- •1.2 Арнаның аз уақыттағы жетістігі
- •1.3. «KaZsport» арнасындағы бағдарламалар
- •2.1. «Қазақстан» ұта спорттық бағдарламалар
- •2.2. «Қазақстан» ұта спортшыларды насихаттауы
- •3.1. Алғашқы бағдарламаларға атсалысқандар
- •3.2 Тұңғыш комментатор, тұңғыш бағдарлама жүргізушісі
- •3.3. Он алты жыл өтіпті- ау... (Амангелді Сейітхан)
- •3. 4. Тұңғыш спорт сайтындағы алғашқы радио
- •4.1.Көрермендер сұранысына ие болған бағдарламалар
- •4.2 Комментаторлардың тапқыр сөздері
- •IV. Түпнұсқа, тікелей эфир және жүргізушілер
- •4.3. Қазақ комментаторларының деңгейі ешкімнен кем емес
- •V тарау. Басымызға бақыт құсы қонған сәттер
- •5.1. Қазақтың Әлем біріншілігіндегі тұңғыш добы
- •5.3. Олимпиялық даңқ күні.
5.3. Олимпиялық даңқ күні.
Ұлттық рухты, ұлттық намыстың қалай боларын Ермахан, Бекзат, Болат, Мұхтархандар халқына тарту етті. Енді біз аласармақ емеспіз, төмендемекте емеспіз. Қайта уақыт керуенімен асқақтай бермекпіз, зорая бермекпіз... Ермахан атойлап жүріп, тіпті үшінші кезеңде жеңіліп тұрып румын Марион Смиммионнан Олимпиада алтынын тартып алды. Бекзат төрт раунд бойы америкалық Рокки Хуаресты тұсады. Сөйтіп жабу астында жүріп сыр бермеген тарлан сыңға түскенде сүзіле шапты. Алдынан алты қабат арқан керседе, тоқтамастай қарқынмен Әлемді аузына қарата алтынды жұлып түсті. Болат төрт жыл бұрыңғы табысынан танған жоқ. Тек бармақтай бақтың соңғы сәттерде айналып кеткені... Оның күмісі қай алтынмен де пара – пар еді!. Мұхтархан ширек финалда куба алыбы Рубалкабаны ұрып жыққанда аңыз адамға айналған. Бірінші қазан бізді бір түлетті. Енді еш төмендеуге болмайтындығымызға сендірді. Әлемдік аламанның көмбесіне 199 мемлекет ішінде 22 болып жеткенімізге орай жеңістеріміздің жарқын жалғасы болған Олимпиялық даңқ күні болды. Жиырма жыл күткен жеңістің алақанға қонған күні. Олимпиялық даңқ күні дегенде біз Олимпиада дуына түсіп ел байрағын аласартпаған барлық саңлақтарымыздың жанкешті сәттерін көзалдымызға елестете отырып еске алармыз. Тағы да асқақ шыңдарға шығармыз...[17].
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ: Қазіргі спорт журналистеріне қойылатын талаптар мен қажетті бағдарламалар
Спорт комментаторы көпірме көп сөзді емес, білімді де білікті, қазақ тіліне жетік маман болуы тиіс. Спорт журналисі дегеніміз – кез келген тақырыпқа өз тарапынан түсініктеме беретін, жан – жақты жетілген, сөйлеу мәнері жақсы, стиль ерекшеліктерін сатқай білетін сегіз қырлы, бір сырлы болуы керек. Дегенмен бүгінгі отандық телеарнадағы журналистердің тіл ерекшелігі, дауыс мәнері өте жақсы. Әлем чемпионаттары, Олимпиадалық ойындар, Еуропа біріншіліктерінен мүмкіндігінше репортаждар беру үстінде. Әсіресе, Есей Жеңісұлы, Ермұхамет Мәулен, Рауан Оқас, Руслан Меделбек т.с.с. Бұлар тарихты, саясатты, географияны жақсы білетіні эфир барысында тіл ерекшеліктерінен анық көрініп тұрады. Бойларында ұлттық рух, қазақтың нағыз намысты жігіттер екені көрініп тұрады. Репортаждары өте сауатты, талғамдары өте жоғары. Менің пікірімше, комментаторлардың заңды түрде журналист болуы міндетті емес. Бокстан қол үзген спортшыны, болмаса футболдан карьерасын аяқтаған футболшының да комментатор болуына болады. Мәселен, Ресей еліндегі белгілі, танымал футбол комментаторы Константин Геничтің негізгі мамандығы журналист емес. Ол тіл маманы болудан бұрын «Спартак Мәскеу», «Маккаби-Ахи» (Израиль), «Амкар» сынды танымал футбол клубтарында жартылай қорғаушы болып ойын көрсетті. Олар қайта сол спорт түрінің ішкі дүниесін жан – жақты өте жақсы түсінеді. Эфирдегі кез келген спорттық хабардың басты мақсаты сол кездегі жарысты, оқиғаны сол сәтінде көре біліп, ой көрігінің қазанында лезде қайната, ізін суытпай көрерменге әсерлі нақты жеткізу. Жеделдік дұрыс сөйлеу – спорттық хабардың бұлжымас заңы. Эфирдегі комментатор шеберлігі де ойын жарыс ағымына ілесе, уақытқа үн қоса отырып, өзінің біліктілігі мен білімділігін көрермен санасына жеткізу. Мұның күрделілігі мен қиындығы сонда. Бүгінгі желден жүйірік, оған ере не оза отырып салқиқалы талдау жасап, ой түйіндеу, пікір айту, баға беру, салмақты ойлар айтып қорытуға да, терең ізденіс пен интелектуалдық ойылылық керек. Бүгінде ел аузында баспасөз бетінде жүрген көрнекті спорт журналистері жетерлік. Оларға еліктейтін де, оларға реніш білдіріп, өкініш танытып жататындар да жеткілікті. Адам өзінің кім екенін, қандай биіктерге жеткенін, не кемшілігін өзгелер арқылы біліп жатады. Бүгінгі спорт журналистері қашанда бір тың жол, соны сүрлеу іздеп оны тапқанша жанталаса жүретін еңбекқорлар. Ең бірінші жарысты қаз – қалпында боямасыз көрсету. Экранда өтіп жатқан әрекетті дұрыс суреттеп жеткізе білу спорт журналисінің шеберлігі. Эфирдегі кез келген спорт журналисінің туындысынан шексіз шеберлікті, көркем шебер тілді әдемі үйлесілімдікті көреміз. Әрбір журналист өз дәрежесінде бар ғұмырын шеберлік жолына арнайды. Көрерменнің экраннан іздейтіні де, ынтыға қарайтыны да осы. «KazSport» телеарнасы ұлттық спортты насихаттауды алғаш құрылған күннен бастап – ақ қолға алды. Бұл телеарнада білікті журналистердің жүргізуімен, спорт мамандарының қатысуымен арнайы бағдарламалр көрермен назарына ұсынылып отырады. Мәселен, «Көкпар» ұлттық ойыны. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт қайраткері Нәби Момыновты еске алуға арналған Тараз қаласында «Бауыржан Момышұлы» атындағы атшабарда өткен көкпар ойындарын бастан – аяқ көрсетті. Одан бөлек Қытай жерінде Іле –Қазақ автономиялы облысының құрылғанына 60 жыл толуына байланысты өткізілген үлкен көкпар ойындарында Қазақстан құрамасының әр кездесуін ұсынды. Бұрын соңды ешбір телеарнада орын алмаған бүркітшілер жарысынан арнайы бағдарлама жасап, дода ортасынан хабар таратты. Ерейментаудағы оқу – жаттығудың негізгі мазмұнын көрсетті. ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының «Бүркітші» федерациясына тіркелген 15 қазақ құсбегілердің әр қайсысына жеке тоқталып, Моңғолияда өтетін бүркітшілер жарысына сәт сапар тіледі. «KazSport» арнасының ұлттық спортты дәріптеуі қазіргі таңда өте тамаша жүріп жатыр. Қазақтың ойшылы, тұңғыш жазба әдебиетін қалыптастырушысы, қазақ сөз өнерінің негізін салып, іргесін қалаушылардың бірі ұлы Абайдың сүйікті ойыны тоғызқұмалақты үйрететін арна ішінде арнайы бағдарлама бар. Үздіксіз жарық көріп келе жатқанына биыл бір жарым жыл толады. Жүргізуші Айдос Сейітжанның да тоғызқұмалақты оқу – жаттығу бағдарламасын тізгіндеп келе жатқанына тұп – тура бір жарым жыл. Тоғызқұмалақ ойынын елордамызға арнайы келген ЮНЕСКЕ-нің делегаттары тамашалап, қызығып, болашақта Халықаралық дәрежеге көтеріп, танытуға атсалысып, мұрындық болатындықтарын да айтты. арна қызметкерлері тоғызқұмалақтан өткен чемпионаттардың қорытындысын ел назарына жариялап, жеңімпаздарды көрсетіп, «Жеке бапкер» айдарына қонақ етеді. Қазақ күресі. Соңғы жылдары қарыштап дамыған ұлттық күресіміз. Дәл қазіргі сәтте қазақ күресімен айналысатын шет елдегі палуандардың саны күрт өсіп келеді. Оған себепші, «Қазақстан Барысы», «Еуразия Барысы» және «Әлем Барысы». «Қазақстан Барысы» додасының өзі қызу өтеді. Бәскелестік өте көп. Тұңғыш барыс Ұлан Рысқұл, одан кейін Бейбіт Ыстыбаев, Айбек Нұғымаров және Мұхит Тұрсыновтың жарқын жеңістерін «Қазақстан» ҰТА мен «KazSport» арналары көрермен назарына ұсынды. «Қазақстан» ҰТА осыған дейін өткен төрт бірдей «Қазақстан Барысын» тікелей эфирде көрсетсе, «KazSport» арнасы тұсауы кесілгелі көрсетіп келеді. «Еуразия Барысы» және «Әлем Барысынан» тікелей көрсетілімдер ұсынды. Тұрақты комментаторлар сайлады. Есей Жеңісұлы мен Ришад Тұрғанбаев, Нұрсұлтан Құрманның дауыстары қазақ күресі болып жатқан тұста алты алашқа сайрап тұрды. «Еуразия Барысы» додасының ұйымдастырылғанына биыл екінші жыл болды. Былтырғы финал, биылда қайталанды, бірақ, сценарий өзгерді. Былтыр қазақ палуандары жеңген болатын, биыл моңғол палуандарының мерейі үстем болып, кеткен есе толығымен өтелді. Осы сәттердің бәрін «KazSport» телеарнасы Тараз қаласынан тікелей эфирде көрсетті. Тұңғыш рет ұйымдастырылған «Әлем Барысы» жобасының жеңімпазы Оскар Рене Брайсон (Куба) болды. Әлемдік деңгейдегі палуандардың қазақ күресінен жеңімпаз болып, үздік шығып жатқандығы қазақ күресінің дамуы сатысы болса керек. Осы тұрғыда телеарнаның алып жатқан орны ерек. Мәселен, ертең дәл осы бейбіт күннің батырларына ұқсап кілем үстінде алысатын, намысы үшін жұлысатын, елі үшін еңбектенетін қазақтың қара домалақтары тамашлап отыр. Бірінің көкейінде Айбек болсам, Шалқарға ұқсасам, Мұхиттың айласын үйренсем деген арман мен мақсаттың тұрары хақ. Арна арқылы азамат тәрбиелеп жатырмыз. «KazSport» арнасында өзгеде қазаққа тән спорттық ойындар көрсетіліп, дәріптеліп, насихатталып келеді. Ұлт спортын ұлықтаған арна мен жүргізушілерден қалайша айналып-ақ кетпейсің!
Қазақ теледидарында беріліп жатқан спорт хабарларына әлі де сапалық тұрғыдан өсу, шығармашылық тапқырлық, ізденістер қажет екенін ешкімде жоққа шығара алмас. Қасымызда жүрген биіктердің зәулімдігін кейде байқамай алысқа қол созып жатамыз. Асылды кейде арзанға бағалаймыз. Осының бәрі де күпіршілік екен ғой. Әлі бергенінен берері көп, айтқанынан айтпағы көп, тұрғызғаннан тұрғызары көп спорту журналистерінің сүрлеу соқпағы кеңи түсіп, даңғыл жолға айналатынына сеңгің келеді, сенеміз де...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Дуанбай Жолдасбек, «KazSport – жұрт күткен жаңалық», «Айқын» газеті (01.07.2013). 2. Батырбек Қуандықұлы, «KazSport» арнасы ашылды», «Қазақстан» ҰТА, (2013 жыл, 1 шілде). 3. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том; 4.Қазақ Телевизиясы. Энциклопедия. - Алматы: "ҚазАқпарат" 2009, 1-т: - 640 бет, ISBN №978-601-03-0070-5 5.Қазақ Энциклопедиясы және www.kaztrk.kz сайтының Корпорация (оның ішінде Корпорацияны басқарғандар) бөлімінен алынды. 6. www.aladop.kz сайтынан 2011 жыл, 7 маусым. Сұхбаттасқан: Ермұхамет Мәулен 7. «KazSport» арнасы 9 тамыз, 2014 жыл, «Бразилияда оқып жүр талай қазақ баласы...». Дайындаған: Ермұхамет Мәулен 8. Аманкелді Сейітхановтың естелігінен. 12.06.2014 жыл, «фейсбук» желісінен 9. «Егемен Қазақстан» газеті, 29.08.2007 – 90-93 (25939). «Комментатор». Әңгімелескен: Әбдіәзиз АЛДАБЕРГЕН. 10. «Жас Қазақ» газеті, 13 сәуір, 2012 жыл- 14 (378). «Бізде бәріне комментатор кінәлі», 11 бет. 11. Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 12. www.elsakshy.kz сайты, 2012 жылдың, 31 қазан күні, сағат 04:00. 13. www.massaget.kz сайты , Василий Уткиннің тапқыр сөздері. 16.08. 2013. 14. www.youtube.com порталы, Ермұхамет Мәуленнің жеке каналы, 10.09.2014. 15. «Айқын» газеті, 12.04.2012. Есей Жеңісұлының сұхбаты. Сұхбат жүргізушісі: Ғалым Сүлеймен. 16. «Қазақтың Әлем біріншілігіндегі тұңғыш добы», Есей Жеңісұлы. «Жас Алаш» газеті. 27.07.1999 жыл. 17. «Даңқ күн деп жарияласақ», Есей Жеңісұлы. «Жас Алаш» газеті. 02.10.2001 жыл. 18. «Мәңгілік жеңіс», Есей Жеңісұлы. «Жас Алаш» газеті. 18.09.2001 жыл.
