- •1.2 Арнаның аз уақыттағы жетістігі
- •1.3. «KaZsport» арнасындағы бағдарламалар
- •2.1. «Қазақстан» ұта спорттық бағдарламалар
- •2.2. «Қазақстан» ұта спортшыларды насихаттауы
- •3.1. Алғашқы бағдарламаларға атсалысқандар
- •3.2 Тұңғыш комментатор, тұңғыш бағдарлама жүргізушісі
- •3.3. Он алты жыл өтіпті- ау... (Амангелді Сейітхан)
- •3. 4. Тұңғыш спорт сайтындағы алғашқы радио
- •4.1.Көрермендер сұранысына ие болған бағдарламалар
- •4.2 Комментаторлардың тапқыр сөздері
- •IV. Түпнұсқа, тікелей эфир және жүргізушілер
- •4.3. Қазақ комментаторларының деңгейі ешкімнен кем емес
- •V тарау. Басымызға бақыт құсы қонған сәттер
- •5.1. Қазақтың Әлем біріншілігіндегі тұңғыш добы
- •5.3. Олимпиялық даңқ күні.
1.3. «KaZsport» арнасындағы бағдарламалар
«Сіз қайда жүрсіз?» Бас продюссері: ПавелЦыбулин Қоюшы режиссерлері: Дәурен Бітібаев, Сұлтан Тоқпақов Жүргізушілері: Ермұхамед Мәулен, Тұрлыжан Айтенов Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: сейсенбі Ұзақтығы: 10 минут Қайталанатын уақыты: Бейсенбі, сенбі Жиілігі: Аптасын бір рет Жанры: Ақпараттық – танымдық
Хабар мақсаты – кезінде қазақ спортына мол үлес қосқан, бүгінде мүлде көрінбей жүрген спортшыларды насихаттау. Кейіпкер спорттағы алғашқы қадамынан бастап, бүгінгі қызметі, жанұясы турасында әңгімелеп өтеді.
«Деректі фильм» Бас продюссері: Павел Цыбулин Қоюшы режиссері: Руслан Дәулетов Жүргізушілері: Ермек Төрениязов, Ермұхамед Мәулен, Индира Бектенова Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: сейсенбі Ұзақтығы: 20 минут Жиілігі: Аптасына бір рет Жанры: Ақпараттық – сараптамалық
Хабар мақсаты – қазақ спорты тарихында із қалдырған, өмірден өтркен немесе бүгінде басқа салада қызмет атқаратын, сондай - ақ қазіргі уақытта спортшылардың ішінде ерекше табыстарға жетіп жүрген шеберлер туралы деректі фильмдер циклын ұсыну.
ІІ тарау. «ҚАЗАҚСТАН» ҰТА СПОРТТЫҚ ШЫҒАРЫЛЫМДАР
2.1. «Қазақстан» ұта спорттық бағдарламалар
«SPORTS.KZ» Жетекшісі: Диас Ахметшәріп Продюсері: Дина Ысқақова Редакторлары:Индира Бектенова, Ермек Төрениязов, Ермұхамет Мәулен Режиссері: Руслан Дәулетов Жүргізушісі: Телмұхамет Күдеров Түпнұсқаның эфирга шығу уақыты: дүйсенбі, 00:35. Қайталану уақыты: сейсенбі, 12:45. Ұзақтығы: 20 минут Жиілігі: аптасына бір рет Жанры: ақпараттық
Бағдарламаның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, апта айшығындағы спорттық ақпараттарды дер кезінде көрермендерге жеткізу. Сондай – ақ, әлемдік ареналарда көк байрағымызды желбіретіп, ел мерейін үстем еткен жаңа спортшыларымызбен таныстыру. Жүргізуші жарыстың қызықты сәттері туралы оқиға ортасында баяндайды.
«ТОЛАҒАЙ» ОТБАСЫЛАР САЙЫСЫ Продюсері: Сәуле Мықтыбаева Редакциясы: «Бағдарламалар өндірісі» шығармашылық бірлестігі Режиссері: Гүлжаһан Сәлімбаева Редакторы: С. Мықтыбаева, Толқын Орманбекова Жүргізушілері: Олжас Сақ, Сая Үмбетова Комментаторлары: Есей Жеңісұлы, Мұхтар Тұртайұлы Ұзақтығы: 45 минут Жанры: ойын – сауық, спорттық шоу
«Толағай» отбасылар сайысы – еліміздің барлық аймақтарынан келетін отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын – сауықтық бағдрлама. Бір хабарға үш отбасы қатысады. Топтың құрамында ата – анасы және екі баласы болуы керек. Ойынға қатысуға өтініш білдірген командалар арнайы іріктеуден өтіп, ойынға шақырылады. Алғашқы іріктеу ойындарында жеңіске жеткен отбасылық ұжым келесі кезеңге жолдама алады. Толағайдың жеңімпазы ширек финал, жартылай финал және финалдық ойынға шығу арқылы анықталады. Бір бағдарлама 7 түрлі жарыстан тұрады. Қатысушылардың мақсаты – бәсеке талаптарын орындап, қазылар алқасы тарапынан жоғарғы бағаға ие болу. Отбасы бірлігін паш етуді мақсат еткен «Толағай отбасылар сайысы еліміздің жас өрендерін спортқа баулып, салауатты өмір сүру салтын насихаттайды.
«КӨКПАР» ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫ Редакторы: Нұрсұлтан Құдайбергенұлы Қоюшы режиссері: Дина Ысқақова Комментатор: Нұрсұлтан Құдайбергенұлы Эфирге шығатын уақыты: жексенбі, 23:50 Қайталанатын уақыты: сейсенбі, 01:00 Ұзақтығы: 40 минут Жиілігі: аптасына бір рет Жанры: ұлттық ойын
Бағдарламаның мақсаты – ұлттық ат спорты түрлернің бірі әрі бірегейі – көкпарды өзге де командалық спорт түрлерімен терезесін теңестіру. Ұлттық ат спорты түрлерін Федерациясы мен Қазақстан Республикасы Спорт және туризм министрлігімен бірлесе отырып, көкпар ойынын әлемдік деңгейге алып шығуға талпыныс жасау.
