Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аудитория саб Документ Microsoft Word.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

1. Тыңдаймыз. Оқимыз

1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.

әрекеттерді, шеткері құрылғыларды, қосу, іске қосу, алғашқы жүктеу, тексеру, дайын күйге, өшіру, ағымда, доғару, пернелік тақтасы, жиынтығынан, үйлесімді, басқару, таңбаларына, орналастырылған, орындау, жүргізіледі, жалғанғанда, тұрақты күйде

1.2 Жоғарыдағы мәтінді тыңдаңдар.

1.3 Берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқу сөздігінен қараңдар, оқыңдар.

әрекеттерді, шеткері құрылғыларды, іске қосу, алғашқы жүктеу, тексеру, дайын күйге, өшіру, ағымда, доғару, пернелік тақтасы, жиынтығынан, үйлесімді, басқару, таңбаларына, орналастырылған, орындау, жүргізіледі, жалғанғанда, тұрақты күйде

1.4 Сөз тіркесін құрыңдар.

әрекеттерді

құрылғыларды

................................

................................

...............................

орындау

қосу

2. Оқимыз. Сөйлейміз

2.1 Мәтінді оқыңдар және төмендегі сұраққа жауап беріңдер.

А. Компьютерді іске қосу үшін қандай әрекеттерді орындау қажет?

Ә. Компьютер жұмыс істеуге дайын күйге қашан енеді?

Б. Компьютерді өшіру үшін не істеу қажет?

В. ДЭЕМ пернелік тақтасы неден тұрады?

Г. Үйлесімді ДЭЕМ пернелігі қандай топтарға жіктеледі?

Ғ. Бір алфавиттен екіншіге ауысу ненің арнаулы программасын орындау арқылы жүргізіледі?

2.2 Мәтіннің жоспарын құрыңдар.

2.3 Жұптық жұмыс. Мәтінді жоспар бойынша бір-біріңе баяндаңдар.

2.4 Сұхбатты рөлге бөліп оқыңдар. Мазмұнын өзгертіп сұхбат құрыңдар.

-Сен компьютерді іске қоса аласың ба?

-Білемін.

-Ол үшін не істеу керек?

-ДЭЕМ-ге жалғанып тұрған шеткері құрылғыларды ток көзіне қосу керек, сонан соң жүйе блогын, мониторды іске қосу керек.

- Жұмыс істеп болған соң компьютерді қалай сөндіремін?

- Ол үшін ағымда тұрған программалар жұмысын доғару керек, ДЭЕМ-ге жалғанып тұрған шеттік құрылғыларды, мониторды және жүйелік блогты өшіру керек.

-Адамдар пернелік тақтаны қалай пайдаланады?

-Әрбір адам пернелік арқылы компьютерге символдық ақпарат енгізіп, солардан оны басқару командаларын да құрастыра алады.

- Бір алфавиттен екінші алфавитке ауысу үшін не істеу керек?

- Бір алфавиттен екіншіге ауысу перне драйверінің арнаулы программасын орындау арқылы жүргізіледі.

2.5 Мәтіндегі негізгі ақпаратты пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңдар.

ДЭЕМ _________ ________ кез келген ЭЕМ пернелігі _______ бір тақтада орналасқан пернелер ____________ тұрады. Әрбір адам пернелік арқылы компьютерге символдық ________ _________, солардан оны _________ командаларын да ________ ______.

ІВМ мен __________ ДЭЕМ пернелігі стандартты __________ _________ тұрады, олар белгілі бір _________ орналасып, төрт топқа жіктеледі.

2.6 Сұрақтардың орнына мәтін бойынша қажетті сөздерді қойып айтыңдар.

Үлгі: нені іске қосу? – компьютерді іске қосу

нені орындау, қандай жүйе, қандай блогты, неден тұрады, қайда символдық ақпарат енгізу, қандай пернелер, функционалдық не, қандай қызмет атқаратын пернелер, ненің арнаулы программасын, тұрақты күйде не істейді

2.7 Сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңдар.

1. Компьютердің пернелік тақтасы бір тақтада орналасқан пернелер жиынтығынан тұрады. 2.Әрбір адам пернелік арқылы компьютерге символдық ақпарат енгізеді. 3.Солардан басқару командаларын да құрастыра алады. 4. Үйлесімді ДЭЕМ пернелігі стандартты пернелер жиынтығынан тұрады. 5. Олар белгілі бір тәртіппен орналасады. 6. Бір алфавиттен екіншіге ауысу перне драйверінің арнаулы программасын орындау арқылы жүргізіледі. 7.Ол компьютер ток көзіне жалғанғанда іске қосылады.

2.8 Сөйлеу жағдаяттық ойын.

* Сенен компьютерді іске қосу үшін телефон арқылы жолдасың көмек сұрайды.

* Сен не телефон арқылы не SMS жазып, оған компьютерді іске қосу туралы мәлімет беруің керек.

* Осы тапсырманы қалай жүзеге асырар едің.