Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PiRCh_kaz_dlya_spets_obrazovania.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
412 Кб
Скачать
☆
    1. Дәріс сабақтарының тезистері

Дәріс №1. Психология пәні.

Әрбір ғылымының өзіне тән зерттеу объектісі болады. Психология ғылымы зерттейін объектіні бірден түсіну қиын, әрі ол - күрделі мәселе.

Психология ғылымы ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі оның дүниеге келген ең алғашқы жері ежелгі Греция . Гректің екі сөзінен тұрады. «псюхе - жан«, «логос- сөз, ілім» яғни жан туралы ілім деген мағына береді. Бірақ та мұны психика туралы ғылым деп түсінген дұрыс.

Психология - психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтары туралы ғылым.

Психология ғылымының салалары: жалпы психология, педагогикалық психология, жас ерекшелік психологиясы, еңбек психологиясы, ғарыш психологиясы, спорт психологиясы, әскери психология, инженерлік психология, т.б.

Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы. Философиямен, анатомо-физиолгиямен, педагогикамен.

Психикалық құбылыстардың жіктелуі: психикалық процес, психикалық қалып, психикалық қасиет.

Психология ғылымының зерттеу әдістері. Кез- келген ғылымның негізгі факторларды зерттеуден тұрады.

Факторларды тауып, анықтауға көмектесетін тәсілдерді ғылыми әдістер деп атайды.

Психология ғылымының әдісі негізгі және қосымша әдістер болып бөлінеді. Негізгі әдістерге байқау және эксперимент. жатады.

Байқау - жаппай және ішнара болып бөлінеді.

Эксперимент- табиғи эксперимент және лабораториялық .

1910 жылы орыс педагогі А.Ф.Лазурский (1874-1917ж) негізін қалады.

Қосымша әдістер : әңгімелесу, анкета,тест,әлеуметтік өлшем әдісі, іс-әрекет нәтижесін талдау.

Қазіргі заман ғылыми психологиясында әдістердің келесі 4 тобын қолдануда:

Ұйымдастыру әдістері – салыстыру, комплекстік, лангитюд

Эмпирикалық әдістер – бақылаумен өзіңдік бақылау, эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы), психодиагностикалық әдістер : психологиялық болжау, тест, анкета, сұрақ беру, социометрия, интервью, әңгімелесу, шығармашылдық іс-әркет өнімдерін талдау әдістері, өмірбаян.

Деректерді өңдеу әдістері: сандық ( статистикалық) және сапалық (алынған материалды топқа жіктеу ) талдау әдістері.

Реттеу түзету әдістері : аутотрениг, топ тренигі, психотерепиялық ықпал ету әдісі, оқу –үйрету әдісі.

Негізгі әдебиеттер :2,3,4,6,8,10,11,12,14,16

Қосымша әдебиеттер: 1,9,24,25,27,28,29

Дәріс №2. Психология және адам дамуы ғылымының даму тарихы.

Жалпы ғылымның даму кезеңдеріне келсек:

1. 2500 жылға созылған көш басы Аристотельден басталған жандүниесі жайлы түрлі ой-пікірлердің тууы.

2. 1879 ж неміс ғалымы В.Вундт Лейпципте тұңғыш лабораторияның ашылуы.

3. 30-35 ж кеңестік /советтік/ жалпы өрбуі болды.

Ресейде отандық жалпы ғылыми негіздері 19ғ. ортасында ғана қолдана бастады. Яғни 19-шы ғ. 60-70-ші ж.материалистік философия мен идеялистік философияның арасында болған күрес жалпы белгілі әсер етті. И.М.Сеченов материалистік ағымды, ал К.Д.Кавелин идеалистік ағымды жақтады. И.М.Сеченовтың «бас миының рефлекстері»деген еңбегінде 1863 ж «өмірдің сапасы және сапасыз актілерінің барлығы шығу тегі жағынан рефлекстер»деген қорытынды берді. Ұлы орыс педагогі К.Д.Ушинский «Адам-тәрбие пәні»1867ж. атты еңбегі шықты. Сондай-ақ, А.И. Герцен, К.Г. Белинский, А.Н.Радищев т.б. орыс ойшылдары болды. Психология ғыдымының дамуына орыс психологтарының еңбектерінің тоқталсақ: А.Г.Коволевтің «жеке адамның кісілік ұғымы» 1970ж А.А.Смирновтың «ес психологиясы» 1966ж. Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, Л.И.Гальперин, А.К.Запарожец, А.Р.Лурия т.б.үлес қосты.

Жан дүниесінің сыры жайлы дәйекті пікірлерді қазақ ойшылдары да айтқан. Яғни мақал-мәтелдер, фольклорда жиі кездеседі. Мәселен, жан «бар жерде қаза бар», «тәні саудың жаны сау» осындай мақалдарда жан мен тәннің ара қатынасын байқау қиын емес. Көшпелі ата-бабаларымыздың жан дүниесінің сырларын Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Бұхар т.б. жырауларынан көреміз.

Қазақстанда жалпы дамудың кезеңдері:

1. Ауыз әдебиеті

2. Жазба әдебиеті

3. Қазіргі кездегі кезеңі болып табылады.