- •1.Сөж міндеттері мен мақсаттары.
- •Сөж орындау әдістемелік нұсқаулары
- •If тармақталу командасы.
- •Теориялық мәліметтер.
- •Процедураның құрылымы:
- •1. Қатеттері бойынша үшбұрыштың ауданы мен гипотенузасын табу процедурасын құру.
- •2. Екі санның үлкенін табатын процедура.
- •6. N санының цифрларының жұп-тақтығын анықтайтын процедурасын құру.
- •7. Массив элементтерін ендіру, шығару процедурасын құру мысалдары.
- •3. Екі санның үлкенін табатын процедураны қолданып, берілген үш және төрт санның үлкенін табу программасы.
- •5. N санның цифрларының санын шығару процедурасы
- •1. Екі (х1,ү1) және в(x2,y2) нүктелерінің координаталары бойынша ара қашықтығын анықтау функциясын құру.
- •2. Нақты оң х санының нақты ү дәрежесін табу функциясын құру
- •4. N санының факториал табу функцясы.
- •Теориялық мәліметтер. Жолды типпен орындалатын операциялар
- •Файлдар жайлы жалпы мағлұмат
Процедураның құрылымы:
(тақырыбы:)
PROCEDURE аты (формальды параметрлер типтері);
Сипаттамалар бөлімдері; (бұл бөлімдер болмауы да мүмкін)
BEGIN Операторлар; (процедура денесі)
END;
Программада процедураны пайдалану үшін процедураның атын нақты параметрлермен бірге жазып шақырады, ол жерді процедураны шақыру нүктесі деп атайды. Прграмма процедураның шақыруын оқыған заматта процедураның орындалуы басталады. Мысалы прпограмма тақырыбы төмендегідец болса:
PROCEDURE SUMMA (N,M,X:INTEGER);
Онда процедуранв програмада мынадай жолмен шақыруға болады.
Summa (19,A,50);
Жақшадағы 19 Ф 50-нақты параметрлер болып табылады. Нәтижеснде процедурадағы формальды параметрлер мынадай мәндерге ие болады:
N=19, M=A, X=50.
Процедура шақыру процесінде формальды параметрлердің мәндері нақты параметрлердің мәнін қабылдайды да, процедура денесіндегі есептеулерде сол жаңа мәндер пайдаланады.
Процедураның параметрлері мәндік және айнымалы болып екіге өлінеді. Мәндік (аргументтік) параметрлер тек қана нақты параметрлердің мәнін өзіне қабылдайды да, қайтып оларға өзінің мәнін бере алмайды. Процедураның бір орындалу барысында негізгі программаның бірден бірнеше идендификаторлары жаңа мән қабылдай алады. Айнымалы параметрлердің алдына VAR қызметші сөзі қойылып жазлады.
Мысалы:
PROCEDURE Misal (A,B:Integer; VAR X,Y: Longint);
Var S: Integer;
Begin S:=A+5*B;
X:Sqr(S); Y:Sqr(X); END;
Бұл процедураны программалық текстте төмендегідей жазып шақыруға болады:
Misal (10,5,K,l);
Проограмма орындалу барысында Misal (10,5,K,l) шақыру идендификаторын оқып, басқаруды Misal процедурасына жібереді де, төмендегідей әрекеттер орындалады.
1.процедураның А, В, Х, Ү формальды параметрлері (10,5,K,l) нақьы параметрледің мәнін қабылдайды:
А=10, В=5, Х=K, Ү=I,;
2.процедура денесіндегі операторлар орындалады;
S=10+5*5=35, X=35*35=1225,
Y=1225*1225=1500625;
3.VAR қызметші сөзінен кейінгі жазылған формальды Х және Ү параметрлері процедураның орындалу барысында меншіктеген өздерінің жаңа мәндерінің нақты К-мен І параметрлеріне бергеннен кейін, басқару Misal (10,5,K,l) шақыру идендификаторынан кейін тұрған операторға өтеді;
К=X=1225, I=Y=1500625
4. әрі қарай программаның есептеулерінде К және І айнымалылары жаңа меншіктеген мәндерімен қатысады.
Процедура құру мысалдары.
1. Қатеттері бойынша үшбұрыштың ауданы мен гипотенузасын табу процедурасын құру.
А)
PROGRAM Proced 1;
VAR A, B, C, S: Real;
PROCEDURE Ushbur (M,N:Real; Var T, Q: Real);
Begin T:=M*N/2
Q:=Sqrt (Sqr (M)+Sqr(N));END;
BEGIN Readln (A,B);
(негізгі программадан Ushbur процедурасын шақыру:)
Ushbur (A, B, S, C);
Writeln (‘gip=’,C:4:2); Writeln (‘aud=’, S:4:2);
Readln End.
2. Екі санның үлкенін табатын процедура.
PROGRAM Maxsan;
Var A,B, Max: Real;
PROCEDURE Maxsim (K, I:Real; VAR S:Real); (Махім процедурасы)
Begin If K>I Then S:=K
Else S:=I; End; (екі санды салыстырып үлкенді салыстыру)
BEGIN Write(‘2 сан енгіз:’); Readln(A,B); (негізгі программа)
Maxim(A,B,Max); Writeln(‘Max=’,Max:4:1); Readln End.
