- •Философия -психология факультеті
- •Психология және адам дамуы пәні бойынша
- •1. ПӘннің оқу бағдарламасы – sҮllAвus
- •1.1. Оқытушы жайындағы мәліметтер:
- •1.2. Пән туралы мәлімет: «психология және адам дамуы»
- •1.3. Пререквизиттер:
- •1.4. Постреквизиттер:
- •1.5. Пәннің қысқаша сипаттамасы:
- •1.7 Әдебиеттер тізімі:
- •1.6 Пән бойынша тапсырмалар орындау және өткізу кестесі:
- •1.9. Курстың саясаты:
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1.Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары
- •Дәріс сабақтарының тезистері
- •Психология ғылымының негізігі принциптері
- •Уақытта материяның өмір сүруінің объективті шындық формасы.
- •Дәріс №15. Жас ерекшелік психологиясы пәні, міндеттері және әдістері
- •Дәріс №23.Ерте психикалық жас
- •Дәріс №24. Мектепке дейінгі психикалық жас.
- •2.3. Семинарлық сабақтардың жоспарлары
- •1.Тақырып: Психология пәні
- •2.Тақырып: Психология ғылымының негізгі принциптері және зерттеу әдістері.
- •3.Тақырып: Ми және психика.
- •4.Тақырып: Психиканың пайда болуы, дамуы.
- •5.Тақырып: Зейін
- •6.Тақырып: Түйсік
- •7.Тақырып: Қабылдау
- •8.Тақырып: Ес
- •9.Тақырып: Ойлау және Сөйлеу
- •10.Тақырып: Қиял
- •11.Тақырып: Эмоция және сезім
- •12.Тақырып: Ерік
- •13.Тақырып: Темперамент
- •14.Тақырып: Мінез
- •15.Тақырып: Ойлаудың түрлері және оның даралық ерекшеліктері. Сұрақтары.
- •2.4. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары.
- •3. Тақырып: Жас ерекшелік психологиясының ғылыми категориялары
- •4. Тақырып: ж.Пиаженің дамудың биологиялық принцип теориясы
- •5. Тақырып: 1-2 жастағы баланың жалпы даму ерекшеліктеріне бақылау жүргізу
- •7. Тақырып: Үш жастағы дағдарыс, олардың симптомдары
- •8. Тақырып: Жеті жасар дағдарыс және мектепте білім алуға психологиялық даярлық
- •2.6. 1.Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары
- •2.7. Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық жабдықтау
- •2.8. Өзін-өзі тексеруге арналған тестік тапсырмалар
- •2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары.
Дәріс №23.Ерте психикалық жас
Бұл жастағы балалардың затты меңгеруі алғашқы ойлау формаларының дамуына шешуші әсер етеді.Бұл жастағы баланың ойлауы көрнекі - әрекеттік сипатта болады. Заттық әрекетті жетілдіру бала тілінің дамуына әсер етеді. Бала сөйлеуі диалогты сипатта болады, сұрақ және үлкендердің жауап мазмұндарынан құралады. 2 жылдың аяғында бала өз тілінде екі сөзден тұратын сөйлемді пайдаланады. Сөйлеуді баланың қарқынды меңгеруі фактісі ретінде баланың бір сөзді бірнеше рет қайталауды ұнатуы. Осының қортындысында бала сөзді дұрыс түсінеді және сөзді дұрыс айтады, сөйлем құрады. Бұл кезең баланың қоршағандардың тілін жоғары қабылдауы. Сондықтан, бұл кезеңді бала тілінің дамуының сензитивті (жағымды) кезеңі деп атайды. Бұл кезеңдегі тілдің қалыптасуы психикалық дамудың негізі болады. Сәбилік жаста адамгершілік сезімнің белгілері қалыптаса бастайды. Бұл тек үлкендер балаларды басқалармен санасуға үйреткенде болады. Өмірінің 2-ші жылында балада бірге ойнайтын жолдастарына жағымды сезім пайда болады.Симпатияны көрсету формасы әртүрлі. Бұл күлу, жылы сөздер, жанашырлық, басқа адаммен қуанышты бөлісуге ұмтылу.
Үлкендермен қарым-қатынаста бала өмірінің 2-ші жылында мадақтауға жағымды эмоционалды реакция қалыптасады. Бұл өзін-өзі сүю, өзін-өзі бағалаудың дамуына ішкі жағдай жасайды. Сәбилік кезеңде баланың еркінің алғышарттарының іргетасы қаланады. Бұл алғышарттар даму үшін бала өмірінің жағдайын, қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынас сипатын өзгерту қажет болады.
Негізгі әдебиеттер:1, 7, 9, 13, 17,19.
Қосымша әдебиеттер: 3,7,14.
Дәріс №24. Мектепке дейінгі психикалық жас.
Мектеп жасына дейінгілердің психикалық даму ерекшеліктері.Мектепке дейінгілердің психикасының дамуының қозғаушы күштері қарамақайшылықтар, яғни олар баланың қажеттіліктерінің дамуына байланысты болады. Олардың маңыздылары: қарым-қатынасқа қажеттілік, сыртқы әсерлерге қажеттілік, қимыл қозғалысқа қажеттілік т.б.
Баланың жеке басының қалыптасуында маңызды рольді баланың құрбыларымен қарым-қатынасы алады. Балалардың арасында өзара қарым-қатынасының әртүрлі формалары пайда болады, кездеседі.
3 жастағылардың өзара қарым-қатынасы ойыншықтармен, заттармен әрекет негізінде қалып тасады.Балалары өзара іс-әрекет процесіңде басқа балаларға жетекшелік, бағыну тәжірибелерің менгереді .
Мектеп жасына дейінгілердің жетекші әрекеті –ойын. Ойынның жетекші әрекет ретіндегі мәні – ойында бала өмірінің әртүрлі жақтары бейнеленеді, іс-әрекет ерекшеліктері және үлкендердің өзара қарым-қатынасын, қоршаған шындық туралы білімді алады және бекітеді, өзі тәуелді іс-әрекет субъектісінің позициясын меңгереді.Мектепке дейінгі шақ – баланың сезімдік тәжірибесінің орасан зор молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың адамға тән формаларын игеру, қияддың күшті дамуы, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамалары қалыптасу кезеңі болып саналады.
Негізгі әдебиеттер :6,8,10,11,12,14,16
Қосымша әдебиеттер: 1,9,24,25,27,28,29
Дәріс №25.Бастауыш мектеп оқушыларының психологиясы
Мектепте дейінгі және одан ересек балалармен салыстырғанда, төменгі класс оқушыларының түрлі денелік ерекшеліктері бар. Төменгі класс оқушысының сүйек системасы қатая түскен, бір-ақ сүйегінің қатаю процесі бітпеген. Балалардың саьақ кезінде отырғызғанда мұны ескерген жөн. Балаларды тым көп жазу жаздырып шаршатпау керек, өйткені оралға саусақтары мен қол буынын дәл қимылдату қиынға түседі.
Төменгі класс оқушысының жоғарға нерв системасы (бұған дейінгі жастағы кезеңдермен салыстарғанда) айтарлықтай жоғарғы дәрежеде дамыған. Баланың мидың салмағы 7 жастан соң едәуір ұлғаяды. Егер 3-6 жастағы баланың миының салмағы орта есеппен 1100 г болса, жетіге толғанда 1250г, ал 9 жаста 1300г болады, сөйтіп 7-11 жаста мидың, әсіресе маңдай жағы бөлігінің көбірек өсетігндігі байқалады.
Зейін. Мектепке келген баланың әлі мақсатқа бағытталған зейіні болмайды. Бала біртіндеп жай сырттай тартымды заттарға емес қажеттілеріне зейінін бағыттап, оны дәйекті ұстауды үйренеді.
Есте сақтауды дамыту. Мектепке келген жеті жасар бала көбінесе сырттай ашық және эмоциялы оқиғаларды, суреттеулерді, әңгімелерді дәл есте сақтайды. Оқушылар күн режимін, мінез-құлық ережелерін, үй тапсырмаларын арнайы есте сақтауы тиіс, ал одан кейін оларды өзінің мінез-құлқында басшылыққа ала білуі немесе оларды сабақта еске түсіре білуі тиіс.
Қиялды дамыту. Жүйелі оқу ісі балалардың қиялы сияқты маңызды психологиялық қабілетті дамытуға көмектеседі. Бастауыш мектеп оқушыларының мұғалімнен еститін және кітаптан оқитын мәліметтерінің көпшілігі картиналар мен схемаларды сөзбен бейнелеу түрінде болады.
Ойлауды дамыту. Бастауыш мектеп оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі саты байқалады. Бірінші сатыда олардың ойлау әрекеті көбінесе әлі мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Оқу материалын талдау бұл жерде көрнекі әсер ету жоспарында басым болады.
Негізгі әдебиеттер :6,8,10,11,12,14,16
Қосымша әдебиеттер: 1,9,24,25,27,28,29
Дәріс №26.Жеткіншек психикалық жас.
Жеткіншек жастың негізгі мазмұны балалық кезеңнен ересектік кезеңге өтумен суреттеледі. Дамудың барлық жақтары сапалық қайта құрылудан көрінеді, жаңа психологиялық білім қалыптасады.
Жеткіншек жастағы қиыншылықтарды әртүрлі психофизиологиялық және психикалық кемістіктерді жыныстық жетілумен байланыстырады. Организмнің қарқынды дамуының нәтижесінде жеткіншекте қорқыныш сезім, қозушылықтың жоғалауы, депрессия болуы мүмкін.
Жеткіншекке, жыныстық жетілуге байланысты дене және физиологиялық дамуындағы жедел өзгерістердің деңгейі жаңа жан күйзелістерін тудырады.
Жеткіншек өзіне ұнаған құрдасының ден қойған нәрсесіне оңай елігеді, өзі де оны өз ісіне ортақтастыруға ұмтылады. Жолдасымен қарым-қатынастың кейде тартымды болатыны соншалық, жеткіншек онымен бірге өзін бұрын қызықтырмаған, қәзір де қызықсыз іспен шұғылдана бастайды. Алайда кейін ол бұған шыңдап ден қоюы мүмкін. Сондықтан жолдастарымен қарым-қатынас жасау – жеткіншектердің жаңа мүдделердің пайда болуының қайнар көзі. Біріне-бірі ұнайтын балалар әр түрлі істерде ынтымақтасуға үмтылып, әрқайсысының айтқанын көбіне екеуі бірігіп істейді. Бірлесіп жұмысты жақсы істей білуді жеткіншектер өте бағалайды.
Негізгі әдебиеттер :6,8,10,11,12,14,16
Қосымша әдебиеттер: 1,9,24,25,27,28,29
Дәріс №27.Жас өспірімдік психикалық жас
Балаң жастық – адамның дене дамуының аяқталатын кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың бойының толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады (ауытқу плюс-минус 13 ай), жігіттерде 17 мен 18-дің арасы. Салмағы артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші өте тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан екі есе алып түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине, көп нәрсе дұрыс тамақтану режимі мен дене шынықтырумен шұғылдануға байланысты. Спорттың кейбір түрлерінде балаң жастық – ең көп жетістіктерге жететін кезең.
Дамудың әлеуметтік жағдайы.Жас өспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері – мамандық таңдау, еңбек пен коғамдық-саяси қызметке даярлану, некелесуге өз семьясын құруға әзірлену.
Оқу қызметін спецификалық ұйымдастыру әсерінен жоғары сынып оқушыларының ойлау қызметіндегі айтарлықтай өзгерістер ақылдылық жұмысы сипатында жүреді.
Жоғарғы сынып оқушыларында өзіндік тану қалыптасып, өмірлік жолын таңдау ең бірінші мәселе болып саналады. Мамандықты таңдау оқушылардың психологиялық орталық дамуы болып саналады. Божовичтің айтуы бойынша жоғарғы немесе оқушылары «келешекте дұрыс қарайтын адамдар». Жоғарғы сынып оқушылары жасөспірімдерге қарағанда келешекке мүлдем басқаша қарайды, мысалы, «Білім алсаң ғана дұрыс адам баласы боласың».
Негізгі әдебиеттер :6,8,10,11,12,14,16
Қосымша әдебиеттер: 1,9,24,25,27,28,29
Дәріс №28.Ересектер психологиясы
Жас шағы психологиясына жас өспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп анықталады. Алайда бірінші шегі физиологиялық, екінші әлеуметтік шек болып тұрған осы анықтаманың өзі құбылыстың күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді.
Жас өспірімдіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ өсудің биологиялық процестері басқаларының бәрінен басым болады деген оймен жас өспірімдікті алдымен организм эволюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады. Психоаналитикалық теориялар жас өспірімдікті психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жас өспірімдікті алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан қарайды. Бірақ бұл даму әр түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әр келкі болып өтеді. Жас өспірімдіктің социологиялық теориялары оны алдымен социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектіктің дербес те жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рольдерге, оның бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына, еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты проблемаларға назар аударады, яғни индивидтік-психологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады.
Негізгі әдебиеттер :6,8,10,11,12,14,16
Қосымша әдебиеттер: 1,9,24,25,27,28,29
Дәріс №29.Қартаң (кексе) психикалық жас.
Жастың жалпы сипаттамасы. Әр түрлі көзқарастармен бірге
педалогия ғылымының өкілдеріде даму сатыларының өзгермейтіндігін дәлелдейді. Жас жөніңдегі мұндай ұғым психикалық дамуды табиғи биологиялық процесс деп түсінумен байланысты. Сонымен қатар бірсыпыра ғалымдар баланың жас кезенінің дамуын биологиялық фактор бойынша ажыратады. Мысалы тісінің жетілуі, даму сипатына қарай болады. Бұндай бөлу жас кезенінің анықтау дұрыс емес. Сензитивтік кезге мән беретін себебі осы кезде бала әсерленгіш келетінен осыны пайдаланып қалу қажет. Өйтпесе кеш болып кетеді. Бұның солай болуы мынадан : баланың қабілеті тек үнемі прогрессивтік жолмен дамымай үлкейген сайын кері кетуі де ықтимал. Осы туралы ілгердегі Ф.Энгельстің сөзін қараңыз егер біз бала қабілеттілігінің мол кезін сол мезгілде пісіп тұрған кезінде пайдаланбай кешігіп дамытамыз десек онда сол кездегідей кейін дамыта алаалмаймыз. Ал дамыта алғанынң өзінде соған көп қаражат шығару керек.Сензитивтік кездің өзіне келсек бұл тек бала жасында ғана емес адамның барлық өмірінде түрліше болып кездеседі. Жас кезінде адам түрлі нәрселерге әсерленгіш мән бергіш келеді. Бірақ осының өзі көпке созылмайды егер 60 тан асқан кісіден оның өмірінің қай мезгілі есінде айқын қалған жасында мағұлматтар айқын қалмаған деп сұраса ол 20-25 - ке дейінгі басынан кешірген оқиғаларын айтып кейінгі кездері әсіресе қартайған уақыттың онша еске түсіре алмас еді. Әрине оның қартайған кезі жақын арада болып өткендегінен, алдымен осы еске түсуі дұрыс болар еді. Бірақ осы кісіден өмір сүрген жасының ішінен қажет деп тапқан бейнелерді таңдап ал десе, жас кезіндегі оқиғалар оның есіне алдымен түсетіні сезесіз.Осының себебі мынада: үйленбеген кезде жастардың мұқтаждығы көп болмағандықтан, өзінің айналасындағы кездескен әсем нәрселерге үлкен мән береді және көзіне айқын болып көрінеді.
Негізгі әдебиеттер :6,8,10,11,12,14,16
Қосымша әдебиеттер: 1,9,24,25,27,28,29
Дәріс №30.Қарттық жастағы психикалық іс-әрекет.
Қартайған кезді алсақ, мұнда жағдай өзгеше.мысалы, қарт әйел көшеде келе жатқанда жан жағына қарағанымен, көзіне түскен заттарды, не адамдарды аңғарып жарымайды.Себебі бір нәрсені іздеп асығып бара жатыр бұл мысал әуелгі кездегі жастардың өмірі үлкендерге қарағанда өзінше сензитивтік кез екеніне дәл бола алады. Бірақ сензитивтік кез тек осылай болып келмейді. Кейде тиісті қабілеттіктің айқын білуіне де байланысты. Бастауыш мектеп жасындағыларды /7-10/ алсақ,бұларда мұғалімнің айтқанына сын көзімен қарау онша кезеспейді. Аузынан шыққан сөздерінің бәріне сенеді. Осыны пайдаланып, бұл жастағыларға көп мағулматтарды ұқтыруға болады. Ал егер осы мезгілді толық пайдаланбаса, алдағы кезде баланы оқыту қиынға соғады. Осы жастағы балалар еңдігі жас кезеңіне /11-16/ көшкенде, бұрынғыдай емес, енді ұстаздың сөзіне сынмен қарайды. Сондықтан бұлар үшін бастауыш сыныптағылар сияқты оқ мазмұнын қызықтыру оңай соқпайды. Бірақ жеткіншектердің жасына тән өздерінің сензитивтік кезі бар: бұлардың күші мен ақылы молайып қалғандықтан, қуатын, ептілігін тиісті салаға қолданғысы келіп, өзін -өзі құрбыларының, не үлкендерінің алдында көрсеткісі келіп тұрады. Ал ересек жас /16-18/ кезеңіне келсек, мұндағылар әр істі ойланып орындауға икем келеді және өзінің келешегі жөнінде ойланып, өзін-өзі тәрбиелеуге құмар келеді.Осы айтылған жеткіншектермен ересектерге тән сензитивтік кездің осы түрлерін мезгілінде пайдалану тәлім –тәрбие жұмысында ерекше орын алады.
Негізгі әдебиеттер :6,8,10,11,12,14,16
Қосымша әдебиеттер: 1,9,24,25,27,28,29
