Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
10био басы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
240 Кб
Скачать
☆

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру. Үйге: Селекцияның генетикалық негіздері

10 сынып .

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Өсімдіктер селекциясы

Мақсаты:

Білімділік: Өсімдіктер селекциясына жалпы сипаттама беру

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. Гигиеналық тәрбие беру

Болжамдап отырған нәтиже: Өсімдіктер селекциясымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.

3. Топтастыру. 6. Тірек-сызбамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Топтастыру.

3. Кестемен жұмыс.

4. Тірек сызбамен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

Өсімдіктер селекциясы (лат. selectіo – таңдау, сұрыптау) – өсімдік сорттары мен гибридтерін шығару әдістері туралы ғылым; агрономия саласы. Өсімдіктер селекциясы теориясының негізі

өсімдіктер генетикасы

ол өсімдіктерді жүйелеу

өсімдік морфологиясы, физиологиясы, биохимиясы

тұқымтану

тұқым өсіру ғылымдарымен тығыз байланысты

Қазақстанда Өсімдіктер селекциясы саласындағы жүйелі зерттеулер 20 ғ-дың 30-жылдары басталды, қазіргі уақытта Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты, Қазақ жеміс-жидек және жүзім шаруашылық ғылыми-зерттеу институты, Қазақ картоп және көкөніс шаруашылық ғылыми-зерттеу институты, Қазақ мал азығын өндіру және жайылым ғылыми-зерттеу институты, Қазақ астық шаруашылық ғылыми-зерттеу институты, т.б. бірқатар ауыл шаруашылығы инситуттары, облысы ауыл шаруашылығы және селекциялық тәжірибе ст-лары шұғылданады.

Өсімдік сорттары мен гибридтерін шығарудағы негізгі мақсат – өсімдіктің өнімділігін, аязға, қуаңшылыққа төзімділігін арттырып, аурулар мен зиянкестерге қарсы тұру қабілетін күшейту, т.б. Қазіргі кезде жеміс-жидектің, дәнді дақылдардың, картоптың, көкөніс-бақша дақылдарының, т.б. бірнеше сорттары.

Гетерозис — туысы жағынан алшақ келетін екі организмнің шағылысуынан пайда болатын ұрпақтың жақсы өсіп, дұрыс дамып тіршілік қабілетінің артуы. Мысалы: жылқы мен есектің шағылысуынан туған қашыр және басқалар.

Таза линия (іріктемелер, қолтұқымдар, штаммалар) – гендердің бір немесе бірнеше аллель бойынша гомозиготты жиынтығы, өсімдіктердің өздігінен немесе өзара тозаңданғанда белгілердің ыдырауы байқалады.

Толық доминанттылық – аллельді жұп геннің біреу басым қасиетті көрсетіп, гетерозиготалы күйде де гомозиготалы даралардағы сияқты айқын көрініс береді, ал рецессивті геннің әсері байқалмай жасырын қалады.

Толымсыз доминанттау – аллельді гендердің екеуінің әсері бірдей байқалып, сондықтан аралық сипаттағы формалар қалыптасады.

Тұқымқуалау – организмдердің ұрпақтан ұрпаққа белгілерін өтқізе алатын қасиет. Тұқымқуалауғыштық материалдарын тасымалдаушысы ДНК болып есептеледі.

Фенотип – геноти пен айналадағы ортаның әсерінен қалыптасқан белгілердің жиынтығы.

Хромосома - өзіндік ядролық құрылым, екі иықшасы, центромерасы және екі хроматинды болады.

Ыдырау – ұрпақта бірнеше фенотиптің немесе генотиптің пайда болуы.

Будандастыру өсімдіктер мен жануарлар селекциясында жиі қолданылады. Будандастырудың екі жолы (қарапайым және күрделі) бар. Қарапайым Будандастыру — екі түрді бір-бірімен шағылыстыру. Мысалы, жылқы мен есекті Будандастыру арқылы қашыр алу, бір өркешті түйемен қос өркешті түйені Будандастыру арқылы нар алу. Күрделі Будандастыру сатылы және қайыра (беккросс) болып екіге бөлінеді. Сатылы Будандастыру селекциялық процестерде бірнеше ата тектік формалардың қасиеттері мен белгілерін біртіндеп, буданды ұрпаққа жинақтау. Кейбір будандарда 4 — 5 ата тек формаларының қасиеттері жинақталынады. Филиппиндегі халықар. ғыл. күріш ин-тында жоғ. өнімді ИР-52 сортын алу үшін 12 мемлекеттен күріштің 39 ата тектік формасын алып будандастырған. Саратов-29, Саратов-210, т.б. көптеген жұмсақ бидай сорттары мен Безостая ғ1 күздік бидайы күрделі сатылы Будандастыру жолымен алынған. Жоғарыда аталған Будандастыру жолдарымен көптеген мал, құс тұқымдары және өсімдік сорттары шығарылды. Қазақстанда тек бидай селекциясында күздік бидайдың 20-дан астам, жаздық бидайдың 30-дан астам сорттары мен түр формалары шығарылып, олар Қазақстанның көпшілік облыстарында аудандастырылған.

. Кестемен жұмыс.

4. Тірек-сызбамен жұмыс. Қорытындылау.