакуумдық насос вакуумреттегіш вакуумметр вакуумбаллон дифференциальды клапан сақтандырғыш камера сүт мөлшерлегіштер кран сауын стаканы коллектор пульсатор сүт мөлшерін көрсеткіштер шланг сүт қабылдау құбыршасы сүт қабылдағыш НМУ сүт насосы сүзгі ОМ сүт салқындатқышы сүт жинау танкі кран айырыпқосқыш.
