- •1.2 Арнаның аз уақыттағы жетістігі
- •1.3. «KaZsport» арнасындағы бағдарламалар
- •2.1. «Қазақстан» ұта спорттық бағдарламалар
- •2.2. «Қазақстан» ұта спортшыларды насихаттауы
- •3.1. Алғашқы бағдарламаларға атсалысқандар
- •3.2 Тұңғыш комментатор, тұңғыш бағдарлама жүргізушісі
- •3.3. Он алты жыл өтіпті- ау... (Амангелді Сейітхан)
- •3. 4. Тұңғыш спорт сайтындағы алғашқы радио
- •4.1.Көрермендер сұранысына ие болған бағдарламалар
- •4.2 Комментаторлардың тапқыр сөздері
- •IV. Түпнұсқа, тікелей эфир және жүргізушілер
- •4.3. Қазақ комментаторларының деңгейі ешкімнен кем емес
- •V тарау. Басымызға бақыт құсы қонған сәттер
- •5.1. Қазақтың Әлем біріншілігіндегі тұңғыш добы
- •5.3. Олимпиялық даңқ күні.
3.2 Тұңғыш комментатор, тұңғыш бағдарлама жүргізушісі
“Репортажды жүргізген Сұлтанғали Қаратаев”. 60-70-ші жылдарда түрлі спорт жарыстарынан қазақ тілінде берілетін хабарлардың дені осылай аяқталатын. Сондықтан бұл есім сол тұстағы жанкүйерлерге жақсы мәлім. Сұлтекең жай бір қатардағы спорт журналисі емес, телерадиодан қазақ тілінде репортаж жүргізген тұңғыш комментатор. Ол осынысымен-ақ басқалардан оқшау тұр. Бүгінде радио мен телевизиядан небір дүбірлі додалар туралы әлемнің түкпір-түкпірінен қазақ тілінде репортаждар беріліп жатады. Оған еш таңданбаймыз да. Үйреншікті жәйт болып кеткен. Бірақ әрбір істің басталуы мен бастаушысы болатыны сияқты, мұнда да үлкен жолға жетелейтін алғашқы соқпақ ізін салғандар бар. Солардың бірі емес, бірегейі осы Сұлтанғали Қаратайұлы. Қарап отырсақ, кеңес кезіндегі есімі елге танылған комментаторлардың бәрі әу баста спортшы болған. Мысалы, Николай Озеров – теннисші, Евгений Майоров – Мәскеу “Спартагының” үздік хоккейшісі, ленинградтық Набутов – ЦСКА-ның атақты шабуылшысы, Маслаченко – қақпашы. Ал қазақстандық белгілі спортшылар қатарынан Сұлтанғали Қаратаевтың есімін көрмейсіздер. Сонда ол қалайша комментатор болды екен? – Сұлтеке, қазақ тілінде репортаж жүргізген тұңғыш спорт комментаторы болу бақыты сізге бұйырыпты. Оған қалай жеттіңіз? Әзіл-шынын араластырып айтқанда, бұрын да болған, қазір де бар тамыр-таныстықпен өтіп кеткен жоқсыз ба? – Тамыр-таныстықпен деген артықтау болар. Себебі, менің ар жақ-бер жағымда арқа сүйер беделді адамдар болған жоқ. Әке-шешеден ерте айырылған жеті жетімек едік. Интернаттың нанын жеп, суын іштік. Ішіміздегі ересегіміз 18 жастағы ағам Молдағали өзінен төрт жас үлкендігі бар Алтын жеңгемізге үйленіп, бізге қамқор болмағанда, күніміз не боларын кім білсін. Ел қатарына іліккеніміз сол екеуінің арқасы. Менің өзім орта мектепті 21 жасқа қараған шағымда бітірдім. ҚазГУ-дың журфагына екінші жыл келгенде оқуға түстім. Бітірген соң 1963 жылы Қазақ радиосының соңғы хабарлар редакциясына жұмысқа қабылдандым. Студент кезден қалыптасқан жанкүйерлік әдетіммен өзіміз отырған аядай кабинеттің қабырғасына футбол, хоккейден чемпионат кестесін жасап іліп қойып, оған ойын нәтижелерін толтырып жүретінмін. Оған кіріп-шыққандардың бәрі қарайды. Содан 1964 жылы радиода спорт жарыстарынан қазақша репортаж жүргізетін штаттық қызмет орны ашылатын болды. Сол кездегі телерадио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы Кенжеболат Шалабаев осындағы жолдастардың Сұлтанғалидың спортқа бейімі бар деген жылы пікірін ескеріп, мені спорт хабарларын жүргізуші етіп таңдады. Одан кейін телевизияда да осындай штат ашылғанда белгілі комментатор Владимир Толчинский мені сонда шақырды. Сөйтіп радиода да, телевизияда да қазақша репортаж жүргізетін алғашқы спорт комментаторы болып шыға келдім. – Алғашқы кезде қиындықтар көп болған шығар? – Бастапқыда репортаж жүргізу онша қиынға түскен жоқ. Өйткені, қазақшаға берілетін уақыт тым шектеулі болатын. Ойынның басында екі-үш минөт, соңында да сондай уақыт береді. Онда тек кімдер ойнап жатқанын, кездесу қалай аяқталғанын айтып үлгересің. Репортаж жүргізгендегі тынысымыздың ашылғаны кейінірек, ұжымға кезінде “Социалистік Қазақстан” газетінің редакторы болған Кеңес Үсебаев келген тұс еді. Ол кісі үлкен бір жиын үстінде қазақ және орыс тіліндегі репортаждар уақыты елу де елу пайыз болсын дегенді айтты. Міне, сол кездерде барып біз репортаж бергенде қиналдық. Көбіне алаңдағы ойын барысына ілесе алмай жаттық. Қазақша спорттық терминдер қалыптаспаған. Радиорепортаж бен телерепортаждың айырмасын да жете білмейміз. Соның бәрін тез арада үйренуге тура келді. – Сонымен, сіз спортпен тікелей шұғылданбай-ақ комментатор болыпсыз ғой. – Иә. Мен әуесқой комментатормын. Дегенмен, студент кезімде бокспен, жеңіл атлетикамен айналысқам. Университет чемпионы болдым, күміс жүлдегер атандым. Жалпы, спорттан саңылауым бар, құралақан емеспін. – Әріптестеріңіз сізді қазақша спорт терминдерін қалыптастырды дейді ғой. Сол терминдер қазір қолданылып жүр ме? – Қазір менде футбол алаңының күллі сызықтары, өлшемдері орысша-қазақша атауларымен жазулы тұр. Мысалы, “лицевая линия”, “боковая линия” – “жақтау сызық”, “қаптал сызық” деген сияқты. Осы тіркестерден барып оң қапталдағы ойыншы, сол қапталдағы ойыншы терминдері қалыптасты. “Қосалқы құрам”, “қарсы шабуыл”, “қақпа сызығы” дегендерді де біз қолданғанбыз. Қазір бұлар сол күйінде айтылады. Мен біздің жігіттерге әлі де ізденіс керек дер едім. Сонау қысылтаяң кезеңнің өзінде басқа қалалардағы әріптестеріммен байланыс жасап, футбол календарьларын, плакаттарын алдырып тұратынмын. Спорт десе ішкен асын жерге қоятын ғалым Шора Сарыбаевпен бірге қазақша футбол, хоккей анықтамалықтарын шығардық. Соны қазір неге жалғастырмасқа? [9].
– Ең алғашқы спорт комментаторы болғандықтан, сол кездегі радиодағы алғашқы хабарларыңыз жайлы таратып айтсаңыз? – Оқуды бітірісімен талай жерде жұмыс істедім. Ресейде темір жол қызметкері де болдым. Сосын Алматыға келісімен мені ҚызПиге жұмысқа шақырды. Бірақ мен келіспедім. Осы кезде радиода байқау болып жатқанын естіп, сонда бардым. Алғашқысында тапсырмалар берді. Саябақ ішіндегі спорттық шаралар, түрлі жарыстарды жазып жүрдім. Күндердің күнінде қазақ спорт редакциясына алындым. Сол 1965 жылдан 1978 жылға дейін радиода қызмет еттім. Ол кезде қазақ спортының мақтанышы – «Қайрат» футбол клубы еді. Алғашқы репортажымды футболдан бар-жоғы 5-ақ минут жүргіздім. Оның өзі ойын басталған кезде 2,5 жарым, соңында 2 жарым минут. Тек ойыншылардың аты-жөнін таныстырып өте шығатынмын. Бұл – 1964 жыл еді. Ол кезде орыс тілінің мәртебесі зор еді. Тіпті, кейде репортажды жүргізіп отырғанда жоғарғы жақтан телефон шалып, «орыс тілі көбірек болсын, қазақша керегі жоқ», – дей салатын. Басшылар орысша тыңдағысы келіп жатыр деп мені талай эфирден шығарып жіберген кездері болды. Сонда мен басшылыққа барып, наразылығымды айтып, жиналыстарда осы мәселені көтеретінмін. Бірақ, нәтиже жақын арада шыға қоймады. – Одан кейін телеарнада істедіңіз. Бұл кезеңдер де өзінше бір қиындықтарымен өткен шығар? Сол жылдары бұдан да өзге талай жаңалықтар аштыңыз ғой? – Бұл кезде спорт саласында ешқандай термин қазақша аударылмаған-тын. Көбінесе орысша сөздердің баламасын тауып, қазақша сөзбен әдемілеп, әспеттеп нақыштайтынбыз. Сол кезде біз аударған терминдер осы күні қолданысқа еніп жүр. Ол кезде барлығы тың еді. Сол тыңды тыңайттық деп ойлаймын. Мен өзімнің тілші мамандығымды барынша пайдаланып, аталған жағдайда көп еңбек еттім. Тұңғыш рет футбол анықтамалығын шығарып, заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 1914 жылы Семейде «Жарыс» командасының құрамында ойнағанын анықтайтын фотосурет жарияладым. Қазір ол сурет музейде тұр. Көпшілік баспасөздің бетіне шығып, қазір ортақ құндылығымызға айналды. Менің сол жылдары талай орысша дүниелерді қазақша сөйлеткенім сол кездегі жұмысыма керектігін білгендіктен шықты. Сол дүниелерім қазір қарап отырсам, осы күнгі журналистердің қажетіне жарап жатыр екен. Спорт тақырыбындағы тарихи-танымдық 200-ден астам ғылыми жұмысым Қазақ Совет Энциклопедиясының 12-томына енді [6].
