Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аудитория саб Документ Microsoft Word.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

1. Тыңдаймыз. Оқимыз

1.1 Сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңдар.

Аналық тақша, негізгі, болып табылады, келесі, қосқыш тарақшалары, жүйелік, өңделеді, құрамдас бөліктері, күрделі, мөрлік, мыс өткізгіш жолшықтар, желі, қапталған, бойымен, құрастырылған, қосылатын, жеткізіледі, бейнежүйесі, кұрайды, бейне, даярлау, амалдар, атқарады, тұрады, қорабының, сәулелі түтікше, орналасқан, көрінісі, айқындап көрсету, қабілет, ерекшеленеді, түрлі-түсті, түстер

1.2 Жоғарыдағы мәтінді тыңдаңдар.

1.3 Берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқу сөздігінен қараңдар, оқыңдар.

Аналық тақша, негізгі, болып табылады, келесі, қосқыш тарақшалары, жүйелік, өңделеді, құрамдас бөліктері, күрделі, мөрлік, мыс өткізгіш жолшықтар, желі, қапталған, бойымен, құрастырылған, қосылатын, жеткізіледі, бейнежүйесі, кұрайды, бейне, даярлау, амалдар, атқарады, тұрады, қорабының, сәулелі түтікше, орналасқан, көрінісі, айқындап көрсету, қабілет, ерекшеленеді, түрлі-түсті, түстер

1.4 Сөз тіркесін құрыңдар.

Компьютердің Қосылатын

Құрастырылған

...............................

................................

...............................

тақшасы

слоттарға

микросхемалар

2. Оқимыз. Сөйлейміз

2.1 Мәтінді оқыңдар және төмендегі сұраққа жауап беріңдер.

А. Компьютердің негізгі тақшасына не жатады?

Ә. Онда қандай құрылғылар орналасады?

Б. Аналық тақша дегеніміз не?

В. Дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін не кұрайды?

Г. Монитор мен дисплей не үшін қажет?

Ғ. Адаптер қайда орналасқан және ол несімен ерекшеленеді?

2.2 Мәтіннің жоспарын құрыңдар.

2.3 Жұптық жұмыс. Мәтінді жоспар бойынша бір-біріңе баяндаңдар.

2.4 Полилогті оқыңдар. Мәтінге айналдырыңдар.

Мұғалім: Бүгін біз аналық тақша мен бейнекарта туралы әңгімелесейік.

Сапар: Аналық тақша - дербес компьютердің негізгі тақшасы.

Айгүл: Онда процессор, шина, жедел жады, тұрақты жады мен слоттар орналасады.

Медет: Компьютермен жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық тақша арқылы өңделеді.

Қуаныш: Мәліметтер слоттарға қалай жеткізіледі екен?

Сапар: Аналық тақша мыс өткізгіш жолшықтар желісімен қапталған, олардың бойымен мәліметтер тақшада құрастырылған микросхемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға жеткізіледі.

Мұғалім: Ал компьютердің ішкі бейнежүйесін не кұрайды?

Айгүл: Монитор мен бейнекарта құрайды.

Медет: ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы қандай бөліктерден тұрады?

Жұлдыз: Монитор мен адаптердан тұрады.

Қуаныш: Логикалық схемалар қайда орналасады?

Сапар: Бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар адаптерде орналасады.

Айгүл: Адаптерде бейнелер көрінісін сақтауға арналған бейнелік жад болады.

Жұлдыз: Адаптерлер түрлі-түсті монитордағы түстер палитрасын да анықтайды.

Мұғалім: Аналық тақша мен бейнекарта туралы тақырыпты жақсы түсініпсіңдер.

2.5 Мәтіндегі негізгі ақпаратты пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңдар.

ЭЕМ-нің ________ _________ екі бөліктен: монитор мен адаптердан тұрады. Біз тек __________ көреміз, ал адаптер - ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды _________ блогы. Монитордың өзінде тек ________-_________ түтікше бар. Ал адаптерде ________ сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан. Адаптерде ________ _________ сақтауға арналған бейнелік жад бар. Адаптерлер __________ айқындап көрсету қабілетімен ___________. Адаптерлер стандартты _______-_______ монитордағы түстер палитрасын (жиынын) ___________.

2.6 Сөйлем ішіндегі асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңдар.

А) Аналық тақша – бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша.

Ә) Аналық тақша мыс өткізгіш жолшықтар желісімен қапталған.

Б) Монитордың өзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар.

В) Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосыла алады.

2.7 Сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңдар.

Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді. Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосыла алады.

Бейнені даярлаумен тығыз байланысты амалдардың барлығын бейнекарта (бейнеадаптер) деп аталатын басқару блогы атқарады.

Монитор немесе дисплей – ДЭЕМ-ге міндетті түрде қажет шеткері құрылғы. Ол компьютердің жедел жадында өңделетін информацияны экранда көру үшін қажет.

2.8 Қанша сөз есіңе түседі? Төмендегі үлгі бойынша сөздерді есіңе түсір.

А) Мәтіндегі зат есімдер: бейнекарта, .............................................. .

Ә) Мәтіндегі сын есімдер: жүйелік, .................................... .

Б) Мәтіндегі етістіктер: орналасады, ............................. .

В) Мәтіндегі есімдіктер: онда, ................................. .