Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Основы предпринимательской деятельности и ее го...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Силлабус

Элективтік пән: Кәсіпкерлікті ұйымдастыру негіздері. Фармацевтикалық ұйымдарды бақылау.

Мамандық: 5В051103 – «Фармация»

Курс: 5 Семестр: 10

Практикалық (семинарлық) сабақтар: 30 сағат

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ): 14 сағат

Барлық аудиторлық: 44 сағат

Аудиториядан тыс студенттердің өзіндік жұмысы (СРС): 46 сағат

Оқу сағатының көлемі : 90 сағат (2 кредит)

Бақылау формасы: емтихан (1 этап- тест, 2- этап-ауызша )

Алматы, 2012

«Кәсіпкерлік қызметтің негіздері. Фармацевтикалық ұйымдарды бақылау» электив пәні бойынша силлабус жұмыс бағдарламасына сай жасалынған. «Фармацевт- менеджер» модулінің мәжілісінде қарастырылды, «____»_______________2012 жыл, хаттама № ____.

«Фармацевт- менеджер» модулінің жетекшісі Шопабаева А.Р.

1. Жалпы мәліметтер

ЖОО атауы

–

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті

Модуль

–

«Фармацевт-менеджер»

Пән

–

Кәсіпкерлікті ұйымдастыру негіздері. Фармацевтикалық ұйымдарды бақылау.

Мамандық

–

5В051103 «Фармация»

Оқу сағатының көлемі

–

2 кредит (90 сағат)

Курс және семестр

Оқытушылар жайлы мәлімет

–

5 курс: 10 семестр

№

Оқытушының ғылыми дәрежесі

аты,

фармилиясы,

Шопабаева

Алма

Рахимбаевна

Нурахов Дандыбай

Бердиевич

Пәннің саясаты:

2. Бағдарлама

Кіріспе

Кез келген дамыған елдердің экономикасының негізін бизнес құрайды. «Бизнес» сөзі дүние жүзіне тараған, онымен барлық елдер айналысады.

Бизнес – бұл кәсіпкерлік, ұйымдар, кәсіпорындар, ал бизнесмен дегеніміз - кәсіпкер. Кәсіпкер болу үшін кәсіпкерлік іс туралы жүйелі, толық, ретті түсінік болуы керек – кәсіпорынның қызметін алғашқы инвестициялаудан бастап шаруашылық жағдайына толық талдау жасауға дейін. Пәннің кәсіпкерлік пен шаруашылықты нарық жағдайында ұйымдастыруды біріктіретін ерекшелігі бар пән ретінде, кәсіпкерлік туралы түсініктер мен оның табиғатын, экономикалық ерекшеліктерін ескерген жөн.

12.01.2007 ж. № 224-III ҚР Кәсіпкерлік туралы заңымен жеке кәсіпкерлік субъектісінің жалпы қағидалары, олардың жұмыс жасау жағдайлары, мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкелікті қолдауы, жеке кәсіпкерлердің біріккен субъектілері мен олардың нормативтік құқықтық актілерге экспертиза жүргізуі туралы, жеке кәсіпкерлерді тіркеу мен олардың қызметін жабу, мемлкеттік бақылау мен қадағалау жүргізу кезіндегі мемлекеттік лауазымды тұлғаның жауапкершілігі, лицензиялау мен аккредитациялау, сонымен қатар жеке кәсіпкерлердің де жауапкершіліктері бекітілген. Заң ҚР мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың жалпы құқығын реттейді, бақылау мен қадағалаудың біріңғай принциптерін , сонымен қатар мемлкеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен заңды іс-әрекеттерін қорғайды. 19.11.2009 ж. №742 ДСМ-нің бұйрығы дәрілік заттар, медицина мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы сферасына бақылау жүргізудің ережелерін айқындайды, фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке, заңды тұлғаларға тексеру жүргізудің реттерін белгілейді, бақылау мен қадағалау жүргізетін ведомстволық бөлімшелердің жүргізетін тексерулердің сапасын жақсарту ережелері бекітілген.

Пәннің мақсаты:

«Кәсіпкерлікті ұйымдастыру негіздері. Фармацевтикалық ұйымдарды бақылау» пәні өзге де фармацевтикалық пәндермен қатар фармацевт ассстенті мен фармацевттің қызметін қалыптастыруда, фармацевтикалық дайындықтан өткен маман дайындауда үлкен рөл атқарады,

Теориялық білімді қалыптастыру – студенттерді ҚР бақылау және қадағалау туралы ҚР Жеке кәсіпкерлік туралы заңдарымен таныстыру, сонымен қатар ДСМ-нің № 741 бұйрығымен таныстыру. Денсаулы сақтау министрлігінің 30.03.2011 ж. №159 және ҚР Экономикалық даму мен сауда министрлігінің 05.04. 2011 ж. №89 біріккен бұйрықтарымен таныстыру.

Практикалық дағдыны қалыптастыру – студенттерге жеке кәсіпкердің, фармацевтикалық инспектордың міндеттерімен таныстыру;

Құқықытық дағдыны қалыптастыру- қолданыстағы фармацевтикалық қызметті реттейтін нормативтік құжаттардың талаптарын тақырып бойынша игеру;

Коммуникативтік дағдыны қалыптастыру- оқу материалын игеру мақсатында тақырыпта берілген жаңа терминдер мен түсініктерді студенттерге оқытып үйрету;

Өзін – өзі жетілдіру СӨЖ - глоссарийлер, реферат, презентациялар, тест тапсырмаларын тақырып бойынша дайындау.