- •Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •Заң факультеті
- •Философия кафедрасы
- •Философия пәнінен лекция жинағы
- •Түркістан - 2011 ж.
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
- •7. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •7. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
4. Бақылау сұрақтары:
1. Философияның пәнаралық байланысы қандай?
2. Не себепті философия ғылымдардың атасы деп аталды?
3. Мифтің мәні мен мазмұнын түсіндіріңіз?
5. Үй тапсырмасы:
Көне Үнді және қытай философиясы.
№2 Лекция сабағының тақырыбы: Көне Үнді және қытай философиясы
1. Сабақ жоспары:
1. Үнді философиясының пайда болуы мен кезеңдері.
2. Көне Үнді филсофиясының ерекшелігі, негізгі философиялық ұғымдары.
3. Көне қытай философиясының пайда болуы мен кезеңдері.
4. Қытай философиясының философиялық ұғымдары.
2. Сабақ мақсаты:
Үнді және қытай философиясының пайда болуы мен дүниетанымдық мәселелерімен және философиялық бағыттарымен таныстыру.
3. Лекция мәтіні:
1.Философия туралы пікірлер көне дәуірде туындаған және әр сақта таралған. Философиялық әңгімелер тарихтың терең түбірінен нәр алады, әр заманда өз жалғасы мен түйінін тапты. Тылсым дүние мен өмірге деген жалпы әуесқойлық барысында философиялық әңгімелер жалпылама сипат алды және ұдайы жаңарып отырды. Философиялық толғаныстар қашанда болмасын мәңгі, өзекті және өтімді деген қағидалар қамтыды.
Біздің жыл санауымыздан үш мыңдай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғам варнаға (каста) бөлінді. Олар:
Брахмандар (абыздар) – үлесіне ой еңбегі бар адамдар енді.
Кшатриилер (әскербасылар) - әскери қызметтегі адамдар жатады.
Вайшьилер (ауқатты шаруалар) – егін шаруашылығы, қолөнер кәсібі, саудагерлік тиген адамдар.
Шудралар(құладар) – қара жұмысты істейтін адамдар болды.
Осы кезде қоғамдық өмірге әлеуметтік қатынастарға сай келетін мифологиялық, философиялық көзқарастар қалыптасты. Олар негізі-нен ежелгі үнді мәдениеттің ескерткіші – ведаларда ( веда-білім) жиынтықталған. Ведалар төрт бөлімнен тұрады:
Самхит – құдайларға араналған гимндер жинағы.
Брахман – самхитті түсіндіретін әр түрлі мифологиялық әңгімелер.
Аранъякта (Орман кітабы) – брахманға тән ритуалдардың орнына, сол құдайларадың іштей сыйлап-құрметтеу, олар туралы ойлап-толғану сияқты көзқарас.
Упанишадта – дәстүрлі касталарды қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы ең жоғары білім арқылы жоққа шығару болады деген идея уағыздалады.
Упанишадтың басты тезисі – Брахман – бар әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы және олардың соңы. Жалпы, білімділік Упанишадта өте жоғары бағаланады. Мысалы, тікелей құрбандық шалғаннан гөрі, құрбандық шалу туралы білім өте құндырақ. Нағыз брахман - өмір қиыншылығынан, үмітінен, қызғаншақтықтан арылып, тыныштық тауып, алдамай ой кешіп, атманды түсініп, білген адам.
2. Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдерге байла-нысты әр түрлі бағыттарға бөлінеді: жайнизм, буддизм, чарвака-локаяттар, санкхья және т.б.
Жайнизм. Жайнизм б.д.д. ІV ғ. діни ағым ретінде қалыптасады. Жайнизм идеясы, оның негізгі философиялық көзқарастары одан да бұрынғы ғасырларда қалыптаса бастаған. Жайнизмге деген сенім, деректерге қарағанда, 24 ұстаз (тиртханкара) арқылы таралады. Жайнизмнің негізін қалаушысы – Махавира Джина (джина- жеңімпаз). Жайнизмнің идеялық жүйесі «Сидханта» деген еңбекте ( б.д.д. ІІІ) жинақталынған.
Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен, дене терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның басты мақсаты – қасірет деп түсінген, өмірден азат болу. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз қылықтарының теріс салдарын осы өмірде жеңуге болады. Ол үшін сансардан (жанның бір денеден екінші денеге көшіп жүруінен) құтылу қажет. Материалды қабаттан құтылған жан ғана мокшаға (жанды қасіреттен азат ету мүмкіндігіне) жетеді, өзін құтқарады, тіпті толық жалғандықтан босануға икемделінеді, нирваналық күйге енеді. Жайнизмде материя дегеніміз жұқа қабаттан тұратын карма немесе кармаға жабысқан тұрпайы нәрселер. Осы тұрғыдан алғанда, дүние мәңгі, өзгермейтін екі нәрседен – дживадан ( жан, рухани бастама) және адживадан (тірі емес, жансыз, материалды бастама) тұрады. Әрбір жайнизм дживадағы, тіршілігі бар ортаға ұмтылады, өйткені ол – жетік, белсенді. Тұтас дүниеде джива карма арқылы (әділ жаза арқылы) адживамен (тіршілігі жоқ кеңістікпен) байланысады. Джива карма арқылы мәңгі, үздіксіз түрленеді, денелердің айналымын құрайды.
Жайнизмнің ұстаушының бірінші міндеті – карманың ағымын тоқтата алу, екіншісі – карманың қалдығын сарқу, одан арылу.
Жайнизмде мокша тіршілігі бар және тіршіліксіз әлемдердің арасын толығымен алшақтатса, карма оларды біріктіреді. Карманың өзі көп түрлі. Оның бірі – денеміздің табиғатын, бізді дүниеге әкелген отбасын айқындаса, екіншісі өмірдің ұзақтығын, үшіншісі – тіршілік пен тіршілігі жоқтардың біріктірудің негізі болып есептелетін құштарлыққа, ләззаттануға қатынасты анықтайды.
Сансардан азат болу үшін «үш қазынаны» сақтау керек. Ол дұрыс қылық, шынайы білім, дұрыс сенім. Дұрыс сенім- тиртханкалар деп аталатын 24 әулиенің іс-әрекетіне сену болса, дұрыс қылық – тазалықты, шындықты, сабырлықты т.б. сақтау. Ал шынайы білім – жанның сезім мүшелері мен ақыл-ойға сүйенбей алған білімі. Мұндай танып-білу процесінде жан қарастырып отырған заттармен тікелей байланысады.
Жайнизм пікірінше, әлем бірінің үстіне бірі орналасқан көп қабат-тан тұрады. Төменгі екі қабатында - әзәзіл ( перілер), ортаншы қабат-та жер, келесі қабатта – құдайлар, ал ең жоғарғы қабатта – құдайларға ұқсас жындар орналасқан. Жайнизм пікірінше, құдай жоқ, оның бар екендігі туралы келтіріп жүрген дәлелдердің бәрі негізсіз қате, сондықтан құдайға емес, 24 тиртханкарға (әулилер) және жындарға сену керек.
Жайнизм кейіннен, дигамбар және шветамбр деген екі сектаға бөлініп кетті. Жайнизмге Үндістанда қазірдің өзінде көптеген адамдар сенеді.
Буддизм. Буддизмнің негізін қалаушы б.д.д. VІ ғ. шакья ( сакья) тайпасынан шыққан князьдің баласы Сидхарата Гаутаманың ( б.д.д. 563-483ж.ж.) есімімен тығыз байланысты. «Будда» термині «жарқырау», «сергу», «жадырау» деген мағынаны білдіреді.
Буддалық ілім бойынша, өмір – қобалжу, азап, өмірге келу мен қарттық, ауру мен өлім, сүйгеннен арылу мен сүйметінмен бірге тұру, орындалмаған арман және қанағаттанбаған тілек – мұның бәрі де азаптың көрінісі, әрі жалғасы. Адам қанша әлеуметтік сатыда тұрса да аурудан, кәріліктен, өлімнен құтыла алмайды.
Тойымсыз құштарлықты тоқтату үшін артық тілектен тартыну керек, жер бетіндегі әуреліктен арылу дұрыс. Азаптан арылудың осындай жолын тапқан нирванаға жетпек.
Будда кейіннен нағыз шындыққа жетудің және нирванаға жақындаудың сегіз сатылы жолын атап өтеді:
Шынайы сенім. Дүние қайғы-қасіретке толы, оны тоқтату үшін ой мен бойдағы құмарлықты басу керек деген Будда сөзіне сену;
Тура, әділ шешімге ұмтылу. Өз құмарлығың мен қызбалықты шектейтін қысқа жолды біржолата айқындау;
Шыншыл сөз. Айтпақ сөзіңді мұқият қадағала, ол зұлымдыққа итермейтін, қайта дұрыс, рақымды болсын;
Дұрыс істер. Теріс ниетті, қас қимыл-әрекеттен сақтану, игі іске икемді болу;
Дұрыс өмір. Тіріге зиян келтірмейтін, құрметтеуге, тұрарлық өмір сүру;
Дұрыс ой. Ойыңның бағытын саралай отырып, одан күдікті, күмәнді нәрсені қудалап, жағымдыны жалғастыру;
Ақ ниеттер. Зұлымдықты ойыңа алма;
Тура, дұрыс пайымдау. Ойыңды үнемі және төзімділікпен жаттықтыру, шындыққа жетпек талпынысты өзіңе шоғырландыру, оны тереңдету қабілетін шыңдау.
Дұрыс жинақтала білудің өзі төрт сатыдан тұрады:
Ойды төрт ақиқатты түсініп, пайымдауға бағытау.
Осы төрт ақиқатқа сену. Ол біздің жанымыздың тыныштықты және қуанышта болуына мүмкіндік береді.
Қуаныш – қайғыдан, өз денеңді сезінуден арылу.
Толық сабырлылық және толғаусыздық жағдайға жету.
Соңғы сатыны Будда «нирвана» деп атайды ( адамның тірі кезінде жанды сансардан толығымен азат ету). Нирвана жағдайына өткен адам архат (қадірлі, құрметті, сыйлы адам) деп аталады. Нирвана – ең жоғарғы ләззат. Кейіннен, нирвана ұғымы адамның бойынана бүкіл әлемдік көрініске ауысады. Әлемдегі нирвана мәңгі, оны ешкім дүниеге әкелмейді және пайда болуының себебі жоқ. Әлемдік нирвананы сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, оны тек қана дұрыс жолмен жүрген, ақыл-ойы таза, күнделікті қызықтан алшақ адам танып біле алады.
Сонымен, Буддизмге сүйенушілер Үндістанның өзінен гөрі одан тыс мемлекеттерде көп кездеседі
3. Қытай – көне тарихтың, мәдениеттің, философияның елі мен жері. Мамандар Қытай өркениетінің басталуын ся дәуіріне, яғни б.д.д. ІІІ-ІІ мың жылдық уақытқа жатқызады. Ал оның күйреуін Хань империясының күйреуімен (б.д.д. 220ж) ұштастырады.
Б.д.д ХVІІІ-ХІІ ғ.ғ. Шан-Инь мемлекетінде қола мәдениеті дамыды, қалалар қалыптасты, шаруашылықтың құлдық қоғамдық түрі жетілді. Қала мен өндіріс төңірегінде қауымдастықтың шоғыр-лануы негізінде екі жағдайда – шаруашылық пен әскери себептеріне орай дамыды.
Ежелгі Қытай мемлекеті – шын мәніндегі Шығыстық деспотия болды. Мемлекет басшысы - әрі монарх, әрі абыз және жалғыз ғана жер иесі болды. Әр түрлі рангтегі аристократия мемлекеттік қызметте болды. Олардан кейін әлеуметтік сатыда – ру басылары, от басылары тұрды. Ал құлдар болса, олар жануар сияқты, әлеуметтік сатыдан тыс қалды. Құлдардың еңбегін, әсіресе мал шаруашы-лығында, егінде, құрылыста, тұрмыс қажетіне пайдаланды.
Шын мәнінде, заң болған жоқ, сондықтан әлеуметтік сатыда жоғары тұрғандардың өктемдігінен ешкім тыс қала алмады. Шань-Инь қоғамының саяси билігі ван топтары арқылы жүргізілді. Ван шаруашылық мәселесіне де, әскери, діни билікте де ең жоғары басшы болды. Ванның билігі шандықтар дәріптеп, оны тәңірге теңеген. «Шан-ди» деген титулға ие болған ван өзін «Мен –адамдардың арасындағы ерекше жаратылыспын, «жалғызбын» деп жариялады. Байлар мен шонжарлар арасында біртіндеп эгоорталық сипат пен пиғыл тамыр жайды. Шан – жер кіндігінің Ұлы қаласы, Қытай – жердің Ұлы орталығы деген уағыздар таратылды.
Халық арасындағы қарым-қатынас күрделі, шым-шытырақ ритуал-ға негізделді. Бұл ритуал аспан қозғалысының тұрақтылығына, жер-дегі құбылыстардың реттілігіне және халықтың әдет-ғұрыптарына негізделді.
Ритуалдар тірілердің өлгендерге, олардың рухына, табиғат құбы-лыстарына, жерге және аспанға деген қарым-қатынас негізінде қалыптасқан діни көзқараспен тығыз байланыста болды.
Сонымен саяси-экономикалық жаңа жағдайлармен тайпа, цзундық әлеуметтік ұйымдасу тәртібінің арасында алшақтық біліне бастады. Дәстүр көнеге, өндіріс жаңа ережеге тартты. Мемлекет ұсақ отбасы мен топтардың жойылып кетпеуін реттеуге тырысты.
Осы тұрғыдан философтар елді дұрыс басқару бағдарламасын және адамның мінез-құлқын дұрыстайтын талапты талқылағанда миф мәселесіне оралады. Ойшылдар мифті персонаждарын адамның мінез-құлқы мен қимыл-әрекеттері арқылы сипаттайды.
Миф біртіндеп тарихтың ғана емес, философиялық идея мен ілімнің де құрамдас бөліміне айналды. Оны ерте Қытай діни бастауы мен филосо-фиясының қайнар көзінен пайымдаймыз.
Қытайлардың сол кездегі дүниетанымдық ой-пікірлері «Бес кітап» деп аталатын кітаптарда шоғырланып, өздерін білімді санайтын әр адамның көзқарастарын қалыптастыруда зор рөл атқарды.
Ежелгі Қытайда ғылымның да кейбір салалары пайда бола бастады. Мысалы: математика, астрономия, медицина. Осы ғылым-дар саласындағы жетістіктер негізінде Ай мен Күннің тұтылу мезгілін анықтауға, астро-номиялық құбылыстар мен жердегі құбылыстардың байланысын анықтап, күнтізбе, уақыт есептеу, және т.б. тәсілін ойлап табуға мүмкіндік туды. Бұл жағдай философиялық ілімдердің деңгейіне әсер етпей қойған жоқ.
Біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы негізгі алты философиялық бағыттағы мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даоизм, тұрпайы философия (натурфилософия) және Атаулар мектебі.
Қытай идеологиясы мен саясатында екі бағыт айқындала бастады: консерваторлық (керітартпа) және прогресшілдік, бірі – мистикалық, екіншісі – атеистік бағыттар. Алғашқы материалистердің пікірінше, әрбір бес түрлі бастапқы әлементтерден (металл, ағаш, от, су, жер) тұратын болса, керісінше идеалистердің пікірінше, табиғаттың жаратылуы, дамуы «даоға» байланысты деп атады.
4. Қытай дүниетанымының ерекшелігі сол, ол өзін-өзі реттейтін, бастауы ішкі динамикалық тәртіппен байланысты дүниеге, әлемге негізделеді. Ертедегі Қытай философиясында конфуцийлік бағыт басты рөл атқарды.
Конфуцийшылдық. Бұл философиялық ағымның пайда болуы мен қалыптасуы осы ағымның негізін қалаушы Кун-фу-цзы, оның ізбасарлары Мән-цзы және Сюн-цзының есімдерімен тығыз байланысты.
Кун-фу-цзы (б.д.д.551-479ж.ж.) кедейленген ақсүйек әскербасының от-басында өмірге келген. Ата-анасынан ерте айырылған ол, тек 15 жасында ғана білімге құштарлық танытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Оның көптеген ізбасарлары болады. Олар ұстазының және өздерінің ой-пікірлері, қағидалары мен тұжырымдарын жинақтап «Әңгімелер мен пікірлер» («Лун юи») деген конфуцийшылдық ілімнің негізгі шығармасын дүниеге келтірді. Қытайлардың көптеген ұрпақтары бұл кітапты үлгі тұтып, басшылыққа алған. Кун-фу-цзы бұдан басқа бірнеше кітаптары болды: «Өлеңдер кітабы», «Көктем мен күз», жылнамасы, «Сұхбат және пікір айту» т.б.
Кун-фу-цзы аспанды өзіндік болмысы бар дүние ретінде, ең жоғарғы, құдіретті күш ретінде қарастырады. Аспан, ол үшін, әділеттілік аясы, аспан өз еркін әр адамға білдіреді, өз үкімін барлық аспан астындағы елдерге, мем-лекеттер мен қоғамға таратады. Содан аспан ұғымы конфуция филосо-фиясында діни, саяси және этикалық қызметте атқарады.
Кун-фу-цзы өз ілімінің өзегі етіп материалдық денелердің заңдылықтарын, бабалар рухын зерттеуден гөрі адам арасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселелерін қабылдайды. Осыған орай, мынадай ұғымдарға көп көңіл бөледі. Олар: «тең орта», «адамгершілік» және «өзара сүйіспеншілік». Осы үш ұғым бірігіп «дао» («дұрыс жол») құрайды. Әр адам осы даоның жолымен өмір сүруі қажет.
«Тең орта» - адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс-әрекеті. Ал адамгершіліктің негізі «жэнь» - «ата-анасын құрметтеп және үлкен ағаларын сыйлау». Ал «өзара сүйіспеншілік» арқылы қарым-қатынас конфуцийшілдік әдептілік ілімінің негізгі өзекті ұғымы.
Конфуция идеясы, ілімі, діни идеологиясы екі мың жылдан артық уақытта қытайлықтардың сана-сезімін қалыптастырды, олардың мінез-құлқына, психологиясына, сеніміне шешуші ықпал етті, өмір салтын жалғастырды. Осы бас бағыт пен үлкен әрекет барысында ұлттық тұтас менталитет қалыптасты. Ол дегеніміз:
- әлеуметтік қатаң тәртіпті қажет дегенде ұсақ-шағын нәрсеге бейімдей білу;
- еңбекқорлық пен білімге деген ынта-ықыласты суытпау;
- қызмет бабында өсу үшін жарыстан тайынбай, өзін-өзі жетілдіруге әрдайым ұмтылу;
- отбасы-әлеуметтік байланыстардың мызғымастығын сақтау.
Мұның бәрі ұлттық мінездегі конфуциялық ерекшеліктер.
Мән-цзы — (б.д.д. 372—289 жж.) — Кун-фу-цзының ілімін әрі қарай жалғастыра отырып, аспан (көк) — объективтік қажеттілік, тағдыр ретінде жақсылықты қорғайды дей отырып, аспанның еркі — адамдардың жігер еркі арқылы көрінеді деген пікір айтады. Осыдан келіп, ол: "Адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған". Олай болса, ван (билеуші) халықты өз баласындай сүйсе, халық оны әкесінен жақсы көруі керек, — деген тұжырым жасайды.
Сюнь-цзы (б.д.д. 313-белгісіз) Аспан мен жерді барлық денелердің шығу тегі ретінде мойындаса да, тағдырды аспанның жігер-еркі ретінде мойындамайды. Оның пікірінше, аспанды қастерлеп, ол туралы ойланып отырғаннан гөрі, керекті заттарды көбейтіп, аспанның өзін бағындырған дұрыс.
Әлем өзінің табиғи зандылықтарымен өмір сүреді, оны зерттеп, сырын ұқса, өз қажетіңе жаратуға болады. Олай болса, бақытты немесе бақытсыз, бай немесе қайыршы болу адамдардың өзіне байланысты. Жалпы адамдар табиғатынан зұлым, қызғаншақ, дүниеқоңыз болып туады. Тәрбие арқылы адамдарды адамгершілікке баулып, оның табиғатын өзгертуге болады. Ал адамдар өз тарапынан өзін өзі жетілдіруге құлшынуы тиіс.
Конфуцийшылдық б.д.д. I ғ. мемлекеттік ілімге, ал IX ғасырдан бастап Қытайдағы негізгі діни көзқарасқа айналды.
Легистер (заңгерлер). Легизм (лат. т. –заң деген мағ. береді) –фацзя мектебінің заң туралы ілімі, ерте қытайдағы саяси-этикалық ілім, адамды, қоғамды және мемлекетті басқару туралы көзқарастар. Легизмнің көрнекті өкілдері – Цзы-чан (б.д.д. VІ ғ.), Гуань-Чжун (б.д.д. 645ж.қайтыс болған), Шан Ян (б.д.д. 390-338), Хан Фэй Цзы (280-233), Ли Куй т.б.
Легистер конфуцийшылдардың мемлекетті әдептілікке негізделген заңдар арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісінше, мемлекетті тек қана билеушінің өзі шығарып, өзі бекіткен заңға сүйеніп басқаруға болады, себебі «мейірімділік пен адамгершілік- қылмысқа апаратын бірден-бір жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп уағыздады.
Легистер байырғы рулық қатнастарды, оның тірегі – ақсүйектік тұқым қуалаушылықты сынады. Олар елді басқарудың рулық дәстүрі мен рәсімдерін қабылдамады. Конфуцияның этикалық талаптарын «ойын сөзге» жатқызды.
Сөйтіп, легистер ар-ожданның орнына заң алдындағы қорқыныш негізгі қағида етіп ұсынады. Бұл қағиданы жүзеге асыру үшін төмендегі ережелерді сақтау керек:
1) мақтаудан гөрі жазалау тәсілін көбірек қолдану;
2) аямай жазалау арқылы халық арасында үрей тудыру;
3) ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау арқасында үлкен қылмысқа жол бермеу;
4) адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру.
Осы қағидаларды бұлжытпай орындағанда ғана ел арасында тәртіпсіздік болмайды, халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды және керек болса, өлімге де барады.
Мемлекеттің негізгі мақсаттары: ұсақ патшалықтарды біріктіріп, аспан аясындағы мемлекет құру және оған басқа халықтарды бағындыру. Осы тұрғыдан өнерге, білімге деген құштарлық тежелуі қажет. Мемлекеттің экономикалық негізі – қолөнер, сауда емес, егін шаруашылығы болуы керек.
Жоғарғы өкіметтің бас мндеті – егін шаруашылығын жетілдіру, базардағы тауарлардың нарқын реттеу, армияны күшейту. Оның ұраны: «Халықтың дәулеті – егін шаруашылығында». Билеушінің үкіметін күшейту үшін табиғи байлыққа мемлекеттің үстемдігін орнату және табысты мемлекеттің қазынасына өткізу шарт.
Сонымен конфуция ілімі шынайы мораль мен көне дәстүрге арқа сүйенсе, легистер әкімшілік тәртіпті бәрінен де жоғары қойды. Конфуция өткенге құрметпен қараса, легистер күшпен келетін билікке тәжім етті.
Даоизм. (б.д.д. VІ-Vғ.ғ.) Бұл ілімнің негізін қалаушы б.д.д. VІ ғ. өмір сүрген Лао-Цзы деп есептелді. Оның негізгі еңбегі -«Дао және дэ туралы кітап» (Дао дэ цзин). Даоизм философиясының негізгі мәселесі – ұлы Дао (ұлы жол) туралы, жалпылама Заң және Абсолют туралы ілім. Даоны ешкім жасаған жоқ, бірақ бәрі де содан тараған. Дао барлық жерде, әрқашан, әр уақытта, шексіз өз үстемдігін жүргізеді. Оны сезім арқылы көруге, естуге болмайды. Дао табиғаттың, қоғамның, адам мінезі мен ойының табиғи, бірақ көрінбейтін заңы. Оның бастамасы да, аяғы да жоқ. Ол уақыт пен кеңістіктен тәуелсіз, солай бола тұра, жарық дүниедегі барлық нәрсенің негізі мен бастамасы, аты және түрі. Дао сансыз заттарды жасаса да, әрекетсіз күйін сақтайды; бос қуыс сияқты, бірақ мәңгі, таусылмайды, оларды әруақытта реттейді.
Даоизмдегі қарама-қарсы пікірлерге толы, көмескіленген ілімдердің бірі – екі түрлі дао туралы ілім. Даоның бірінші түрінің аты жоқ. Себебі, ол – денесіз, екі ұшты, кішкентай, көрінбейді, жалғыз. Ол- мәңгі, еш уақытта өзгермейді, еш нәрсе оны өзіне бағындыра алмайды, ал өзі басқа заттардың дамып, жетілуіне көмектесе алады, бұл жағынан шектелуді білмейді.
Ал «аты бар дао» ұсақ бөлшектерден (ци) тұрады. Ол бөлшектерде заттардың кескіні бар, сондықтан да олар «барлық заттардың анасы». «Аты бар даоның» негізгі қасиеттері: шексіз, таусылмайды, құдіретті, әрекетшіл. Бұл екі түрлі «дао» бір-бірімен іштей тығыз байланысты, екіншісі біріншісінен туындайды, ал кейбір жағдайларда олар бір-біріне ауыса береді, осының арқасында әлемде түрлі ғажайыптар болып тұрады.
Сонымен «дао» түпнегіз ретінде заттарды дүниеге келтірсе, олардың әрі қарай өмір сүруі «дэге» байланысты. Себебі «дэ» олардың өмір сүру заңы, олардың өмір сүру заңы, оларды қоректендіруші. олай болса, «дао» және «дэсіз» еш нәрсе дүниеге келіп, өмір сүрулері мүмкін емес.
Әлемдегі денелер аспан (ян-еркек) мен жер (инь- әйел) бастама-лары және заттардың өмір сүру заңы арқасында гармониялықта бір-лікте болады.
Ян –еркек бастамасы, күн нұрындай жарық, ашық мекем және күшті. Ян жалпы жағымды нәрсенің бастамасы.
Инь - әйел бастамасы, аймен байланысты, сондықтан көлеңкелі, күңгірт те, әлсіз.
Екі бастама өзара байланыста болған, сол үйлесімділіктің нәтижесінен күллі мәнді нәрселер туындайды.
Сонымен, даоизм конфуцийшылдарға, легистерге де қарсы болды. Кейін келе даоизм дінге айналып, өзінің алғашқы кездегі көптеген идеяларынан айырылып қалды.
