Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аудитория саб Документ Microsoft Word.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

1. Тыңдаймыз. Оқимыз

1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.

Деректер, көрсетіп ұсыну, ең танымал, тұтыну, қалқасы, мөлшері, қадамы, кескінді қайта өндіру, шама, жиілік, қорғаныс, мөлшері, қарама-қарсы, бұрыштар, арасы, өлшем бірлігі, әмбебап, қадамы, қайта өндіру, толық, ауыстыра алу, көрсету, неғұрлым, соғұрлым, көз аз талады, қалыптысы, ең қолайлысы, мәндер, қорғаныс, сәйкес келу, анықталады

1.2 Жоғарыдағы мәтінді тыңдаңдар.

1.3 Берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқу сөздігінен қараңдар, оқыңдар.

Деректер, көрсетіп ұсыну, ең танымал, тұтыну, қалқасы, мөлшері, қадамы, кескінді қайта өндіру, шама, жиілік, қорғаныс, мөлшері, қарама-қарсы, бұрыштар, арасы, өлшем бірлігі, әмбебап, қадамы, қайта өндіру, толық, ауыстыра алу, көрсету, неғұрлым, соғұрлым, көз аз талады, қалыптысы, ең қолайлысы, мәндер, қорғаныс, сәйкес келу, анықталады

1.4 Сөз тіркесін құрыңдар.

оның

кеңінен

стандарттарымен

...............................

................................

...............................

параметрлері

таралған

анықталады

2. Оқимыз. Сөйлейміз

2.1 Мәтінді оқыңдар және төмендегі сұраққа жауап беріңдер.

А. Монитор қандай құрылғы?

Ә. Оның негізгі тұтыну параметрлері қандай?

Б.Монитордың мөлшері қалай өлшенеді?

В.Қазіргі таңда қандай мониторлар шығарылады?

Г.Кескінді қайта өңдеу жиілігі немен өлшенеді?

Ғ. Монитордың қорғаныс класы немен анқыталады?

2.2 Мәтіннің жоспарын құрыңдар.

2.3 Жұптық жұмыс. Мәтінді жоспар бойынша бір-біріңе баяндаңдар.

2.4 Диалогті оқыңдар. Үлгі бойынша диалог құрыңдар.

Медет: Айгүл, ақпарат шығарудың ең танымал құрылғысы не деп ойлайсың?

Айгүл: Ол деректерді көрсетіп ұсынатын құрылғы – монитор.

Медет: Оның негізгі тұтыну параметрлерін білесің бе?

Айгүл: Экран қалқасының мөлшері мен қадамы, кескінді қайта өндірудің ең көп шамадағы жиілігі, қорғаныс класы.

Медет: Монитордың мөлшері қалай өлшенеді?

Айгүл: Монитордың мөлшері диагональ бойынша кинаскоп құбырларының қарама-қарсы бұрыштарының арасымен өлшенеді.

Медет: Қазір қандай мониторлар кеңінен таралған?

Айгүл: Қазіргі уақытта 0,25 - 0,27мм. қалқа қадамындағы мониторлар кеңінен таралған.

Медет: Кескінді қайта өңдеу жиілігі немен өлшенеді.

Айгүл: Кескінді қайта өңдеу жиілігі герцпен өлшенеді.

Медет: Монитордың қорғаныс класы немен анықталады?

Айгүл: Монитордың қорғаныс класы қауіпсіздік техника талаптарына монитордың сәйкес келетін стандарттарымен анықталады.

2.5 Мәтіндегі негізгі ақпаратты пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңдар.

Монитор – деректерді _________ _________ құрылғы. Ол ақпарат __________ ең танымал ___________ болып табылады. Оның _________тұтыну параметрлері – экран қалқасының _________ мен ________, кескінді _______ __________ең көп шамадағы _________, қорғаныс класы. Қазіргі таңда 9-дан 42 дюймге _________ экранды монитор шығарылады. Кескінді қайта өндіру _________ монитордың бір секунд ішінде _________ қанша рет толық ___________ алатынын көрсетеді. Монитордың қорғаныс класы ___________ техника __________ монитордың _______ _________ стандарттарымен анықталады.

2.6 Сөйлем ішіндегі асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңдар.

А) Монитор – деректерді көрсетіп ұсынатын құрылғы.

Ә) Монитордың мөлшері диагональ бойынша кинаскоп құбырларының қарама-қарсы бұрыштарының арасымен өлшенеді.

Б) Қазіргі таңда 9-дан 42 дюймге дейінгі экранды монитор шығарылады.

В) Кескінді қайта өңдеу жиілігі герцпен (Гц) өлшенеді.

2.7 Сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңдар.

Қазіргі таңда 9-дан 42 дюймге дейінгі экранды монитор шығарылады. Олардың стандартты мөлшерлері 14, 15, 17, 19, 20, 21. Бүгінгі таңда 15 және 17, 19, 21 дюймдер мөлшеріндегі мониторлар ең әмбебап монитор болып табылады. Қазіргі уақытта 0,25 - 0,27мм. қалқа қадамындағы мониторлар кеңінен таралған. Кескінді қайта өндіру жиілігі монитордың бір секунд ішінде кескінді қанша рет толық ауыстыра алатынын көрсетеді. Кескінді қайта өңдеу жиілігі герцпен өлшенеді.

2.8 Қанша сөз есіңе түседі? Төмендегі үлгі бойынша сөздерді есіңе түсір.

А) Мәтіндегі зат есімдер: монитор, .............................................. .

Ә) Мәтіндегі сын есімдер: экранды, .................................... .

Б) Мәтіндегі етістіктер: өлшенеді, ............................. .

В) Мәтіндегі есімдіктер: ол, ................................. .